Позитив/негатив. Құрылтай. Астана.

Жақсы жақтары:
— Аңсаған, асыға күткен адамдарды көру
— Көп жылдар бойы онлайн таныс, достығымыз жарасқан блоггерлермен оффлайн қауышып, тілдесу.
— Үлкен, маңызды, ерекше бір механизмның бір бөлшегі ретінде сезіну.
— Көп блоггердің таза көңілі
— Маааааааааафия)))

Минустар:
— Презентациялардың бәрін көре алмадым, сол себеп өзіме жаңа ешнәрсе ашпадым.
— Препатидегі «неорганизованность» жаныма қатты батты.
— НУдың алыс болғаны (хотя көлікпен келіп, көлікпен кетсем де, тым алыс екен)
— Ондағы аудиторияға таза ауа бармайтыны.
— Видеоға жазылмағаны
— Таймкипердің болмағаны
— Өзімнің өлімтік боп жүргенім.

З.Ы. Алайда, Талғатқа, Сәлімгерей ағайға, Викуське, Алмагүлге алғыс шексіз. Красапчегисіңдер)))))
Бөлісу:

11 пікір

kokbori
Препатидегі «неорганизованность» жаныма қатты батты.
Бұл өзіңізге жай ғана көңіл толмаушылық. Әйтпесе жақсы өтті. Мүмкін бұнымыз да жақсы шығар. келесіде ескереміз
asaubota
техникалық моменттер тек біздерге ғана байқалады. былай көпшілік пікірі жақсы өтті дейді.
Gastarbaiter
Тірлік бар жерде ғана проблема болады.
Қозғалыс жоқ жерде ештеңе болмайды. Тәубе деңдер. Келесіде, препатиге вечеринкалық ойындар, фокустар, караокемен ән айту т.б қызықтарды қосайық. Ең бастысы қызық болса, адамның бар ойы сонда болып, перде-ыдыстарды сынауға уақыты да жетпейді.
Gulistan
150 адаммен караоке айтуды елестете алмай отырғаным, бірақ идея жақсы. Келесі жылы бір стол басына жинағаннан гөрі, шведский стол жасап, емін-еркін жүріп-тұруға мүмкіндік жасалатын болар деп отырмыз…
kokbori
Ең бастысы қызық болса, адамның бар ойы сонда болып, перде-ыдыстарды сынауға уақыты да жетпейді.
Адамдарға поп корн беріп, кинотеатрдан шығарма, сонда ел билеу де оңай болады@
TOTY
Таймкипердің болмағаны...

Бұл сөзді Айкона да айтты. Препатиде Алдан «Таймкипер» болатын адам керек" дегенде, Патиктің маңындағы дастарханда қаншама жастар отырып, қол көтермегеніне таң қалдым. Былтыр құрылтай ұйымдастырған кезде Асхаттың «ешкім қонақ болып келмейді» деген сөзі әлі есімде. Құптарлық. Өйткені, бәрін сол қаладағы ұйымдастырушыларға артып қоюға болмайды. Көпшілік жүргеннен кейін,қайткен күнде бір шеті сөгіліп қалатын жайт болады арасында. Жалпы, болашақта жастардың санасына біркісідей жұмыла атсалысу, жанашырлық таныту т.б. сезімдерді қайткен күнде сіңіре білу керекпіз. Өйткені, «ВLOGCAMP» — қатысушылардың өздері ұйымдастырушы болып табылатын жиынның жаңа форматы.
Gulistan
Таймкипер демекші, түске дейін 210 аудиторияда Жанна алтыградус таймкипер болды, түсқайта болатын презентацияларға мен ауыстым. Бірақ тіркелген екі презентацияның біреуі (Назгүл Қожабекова) басқа аудиторияға ауысып кетті. Ал екіншісі қарағандылық Диана замандасымыз келгенде құрылғы жасамай қалып, басқа аудиторияға ауыстық та, онда менің орнымды Патиктің өзі басты.
Осындай жағдай орын алғаны кішкене әуре-сарсаңға салып қойды ғой.
kokbori
Патиктің маңындағы дастарханда қаншама жастар отырып, қол көтермегеніне таң қалдым.
Ең бірінші болып қол көтергенімді ескертіп қояйын. Оның үстіне Талғатқа да, Патикке де, басқаларға да барып, «менен не керек» дегенмін, ешкім ойбай кел демегесін, "қой, үлкен басыммен шапқылап жүргенім ұят болар" деп отыра қалдым
satibaldi
Көрдің бе, сенен даже ештеңе керек емес.