Жартылай жалаңаш қазақ әйелдері Хлудов қылқаламында
Осынау суретшінің ныспысымен ғана таныс мен бірде оның атышулы картинасы жайлы кездейсоқ естіп қалдым. Сөйтіп түз тіршілігінің біршама өмірсүру дағдысы бейнелеген Николай Гавриловичтің альбомын қолыма түсіріп, парақтай бастағанда бітіп қалмаса екен деп отырдым. Әлгі өзім ерекше сүйсініп жейтін шырынды бүлдіргенді алғаш көргендегідей, үзіп алып, дереу таңдайыма салып, дәмін жоғалтқым келмегендей күйімде тіпті асықпай тамашаладым.
Оның көп сурерттерінен сұрқай түстен аулақ, тек күннің нұры төгілген атырапты, тіршілікті көрдім. Мысалы, «Барымта» деген картинасында жарқ еткен найзағайдың астында жөңкіліп бара жатқан жылқының үйірі сол сәтке оралтып қана қоймай, қараңғы түннің ызғарын сезіндіртті. Дегенмен бүгін сіздерге айтқым келіп отырғаным басқа, яғни Н. Г. Хлудовтың назарынан сырт қалмаған қазақ әйелдерінің келбеті, нақтырақ жартылай жалаңаш қазақ әйелдері.
Бұл шығармалар бізден бұрын өмір сүргендердің де шымбайына батып, баспасөз бетіне өз пайымдарын жазғандай болды. Мәселенки, Ахмет Байтұрсынұлының «Суретші Хлудов неден қателесті?» деген көлдей жазбасы. Онда А.Байтұрсынұлы қазақ өміріне қатысты картиналардағы 18 қателікті атап көрсетеді. Алайда ол уәждер маған тым әлсіз көрінді, қызығушылар болса тағы бірде реттеп салармын. Ендеше көбәріп тергіштей бермей картиналарға зер салсақ.
Міне ең соңғы әлгі атышулы картина осыыыыыы
Мұндай ойын түрі «Тайлақтарту» байқауы соңғы рет Құнанбай әкесі — Өскенбайға, Ерден Сандыбайға ас бергенде өткен деседі. Тәртібі бойынша ең сұлу жеті қыз-келіншек лыпасыз күйінде тізгінделген ақ тайлақты тісімен шешіп алу міндет екен. Бұл картинаға жоғарыда аталып өткен А. Байтұрсынұлы «мұндайды өз басым көрген емеспін» дейді. «Мұндай думан қазақ тұрмысында өте ертеде әбден болуы мүмкін. Қариялардың айтуынша, мұндай бәйге ертедегі аса үлкен ас пен тойларда тағылық түрде көңіл көтеру кезінде тігілсе керек. Суретші Хлудов менімен әңгімесінде мұндайды өз көзімен көргенін айтқаны бар. Алайда сене қою қиын» деп екі-ұшты солғындау уәжін алға тартады.
Ал, осы ұлттық ойындарды зерттеуші А. Мұрғабаеваның пікірінше, «Бұл ойын рәміздік мағынаға толы: түйе — түркі халықтарында тотемдік жануар деп есептелінеді және тернарлық әлем құрылымы. Ойын Орталық Азияда пуритандық ислам талаптарымен біртіндеп ас рәсімдерінен ығыстырылып шығарылған. Бұл жерде исламның әдептік-мәдени функциясының маңыздылығын атап өткен жөн». Мен де осы пікірге қосылмастан бұрын, бір ой келді. Ол төсін ашқан, етегі қысқа қыздарды көргенде "қазақтың қарагөздеріне мүлдем жат қылық" деуге «XX ғасырдың басынан кейінгі» деген датаны міндетті түрде қосып айтуды ұсынамын Себебі осы «түйе шешу» ойыны жиырмасыншы ғасыр басына дейін сақталып келген эротикалық ойын рәсімдерінің бір түрі.

Бірақ, бұл тақырыпты әлі де зерттеу керек сияқты. Байтұрсыновтан басқалар сын жазды ма деген сыңайда.
Sony koldap koshtap otyrgan akymaktar.
Biz musylmanbyz, eshkashan bizdin' analarymyz, senderdin'(sanasyzdar, orystanyp ketken maldar) apa-azhelerin' eshkashan atasynyn' aldynda, boten erkektin' aldynda keudesin korsetpek tugili, shashyn korsetpegen.
Maldar.
Төө чечмей
„Жалаңаш билеу" (ескі салт). „Тырдай жалаңаш жас әйел майданға шығып, осыны шешіп алып, билеп жұрт алдынан өтсін,— дейді" (Ә. Марғұлан).Мұндай би ерте замандарда ойын-сауық, қызық ретінде қалыптасқан сияқты. Оның түркі елдерінде, оның ішінде қазақ елінде болғаны түрлі жазба деректерде, аңыздарда да кездеседі. Бидің шарты үстіне қалын кілем жауып, асыл бұйымдар артқан түйенің бұйдасын жалаңаш әйел тісімен шешіп алуы керек. Және оған жас келіншек немесе жас қыз шығады. Мысалы, «Манас» жырында осындай салтқа Ороңқа шығып, түйені шешіп әкетеді.
Мұндай салт қазақ даласында да болған. Өткен ғасырда Ұлытау баурайында болған аста „жалаңаш биге" шыққан әйел „үлкендерің көрген жерің, кішілерің туған жерің" деп келіп, шөккен түйенің бұйдасын тісімен шешіп әкетіпті. Арқада өткен аста осындай биге қатысқан жалаңаш жас келіншек ұзын бұрымын тарқатып жібергенде бүкіл денесін шашы жауып кетіп еті көрінбепті. Ол сол бойымен келіп, түйені жетектеп кеткенде нар тіккен жақ „жалаңаш шықпады" деп дау шығарып, биге жүгініпті. Сонда әділ би „келіншек киімімен шыққан жоқ, шаш әйелдің қудай жаратқан мүшесінің бірі, оған дау жүрмейді" деп даугерді тоқтатыпты.
1920 жылдар ішінде Торғай даласына есімі көпке белгілі Қараман Досай хажының асындағы қалы кілем жабылған нарды Нарыш деген жас келіншек шешіп әкеткен.
Т. Шевченко. Трио. 1851
точно фейк емес па? чем раньше брились?
www.facebook.com/groups/1562399913988545/permalink/1571429396418930/
Согезде өмір сүрсең ғоо )))