Журналистика - ең қауіпті мамандық)))

"Қазіргі кезде Журналистика әлемдегі ең қауіпті мамандыққа айналды", — деп мәлімдеді 22-23 наурызда Парижда өткен ЮНЕСКО-ның Коммуникацияны дамытудың Халықаралық бағдарламасының(КДХБ) Үкіметаралық кеңесінің 28-ші сесиясында ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова.


сурет

"Өздерінің міндеттерін атқару кезінде мерт болған журналисттер мен БАҚ өкілдерінің саны таңқаларлық", — деп айшықтайды ЮНЕСКО. КДХБ баяндамасында соңғы 5 жылда 372 БАҚ қызметкері өлтірілгені туралы айтылады.


сурет

Көбіне журналисттер жергілікті қақтығыстар, жемқорлық пен заңсыз әрекеттерді әшкерелеу кезінде өлітіріледі екен. Ал тілшілердің өміріне қастандық жасайтындардың көбі полиция және қауіпсіздік қызметкерлері, сонымен қатар үкіметтік емес құрылымдар(ұйымдасқан қылмыстық топтар).

Журналисттерді өлтіру көрсеткіші бойынша Ирак көш бастап тұр. Онда 2006-2011 жылға дейінгі аралықта 88 журналист өлтірілген. Екінші орында — Филиппин(50), үшінші орында — Мексика(33) тұр.

Бір өкініштісі қылмыскерлердің санаулысына ғана сот үкімі шығарылып, қалғандары жазадан құтылып кетеді екен.

дерек көз



сурет
Бөлісу:

26 пікір

kokbori
Перғауын, сіздің осындай керек тақырыптарды қозғай алатындығыңызды құрметтесем дағы, cut қоймағаныңызды кешіре алмайды екем
FaraOn1
кечроң  айыптымын бір пивомен жуып-шайып тастайық
kokbori
оқасы жоқ, ұртап жіберейін, қойып жүр едім
meirzhan
Ақпараттық соғыста өз жағын қамтамасыз ету үшін басын қауіпке тіккендер бар
asaubota
бірақ бұл журналистика туралы ғой, оның Қазақстанға қандай қатысы бар?
kokbori
Міне қызық, қазақстан осының бел ортасында ғой
asaubota
бізде жұмыс жетіге дейін ғой. редактор не айтады соны істейді ғой. журналиспіз деп жүргендердің көбі негізі қазақ тілін жақсы білетін, сөйлемдерді әдемілеп және дұрыс құра алатын адамдар. басқа ешқандай функциялары жоқ. ал, әлемдегі журналистика деген ол мүлдем басқа нәрсе. біздегімен салыстыруға келмейді. тіпті соны әңгіме қылудың өзі ұят. ертеңге дейін ешкім көрмей тұрғанда құрт мынаны. Сатыбалды көрсе тіпті ұят болады.
kokbori
Адамды ұялттың ғой, өзімізше оқытып жатырмыз деп көпініп жүрсек
asaubota
оқытсаңдар болашақ журналистерге ағылшынша үйретіңдер, компьютер, интернет үйретіңдер. және ең алдымен логика үйреткендерің дұрыс болатын сияқты. бұрынғы олдскул мүлдем құрымай қазақ журналистикасы еш дамымайды.
kokbori
Сосын ғой, сендердің соңдарыңнан қалмай, етектеріңе жармасып жүргенім, әйтпесе журфактың киізкітабын қолдарына ұстатып қойып, «білгендерің білмегендеріңе үйретіңдер» деп шалжиып отыра бермеймін бе?
FaraOn1
рас бекер жазған екем, бұны оқып ап ваше кабинетінен шықпай қоятын шығар))) алатынын тедефонмен ғана алып
punk
жазғаныңыз дұрыс болған, оқып отырып, «Онгбак»(нақ осы фильм бе еді,) фильмндегі үстел астына отырып алып репортаж жүргізіп, оқ тисе де тоқтамай сөйлеп, жағдайды баян етіп отырған репортер есіме түсіп кетті.
Aya
ешкім көрмей тұрғанда құрт мынаны. Сатыбалды көрсе тіпті ұят болады.
kozildirik

Дәл өзі. Адами немесе мамандық ой пікірін жауып тастап, көзді жұмып мақтай беретін саладан кетіп қалғаныма әлі күнге дейін қуанамын…
айтпақш «Хабарда» жаңалық шығаратын бір жігіт «Біз тек шындықты айтамыз» дегенін естіп жарылып күлгем)))) Олар көп жасайтын шығар, кім қастандық жасайды дейсің))))
kokbori
«Хабарда» жаңалық шығаратын бір жігіт «Біз тек шындықты айтамыз» дегенін естіп жарылып күлгем
 Мынау Рафаелоның сөзі ғой
FaraOn1
тастап кету оңай ғой, қазір любой мектепке барып мұғалім бола сала алам))(
meirzhan
Мен журналитистика туралы деп ойласам  Автор, тақырыпты түзеп қойсаң.
punk
Журналитистика — ең қауіпті мамандық)))
деген тақырып атауына қатысты айтып тұрсың ба?
онда, бұл жерде журналистика деп қолданылады, оған себеп, сөз «мамандықтар тізбесі», «мамандықтар атауы» деген ұғымда пайдаланылған. журналист- бұл жерде біліктілік(квалификация) ретінде мағына беріп тұр
FaraOn1
Журнаисттерді де сөге беруге болмайды. Менің ойымша АйТи жағынан да қазақстан әлде қайда артта қалып келеді. Қане не жасадыңдар, қайда десе ответ табыла ма? Қай саланы алмасақ та ұятты тұстары табылады.
kokbori
Брежнев:
— Америкадан алға озу керек, алға, алға!!!
Жиырма жылдан кейін Хрущев:
— Хорошо что, Америкадан оза алмағанымыз. Әйтпесе артымыздағы жыртық тесігімізді көріп қояр еді
FaraOn1
Реседе де журналисттерін ббілімсіз ақымақтар деп кінәлайды
punk
оларда көп ретте БАҚ басшылары кеңінен тыныстауға мүмкіндік бермейді
Gastarbaiter
Нашар журье сарайақындықты да қатыра алмайды, шоу интертейнмент те бере алмайды.
Деңгейі көбіне тек ауылдық шал кемпірлер мен қараңғы жастарды сауықтыруға жарайды.
Және несін айтайық, журье-журьем, біздің блогерлер де шетел блогерлеріне жетпейді, тіпті салыстырудың өзі ұят.
Жалпы нәтижесіз, лузерлік әңгіме ғой, ешқандай үлес қоспай, біреуді кінәлай берген. Бұрын қызық еді. Ал қазір блогосфера шаршаған сияқты осындай әңгімеден.
Одан да видеоблогингті дамыту керек.
Botik11
Бейбіт Қорғанға қатысты нәрсеге өзімнің пікірімді осы жерде айтсам деп едім: «Мен де журналистпін. Мен де бір әншіден сұхбат алғым келді. Концерт болатын кезде оның гримерныйына келдім. Әнші де — адам. Оның сұхбатын берсе, жазамын, бермесе, кетемін. Тықақтап, мазасын алу — дұрыс емес. „Мына жерді жазбашы“ десе немесе „мына сөзім эфир үшін емес“ десе, көніп, (жеңіл сенсацияға құмартпай) онымен келісуім керек. Таза алынған сұхбат он есе артық. Ал сұхбат берушімен ерегісіп, оның „бір қырларын“ көрсеткім келіп, сол үшін таяқ жесем — обалым өзімде».