Ертегі әлемі
Жаздың 3 ай демалысында үйде қолөнермен айналыспақ боп біраз әуреленгенім бар еді. Осыдан біраааз уақыт бұрын «Матаға салынған суреттер» тақырыбымен жазба жариялаған болатынмын. Жасаған дүниелерімнің бәрі сақтаулы, бірақ ораулы күйде қала бергеннен гөрі рамкаға салып қойғанды жөн көрдім. Сөйтіп аулада жиналып тұрған ағаштар арасынан «жарап қалар-ау» дегендерін алып, тазалап, бұйымдарымды қағып қойғаным бар еді.
Далада сәкіге жайғасып алып, кірістім жұмысқа. Тапқан ағаштарды жуып-шайып, кептіріп, қажетті өлшемді кесіп алып, майда шегемен оларды біріктіріп алдым.

Тап-таза, жап-жаңа рамканың өзін-ақ пайдалануға болатын еді. Бірақ түрлендіріп, түрлі-түсті бояулармен бояп шықтым.

Мынау дайын болған түрлері, бірі матаға бояумен салынған сурет болса, бірі кестеленген «біртүрлі» жануар бейнесі.

Одан кейін «Домбыра Party»-дың әсері бар, жалпы домбыраға құмартатыным тағы бар, соның негізінде қолда бар бисерлеріммен мынадай бір көрініс жасағым келді.

Дәл қазіргі кезде мына бөлігінде тоқтап қалды. Қажетті дәл осы бисерді іздеп таппай-ақ қойдым. Ең құрығанда ұқсайды-ау деген бірін алып аяқтау қалды жұмысты. Одан кейін жан-жағы ашық қалғалы тұр, ол жерлерге де бірдеңе ұйымдастыру керек. Идея болса күтемін.

Сооол, әзірге осы жұмыстар. Айтпақшы, қабырғаға бояумен салған «Спанжик» жайлы ұмытып қалмаған шығарсыздар.

Уооот, осы бұйымдардың бәрін сол бөлмеге жинақтап, «Ертегі әлемі» сияқты етіп жасап қойғым келеді бұйыртса!

20 пікір