Йолка!


Туған-туыстардың кішкентайлары әлден Жаңа жылға дайындала бастапты."- Спайдермен болам! Сен ше? — А мен Аватар болам!" — деп мәз. Бұрынғы қасқыр, қоян, кірпі дегендер сәннен қалыпты.Мушкетерлер де «не катит». Мен Қызыл Телпек болып киінгенім есімде. Сосын бір жылы әкем аллюминийден иіп жасап берген қанаттарға ақ матаны керіп тігіп, оған өлтіріп тұрып жылтырақтарды жапсырып, арқама тағып алып Көбелек болғанмын… Ал әкем өзінің шыршаға қалай киінгенін айтқанда, күлкіден ішегім түйілген. Ол туралы бір форумға жазған едім, осында копипастить ете салдым…
Шырша мейрамы деген нәрсе қазақтарға қашан келгенін білмеймін, әйтеуір кішкентай папамды «ёлкаға киіндіру керек» дегенде марқұм әжем мен атам қатты абдырапты. Ойланып-толғанып тапқандары — бір жапырақ ақ қағазды шошайтып конус қылып орап, жиегіне ою жапсырып, папамның басына кигізіпті де екі жақ шекесінің тұсынан әлгіні тесіп жіберіп, резеңке өткізіп иектің астына іліп қойыпты. Бір қолына көк кастрюляның қақпағын, екінші қолына таяқ ұстатыпты. Папам – батыр! Келесі жылы да дәл солай киіндірген екен. Бала ғой, көк қақпақ пен «найзадан» жалыққан әкем төртінші оқып жүрген жылында ғарышкердің «костюмін» өзі жасап алыпты. Бас сиятындай етіп қағаздан оралған цилиндр, төбесін жауып, бет тұсынан төртбұрышты тесік ойып, тесікке целлофан жапсырыпты. Онысы скафандр. Оны киген папам – космонавт. Болды, басқа ешнәрсе қажет емес.«Ол уақытта ғарышкер болуды армандамайтын бала жоқ тұғын. Мен де бір журналда бейнеленген басында дәу скафандры бар, ракетаның үстіне аяқтарын талтайта мініп алып, заулап бара жатқан ғарышкер баланың суретіне қарап талай қиялға шоматынмын. Әлгіндей скафандрды өзім жасап алғаныма қатты қуанған едім», — дейді. Сол кезден бастап шыршаға баратын киімдерін өзі тігіп алатын болған.

Отак от  Прынцэса болып киіну арман болып қалып қойды менде. Кейін қызыма арқылы өшімді алмасам сол арманнан !
Сіздер кім болып киіндіңіздер?
Бөлісу:

76 пікір

sammita
матрешка болған фотом бар, 3-4 жаста.
TERISKEY
@Gulzhanat — әкімшілік?
Кейін қызыма арқылы өшімді алмасам
Zhan
Мен 1 сыныпта өзбек қызы болғанмын. «Барыгәл» деген әнге кластасым Хасен екеуміз билегенбіз. Ол өзбекше шапан мен ала тақияны киіп шықты. Ал мен апам тігіп берген кішкентай ғана өзбекше көйлекті кидім. Әлі күнге дейін көз алдымда, есімнен кетпейді. Жаңа жылдан кейін тәттілер тарту етті. Одан кейінгілерінің бірі де есімде жоқ. 2, 3, 5 сынып дегендей.
Gulzhanat
Тәттіле-ер, мм!!! Советский «Слива» деген көк қағазға оралған кәмпит есімде әлі)
Qazaq-eli
Мен 1 сыныпта өзбек қызы болғанмын


*lol* *lol* *lol*
asaubota
бір рет клоун болып киінгенім есімде, басқасы есімде жоқ.
omarbirat
Картоннан жасалған шіләпі кигенмін. Бір-ақ рет онда да. Кейін шыршаға арналған костюм кимей, жай киіммен барып жүрдім. Йолкіге бармай қалған да кездерім болды.
Gulzhanat
Ол сонда қандай костюмнын акссесуары болды?
a63a1
Осынлай киінгенім есімде, бірақ погондарында өрілген жібек шашақтары болатын
a63a1
қолда қылыш аяқты, аяқта кирзовый етік (балаларға арналған) көзде типі мынандай маска
Gulzhanat
Йохоу! Мынандай костюм киген сізде арман болмапты ғой
a63a1
Білмим әйтеуір болды. Менің бір арманым ғана болды балалықта ол үйлену еді
Abilakim
Шынымды айтсам ешқандай киім кимеппін. үшінші класта кластас балаға қызыққаным есімде.Ол мушкетер болып киініп алыпты. Ал, былайынша көп балалы отбасыда тәрбиеленген соң ба, әр қайсымызға ондай мерекелік киім тігуге ешкімнің құлқы болмаған секілді.
Aldeken
Анам мектептің белді мұғалімі, әкем сол мектептің директоры болғасын жыл сайынғы йолкаға қатысу өз алдына оған міндетті түрде осындай кәстөмдер кию парыз болатын. Тәәк, сонымен бірінші класста мушкетер болдық, картоннан шляпа жасап, үйдегі бүкіл акварельдің қара түсті бояуларын құртып, шляпаны бояп бардық… екінші класста үйдегі апам не в тему пингвин боласың деді. Көндік… амал жоқ, қонышы ұзын носки кисең, «лібә, қыздардың гольфиін киіп алыпты, уақақақа» деп мазақтайтын кластастардың алдында апамның ақ капрон колготкиін киюге де көндік… Үшінші класста грузин болдық, белдігің әдемі болсын деп берген апамның модный белдігін балалармен алысып жүріп, үзіп алып, таяқ жегендіктен қазір грузиннің киімі тұрмақ, лезгинкасына да бейтарап болып кетіппін… Епті, ең жыным келетіні, мұғалімдер өмірі мені әкеме жағынғысы келетіндіктен бе, билеу, тақпақ айту, өлең айтуға мені шығара беретіні еді. Жоқ, тақпақ айту мен өлең айтудан қашқан жоқпыз-ау, билейтін болсаң қыздармен билететіні жаман еді. Онда да класста өзің бір ұнатып жүрген қызбен билетсе жақсы ғой, күнде төбелесетін парталасыңмен билетіп қояды, жүргенің сосын балалардың алдында мазаққа қалып…

Кейін қалаға көшіп келгенде жаңажылдық костюмнің нағыз консервативтігіне тап болғанмын. қыдар строго снежинка, балалар строго қоян болып киінеді екен… біз ғо, ауылда артымыз жыртылып жүргеніміз, біріміз клоун, екіншіміз робот, қыздар өзбек…
Abilakim
КЫВЫНЫшы болуыңа ұстаздарыңның қосқан үлестері аз емес болар негізі
Aldeken
«Ана деректірдің баласын шығарыңдар биге, алдыңғы планда тұратын болсын, деректірге көрінетіндей болсын» деп жаңа жылдық көркемөнерпаздар концертін жоспарлап жатқанда, «мына баладан болашақта жақсы КіВенШік шығады-ау» деп таманбаған болар, балақабілетіндамытуларынссс…
Aldeken
таманбаған
тамсанбаған дегенім ғо…
Zhan
екінші класста үйдегі апам не в тему пингвин боласың деді. Көндік…
Алдеке, пингвин болған қайта в тему сияқты.
Aldeken
ол кезде жаспыз ғой, мойындамайтын едік…
AKY
Снежинка, қоян, барыс, қырт-сырт есімде))
Aikona
Қоян, снегурочка болып киінетінмін
Gulistan
Мен бірінші сыныпта орыс қызы болып киіндім, апам (шешем) әдемі өрнектелген қызыл матадан ұзын көйлек тігіп берді, басымда кокошник. Бетте — қызыл далап. Сол кезде бірінші рет орысша айтқан өлеңім «Во полле беррррезза стояялла, Во полле берреза стояяла..» болды.
Ал балабақшада ақшақар болып киінетінмін. Бұл жолды да қолдан тігілген ақ көйлек. Апам бас қиімді бірінші картоннан шаблонын қиып алады да, желіммен мақта жапсырып, үстіне жылтырақтар себеді. Қысқасы, «парадный» болып баратынбыз.
balzaminka
менің арманым сондай көйлек кию еді, арман болып қалды ғо
balzaminka
Апамның сахналық қазақ көйлегіне ғашық болатынмын. Оған қол тигізуге де болмайтын. Соған үйдегі шырша кезінде жетіп, охххх, керемет бақытты болғаным есімде. Көйлек қайдан дұрыс болсын, оюланған қызыл етігінің өзі белден келетін, сол етік пен қамзолын сүйретіп кигеніме мәзбін ғо

Мектепке барғанда қойылымға байланысты киінетінбіз. Өз еркіммен соңғы кигенім шырша болды, бірінші курста. Әдддемі еді
Gulzhanat
Классно! Студент күнімде елкаға киінбеппін… Суреті бар ма?)
Aizhantabyn
мен сыған қызы боп киінгем. Сосын керемет бір көйлек болған жып жылтыр соны киіп хан қызы боп барғам. Қазір енді костюм жағын ойлап жүрмін, қазірше тек колобоктың костюмі келетін сияқты маған
Gulzhanat
Маскарадқа барасыз ба? Неге тек колобоктың костюмы?
Erkekyz
Баба Яганың костюмін кигем:
salta
2 сыныпта оқып жүргенде мамам тиіннің және әтештің киімін сатып әкелді. өте әдемі костюмдар болатын. әсіресе әтештің… қанаттары, тәжі, даже көздері де болатын. содан жаңа жыл кеші жақындағанда кластас баламның мамасы келіп ( әкемнің құрдастары еді), әлгі әтештің киімін сұрап алып кетті. мен қатты ашуландым, өйткені мен кигім келген. үлкен апама тиінді беремін деп Гитлер жоспарын құрып қойғанмын. мамам ол ұлдың киімі ғой деп жұбатты. содан «ең үздік костюм» номинациясы бойынша сыйлықты "әтеш" алды. мен мамамды ренжітпес үшін, тығылып жылап алдым, менің тиінім ұтпады деп. сол жаңа жылдық сурет әлі бар, топ болып түскен, әлі күнге дейін біртүрлі қызғанышпен қараймын. ұлдың киімі екендігі сонда мені мазаламаған, қазір қарап тұрсам не в тему болады екенмін әтеш болып киінсем
Altygradus
мәә, сен қайта, көңілге қарағыш болған екенсің ғой, мен болсам истерика жасар едім ондайда, қайтып әкеп берер еді ол әтешті
Abilakim
қатты өзгермеген секілдісіз негізі менің ойымша
madlen
Жаннаны жақсы білесіз ба? Не болды сонша
Abilakim
ойға шектеу жоқ қой. Кім кім жайлы не ойласада
madlen
Әрине, жеке басқа өтпесеңіз болды да. Адвокатпын.
Gulzhanat
әлі күнге дейін біртүрлі қызғанышпен қараймын
Бала кездегі эмоциялардың есейгенде де көңілде қалып қоятыны қызық. Мен, мысалы, шыршаны айналып жүргенде екінші кругта тұрған қылышы бар балаға әлі күнге ренжулімін — қылышымен қанаттарымның жылтырын қырып түсіріп тастағаны үшін
meirzhan
Бүр күліп алдым ЖЖ-да костюм кигендеріңді оқып
patick
Тышқан болғаным есімде
Altygradus
Мамам мектепте лаборант болды, сол үшін жылда не киетінім мамам үшін маңызды болатын)) тіпті мектепке бармай тұрып, қазақ киім киіп баратынмын жаңа жылға)))
сосын мектепке барғасын әйтеуір жылда жарыстырып киіндіретін мені Жылда 3 ма бірдеме орын алатынмын. Есімде әйтеуір қуыршақ арқалап қайтқан кезім.
Гүлді гүлды матадан, юбка тігіп, орамал орап, сыған қызы болғаным есімде. Қолыма карта ұстап алып, дайте я вам погадаю деп)))
Ал ең ең естен кетпес киінгенім, БИДАЙ болғанымқай класта болғаным да есте жоқ, өкінішке орай соның суреті де жоқ екен
Очым сары түсті бір кофтам болған, соны кидім, бұтыма сары матадан шалбар тікті ғой дим. Сосын мамам химия, биология кабинеттерінің лаборанты болғаны үшін, биология лаобраториясындағы бидай масақтарын алды да, менің кофтама тікті)) Ұзын-ұзын масақтарып алып басымдағы не нәрсе екені есімде жоқ соған қадап тікті. ОЧым бидай масақтары шошайып тұрды андағыдай фантазиядан кейін БІРІНШІ орын алғам)))
Aizhantabyn
сен де сыған болған екенсің ғой)))))))))))))))))))))
Gulzhanat
 Круто! ) Сол сияқты бірдемені менің де кигенім есіме түсті. Бірақ онда біз «Бидай мен қаңбақты» қойған едік бір жарыста.
sammita
күн мен түн деген костюмім болды, қап-қара матаға шәй фольгасынан жұлдыздар тігіп, басыма алтын ай қадағам.
Бір жылы ЖЖ не киетінім белгісіз болды, үйдегілер онда нағылмады ма общым. Папам айтқан сонда «оқушы бола сал деп
Zhan
Сөйлеп тұрған Нұрғиса: Сэмми — жақсы оқушы.
asaubota
жанр классикасы күн мен түн болып киіну

Папам айтқан сонда «оқушы бола сал деп

қазіргі папалар айта алмас еді деп ойлаймын олай
sammita
неге олай ойлайсың Дос?
asaubota
оқушы қыз формасы қазір басқа ассоциация беретінін осында бірнеше рет жазған сияқтымыз
ErNur
Ең оңай киім пираттыкы ғой, басыңа қалпақ, қара мата жамылып аласың, қолыңда ағаштан жасалған қылыш, мұртың жағылған күйе.
Gulzhanat
если под рукой нет других средств, ең оңайы — басыңа дәу пиманы киіп, түйе болу деп еді бір кісі...)
Altygradus
айтпақшы қазіргі ЖЖдың сюреттерін қарасам Нарутоның персонаждары көп екен, Акацукидің Дейдара, Тоби әсіресе))
Abilakim
заманына қарай адамы ғой
asaubota
Челавекпауктың да модасы өткені ме?
qisyq
Жыным жек көретін ед, кимейтінмін, елдің бәрі әлем-жәлем болып барғанда, сұр кардинал болып бәрін бағып жүретінмін.
sammita
иә, біздің мұғалімдер де сөйтетін)))
VKM
Мамам мені 6,7 сыныпқа дейін, кім боламын десем солай киіндірді. Көбіне прынцесса болатынмын. Бірде көбелек болғанмын.Қазақ қыз болғанмын. 6 сыныптан бастап, мейрам сайын билейтінмін, сондықтан балл көйлекпен жүріп, кейін джинсы кие салатынмын)))


Gulzhanat
Астыңғы суреттегі қуыршақтардың қайсысысыз?)
TERISKEY
астындағы суретте ақ тақиялы жігіттің қасындағы қызыл нымшалы сен бе?
TERISKEY
"Қазақ қыз болғанмын"
Сенің оқыған ортаңа қарасам, қазақ қызы бола салу, сонда жай бара салу ма?
VKM
мына суреттерді қойыппын ғой. 4 жыл бұрын)
MickThatsMyNick
Кішкентай кезде осы мейрамда пират, ковбой, шахмат болып киіндім. Негізінде өз басым мына мейрамды онша тойламауға тырысам, бірақ айналамдағы адамдардың, жақындарымның көбісі тойлаған соң амал жоқтан олармен бірге тойлайм.
З.Ы. Наурыз 4ever!!!
meirzhan
Қалайша шахмат боп киіндің? Король боп па?
MickThatsMyNick
Бір ала шуба болып ед менде шахмат сияқты соны кидім де басыма шахматтағы ат фигурасын кидім))
meirzhan
 Фантазия керемет.
qusbegi
Біздің жас кезімізде ауылда Микки Маустың маскасынан басқа ештеңе болған жоқ
sigma
Замандастардың жазбаларын оқып отырып балалық шағым есіме түсіп отыр.
Бірінші класта елка деген не мейрам екенін білгенім жоқ, детсат- шал-кемпір болғасын болар. Бірақ киініп бардым.
Түн болып. Шешем каракөк матадан шапан тігіп берді, үстіне күмістен (шайдың қағазы) жұлдыздар жапсырып, басыма картоннан ай жасап (әрине оны да шай қағазымен орадық) кидім.
Екіншіде де осы костюм (киімдерді на вырос деп алатын, сол әдетпен тіксе керек) тек жұлдыздарды алып тастап, аяғыма әжемнің қара мәсін, басыма көршінің бұйра паригі мен құбыжық маскасын киіп, Шайтан болып бардым.
Үшіншіде ол костюм сыймай қалды, сондықтан улитка болдым. Басыма улиткаға келтіріп телпек тігіп берген, үстіме қайдан тапқанымды білмеймін, жасыл көйлек (неге жасыл?), арқама інім жатқан бесік көрпеге сұр матадан тыс тіктіріп (шешеме әрине), орап асынып алдым. Болды.
Төртте аю болдым, киім дүкенский болд бұл жолы.
ары қарай қызық болмады. тек қатынастым.
Gulzhanat
Улитка қызықты екен! Рахмет, достар  Картон, шәйдің қағазы, апалардың фантазиясы аман болсын
sammita
күшті, детальдарына дейін есіңде. 90-жылдары қазақша көйлек киіп қазақ қызы болу мода болып еді.
Altygradus
хахаха Сигма суперржасыл улитка болған түрің елестеп)) Туу сол кезде суреттер көп түсірмейді ғой, әйтпесе қазір ілетін))
araika
Кейін қызым арқылы өшімді алмасам сол арманнан
 Осылай армандайтын болашақ ата-аналар да баршылық-ау
boztorgai
бастауыш класта матрос болғам
сосын бір рет түлкі маскасын кигенім есімде