Желтоқсанда ай туады солынан...

(20 жылдыққа қатысы жоқ, 5-6 жыл бұрын жазылған)

ЖЕЛТОҚСАНДА АЙ ТУАДЫ СОЛЫНАН...
(Қайрат Рысқұлбековтың атынан)
Болған!
Бәрі де болған ¬-
Колбиннің кезінде...

Темірхан Медетбек



Шындық бар ғой,
ол аз десең, Құдай бар,
Арсыз соттың арқасында жын ойнар!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар…
Айға қарап
Ар жылайды, жыласын,
Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың!
Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім,
Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!
Темір тордың алдында,
Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына!
«Отыз жеті» ойран қылған қазақты,
«Сексен алты» сергелдеңге салды ма?!
Желтоқсан деген бұл айда,
Желкілдеген туым жерге құлай ма?!
Шындық бар ма?!
Шыныңды айтшы, ей, Дүние,
Ол жоқ болса, жоқ қой онда Құдай да!
Ләззаттардың шашын жұлдың, Желтоқсан,
Ерболдардың басын жұлдың, Желтоқсан!
Құтырынған иттей көзі қанталап,
Құл-құтанды басындырдың, Желтоқсан!
Елім үшін…
Еркек тоқты ─ құрбандық,
Құрбан болар құным жоқ па бір малдық?!
Өмір деген ─ өрмекшінің торына
Шыбын жанды шырқыратып, шырмалдық.
Батырлардың басы кетсе шабылып,
Ақындардың жүректері жарылып!
Елім менің, енді қайтіп күн көрер,
Кремльге бағынып,
Күн-көсемге табынып?!
«Жаумен бірге құрысын ─ деп, ─ жауыздық!»,
Қар бетіне көздің жасын тамыздық.
Мұздай суық ─ дүниенің үстіне,
Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық…
Темір есік тесігінен телмірем,
Тергеушіні немене деп сендірем?!
Бұ дүниеден таба алмаған Шындықты,
О дүниеден іздейін бе енді мен?!
Тергей берсін, тергей берсін, тергесін,
Керегі жоқ… кешірім де бермесін!
Ошағымның күлі көкке ұшса да,
Отанымның оты мәңгі сөнбесін!!!
Желтоқсанның жүз құбылып реңі,
Жетім халық кімнен көмек тіледі?!
Қара жер де көтере алмас мазақты,
Қара нар да көтере алмас азапты,
Көтерер тек ер жігіттің жүрегі!!!
Жылап тұрып,
Жақсылыққа жорығам:
«Алты Алашым адаспағай жолынан!».
… Жылдың соңы…
Кімнің соры?
Сақтай гөр!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Алмас Темірбай
Бөлісу:

56 пікір

e_zhalgas
Қар бетіне көздің жасын тамыздық.
Мұздай суық ─ дүниенің үстіне,
Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық…
Мына қатарлардағы сөздерді «біздің» атынан айтқаны ұнамады. Жалпылықтың ешқандай эмоциялық әсері болмайтынын ұмытса керек ақын. Ал, былай, жақсы жазылған екен, шахановша… деп қойсаң! бірақ, біртүрлі жалған пафос басымдау екен…
sammita
«мен» деп айтуы керек пе?
e_zhalgas
Рысқұлбековтың атынан деген екен, соның атынан бастап келіп, ортасында «бізге» кірісіп кеткені біртүрлі ғой… Бір адамның эмоциясын оқығың келіп отырса, соц.реалистік позаға түсе қалып, ұрандатып кеткені де біртүрлі
sammita
енді соның сөзі сияқты ғой, немене күңкілдей бересің? өлең жазбаймын, сынмен де шаруам жоқ.
e_zhalgas
онда неге жарияладың?
sammita
сен үшін ғана емес.
sammita
кешіктің, жақында мүшәйрадан орнын алып қойды бұл өлең
AKY
жоғары бағасын алып қойға деЧ
Abilakim
көпше түрі дұрыс секілді.
Ақтамберді де көпше түрде күңіренбеппе еді?
balzaminka
Осы желтоқсан оқиғасы жайлы сол уақытта естіген адам бар ма арамызда?

Қилеке, сол кезде студент болған шығарсыз, не естідіңіз? Не көрдіңіз? Шамалы айтып беріңізші, а?
Abilakim
Қилекең ол кезде шетелдердің бірінде болса керекті. Сатекеңнің шпиен дегеніне қарап болжап отырмын
balzaminka
сол кездерде үйде студенттер болды, бірақ осы оқиға талқыланбады ғо дим. Кейін естігенім, Алматыдағы студент апамызды оқудан шығарыпты, ол ауылға келіп мұғалім болған екен. Болды, басқа ештеңе. Мамадан да, апайлардан да сұрағанмын, ешкім естіген жоқпыз дейді. Қазанның қайнауын тек алматылықтар ғана білсе керек…
Abilakim
Менің нағашы әпкем, басынан соққы алып сәл нелеу болып қалған екен.алматыдағы оқуынан шығарған дейді
sammita
«Аллажарды» көрдіңдер ме?
Басы мю-қию аздап біртүрлі сол кезде түсірген видео-суреттер мен актерлерді қосып байланыстырып жинақтаған сыңайлы. Жалпы мағлұмат алу үшін көрдім.
balzaminka
фильм атауы есімде жоқ, бірақ көргенмін бір фильм. Алаңға жиналған көп адам, ұрып жатқан милиция, қашқандар…

Қатысқан кісілердің барлығында бір идеология болды ма екен деген ой келе береді, келе береді…
KILYZAMAN
Еркелесең елкеле — Шолжаңдама! Үрген итке қосыла шабаланатын әдет — Ұят!
Қалжыңдаймын деп мылжыңдап кетсең оны да ойлан!!!
KILYZAMAN
Айтатын түгі жоқ… Желтоқсанның әлі тоқсаңдатып-торсаңдатып келе жатыр жеке басымды. (Өтірік көп) Ұлдардікі бір бөлек — жазылмаған дастан. Сол кезең — Қазақ Қызының ұжданындағы қазақылық пен бауырмалдықтың,өжеттік пен қайсарлықтың нағыз боямасыз көрінісі болғаны РАС!!!
sammita
Желтоқсанның әлі тоқсаңдатып-торсаңдатып келе жатыр жеке басымды.
қатысып па едіңіз сонда??
KILYZAMAN
Біреулер мақтан көреді, менің намысыма тиетін нәрселері көп… Өтірік көп. Жиіркенішті. Құсқым келеді
satibaldi
Өзің сол кезде бұғып қалып, енді несіне көлгірсіп пайғамбарсып отырсың, қызыл ит?
KILYZAMAN
Тузик, барбостан тағы не үйрендің? Шәуілдемегенің дұрыс болар…
KILYZAMAN
Қатысу деген ұғымның турасынан алғанда көтерілістен кейінгісі қыйын болған. Колбиннің(шошқалардың доңыздарымен) қасқырларымен сана мен рух сайысының жеке басыма дәлелдегені — САЯСАТТЫҢ сасықтығы-жастардың жігерін жүндеген
balzaminka
Қилеке, тыңдар құлақ барда айтып қалсаңызшы  

Колбин халықтың айбынынан қорқып қашып кеткен дегені рас па?
KILYZAMAN
Жау кеткеннен кейін боғын пышақтаушылардың қатарында болудан жиіркеніштісі жоқ…
Колбин халықтың айбынынан қорқып қашып кеткен дегені рас па?
— СССР деген махинаның маховигінің қасқа тісіне дәз түскендіктен, жалмауызға да жан керек болғаны түсінікті емеспе?
balzaminka
Қилеке, ешкім атын атап, затын жіктеп беріңіз деп жатқан жоқ қой. Сол кездегі халықтың ойы, бойы дегендер қызық мен үшін. Барлығы желтоқсанды қолдаған жоқ, тек жастар ғана шықты. Үлкендердің көтерілмеуі тек қана партиядан қорыққанынан болмаған шығар бәлкім. Үркек болудың да реті бар секілді. Арамыздағы үлкен болып осындайда айтпағанда қашан айтасыз? Сіз қатыстыңыз ба деген сұрақ қойып отырғаным жоқ
KILYZAMAN
Арамыздағы үлкен болып
— Үлкейе түскеніңде түсінетініңе кәміл сенемін… Тек, Алладан жалбарынып тілейтінім — «жуас халқыма берер жұбанышың алдамшы болмасыншы»
satibaldi
Тек, Алладан жалбарынып тілейтінім — «жуас халқыма берер жұбанышың алдамшы болмасыншы»
Еее, құдайымды таптым де? Әне қандай метаморфозалар!!!
salta
біздің ауылда бір жігіт желтоқсанға қатысып, оның әке-шешесін партиядан шығарып, ағаларын жұмыстан қуып, топалаң болған отбастарында. облыстық газеттің бірінші бетіне әлгі баланың суреті шығып, оны халық жауы қылып, әбден сүйрелеген. кейін 16 желтоқсанған қарсы мектепке сол жігітті шақырып, кеш өткізгенбіз. әлгі сорлы бала сәл сөйледі де жылап жіберді. кеш бойы сөйлей алмай, еңкілдеп өз-өзін ұстай алмай қалды. оның орнына ағасы сөйледі. сонда мен де жылағанмын… жалғыз мен емес…
nurbergen_makym
бала санаға обал ия, сондай көріністер?
VKM
Менің папам сол кезде Қиыр Шығыстаәскерде болыпты. Әйтпесе қалай болар еді деп апамның айтқанын естігенмін.СХИда оқыды, жатакханалары Жаңа алаңда. Бармасына болмас еді
Aizhantabyn
рас ау… бір жағынан өте қиын болған шығар әскери адамдарға…
nurbergen_makym
Тиді, қозғады һәм тербетті©
sigma
ЖЕЛТОҚСАНДА АЙ ТУАДЫ СОЛЫНАН...

Неге?
satibaldi
Сол күндері алаңға арақ тасыған кісінітаним. Очм, КаГэБэ эСэСэСэР алаңға шыққандарды маскүнем деп айыптау үшін, машина-машинасымен арақ әкеліп, алаңға тастап кеткен. Кейбір амиголар шерудің денсаулығы үшін 100-150 граммнан тартжіверген, ондайлар дереу қамауға алынып, экспертизамен мас екендігі туралы анықтама жасалған.
— Әкесс-ай! — деп налиды сол кісі,- сол кезде үйге бір-еі бөтелке ала салу жоқ қой, барлығын алаңға апарыппын, әнасс.
sammita
сол, сол. Ана «Аллажар» фильмінде осы көріністер бар, түн жамылып бірнеше машинамен жәшіктеп арақ таратты. Жастар таласып әкетіп жатыр.
Ereke
 ай Сатеке біреу өліп жатса да, сен күліп тұратын шығарсың!
AKY
Өткенде пойызда бір ағай айтып берген: Бір жігіт репортер болып телевидениеде жасайды екен, шеруді видеоға түсірмек болып арнайы машинамен алаңға барыпты. Ол кезде уже менттер алаңда жастарды қоршап-қоршап ығыстыра бастаған кезі екен. Репортерге ешкім тимейді әрине, ол өз жұмысын ғана жасап жүр.
Үйінде аяғы ауыр келіншегі бар екен, ол алаңдағы жайды естіп, күйеуін уайымдап үйінде отыра алмай алаңға келеді. Сол мезетте менттер қоршап келесі потокты ығыстырып әкетіп бара жатқанда, солардың арасында кетеді. "Әне, менің күйеуім, мені жіберіңдер" десе де әй-шайға қаратпайды. Айғайлап күйеуін шақырады, ол келейін десе, оны да жібермейді. Тіптен қоймағасын, менттердің бірі әлгі келіншекті ұрып құлатып ішінен тір тебеді. Әйел жантәсілім жасайды. Оны көрген күйеуі машинасымен менттергеқарай салып ұрып келе жатқанда олар машинаның доңғалағынан атып, машина аударылады. Қас қағым сәтте бір жанұя о дүниелік болыпты.
salta
ертегі секілді… бірақ жан түршігерлік оқиға екен…
KILYZAMAN
… Ол шеті ғана
balzaminka
енді осылай намек тастаудың жөні бар ма?
KILYZAMAN
Қалай ойлайсың? Жыртысты бөліп алғандар әлі жыртысып жүргенін көру үшін көкірегіңді ояу ұстауға не жетіспейді?..
balzaminka
Қилеке, түсіне алмадым сізді. Біресе айтпаймын дейсіз, біресе намек тастайсыз. Бір шешімге келсеңіз бізгі де, сізге де жақсы болар еді .
KILYZAMAN
Бір шешімге келсеңіз бізгі де, сізге де жақсы болар еді
— Кеелешекке деген үлкен үмітім, сасыған дүнияны қайта жидіткісі келмиейді.
sigma
Кеелешекке деген үлкен үмітім, сасыған дүнияны қайта жидіткісі келмиейді.

Шынымен де қазбалап не бар. Солай жабулы қала берсін. Одан зиян да, пайда да жоқ.
balzaminka
Рахмет, АКҮ. Жандары жәннатта болсын! Маған осындай оқиғаларымен маңызды желтоқсан оқиғасы, кінәліні анықтау мақсатында емес.
KILYZAMAN
Кінәсіздер — халық…
Aya
Мынаны оқып отырып өткенім еске түсіп, рухым өрешелене өсе ме деп ойлаған едім тақырыбына қарап… сөздері тым нәрсіз, өлі сөздер…
sammita
на то пошло Ауа маған ешкім емес
izbasar
Кеше мектепте желтоқсаншы апаймен кездесу ұйымдастырдық. Апайымыз слайдтарм ен фильмге қарап амалсыз көзіне жас алды. Әрине олардың көргенін біз көрмеген соң түсіну қиын шығар бізге.
Janasil
Желтоқсанда біз білмейтін құпия көп. Білетініміз тек мына секілді суреттер ғана.
sammita
6-7 класта ма, Коммунар Табейдің (Қайыммұнар Табей) «Мұзда жанған алау» кітабын оқығам. Сол кезде ЖОО-нан шығарылған студенттердің тізімі, суреттер, Қайраттың өлең-күнделіктері, сот пен тергеусіз сотталғандар, кейіннен ақталғандар (көбі о дүниелік) және оқиғаны егжей-тегжейлі сипаттауы т.б. әсерлі жазылған. Желтоқсан туралы 90 жылдары шыққан алғашқы кітаптардың бірі. Оны қайдан алдым, сол кезде бірдеңе түсініп оқыдым ба, білмеймін…
Janasil
Кітапты тауып қайта оқып шығуға кеңес беремін.