Назар аударыңыз! Тегін мультимедиалық интернет-журналистика курсы!



MediaNet халықаралық журналистика орталығы онлайн-медиа журналисті болғысы келетін жастарға арналған тегін мультимедиалық интернет-журналистика курсына қабылдау кезеңін ашық деп жариялайды.

Сабақ беру әдісі интернет-журналистика саласына қатысты көпвекторлы білімді игеруге және қолдануға бағытталған. Сабақ барысында тыңдаушылар интернет-мәтін жазуды, аудио және видеокасттар, слайд-шоу жасауды үйреніп, фото, видеотүсірілімдер жүргізудің қыр-сырын меңгереді.

Сабақ уақытында тыңдаушылар Орта Азиялық кloop.kz жаңалықтар порталында тәжірибеден өтеді, ал курс аяқталған соң аталған онлайн-ресурстың тұрақты тілшілері болып саналады.

Жалпы сабақ және тәжірибеден өту мерзімі 3 ай. Сабақ күндізгі уақытта, 15.00-ден 17.00-ге дейін жүреді. Тыңдаушылардың жас шамасы 15-25 жас.

Сабақ келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Қазыбек би к-сі 50, Панфилов к-сінің қ-сы, 100 кеңсе.

Қатысамын деп ниет танытқандар қысқаша түйіндеме мен уәж-хаттарын 12 желтоқсанға дейін aliziyadin@gmail.com, ziyadin@medianet.kz адрестеріне жіберулері қажет.

Уәж хат 300 сөзден аспайтын, еркін формада жазылған және келесі сұрақтарға жауап беретін болуы керек: Сіз бұл курсқа қандай мақсатпен келгелі отырсыз? Қандай бағыттағы білімді үйренгіңіз келеді? Барлық үміткерлер арасынан біз неге Сізді таңдап алуымыз керек?

Жоба «Клооп Медиа» ҚҚ (Қырғызстан), «ДАСТ БА ДАСТ» ҚБ (Тәжікстан), «Youth of Osh» ҚБ (Ош, Қырғызстан) ұйымдарымен серіктестікте, Орталық Азиядағы Еуразия Қоры және Еуразия Вашингтон Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Байланыс тұлғасы:
Дінмұхамед qisyq Зиядин, 2616669, 2721529, +7 702 490 17 67, ziyadin@medianet.kz
Бөлісу:

39 пікір

qisyq
Студенттер, оқушылар, қорықпаңыздар))) Курс тегін, интернет-журналистикаға қатысты біраз тәжірибе жинайсыздар деген ойдамын. Тек табандылық танытыңыздар.
balzaminka
дистанционно болмай ма?
qisyq
Жоқ, өкінішке орай. Тек Алматыда. Басқа жақта өткізуге — қол байлау.
balzaminka
Прагада дәл осы курсты өткізеді емес пе, дистанционно, ия?
qisyq
Батыста курс өткізу мәдениеті жақсы дамыған деп ойлаймын. Прагадағы жайлы естімеппін.
estetika91
Келуге мүмкіндіктеріңіз болса, курсқа міндетті түрде қатысыңыздар! Курс — өте пайдалы, көптеген дүниені үйретеді. мұны сол курсқа қатысқан тыңдаушы ретінде айтып тұрмын. Медианетке АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!
estetika91
ДИМАШ сізге ерекше рахметімді айтқым келеді
asaubota
2012 интернет журналистиканың (қазақ тілдегісін айтам) нағыз қызатын кезі деп есептеймін. биыл 2011 жылы қолданушы саны әжептәуір көбейді, сәйкесінше сайттар да көбеюде. нағыз бәсекелестік енді басталады. осындай кезде алдыңғы шепте болу үшін мұндай курстарды жібермеңдер.
patick
Сонда… сонда… семинарда тыңдаушылар интернет-мәтін жазуды, аудио және видеокасттар, слайд-шоу жасауды үйреніп, фото, видеотүсірілімдер жүргізудің қыр-сырын меңгереді ма?
asaubota
иә, менің ойымша да келушілер мұндай семинарда ньюсмейкерлікті, яғни жаңалық құрастыруды, эдиторлықты, яғни контент енгізу, түзетуді және SEO-шылықты, яғни интернетте жарнамалауды да үйреніп шығады ма деймін.
monti
патик оның несі күлкілі кен а? елдің бәрі оқып туған жоқ ғой, мен де осы курсты оқып біттім, көп нәрсе оқып/тоқыдық дегендей
көп рахмет Қисыққа
patick
сонда… сонда… елдің бәрі оқып туған жоқ екен ғой ә???
Janasil
Сонымен қатар суретті ұрлаудың әдістерін.
patick
Сонда… сонда… Уәж хат 300 сөзден аспайтын, еркін формада жазылған және келесі сұрақтарға жауап беретін болуы керек па?
patick
Сонда… сонда… жоба «Клооп Медиа» ҚҚ (Қырғызстан), «ДАСТ БА ДАСТ» ҚБ (Тәжікстан), «Youth of Osh» ҚБ (Ош, Қырғызстан) ұйымдарымен серіктестікте, Орталық Азиядағы Еуразия Қоры және Еуразия Вашингтон Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын болып тұр ғо ә ???
sammita
Тыңдаушылардың жасы неге 15-25 жас болуы керек, ә
qisyq
16-26 десек неге 16-26 деп сұрай ма дедік те, 15-25 жасадық
Негізі, сол жасты лайық көрдік
AKY
Астанада болса қатысар едім.
madlen
Уақыты қиын екен
qisyq
Оқушы я студент, журналистикаға қызығатын іні-қарындас-сіңлілерің болса, айта жүріңдер.
madlen
Қисық-мисық десе! И так то барайын деп жатқан жоқпын
qisyq
Жоқ, мен сенен барасың ба деп сұрамадым, айта жүрші дим.
Aikona
Че то, ана күнге обида бар ма деп қуып кетсең
qisyq
Ана күн үшін біз сендерге обида ұстау керекпіз)))
sammita
жасың келмейді сенің.
AKY
сенің жасың тошно келмейді, ляляля Маған болады әлі
sammita
жасым келсе де бармаймын, мынаның бәрін білем
meirzhan
Өте қызықты екен. Семинарда айтылатын дүниелер кітаптарда бар ма? жүктеп алатын
AKY
қуыыып кетесің, ә
meirzhan
сыриозно сұрағам негізі. қысқаша-қысқаша жазылған ба дегенім
Sabions
Атырауда болса қатысар едім… Жасым 17-ден 18ге жақындап қалды…
araika
Өкінішті, қайтейін, өкінішті...

Осындай курс Астанада жалғасын тапса екен...Әлде бар ма?
abzik
Ағайындар, неге Шымкентке осындай дүниелер келмейді екен?! Бізде, тіпті журналистика мамандығы да жоқ, курс түгілі. Ал, өмірде өз орнын журналистика саласынан іздейтіндер көп бізде…
Kasymolzhas
Курс уақытын бұдан кешірек қылып ауыстыруға болмай ма?
qisyq
Кешірек жасауға ыңғай болмай тұр, аудитория бос емес.
Aigolek
Откен жылы 25 ке келгенде барам
Zhanylai
охо, сәттілік тілеймін!!! Сабақтарды кім жүргізетін болады?
Zhanylai
Мына хабарландыруды шығарып алып, журфакқа жабыстырып шығамыз-ау
qisyq
Мен барам сендерге)))