Тесік моншақ жерде қалмайды...

Бүгін қолөнерге алғашқы туындымды салып отырмын. Алдында Алтыградусқа газет пен қамырдан декупаж жасайтын болғам. Оған көп уақыт кететін болғандықтан, жасауға қол тимей жүр. Ал мына моншақтан гүл жасау оған қарағанда аз уақытты алады.
Ауылда мынадай моншақтарды көптеп кездестіруге болады. Ол моншақты ешкім тақпайды, бірақ қазақтың кез келген тойынында қонақтарға осындай моншақтар таратады. Үйде бірталайы жиналып қалған соң, тастауға қимай бір кәдеге жаратайын дегем. Сонымен, осы қарапайым, арзан тұратын моншақпен біз гүл жасаймыз.
Алдымен, бізге моншақ(біркелкі болғаны дұрыс), жұқа мыс, бисер керек.




Моншақты бөліп алған соң, оны сымды ортасын теңдей алып, екі жақты сымды моншаққа қарама-қарсы өткіземіз.

Ары қарай, екі, үш, төрт, беске дейін барып, кері қарай 4,3,2,1 моншақтан тізу керек.


Мыналар дайын болғандары.


Жоғарыдағы бисерді 3 данадан сымға ораймыз суреттегідей болу керек. Ал мынау дайын болған гүл.

Бөлісу:

18 пікір

VKM
Маладес күшті шығыпты.Біз ауладағы кіттей қыздарға таратасаламыз))
manshukn
Ол моншақтарды кіттей қыздар да тақпайды қазір.
balzaminka
bizdn arular kandai onerli

manshukn, ote addemi
manshukn
Рахмет, Бальзаминка!!!
AKA
Вай, әдемііі!  Жасыл түсті моншақтан (бисерден) дәл осы әдіспен жапырақтарын да қоса салса…
Nurgisa
Osendaw onerdi bagalawchi halqem aman bolsen!!! Holdarenghez dert qowrmessin!
JAKO
Тсік моншақтың жерде қалмайтындығына,қазір ғана көзім жетті.
satibaldi
Тесік моншақ жерде қалмайды...
О баста қыздардың қам көңілін демеуге арналған мәтел еді, бұрмалап алыпты, әжесстер…
Gastarbaiter
До свадьбы заживет — деген мақалды да әбден бұрмалап ап, саусағын кесіп алған балаға айтып жүр ғой орыстар да.
Altygradus
Мадисс Мәншүк
Брошьқа тым үлкен сияқты Бұл гүлдің қолданысы неде?
manshukn
Осындай гүлдерден 4-5-ін жасап, вазаға салып, сувенир ретінде қолдануға болады. Мен солай жасағам. Брошькаға келмейтін сияқты.
monti
күчт, мындай моншақтар/бисерлер шынымен шашылып әр жерде жатады
жасаған сувенирлерін болса пост етіп ілсей
Emilia
Тағы басқа үлгілер бар ма осындай?