Инновациялық әліпби, немесе НАТР-батырлар мен жанашыр жаңашылдар хит-парады

"Қандай да бір нәрсенің мүмкін емес екенін бәрі біледі. Содан кейін оны да білмейтін бір дымбілмес келеді де, жаңалық ашады" © Альберт ЭйнштейнИнновация дегеннің не нәрсе екенін, оны неге қосып жейтінін көзі қарақты, құлағы түрік ағайынның бәрі білсе керек. Қазір тіпті еңбектеген балаға дейін оны біліп қана қоймай, арагідік өздері де жаңалықпен таңғалдырып жүрген заман.
Жалпы, инновация жасаймын деушілерге мемлекеттен қолдау көп қазір. Ел Президентінің «100 нақты қадамының» 64-іншісі – өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң жобасы. Осы күзде ұсынылатын заң жобасының шеңберінде новатор-ғалымдарға түрлі бағыттағы қолдау көрсетілгелі жатқаны да рас.
Оған, бір жағынан, EXPO-2017 көрмесі де сеп болып отыр. «Online EXPO-2017» байқауына энергетика және ауыл шаруашылығына қатысты 5 номинация бойынша 450-ден астам өтініш берілді. Соның бірнешеуі осы әліпбиге еніп отыр.
Әлқисса, новаторлардың тек кейбірімен ғана тілдесуге мүмкіндік туды. Бұған новаторларлың 87 пайызы, ғм-ғм, Алматы қаласында шоғырлануы да әсер еткен шығар.
Есесіне, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік өзге де бірқатар ұйымдар секілді жаңашылдармен жұмыс жасайтыны белгілі. Бірақ менің хит-парадымда осы агенттіктің деректер базасында жоқ новаторлар да бар секілді. Сондай азаматтарды көбірек табуға тырыстым. Яғни, НАТР-батырлар мен олардан тыс жанашыр жаңашылдардың ортақ тұрағы. Әлбетте, қажеттілік туса, аз-мұз байланыс ақпарымен бөлісуге әзірмін.
Сіз Қазақстанда өнертапқыштар көп емес деп ойлап келдіңіз бе? Ендеше, кеттік!

Автономды тоңазытқыштың әліпбиімізді бастауы – а әріпті антивирус жайлы өткен жазбамызда айтып қойғанымыздан деп біліңіз.



Жиналмалы бесік түрін дәл осы жылы қызылордалық оқушылар ұсынды. Мұсабек пен Исабек Аққасыновтар «EXPO LAND 2014» сайысында ұсынды. Ыңғайлы. Қазақтар арасында сұраныс өсіп келеді.

Осы жерде тағы бір шебер Сайын Сазанбаевтың қолмен ұстамай жүргізетін велосипед ұсынғанын айтып кетейін.

Жалғыз тұрасын, атап өтейін: дәл осы мақсаттағы «Өс» деген азық қоспасын Айдар Мадияров көпжылдық шөптердің негізіндегі полисахарид пен ақуыз ұнды пайдалану арқылы жасап шығарды. «Өс» KazINNO-ның сайысында марапатталған. Нарыққа таралып үлгерген жоқ.


Тағы бір білезік түрін «Company ASD» компаниясы жасап шығарды. Onetrak — денсаулық сақтауға, оны бақылауда ұстауға арналған ақылды білезік. Ресейліктермен серіктесе шығарады, яки, әркім — өз нарығы үшін. Білезік, тетіктері Қытайда, басты чипі, бағдарламасы – Қазақстанда шығады.
Құралды пайдалану үшін өз гаджет-смартфоныңызға жүктеп алып, профильге өзіңіз жайлы енгізу керек. Бағдарлама әр қолданушыға салмағы, бойы, жынысын, т.б. ескере отырып, жеке режим құрады. Басты функциялары – жүрген адым санын санау, қашықтық санау, ұйқыға кеткен уақыт, жұтқан калория көлемін, жваққан калория мөлшерін, калория банасын, т.б. есептеу. Сенсорлары көп, ескертпелері жиі шығып тұрады. Бастысы – дисциплина.
Құралды USB арқылы зарядтаса жеткілікті. Нарыққа шыққан, бірнеше танысымнан көрдім.

Қостанайлық Муафик Мустафиннің бруцеллезге қарсы «тірі емес» вакцинасы. Тірі вакцина секілді антиденелер таратқанымен, жалпы малдың түсік тастауы, аллегрия секілді теріс салдары жоқ. Жергілікті жердің малынан бруцеллез жұқпасын зерттеу арқылы жасалған. Арзан, 50-60 теңге.
Smart компаниясының директоры Бауржан Айтуов ұсынған кариес емдеу тәсілі. Рекомбинатты пептидтер бастапқы кезеңде жоюға мүмкіндік береді. Бір тамшысын тамызса жеткілікті: бірер минуттан гидрогель құрылымы эмальдың «кірпіші» кальций гидроксиапатитіне айналады.
2010 жылы Дәулет Шәріпов деген оқушы балалар стоматитін емдейтін «Фитостом» деген дәрмек ойлап шығарды. Табиғи өнімдерден даярланған. Кипрде өткен Олимпиадада бірінші орын алып келді.
Солтүстік Қазақстанда өсетін сүйелшөптен жасалатын препарат — «Витин» «Инновациялық автобус» кезеңінде ұсынылды. Ісік қайтаратын, тері қабынуына қарсы қасиеті бар.
2013 жылы қатердлі ісікті (рак) анықтаудың экспресс-әдісін Алматыда ойлап тапты. Зертханалық жағдайда арнайы құрылғымен қан құрамындағы альбуминді анықтайды. Бұрын бұл бөлшектер көрінбейтін-мыс. Бірнеше мың теңгеге тура удай қымбат позитрон-эмиссиялық томограф сияқты 93 пайызға дейін дәл анықтайды. Осы тізімдегі басқа ем-доммен салыстырғанда, бұл тәсілге лицензия алынбаған, тек жаңалық ретінде мәлім.
Дәрі-дәрмек ойлап табушылар көп, оның ішінде өндіріске шыққаны да аз емес.

Емдік сабындарды бөлек шығарайық. Оны жасауды ұсынған – өскемендік Димаш Тоқтаров. Оқушы бала жобасын «Дарын» орталығы сайысында ұсынып, бірінші орын алды. Жануар майларын зертханада зерттеп, өсімдік майларының ішінде сүйелшөптің нанобөлшектерін пайдалануға болады деп шешіпті. «Фитохимия» холдингінің қолдауымен бөлшектер көлемін анықтап, оларды ұсақтау арқылы сабын жасаған. Перспективасы – орташа, қаржы құйса дамытуға болады. Жоба «INTEL» фирмасының конференциясына қатысуға шақыру алған.

Батареясы 5 сағат ішінде токқа зарядталады, бірақ 2 сағат қана жүруге жетеді. Өзі сағатына 100 км жылдамдыққа дейін бара алады. Конвейерге шығатын сәт әлі алыс сияқты. Дегенмен, авторы жуық маңда жанармаймен жүретін нұсқасын шығара тұруды да жоққа шығармайды.
Ал электромобильдерге арналған зарядтау станциясы Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да таныстырылды. Жоба Алматыдағы бірқатар арнайы шараларға да қатысқан. Жобаның авторы, т.ғ.к. Руслан Өтебаев станцияны қолдану механизмін былайайтып берді. Нұсқасы университеттің аялдамасында орналасқан, оны карточкалық жүйе арқылы пайдалануға болады. 4 сағаттай зарядтау шамамен 100 км-ге жетеді. Қолданушы базаға енгізіліп отырады. Ақшаға шаққанда әр 100 км — 150-300 теңгенің энергиясын жейді.
Перспективасы жөнінде үміт күтуге болады. Жобаның станцияларын жанармай бекеттеріндеорналастыру жөнінде әкімдікпен келісімі бар. кемшілігі — электромобильдердің кең таралмауы.

Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген Асхат Құралдың ұсынған жел генераторы қарапайым. Трассаларға бетон-металл конструкциялар қойып, эел энергиясынан электр энергиясын өндіруге саяды. Конструкция 4 метрдей, қуаттылығы 3-5 мың кВт. Болады дейді. Алған энергиямен трассаға жақын ауылдарды жарықтандыру мақсаты тұр. Идеясы — әлеуметтік, пайдалы. Перспективасы — «EXPO-2017» аясында ұсынылғаннан кейін мәлім болмақ.
Талдықорғандық Амантай Оразбаев қос вентилятордан тұратын қарапайым жел генераторын ойлап тапты. Троллейбустарға орнату – новатордың басты ұсынысы. Осы сыңайда дамыту үшін арнайы мекмелердің тестілеуінен өткізу қажет секілді.
Тағы бір жел генераторы жайлы Ю әрпінің маңынан бөлек оқи аласыздар.


Жаппай өндіріске қызығушылық болуы тиіс.

Қатерлі жөтел ауруының алдын алу және емдеуге арналған. Негізінде – қымыз, ешкі мен сиыр сүті. Әрине, жеміс қоспа қосылады. Оған биологиялық белсенді қоспаларды қосқанда, иммунитетке ағымды әсер ететіні сөзсіз. Токсиндер де шығарады. Сұйықтан бөлек құрғатылған да түрі шығарылды. Бірнеше әдіспен дайындалатын йогурт науқастарға тексеріліп көрді. Кезінде осы өнім шыққан сәтте инвесторлармен қиындық туғаны белгілі. Кемшілігі – 2-3 күн ішінде бұызылып кетеді.
Күн батареялары негізіндегі өнімдер – бір төбе.

2013 жылы Қазақ-түрік университетінің студенттері ұсынған автомобиль. Ол көліктің литий-ион батареяларының арқасында тіпті бұлыңғыр күні 80 километрге дейін қашықтықты бағындырады. Өндіріске қойылса, мың жарым-ек мың доллар болар еді дейді авторлар. Теріс тұсы – даусы шықпайды, бұл жолда қиындық тудырады.
Күннен нәр алған күрішті күнне қуат алған комбайнмен оруды ұсынған жігіттің ныспысы – Батыржан Қоныс. Зарядталған машина бірнеше күн оруға қабілетті, тіпті нашар ауа-райында да деп сендірді студент. Комбайнның кептіру бункері де бар. Су тиіп, күрмек жағаласса, тез тазарады. Жанармай керек емес. Облыс әкімінің батасын алған жоба, дегенмен, EXPO-2017-ден кейін ғана шама-шарқын саралауға болады.

Таралу мүмкіндігі – орташа, қазір халық ештеңеге дене энергиясын жұмсағысы келмейді. Бірақ дене шынықтыруды есепке алсақ, бір оқпен – екі қоян. Автор нарыққа шығу мүмкіндігін болашақтың еншісіне қалдырып отыр.
Балақай EXPO-2017-ге тағы бір қалдықсыз қоқыс өңдеуге қатысты жобасын ұсынбақ деп естідім (бұл да әріпке сай келеді екен).

Айтпақшы, Ержан Мукенев – «тірі өкшелі» жөке мен арықтауға арналған «Джим Флекстор» әмбебап тренажерын жасаған жігіт.


Бағдарлама 100 пайыз дайын емес, қазір тестілеу кезеңінде.


Open WiFi жүйесін де осы азаматтар енгізген. Одан басқа, жаңалықтар қатарында call-орталықтар, тапсырыстар мен жеткізу қызметтеріне хабарласуға арналған «Телефон будкасы» деген мобильді қосымшасы да бар.



2010 жылы Солтүстік Қазақстанда Темирғали Қыдыруали және Ғалымжан Мансұров қарапайым робот ойлап тапты. «Алманың» қаңқасы – манекен қыздікі, дауысы – техникалық. Басты тетігі – гирокомпас дейді авторлар. Ерекшелігі – көп роботтарда туындайтын тепе-теңдік мәселесін жақсы шешкен.
Онысы, мысалы, автомобильге жанармай құя алып, бекеттердің бірінде жұмыс істеді. Сонсоң көліктің сервистік компьютер жалғайтын порт болса, диагностикасын да жасауға болады депті. Авторлар жол полициясы қызметкері ретінде тағы бір данасын әзірлегісі келген еді. Онымен идея қалып кетті.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 2013 жылы гид есебінде қолданылған «Шолпан» атты робот жасалды. 2015 жылы оның Арман атты інісі туды. Арман Халыққа қызмет көрсету орталығында «қызметке тұру» үшін жасалған болатын.
2014 жылы қостанайлық оқушылар мүгедектерге көмектесе тін инвароботтар ойлап тапты. Яғни кедергілерді айналып өтіп, хабарлайтын техника жасап шыққан.
Дәл осы жылы батыс қазақстандық Мертай Еламан деген бала роботталған костюм ойлап тапты. Оның ерекшелігі – ауырлықты оңай көтеретін сипатында.
Жақында ғана Астанадағы роботехника бойынша олимпиадаға оралдық оқушылар қымбат металлдарды танитын роботтарын алып келді. Робот – ол робот, несін айтасың…

Қыста қалай шыдайтынын бағамдау ғана қалып тұр.
Әлеуеті зор жоба, қолдау жағы енді қолға алынып келеді.


KazINNO сайысында жеңіске жеткен оны шетелдік тағылымдамаға жіберіп, инвесторлар алдында таныстыру мүмкіндігіне ие болған еді. Отандық қолдаушылар әзір қозғала қойған жоқ. Өндірістік маңызы мен әлеуеті жоғары.

Award.kz 2014 интернет-сыйлығының «Жыл компаниясы» номинациясының иегері. Меніңше, жақсы новация мен табысты маркетингтің үлгісі. Өзім де қолданушымын.

Жоба әзірге жоба күйінде. Артықшылығы — ұлттың ең маңызды мәселесіне септесуге қауқарлы. Негізгі мәселесі — қаражат қажеттілігі жоғары, әрі орындалуы аса күрделі.
2011 жылы павлодарлық оқушылардың үйді SMS арқылы басқару жайлы жобасын болғанын айта кетейін.

Басқа энергия көздері туралы қай әріптен оқитыныңызды білесіз-ау…


Екі сызық мұнда да сор! Егер де тестілеу жолағының бойында түрлі-түсті екі сызық пайда болса, заттың құрамы – харам. Бір сызық – шошқа жоқ, әйтеуір дегенді білдіреді. Тест нәтижелері арнаулы құралда 1-2 сағат қана сақталады. Қазір бұл «экспресс-Х» тестіні тарату жұмысымен республикалық «Халал стандарттау» комитеті айналысып жатыр.

Жобаның нарыққа шығуы – қиын, арзан баламалар жеткілікті. Назар аударатын инвестор керек. Кемшілігі – идея ескіріп барады, 2010 жылдары таныстырылған жоба.


Заманның жеңіл тұтынылатын азыққа құмарлығын ескерсек, табыс мүмкіндігі – жоғары. «Химфарммен» келсім бар. Эскпортқа шығару жоспарда бар. Ұзынқұлақтан Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 миллион теңге бөлгенін, облыс әкімдігі келесі жылы 10 миллион теңге бөлетінін біліп алдық. Дүниежүзілік Банктың 60 мың долларлық гранты та, ы бар. Бірақ бәрібір инвесторлық қолдау қерек, арнайы құралы-жабдықты жаңарту тым қымбатқа түседі — 2,5 миллион доллар.
Осы орайда, 2011 жылы ҚазАТУ ғалымдары биошұбат және өзге де сусын түрлерін ойлап тапқанын атап өту керек.

Өздеріңіз білетіндей, қазір ондай щеткалардың сатылымда түр-түрі бар.
Ъ және Ь әріптерінің өзі қазақ тіліне енген инновация. Қызық, Ахмет Байтұрсыновқа тиесілі ме екен?

Пештің ерекшелігі – қоршаған ортаны ластамайды. Газбен де, көмірмен де жұмыс істей береді. Электр энергиясын пайдаланбайды. Пешті облыстың біраз ауданы пайдаланады, оның ішінде тұрғындар да, мекемелер де бар. Қазір автор жобасын қосымша жетілдіріп жатыр.


Бірқатары жайлы айта кетейік.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баласы Мақсат Қарлыхан биогаз алу арқылы үй жылытатын әдіс ойлап тапты. Биомасса мен бактериялары бар резервуарларда газ өндіру процесі жүреді.
Оралдық Максим Тарабанов қашықтықтан ток беретін құрылғы ойлап тауыпты. Тесла трасформаторының негізінде жұмыс жасайды.
Степногорскілік Игорь Карасев энергия сақтау станогін жасап шықты.
Семейлік Дана Сәулебекова геотермалды энергиямен ғимарат жылыту әдісін ойлап тапты.
Павлодарлық Николай Храмов көмір немесе әктен түтінсіз энергия алу әдісін жасады. Оңтүстік Қазақстан басшылығы қызығушылық танытқан. Бәрінің перспективасын асықпай бағалау қажет.
Мал тезегінен электр энергиясын өндіруді бастап жіберген кісі — т.ғ.к. Вадим Некрасов. Шикізат қоры біздің елде жеткілікті, әрине.
Және осындай ондаған тың идеялар! ЭКСПО құдіреті!

Артқышылықтары: құны — 30 мың доллар, бұл – шетелдік баламалардан арзан. АҚШ-тың GIST TECH-I байқауында финалға жетіп, мойындалғаны да рас. Ірі шаруа қожалықтарына, ауылдарға лайық. Өзіндік құнын ақтап шығуына 4-5 жыл кетеді. Инвестор табылса, табыс көзі бола алады.

Міне, менің нұсқамдағы қазақтың тұңғыш еркін инновациялық әліпбиі осындай болды. Құрметке лайық жаңашылдар, таңғаларлық ақылмандар…

Және бұл мен қызыққан новаторлардың түгелі емес, Карл!
Жақында бір әлеуметтік желіден «Қазақстан – инновацияларды жүзеге асыратын жер емес» деген пікір оқыдым. Оқыдым да, екіойлы болып қалдым.
Содан кейін зерттеумен айналыстым. Бар ғой, бар ғой табысты мысалдар! Иә, бір жағынан, өнімді өндіріске шығарып, жетесіне жеткізу де шарт секілді. «Инновация — бұл 1% өнертабыс және 99% іскерлік» деп Джобс бекер айтып па еді?
Жалпы, бұл жазба Хит-парад деп аталғанымен, әлгіні бесінші, мынаны он бесінші деп белгілеп, таңба баса қойғаным жоқ. Себебі… Себебі, қай өнімнің қанша қажыр мен қандай қиындықпен келгенін мен қайдан білмекпін? Қайсысы түптің түбінде өндіріске еніп, кең таралатынын да кім біліпті? Бәрібір менің хит-парадымда бірінші орын вакантты болып қалатын еді. Мен білмейтін бүгінгі, не болашақтағы бір новатордың жұмысы үшін. Мүмкін, сіз үшін.
Сондықтан, әліптің артын баққан әліпби шықты.
… Жоқ, мен бәрін түсінем. Бірдеңе ойлап тапсаң, энтузиазміңді өлтіріп тұратын орта да, қаражат қысымы да, консерватор саналы қоғам да… Бірақ біз осылай болып қала берген шақта, өзгелер жасайды оны. Көп жыл өте біздің ілеспелі ілкі қоғам да ере бастайды – әрине, ол кезде бұл дүние инновация емес. Сондаймыз…
Біз болашақты болжап, күніміз не болар екен деп қана отырамыз. Ал болашақты болжаудың ең ұтымды жолы – оны жасау. Осыны түсінетін кемі жүз адам барына шүкір елімде.
«Praise madmen, rebels...»
Жазбаны даярлау кезінде өнертапқыштардың ғылыми еңбектері, мекемелердің ашық дерекқоры, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары армансыз пайдаланылды.
6 пікір