Көзбен көрген Blogcamp

Сонымен, бұл да өтті...

Жаңа жылдан кейінгі алғашқы басқосулардағы күпінген максимализм (Бурабайға бару жоспарын айтам), демеушінің жоқтығынан сағымыз сынғандағы сары уайым (Талғаттың табандылығына рыспектен басқа айтарым жоқ), құрылтайдың күні жақындаған кезде жұмыстың қарбаласы артып кеткендегі жанталас, Препатиге әуелі адам жинай алмай, сосын адам сыйғыза алмай қалғандағы сасқанымыз, виртуалда көргендерді реалда көргендегі ерекше сезімдер, Кофе-брейктің асай-мүсейлерін алып келе жатқанда Астананың жол полиция қызметкерлерінің туған күніме жасаған «сыйлығы» (Нұрғиса, енді сенің үйіңнің қасымен жүрмеймін), өзімнің туған күнімде отырып, көңілім афтепатиде болғаны, бәрі де өтті…
Кешеден бері барлығыңның жазбаларға қарап түйгенім, блогкемп бәрінің дерлік көңілінен шығарлықтай өтіпті. Дегенмен, көңілдегі түйткілдер де жоқ емес екен. Ол да болса, өскелеңдігіміздің, енжар еместігіміздің белгісі болар.
Бәрін айт та, бірін айт, Блогкемпте өзім көрген жайларды жазайын. Не ғо, менің жазбамнан Қазнеттің дамуына сүбелі үлес қосар ұсыныс, блогкемптің декларациясына жарайтындай қарар іздемеңдер, жай ғана прикол ғо.
Сонымен...

22 наурыз, күндіз

Асланды күтіп алуға барғанда вокзалдағы иін тірескен халықты көріп, Астананың мейрам күндері транзиттік қала статусына ие болатынына тағы да көз жеткіздім.
Асланды оның алдында Алматыдан келген жігіттер орналасқан пәтерге алып келгенде логистикадан кеткен бір қатеміз байқалды. Жалға алынған пәтердің айналасында азық-түлік дүкені жоқ екен. Сонымен, Аршат екеуміз, машинаға отырып, жігіттердің қарнымыз ашты деген тілектерін есепке алып, дүкен іздеп барып, 0,5 келі пряник, 3 литр сыра, 2 литр кола, 2 фисташки, бір пачка бауырсақ әкеліп, жігіттермен препатидің препатиін бастап бердік.
22 наурыз, кеш

Сатыбалдының дүниетанымына қайшы келетіндігімен ерекшеленген «Кәусар» кешеніндегі өтетін препатиге де келіп жеттік.
Алдында, препатиге 80 адамға тапсырыс беріп, оған бар болғаны 45 адам тіркеліп, адам толтыра алмаймыз деп сасқанымыз, препати болатын күні адам сыйғыза алмай қалғанда, тіптен бас айналып кетті. Сол күннің приколы, «Кәусардың» екінші қабатына көтерілетін баспалдақтан адам басы көрінсе, жүрегіміз тоқтап қала жаздағаны болды-ау дим, ия Айжантабын?
Айтпақшы, келесі блогкемптің препатиін «шведский үстел» (тұрып жүріп тамақ ішудің Олафсондар отбасының ұлтына қандай қатысы барын түсіне алмай-ақ қойдым) форматында өткізу керек секілді.
Препатидің аяқ жағына қарай, Аршат, Патик, Аслан үшеуі жігіттер салиқасыз әңгіме айтатын жер іздеп кеткенде, Марко екеуміздің аяқ асты импровизациямыздың арқасында қыз-жігіттердің қатысуымен керемет препатидің афтепатиіне ұласты. Осы афтепатиде Асланның бастамасымен менің отыз бірінші туған күнімнің бастамасы жасалды (давай, е). Тағы бір қызық дүние, сол кештегі таныстыруда Марконың жампозы Самалдың ұстанымы таң қалдырды. («мен үшін қызық емес, бірақ, Маралбектің қызығушылығын тудырған дүниені мен білуім керек, сол себептен бәріңді танимын»). Керемет, опшым!
23 наурыз, күндіз

Менің ресми туған күнім, Блогкемптің ресми бөлігі. Баспасөз конференциясынан кейін презентацияларға кірерде аяқ астынан қалаға сапар шегуім, 3 сағат бойы қаланы аралап, кофе-брейктің заттарын тиеп келе жатқанда досымның телефонмен құттықтауына жауап бергенім үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуыммен, Жанның саясынан «Сіз тошно Сатыбалдысыз» деген комплимент алуыммен, ең негізгісі афтепатиге бара алмауыммен есте қалды.
24 наурыздан бүгінге дейін

Өтіп кетті блогкемп, көрген түстей лезде…
Бірақ, тәтті түстен кейінгі тамсану секілді, бір түсті қайталап көргің келетіні секілді бір сезім бар…

Пы.сы. Фото жоқ… менің фотоларым болса жіберіңдер aldeken@gmail.com
Бөлісу:

66 пікір

kokbori
Тағы бір қызық дүние, сол кештегі таныстыруда Марконың жампозы Самалдың ұстанымы таң қалдырды.
Бәрімізді де қайран қалдырғаны осы болды. Бірақ осы жерде Марконың «Ой, мынау кімнің әйелі, осыған үйлену керек екен ау» деп іштей күрсініп отырмағанына күмәнмен қарап кете бардым емес пе?
Marco
Жампоз деп тегіннен-тегін айтады дейсің бе??? )))

Пы.сы. Отчет жазбаған мен ғана қалдым-ау деймін осы))) оригинал болып жазбаймын онда)))
Aikona
Сіздің күлкіңіз ұнады бәрінен де
patick
Алдекең жыртты ғо, әнәс бәрін
TOTY
Өз басым Алдекеңді бірінші рет көрдім
rauka
Мен де, сондай «дәу» жігіт деп ойламаппын
AKY
Блогкемп күні туралы аз-ақ жазыпсың, штраф алдым де)) тошны көзбен көрген блогкемп пе өзі?
aikarakoz
Алдеке қуанышқаныма танысты болып қайттым ғой  Жүрісіңіз күЧт
Aldeken
Жүрісіңіз

Не ғо, күмілжітті шынымен…
жүріс-походка
жүріс жүру-измена, прелюбодеяние
жүріс-ход в игре
қайсысы?
aikarakoz

соны көпшілікке жария етудің қажеті шамалы ғой
Aldeken
құрысееееен, Салта көріп қоймасын, ойбай… s
aikarakoz
Салта мені онсыз да ұстай алмай жүр
salta
тіліңді шығарып, прикол ұстағаныңа қарағанда Алдекеңмен екеуің біраз жүрісті талдаған сияқтысың ғой)))) байқа, Алдекең ел билей, сөз сөйлейд, Алдекеңді менің б… билейд, тексті мен жазам…  бірақ, ұстап алсам, ана тана көзіңді бұқа көрсе сүзбейтіндей ететініме гарантия берем ))))
salta
мляяяяя, әзілді түсінбейтін қайсысың а?
aikarakoz
Немне-немне?  
ёёёёёёёёё Сіз менің Шымкенттен екенімді, толпа жинап келіп, таптап кететінімді білмейсіз деп ойламаймын! Сондықтан, экранның ар жағынан менің бейнеме қарап пышақты олай-бұлай сермеудің қажеті шамалы… Тана көзімді препатиде істеп кету керек еді. Сіз де Nik_jan-ның ар жақ, бер жағы екенсіз ғо
salta
байқаймын, көзбен сындырып, тілмен қадайтындардың бірісің... ежиктердің толпа болып төбелескенін көрмеппін… олар жекелей батыр ғой.  істеп кеткісі келетіндер қатарына қосылмай-ақ қояйын, бір ішегім артық болғанда менде көптің біріне қосылар едім… қайтесің олардың санын көбейтіп?
aikarakoz
Сіздің мына күлкіңіз жындану синдромына келетін сияқты ма  Бір стақан суық су ішіп алуға кеңес берем
salta
ондай кеңесің емес, көтенді қалай әдемі қылуға болады деген сияқты интимный кеңестеріңіз ұнайды. сондайларды көбейтсеңіз педружкаңыз болар едім…
aikarakoz
не ғой, сағыз шайнайсыз ба?
salta
оны қатты шайнап тастағанбыз, іріп кетті, болмаса біреулердің жұмсақ жеріне жабысып кетті  кім-кім сіз соны тырнап алып, қайтадан жарамды қылуға тырыспай-ақ қойсаңыз болады. а то сағыз шашыңызға жабысса, тек қайшымен қиюға тура келетінін білесіз. а так шашты мен жақсы көретінімнен хабардарсыз ғой...
aikarakoz
не ма? не емес па?
satibaldi
Күндестердің келесі тобы анықталды. Сонымен, бүгінге күндестер:
1. Aya vs Гүлфайрыс;
2. Айқарагөз вээс Салты.
salta
 а, Алдекеңді өліспей беріспеймін ғой, жаным-аааау…
salta
ер мінезділігімді емес, қатындығымды ғана оятқаныңызға рахмет… шабысыңыз керемет екен  удачи!
aikarakoz
сіз әлі тоқтамағансыз ба?  өз-өзіңізді басыңыз енді
salta
басқа жерге барып, Абзал мен Әдемі әлемнің айтысын көріп келдім… кешіріңіз, кеш жауап беріп қалсам. басқа да қызықтар бар ғой керекте
aikarakoz
Айналайын-ау, мені шынымен жау санап отыр ғой Салта әпкем. Қайтейін-қайтейін?!
salta
айтпа, әпкеңде де ПМС болады ғой
Gastarbaiter

өтірік болса да сызылып қойыңдарЧ
AKY
былай енді… жақсы жүріп қояды екенсіз дей салсай
Zhan
қуанышқаныма танысты болып қайттым ғой
Жерлес-ау, қуанғаның соншалық, шынымен сөздерің ауысып кетіпті. Менің бір құрбымның досы ішіп алып, өшіп қалған кезде: «Денсаулығың ашық, аспаның мықты» болсын депті. Сол сияқты екен мынау, көзім шалып қалды.  
Erkekyz
Өткен туылған күніңізбен!
a63a1
Үлкендер әңгімесі??? пікір жазайын деп отырып көрініп қалды
e_zhalgas
блогкемп деп жүріп, Алданды туған күнімен құттықтап үлгермеппін, ойлап қарасам… ал, құтты болсын жаңа белес.
konvict
Мәәә, мен де құттықтамаппын. Құтты болсын өтіп кеткен туған күн Алдан быратан! Препатиде КВН-шіктерден көрі сіздің әзіліңіз өтімді болған секілді маған.
Aldeken
Рахмет, Абай бауырым!
alashaman
Оу Алдеке, туған күінң екендігін білмеппін. Құтты болсын. Ештен кеш жақсы. Препатиде сыртта тұрып айта бастаған, бірақ аяқталмай қалған анекдоттар да жақсы еді…
Aldeken
Рахмет, Әбеке, әлі жалғастырармыз!
Aizhantabyn
Алдан аға деген супердің супері ғой)))) Құдай берем десе береді дегендей, ер азаматтың нағыз өзі.
Препатиде жанымды шүберекке оралды. Біреу көрінсе нервный тик болатындай жағдайға жеткендей боп едік)) Шүкір, ағамның арқасында бәрі тамаша өтті)))))
Aldeken
Рахмет, Айжан!
Не ғо, өзім үшін, енді керектің іс-шараларында асаба болмаймын деп шештім. Керекте мағынасы өзгеріп кеткен, қолданыстан шығарылған сөздерді айтып қоям ба деп, кібіртіктей береді екенсің…
asaubota
қаншаға шықтың, айтшиш. өзіміз ғо

КВНщиктер рахметке шықты, оларды өзім алып келдім.
Aizhantabyn
))) Ағама баға жоқ, бесценный ғой)))))
asaubota
Секс бомб!
salta
Аршат, секс бомб деп біраз жарнамалап жіберіп, мына жақта мен шалбарыңның шылбырынан мынаны, отпускке келгенде мынаны, ал ана баланы білмеймін, мен де аң-таң, апам да аң-таң деп жүрмейін…
monti
уаййй қыздар/балдар қызық боған ұқсайд блог кемп
прям кейбірінін пост/коментінен не болғанын ұғып, схема түрінде көз алдыма елестетіп тастадым
satibaldi
схема түрінде көз алдыма елестетіп тастадым
Оған қоса — елестетіп отырған кезде секіріп қойсаңыз — 3D-форматта көру мүмкіндігіне ие боласыз.
Zilola
miyaaa sen de barmadyn?
monti
ага, Калдик
Gulistan
кемпке бармағанда, мен де отырады екем қастарыңда мұңайып
bitanazamat
Қазнетке таудай үлес қосып жатырған қытайлық бауырларымыз екен. Соны анық біліп қайттым!
izbasar
Я, жалпы техникалық жағынан мықты секілді көрінді.
Nurshat
Шымкентте өтеме? келесі жылы...)))
asaubota
Блогкемпте Сатыбалды да болғанын алтау білсе, он екеу білмейді.
Daniar-Alan
түсін түстеп берсеңіз фотоархивтен табуға болатын еД…
Zhan
Не деген интрига.
Adiletshu
Ең құрмағанда білетін алтауды айтжіберш
asaubota
қой, ойнап жаздым анағыны
Adiletshu
Өткенде КВН-нен сендерді көрдім. Ал-Астерді Крупным планом көрсетті. Алдекен, Аршат, Жан, Е.Оспанды таныдым
asaubota


осы демалыста біраз адамды көресің. Азаның өліп күліп жатқанын мысалы үшін
AL-ASTER
Сол крупным планым тошны мен емес, квн-ге барған жоқпын ғой.
araika
Әйтеуір Қазақстан арнасы сені бір рет алды ғой КП-ға, соны айтқысы келген шығар