Блогқұрылтай: Менің де айтарым бар...ұнағандар жайлы

Әне-міне дегенше, блогқұрылтай да өз мәресіне жетті. Алғаш рет қатысқандықтан, оған қоса Астанада Назарбаев университетінде өткендіктен әсері көп болды. Тағы Наурыз мейрамы қарсаңында! Көбінесе, виртуалды кеңістікте пікір алмасатын, сөйлесетін блогшы достармен осында келіп, танысудың әсері де бөлекше екен. Керекинфода рейтингісі жоғары, танымал, «жұлдызша» блогшылар «сатыбалды, марго, алдекен, мадлен, айкона, айжантабын, эстетика91, АКА, Теріскей» тағы басқаларын, «тірідей» көріп, "әәә осы екен ғой" деп, тесіле қараған сәтімізді ұмытпаймыз. Қыз екен деп жүрген «марго» Маралтай деген сары жігіт болып шыққанын білдім. Бір білмегенім, керекинфода отырып, жұртты «жылатып, құлататын» сатыбалды сол кезде қайда жүрді? Иә, әрбір сұраққа «бетің бар, жүзің бар» демейтін бетпақ жауап, әр жауапқа қитұрқы, қисық, қыңыр, қызық коммент жазатын сатыбалды құрылтай бойы төбесін көрсетпеді. Ол бір жұмбақ блогшы болды менің білуімше. Бір білсе біреулер білер… Не десек те, құрылтайдан көп жаңалық әкелдік, пайдалы ақпараттар алдық. Белсенділікті, қызығушылықты, ұйымдастырушылықты байқадық. Талғат ағай деп жүргеніміз, жап-жас жігіт болып шықты. Мәселен, күнде сөйлесетін Тотының өмірде қандай екенін Семейге барып білуге мүмкіндік жоқ, оған да құрылтайда мүмкіндік туды. Ашық жарқын, аузын ашса, жүрегі көрінетін Тотының тайм-кипер болып бүкіл дәрісхананы үйіріп отырғаны ұнады. Ал, мектеп оқушысы Мөлдір деген қыздың да ынтасы зор екен. Ол да ұнап қалды. Презентациялар көп болды. Тәжірибе алмасу, пікір алысу, ой бөлісу алаңында әркім өз білгенін ортаға салды. Қуаныш деген блогшының жұмысы ұнады. Қысқа, әрі нақты. Идеядан — бизнеске! Ал, Тимур деген баланың интернет журналы ұнады. "ІТ тірлік" — атын ұтымды ұйымдастырыпты. Болашағы бар! Ал, енді қараңыз, бір Шымкентте жүріп, білмейтін, танымайтын Ербол Серікбайды осында келіп таныдық. Ерекше ойы, қабілеті-қарымы, талпынысы ұнады. Шымкентте дәмін татып үлгермеген наурыз көжені Астанада «сіміріп ішу» бұйырыпты. Кейіннен білдік, наурыз көжені «дайындаған» Алдекен екенін. Ұнады. Бөлекше екен. Дәмі тіл үйіреді. Құрылтайда ең бір пікірсайысқа түскен тақырып — келесі құрылтай қайда өтеді? Әркімнің өз ұсынысы, пікірі болды. Қауымдастық құру өз алдына бір әңгіме. Бұл мәселе әлі де талқылауды қажет етеді.Өйткені, құрылтай өткізетін аймақтың барлық жағынан мүмкіндіктерін ескерген жөн. Алматы ма, Шымкент пе, Семей ме, Атырау ма? Оны да уақыт көрсете жатар. Бастысы — ұйымдастырушылықты күшейте түсу.
Әрі қарай

"Дала сазы"- ол не?


Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар .
Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп .
Көрме туралы қысқаша:
Әрі қарай

БІР УЫС ТОПЫРАҚҚА АЙНАЛЫП...



Ақылынан адасқан ба демегін,
«Кешір» деген сөзге айналғым келеді.
Жиі – жиі айтылғанда жаралы,
Жанның дағы табылар ед(і) тез емі.

Оңашада көңіліңді тербейтін,
Үніменен жан дүниеңді емдейтін,
Әуен болсам әдемі, арман бар ма,
Жүректерде өмір сүрер, өлмейтін.

Әрі қарай

Көзбен көрген Blogcamp

Сонымен, бұл да өтті...

Жаңа жылдан кейінгі алғашқы басқосулардағы күпінген максимализм (Бурабайға бару жоспарын айтам), демеушінің жоқтығынан сағымыз сынғандағы сары уайым (Талғаттың табандылығына рыспектен басқа айтарым жоқ), құрылтайдың күні жақындаған кезде жұмыстың қарбаласы артып кеткендегі жанталас, Препатиге әуелі адам жинай алмай, сосын адам сыйғыза алмай қалғандағы сасқанымыз, виртуалда көргендерді реалда көргендегі ерекше сезімдер, Кофе-брейктің асай-мүсейлерін алып келе жатқанда Астананың жол полиция қызметкерлерінің туған күніме жасаған «сыйлығы» (Нұрғиса, енді сенің үйіңнің қасымен жүрмеймін), өзімнің туған күнімде отырып, көңілім афтепатиде болғаны, бәрі де өтті…
Кешеден бері барлығыңның жазбаларға қарап түйгенім, блогкемп бәрінің дерлік көңілінен шығарлықтай өтіпті. Дегенмен, көңілдегі түйткілдер де жоқ емес екен. Ол да болса, өскелеңдігіміздің, енжар еместігіміздің белгісі болар.
Бәрін айт та, бірін айт, Блогкемпте өзім көрген жайларды жазайын. Не ғо, менің жазбамнан Қазнеттің дамуына сүбелі үлес қосар ұсыныс, блогкемптің декларациясына жарайтындай қарар іздемеңдер, жай ғана прикол ғо.
Сонымен...
Әрі қарай

Түркістанда 400 теңгелік 3D кинозал бар екен...

Екі бұрын Түркістанға барудың сәті түсті. Туысым кинотеатр ашылғанын, анау мынау емес 3D екенін айтып мақтанды. Бардық, бір билеттің бағасы 400 теңге. Алматылық маған, бұл баға тиындай көрінді.
Кинозал орналасқан ғимарат осы,
Әрі қарай

Журналистика - ең қауіпті мамандық)))

"Қазіргі кезде Журналистика әлемдегі ең қауіпті мамандыққа айналды", — деп мәлімдеді 22-23 наурызда Парижда өткен ЮНЕСКО-ның Коммуникацияны дамытудың Халықаралық бағдарламасының(КДХБ) Үкіметаралық кеңесінің 28-ші сесиясында ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова.

Әрі қарай

Тренинг өткізу үшін ақыл беріңдер

Құрметті блогшылар, сіздерден үлкен көмек керек. Тренинг ұйымдастыру үшін нендей іс шаралар жасалуы керек? Мен Астанадан келе академиямның директорымен жолыққам. Сосын Тимушамен келіскенімізді сөз етіп, тренинг өткізгім келетінін айттым. Ол кісі академияның 210 орындық амфитеатрын беретінін, тағы басқа нәрселерді қарастыратынын, бірақ ақша жағын бөле алмайтынын ескертті. Себебі, жарысқа кеткен көптеген оқушыларған жаратылған екен. Енді Атыраудағы блогшыларды, интернет саласындағы адамдарды жинап, тренинг, болмаса миниқұрылтай өткізсем деймін. Соған өз ескертпелеріңді, ақылдарыңды ортаға салыңдар. Мүмкін біздің академияда өткесін, оның тұрақты демеушілері Аджип, Айрекс, Эхсонмобиль секілді компаниялар назар аударып қалар
Әрі қарай

Аспаны қабақ ашпаған Астана және "Құрылтай-2012"

Иә, дәл былтырғыдай блогшылар жарыса талай-талай жазбаларды жазып-ақ жатыр. «Тойдын болғанынан боладысы..» демекші, бір күнгідей болмай, зу етіп өте шықты. Астанада өткен құрылтайдың да блогшылар үшін орны бөлек болатыны даусыз. Препати, сәулетті университет, жинақы пәтерлеріміз, баяндамалар, шулап-шұрқыраған блогшылар, танысулар… тағысын тағы… оның бәрі көз алдымызда, қайталап жазудың қажеті жоқ шығар. Ең бастысы, Астаналық блогшылардың қолдарынан келгенше атқарған еңбегі еш кетпеді. Не керек, Талғат ескерткен соң, универ ішіндегі бассейнге түспей, абырой болғанда ешкім балконнан құламай, құрылтайды аман-есен өткердік!
Әрі қарай

Блогкемп па, құрылтай ма?

Кіріспе дегенге кіріспей жүрмеңдер
Блогкемп өтті. КЕРЕМЕТ!!! Басқалай айтуға құқым да, құлқым да жоқ. Біріншісін көрмегесін, осынау жиынның менің көңілімнен шыққаны рас. Тәтті дәмнен ауыз тигендей, таңдайдан кетер емес деп тамсанып қояйын. Хош, сонымен не керек, ойдағы жайттарға келейік. Жалпы, осы құрылтай бізге не берді? Нендей артықшылықтар жасадық? Қателігіміз қай жерде? Міне, осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісе отырайық. Өйткені блогкемп болған сәт тарихтың қойнауына қарай алыстаған сайын, салқынқандылықпен таразылаған жөн болар.
Әрі қарай

Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...



Бірден айтайын суреттеріммен бөлісе алмаймын. Қуана-қуана бөлісер едім, бірқатар адам «планшетің жаман түсіреді» деп ерін шығарды, оның үстіне біраз суретті менің туиттерімнен көре аласыз. Сондықтан, бұл жолы мылжың жазбамен бер жақтан қайтпақпын.
Әрі қарай