Әшекей бұйым жасаушы шебер
Алдыңғы әшекейлер туралы постымызда біраз сұрақтар туындап еді. Сіздерді сол туындыларды жасаған автормен таныстырып, сіздер қойған біраз сұрақтарға берген жауабын ұсынып отырмыз.
Ертай Сарсенов 7.04.1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылында дүниеге келген.
2004- 2008 ж.ж Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Көркемсурет факультетінің түлегі. Қазір осы аталған ауылда мектеп мұғалімі. Жұмыстары облыстық көрмелерге қойылған.
Негізінен, барлық жұмыстарымда тарихқа көз жүгірте отырып жасағанды ұнатам. Сіздерге ұсынған өнімдердің ішіндегі "Өмір" мен «Садақшыны» эскизін ұстазым сызған, сол эскиз бойынша өзім ойланып отырып жасап шықтым. Әр туындыны әр адам әрқалай түсінеді. Мысалы мен үшін, "өмірде" өмірдің өзі шеңбер, бумеранг, өмірде не істесең де қайтып келеді, сол себепті де формасы домалақ қып алдым. Ал төрт қырлы ою- өмірдің жолы немесе 4 бағытты білдіреді. Ал енді «Садақшыға» келсем, ерте кезде тасқа бейнелегендерді өзімше жеткізу. Түп-тамырымыздың осал еместігін білдіру.
Әшекей бұйымдар жасаумен қатар басқада қызығушылықтарым бар. Соның бірі жауырыннан (төрт түліктің) сувенирлер жасау.
Мында, күн басты құдай бейнеленген, сақ тарихына байланыстырп алғам. Мүйізді қажеттілікке байланысты қойдым.
Тағы да, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз жасаумен машықтанам.
Төменде өзім жасаған бірнеше әшекей бұйымдар:
Мына төмендегі жұмыстың эскизі ұстазымдыкы, менен кейін жасаған бір шәкіртінікін JADO фирмасы сатып алды.
Әзірге осы, сұрақтарыңыз болса қоя отырыңыздар
P.S. әшекей бұйымдардың жасалуы кезіндегі процесс келесі постта беріледі.

Сұрақ көп:
Комплект жасауға қанша уақыт кетеді?
Қанша күміс кетеді?
Тамара Асардың сәукелесіндей сәукеле шамашмен қаншаға жасап бере аласыз? (бізде бір ағай 1 млн-нан и кете береді деді)
Күмісті қайдан аласыз? Жалпы материалдарды?
2. Бір комплектіге 75-80 грамдай күміс кетеді.
3. Дайын сәукеле болса, тек қаптап, сәндеп жасауға болады, бірақ мен жасап көрмедім, кеткен күмістің мөлшеріне қарай бағасын шығаруға болады, шамамен бір кг күміс кетуі мүмкін.
4.Күмісті алматыдан, алматылықтар Өскеменнен алады. Бағасы кг мына — 150 мен 180 арасында, мезгілге байланысты бағасы өзгеріп отырады.
Ұстахана ұстаудың қандай ауыртпалығы бар?
1. Қобыздан кейінгі суреттегі комплектке сұранып тұрмын Бағасы қанша?
2. Совет заманынан қалып, қоқысқа кеткен алюмин ыдыстарды жинап, «күміс» бұйым жасаумен әуестенесіз бе?
3. Қазіргі кезде күміс деп сатып жатқан бұйымдар неге қарақоқшыл тартып, тат басқандай болып тұрады. Таза күміс, аппақ болып, жалтырап жатпаушы ма еді?
2. Алюминимен айналыспаймын , күміс бұйым жасау жұмысым ғой.
3. 999 аппақ қардай болады, қазіргі кездегі күмістердің түсінің өзгеруі ауадағы қоспаларға байланысты, қышқылданып түсі өзгеріске ұшырайды. Эскизге байланысты болады көббіне.
Маған астынан санағанда 3-ші набор ұнады.Супееер!
Бұлардың бағалары қанша сонда?
Әшекей бұйымдардың өзі тұнған философия десеңші
мына мақал мағыналығымен ұнағанымен, көрнекі болмаған мүлдем.
не ғой мына бұйымдар сондай әдемі, бірақ дені дүрыс фотикпен түсіру керек екен. Алматыда болғанымда ғой NIkon D90мен өзім ақ түсіріп берер едім. Соған шамалас почти проф не проф фотигі бар біреуге айтып, бұйымдарды бір түсіретін екен. Мысалы бүкіл наборды бір, сосын сақинасын бөлек, сырғаларын бөлек қылып.Бұйымның өзін әдемі ғып,өте жақынннан алып, ішіндегі оюларын көрсетіп, сосын фонды бұлыңғыр жасап, сондай эффектпен түсірсе одан сайын көз тартымды болады ғой. Да и сайттарыңа іліп қойсаңдар, суретіне қарап ақ онлайн алушылар болады. Мыс өз басым инеттегі суретіне қарап ақ талай сырға, сақина алдым ғой, сондай тартымды ғып неге жасамасқа???