Үй жағдайында...

Сәлем бердік ағайын! Жақсылап жайғасыңыздар! Бүгін мен сіздерге сауда орталығы мен дүкендерден, көбіне сатып алатын сушки мен орешки (жаңғақтар) жасап көрсетемін. Сушки — тәттілігі аз, шәймен ішуге жақсы келетін орыс асханасының дәмі. Ал, орешки (жаңғақтар) — керісінше, өте тәтті дәм, әсіресе бала кезде мұны көп пісіріп, жейтінбіз. Сонымен, бастайық!
Сушки
Құрамы: 1 құты (банка) қойылтылған сүт (сгущенное молоко), 2 жұмыртқа, 1 шымшым тұз, аздаған ванилин, 50г маргарин (сары май), сірке суына басылған ас содасы және 500-600г ұн (қамыр қолға жабыспағанша).
1. ТАЗАЛЫҚ!
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз міндетті түрде!
3. Қойылтылған сүт, маргарин, тұз, ас содасы, жұмыртқа, ванилинді қосып араластырамыз.

4. Осы қоспаға ұнды елеп саламыз да, қамырды илеп бірнеше минутқа жауып қоямыз.

5. Қамырды аз-аздан үзіп, жіңішкелеп, шеңбер жасаймыз.

6. Бетіне жұмыртқаның сарысын жағамыз.

7. Енді осыны ыстық пешке қойып пісіреміз.

8. Міне, сушки де дайын болды.


Енді, орешки дайындаймыз. Ең бастысы, сізде «орешница» (жаңғақ салғыш) болу тиіс.
Құрамы:
— қамырға: 200г маргарин (сары май), 3 жұмыртқа, 1 шымшым тұз, 150г қант, аздаған ас содасы мен 500-600г ұн. Сонымен қатар, 1 құты қайнатылған қойылтылған сүт (вареное сгущенное молоко) пен жержаңғақ қажет. Бастайық!
1. Қамырдың заттарымен жұмсақ етіп қамыр илеп аламыз да, бірнеше минутқа жабық күйде ұстаймыз. Ол уақыт аралығында біз «орешница»-ны газ плитасында қыздырамыз. Қамырды аз-аздан үзіп, тегіс домалақтаймыз. Осы домалақтарды «орешница»-ға саламыз.

2. Енді «орешница»-ны жауып, қатты қысамыз. Сол кезде ішіндегі қамыр жайылып, жаңғақ формасына келетін болады. «Орешница»-ның екі бетін кезек-кезек газға қыздырамыз.

3. Қызарып піскен жаңғақтарды алып, келесі қамырды салып, осылай жалғастыра береміз. Сонда әп-әдемі екіге бөлінген жаңғақтар шығады. Артық жерлерін алып тастаймыз.

4. Енді жаңғақ ішіне салатын тәттімізді дайындаймыз. Ыдысқа қайнатылған қойылтылған сүтті қосамыз, арнайылап дайындалған жержаңғақ қосамыз. Жержаңғақты алдымен 1-2 минут қуырамыз, қабығы сонда тез аршылатын болады. Тазалап, оқтаумен үгітеміз. Сосын екеуін араластырып жаңғақ арасына салатын тәттіні дайындаймыз.



5. Енді, жаңғақтар арсына тәттіні салып, жаңғақтарды беттестіріп жабыстырамыз.

6. Міне, жаңғақтар да дайын!


Астарыңыз дәмді болсын, ағайын! Дастархандарыңыздан дәм кетпесін!

Пы.Сы. Осымен жұмыс аяқталды, біраз шыдам керек. Әйтсе де жасаған тәттілеріміз өте дәмді болды. Әрине, дүкеннен сатып алғандай емес…  шыдам жетпей жатса «Сатып ала салу керек еді» деуіңіз мүмкін, бірақ аяғында өте жақсы нәтижеге жететініңізге сенімдімін!
Бөлісу:

26 пікір

satibaldi
Міндетті түрде түнгі он бірде пісіру керек пе?
Пікір түзетілген: 30 шілде 2011, 23:58
AKA
 жоооқ, күндіз дайындағам, түнді отырып пост жаздым.  Жасаған, түні бойы жазған еңбегімді бағалағаныңызға размет аға, АРБ!
meirzhan
Аспаздық туралы қазақша сайт ашылса саған сонда жазып тұруға болады екен. Егер ашылса… әзірге блогтардан оқи берейік.
Дәмеленіп қалам осы постыңа қарап, тамақаа
AKA
Жоға, менікі тек жасап үйрену, болашақта керек іс қой.  кідааай, бәрін плюстап тастапсыз даЧі
meirzhan
Кідааай… Біліп қоясыз даЧі
Erlan
жейгім келе береді, жейгім келе
Darynkyzy
Рахмет. Осындай орешкілер ұнайды. Меніңше дүкендікінен гөрі үйде жасалған дәмдірек болатын сияқты.
KILYZAMAN
Менің ұлым ай қарап жүрсе керек
xawgim
tangerteng gi asta jese handay jahsi bolar edi.
AKA
Duris aytasiz, tang gi sut katkan koiu xaymen ixse keremet!
balzaminka
As bolsn!!!

Damdi korinedi, suwkige sguwenka kosatynyn bilmeppn, rahmet
blackbeard
Sendik ekenimdi aityp koiganmyn @KILYZAMAN aganyn uly aure bolmai-ak koisyn
Nurgisa
AKA, сушкиді пеште қандай градуста және қанша уақыт ұстау керек?
KILYZAMAN
Нұрекең, келінге тосын сый жасайын десе керек…
Nurgisa
Неткен аңғарымпазсыз, Қилеке!!! :) Сөзіңізден жылылық еседі, операциялық жүйесі сыр бермейтін пеш сияқты ;)
AKA
Сабақтан енді келдім, жасап қойған шығарсыз ендігі :)) 150-180 градус аралығында беті сарғайғанша ұстайсыз. Менде 15-20 минут аралығында піскен болатын.
Abilakim
Тамақ даярлауды «Біссімілләмен» бастаған қыздың тамағы дәмсіз болуы мүмкін емес.
manshukn
Маған АКА-ның «Напалеон» торты ұнайды. Үйде жүргенде АКА дайындау әдісімен жасағам. :)
AKA
Рахмет Мәншүк! Жазғандарымның қажетке жарағанына қуаныштымын, yahooo! :)))
KILYZAMAN
Пост авторы кешіре гөг, шын сұрағым: Сабын қайнатуға байланысты ырым-тыйымдардың себебін түсіне алмай жүрмін. Себеп — жұмыссыздық!!!
KILYZAMAN
Себеп — жұмыссыздық!!!
— сабын қайнатуды үйлестірімдегі келеңсіз керітарпалықтар… Түсінші!
Zhan
Жұмыстан кейін қарным ашып отыр ед, адамның аппетитін ашып… ))) Күшті екен!
Aigolek
Журек сушкиды озин жеп койдын ба?