Өзімде «Ойбай, көшпенділік дегенді біреу кемсіту үшін айтты» деген паранойям жоқ.
Бұндай паранойясы бар адамдар, көбіне «Ойбай, қазақтар көк көзді, еуропа пішіндес болған, бізді моңғолдар құртқан» дейтіндерден шығады. Құртса, онда сенде моңғолдың қаны басым ғой, демек сен еуропалыққа қатысың шамалы ғой!" -десең кәдімгідей намыстанады.
Шілденің онында еңбек демалысын алып, ауылға келіншегім екеуміз тарттық. Пойыз деген жақсы ғой, егер ішінде өмір сүрерлік жағдайлары қарастырылса. Үш күн бойы пойыз терезесінен далаға телмірумен болдым. Көргенім мен байқағаным мынау: Қазақстан шынымен де кең байтақ екен. Бірақ басым бөлігі қураған шөлейт. Сол далада қаңыраған ауылдар, шатыры жоқ үйлер, сырты сиыр тезегімен боялған ескі тамдар. Қала деген статусы бар, үлкен пәселкелер. Мораль: "Мүмкін Астана дамыған елу елдің қатарына кіретін шығар, бірақ Қазақстан тошны кірмейді. Жо-жоқ кірмейді".
Бүгін қолөнерге алғашқы туындымды салып отырмын. Алдында Алтыградусқа газет пен қамырдан декупаж жасайтын болғам. Оған көп уақыт кететін болғандықтан, жасауға қол тимей жүр. Ал мына моншақтан гүл жасау оған қарағанда аз уақытты алады.