"Байқоңыр", немесе француз ғарышкеріне ғашық болған жігіттің хикаясы

8-желтоқсанда «Бойқоңыр» («Байконур», «BAIKONUR») атты Германия-Ресей-Қазақстан бірлескен жобасының еліміздегі тұсау кесері өтті. Жабық көрсетілімде фильмнің режиссері Файт Хельмер (Veit Helmer) (Германия), ко-продюсерлері: Гүлнар Сәрсенова (Қазақстан) мен Анна Качко (Ресей), сондай-ақ жобаға атсалысқан актерлер және түсіру тобы қатысты.
«Фильм бұған дейін Германияда көрсетілді. Жалпы нәтижесі жаман емес. Бүгін қазақстандық көрермендердің назарына ұсынбақпыз. Бұл жерде ко-продюсер Анна Качкоға рахмет айтқым келеді, оның арқасында аса құпия саналатын Байқоңырдың „Роскосмосқа“ қарасты аумағында түсірілім жүргізуге мүмкіндік алдық», — деді неміс режиссері алғысөзінде.






Менің де есімде сондай бір бейәдеп көріністер көрсетілсе бөлмеден шығып кететінбіз. Сол кино біткенше ана бөлмеге аяқ баспайсың ғой. Қазір ауылдағы ағамның балалары (жалпы көп елдің балалары) үлкендермен отырып көре беретін болды ғой бұндайларды. Оған етіміз де бетіміз де үйреніп алды.