БІР УЫС ТОПЫРАҚҚА АЙНАЛЫП...



Ақылынан адасқан ба демегін,
«Кешір» деген сөзге айналғым келеді.
Жиі – жиі айтылғанда жаралы,
Жанның дағы табылар ед(і) тез емі.

Оңашада көңіліңді тербейтін,
Үніменен жан дүниеңді емдейтін,
Әуен болсам әдемі, арман бар ма,
Жүректерде өмір сүрер, өлмейтін.

Қарды ерітіп, гүл өсірер бөктерге,
Қанат қағып көктен құстар өткенде,
Себепсізден сыйлайтұғын қуаныш,
Айналсам ғой ең көрікті көктемге.

Кең далада тұсауланған жылқыдай,
Шарасыз боп кетеміз ғой бір күні-ай.
Бар әлемді құшағына сыйдырар,
Аспан болып кетер ме едім, шіркін-ай!

Көтеретін жақсыны да, жаманды,
Көретұғын адалды да, арамды.
Кең пейілді Жер – Анаға айналсам,
Сан ғасырдар әлдилеген адамды.

Қол жеткізген аспандағы айға алып,
Арман қуған адамдарда бар ма айып?!
Қайран жүрек тыным табар, бір уыс
Кеткен кезде топыраққа айналып…


Зарина Долатай
Бөлісу:

97 пікір

satibaldi
Ақылынан адасқан ба демегін,
«Кешір» деген сөзге айналғым келеді.

Клиникалық картинаңыз Каблуковтың шекарасынан әрі кеткендей.
ademi_alem
))))))
satibaldi
Gazizkizi келд, құрыдым деп ойлай бер.
Gazizkizi
ҚҰРЫДЫҢ!!!
satibaldi
Анаған айт нақ, маған емес.
Gazizkizi
Саған айтам НАҚ, ҚАСАҚАНА!
satibaldi
Ох, осы ашуыңмен қосып, көзіңе тура қарап қойып, Қырымның мұнаралары көрінгенше таң атқанша шабар ма еді!
Gazizkizi
Басқа білерің жоғын білгем… шамасы сен мықты шабыстың жемісі боларсың
satibaldi
Жазбай таним ғой шабыстың сәйгүліктерін ше
ademi_alem
минустағандар, себебін түсіндіре кетіңіздерші ааа. )) кеткен кемшілікті біліп жүрейін.  әуен болсам әдемііі…
a63a1
ед(і)
Мына өлеңіңізді қыздың бөксесі әрлеп тұрғандайКеремет өлең екен
ademi_alem
ед(і) өткенде бір өлеңге қатысты айтқан ескертпеңізді ескеріп, осылай жаздым. )
a63a1
оны жазбасаңызда түсініп отырмын. Бөкседе әдемі. Сіздің барлық өлеңіңіз найд маған өзіңізде найсыз маған
satibaldi
Бітті, ол мәңгілік сендік.
a63a1
солай боларына сендік
ademi_alem
satibaldi аға, сіз өзгенің атынан жауап беретін де өнеріңіз бар екен ғой, иә? ))) Болмайды ғой олай.
satibaldi
Сосын омлет қуыра алам. Ал олай — болад.
ademi_alem
Мейлі, өз еркіңіз ғой))
Gazizkizi
үнемі қыстырылып жүред
a63a1
Мен пендемін қыз көрсе тұра алмаған
мына жерде жарамас құр алдаған
Терезеден бас шығарып құйқылжыттым
Құлағыңа жетеме мен салған ән?
satibaldi
Қыз-келіншектерге мазасыздаумын,
Бойымдағы бар мінім жалғыз сол-ақ — деп, Балуан Шолақ айтып қойған саған дейін.
ademi_alem
Бұл өмір тек шаттықтан құралмаған,
Сіздей жан көп қыз көрсе тұра алмаған.
Құйқылжытып ән салмай-ақ, өлеңді,
Үнсіз ғана түсінген ұнар маған! )))))))
a63a1
Ғашықтың үні шықпас қыз көргенде
Несі айып өлең айтып жыр өргенде?
Ым ұқпаған дым ұқпас деген барғой
Келермісің кешке қарай 18 кв/м бөлмеме?
ademi_alem
Оңай, аға, түзу жолдан жаңылу,
Ең бастысы — жаман ойдан арылу.
Өлең оқып, әсем жыр өру үшін,
Міндетті емес бір бөлмеден табылу!)))
a63a1
Әдемі әлем пейіштің бағында ғой
Жұрт мақтаса, қызда менің жағымда ғой
Ана аптада нестедіңіз, бардыңызба?
Қалай өтті блог кемп құрылтай той?
ademi_alem
Бара алмадым, блог кемпке бара алмадым,
Орнымды онда таппадым деп алаңдадым.
Ғұмыр берсе келесі жол барармын,
Әлі де көп қол жеткізер сан арманым! ))
a63a1
Қалдым менде өкіне соғып санды
Келесіде кезейік біз ну орманды (Машаттың нуығой)
Айтсумен атырып сол бір таңды
Қоса бірге ала кел домбыраңды
ademi_alem
Алла жар боп, демеп, өзі қолдаса,
Барам, маған қиын емес ол да аса.
Айтысуын айтысам ғой, ағатай,
Домбыра шерте алмайтыным болмаса. ((
))))))))
a63a1
Аға аға деп мені шеттетсің
Кәрі айғырда аз болады етте кесім
Сері жігіт десеңіз нең кетеді
Қыз десе Қилекеңніңде кетеді есі
a63a1
Айқарагөз бәйбіше
Әдемі әлем бәйбіше
Осылай болса шіркін-ай
үшеулесіп шәй ішсе
ademi_alem
Айта салады екенсіз Сіз де!
Бос әңгіме айтпаңыз бізге.
Айқаракөздей керемет қызды,
Қимаймын, аға, қимаймын сізге! ))))
a63a1
Біреуге заттық көзбен қарамағын
Айқарамды қимағаның жарамады
Ол қыз менің осындағы махаббатым
Жанымның сөзі қанымды аралады
ademi_alem
Мына жолдар бір нәрсені аңдатады,
Басыңызды соқпаңыз жарға тағы.
«Ол қыз менің осындағы махаббатым»,
Одан басқа махаббатыңыз бар ма тағы?!
a63a1
мен ғашықпын тасқа да құмға дағы
Аулыма ғашықпын тұнған бағы
Айқарагөз жаныма нәр беретін
Шапағындай нұр сәуле атқан таңның
ademi_alem
Айқарагөз болса егер ғашығыңыз,
Аялаңыз сезімді, бас ұрыңыз.
Екеуіңіз қол ұстасып қашан да,
Бірге асар көп болғай асуыңыз!
a63a1
ық ық ық
недим енд
Ех Адемі алем бізде сізден дәмеліміз
Көргенде түзу болсын сәлеміңіз
Сүйем оны қарындас қыз ретінде
Сондай достық махаббат дәлеліміз
ademi_alem
Шыныменен қарындастай сүйсеңіз,
Аға болып қиындыққа күйсеңіз.
«Бәйбішем ол болса» деген ойлардан,
Алшақ болу керектігін ойға түйсеңіз!
a63a1
Айтыстың шын мәнінде түрлері бар
Қалжыңдасар керекте күндерім бар
Не жазсам да себепсіз бос жазбаймын
Аузы күйген суық суды үрлері бар
ademi_alem
Айтқаныңызбен мен де аға, қосылам,
Айтыс болды бұл күтпеген тосыннан.
Осы жерден тамамдайық айтысты,
Қанағат та етсін жұртым осыған! ))))))))))))
satibaldi
Осы жерден тамамдайық айтысты,
Қанағат та етсін жұртым осыған!
Христиан сіңлім, осы ма келген жерің?
Бәйгіні қолыңмен берген жерің?
Оза шауып, топ жарад деп күпінген
Мұңайды Керектегі біраз ерің.
ademi_alem
Сатыбалды аға, бұл жолдардан бұрын Абзал аға
Бұл айтысты көп созып жауыр қылмай
Оқылуға ел жұртқа ауыр қылмай
Осы жерден соңғы жауап күтемін мен
Мен жайлы не айтасыз енді ұдай?
дегенді жазған еді.))
Мен емес бәйгені қолдан беретін,
Айтаққа да, айтқанға да еретін.
Қарсы емеспін айтысуды қалайтын,
Адам болса жүйрік аттай желетін! )))
a63a1
Дәмеңіз бәйге екенғой қойған мақсат
Жем түссе тұлпарыңда қалар ақсап
Айтсарға жер тауып арнайылап
Шақырсаң жұмыс бітсе барамын тап!
ademi_alem
Жұмыс бітсе, үйіңізге қайтыңыз,))))
ашуланбай, алыңызшы жай тыныс!
Бәйге жайлы маған емес, ағатай,
Сөз қозғаған Сатекеңе айыңыз! ))))
salta
Жалғастыра беріңіздерші плииииииз. бүгінгі күннің ең қызығы осы болып тұр. әдемі айтыс!!!
a63a1
кет десеңі мен кетемін
Үйге де ұшып жетемін
Жөнсіз ұрсып нетемімін
ондай менің не теңім
Балағыңа тұсау байлатып
Жеңіңе кісен таққызып
Орап тастап кетеімін
О заманда бұ заман
Ей о заман да бұ заман
Солайда былай мен дағы мақсатыма жетемін
Ай Адемі алем адемі
Орак тылды болсаңыз
орақ тілді болсаңыз
Жеткен жері жетенің
Бәйге де болмас елеңің
Болсамда қанша байсалды
Менің сізге бар теңерім
Ашықтан ашық айтаеенн
Қырсықсыз басқан менің сіз
қырсықсыз басқан сіз менің
шалбарымның етегін!!! Етегін-ай Етегііінн айхой ахоу
ademi_alem
Не дейін енді, не дейін?
Мен де жауап берейін:
«Жеңіме (мүмкін қолыма!) кісен таққызып,
Орап тастап кететін»,
Мен сіз үшін кім едім?!
Келтірмеңіз күлкімді,
Қырда өскен гүл едім,
Шуағын төккен күн едім,
Айтылмаған жыр едім,
Ашылмаған сыр едім,
Болмайтын бос сөз айтпаңыз,
Амалсыз сізге күлемін!

Байсалды адам болсаңыз,
Орынсыз сөзді қойсаңыз!
Нұр үстіне нұр болар,
Ашуыңызды жойсаңыз!
a63a1
Байқастап қарап тұрып сырыңды ұқтым жарқыным
Айқасқа жарап тұрып, азайды сенің қарқының
Ашуды бек жүрекке қимай отқан жайым бар
Ашуымды көрмеген игі, ол алдаспанның жарқылы!
Күнімді жұмыстағы менің бүгін
Кеміріп жауын құрттай жедің күнім
Кешкісін уақыт болған сол бір сәтте
Келе қал естілсімен менің үнім
salta
ай, жарайсыңдар!!! шабыстарыңның жалғасын күтеміз!
ademi_alem
Кеміргенмен жұмыстағы күніңізді,
Біріп алдым азды, көпты сырыңызды.)))
Мейірімді Жаратқан көп көрмесін,
Осынау қайғы-мұңсыз күнімізді!

Ештеңе де шықпайды қинағаннан,
Құрметті жан — ашуын тыйған адам!
Асқан бақыт бар ма, аға, осы қазір,
Оқырманға қуаныш сыйлағаннан!
ademi_alem
)))))))))))
Қилекеңді болмай ма түсінбеске?!
Әлде оған да, аға, сіздік көңіл өш пе?
«Аға, аға деп шеттетесің» деген бұл сөз,
Сатыбалды ағаны түсірді еске. ))))))))))))
a63a1
Сатыбалды қазақтың асқабағы
Қарап жүрдік біраз оның Тас қабағын
Жөн айтқан дуалы пікірлерін
Әр қашан көңілімнен тастамағым (Осы жерде Сатыбалды егылып жыавжіберед)
ademi_alem
Бар- ау сірә айта алмас жан дертіңіз,
Бар-ау тағы орындалмас көп сертіңіз.
Сатыбалды ағаның пікірі үлгі болса,
Қарсы емеспін, ол да аға, өз еркіңіз!
a63a1
Үйрен де жирен бауырым бар нәрсені
Аппақ қардың тау құшқан, болар сеңі
Өзімді өзге жұрттан артық білем
Қойыңыз) қазбаламай әлде нені))
ademi_alem
Өзіңізді артығырақ білсеңіз,
Қуанамын шын шаттанып, күлсеңіз!
Қуанамын Қаракөздей бір ғана,
Бәйбішеге қанағат етіп жүрсеңіз! ))))))
a63a1
Бұл айтысты көп созып жауыр қылмай
Оқылуға ел жұртқа ауыр қылмай
Осы жерден соңғы жауап күтемін мен
Мен жайлы не айтасыз енді ұдай?
ademi_alem
Айтқанымнан оқыған жұрт бағамдар,
Бақытты екем сіздей ізгі ағам бар!
Жер бетіне қиямет қайым орнар ет,
Болмаса егер сіздей абзал адамдар!
satibaldi
Қыз-жігіттің айтысының керемет үлгісі. Жалғастырсаңыздар екен деген тілек. Әрине, суырыпсалма жауап берем деп, қара сөздің әсерін жоғалтпасаңыздар деген тілек.
a63a1
айтспайтын тәріздіғой. Ақындар тартш
a63a1
негізі хқайым айтыс дұрысырақ қой дим
salta
шынымен де әдемі айтыс
alashaman
Охо, КЕРЕКайтыс басталған сыңайлы
asaubota
екі жастың шумақтарын плюстей отырайық ағайын.
a63a1
бір сөзбен айтқанда мен керектегі барлық қызды сүйем!
aikarakoz
бір сөзбен айтқанда мен керектегі барлық қызды сүйем!
әәәә осында екенсің ғой! қайда кетті деп қоям! түс алдыма! қайқай үйге қәне!
satibaldi
Ау, жамиғы көрермен вә тыңдармандар, екі ақынның ауыз жаласып қайтқанына риза болуға келмеген шығарсыңдар? Бірін біріне айдап салып, айтақтап-үриттеп, ақыры аузынан лас сөз шыққанша түртпектеп отырмасақ — көрермендігіміз қайсы, кісілігіміз қайсы?
kokbori

Байқасам, екі ақын да сілтесіпті,
Қыз бен жігіт айтысын көрсетіпті.
Алайда, Әдемі әлем, аяқтапсың
Абзалың сенен кейін арс етіпті.
Тағы бір өлең жолын арнағайсың,
Әйтпесе, қалғаны қайсы тырс етіпті?
Адам ата мешіннен жеңілген деп,
Арға сын, өзге жандар күлсе тіпті деп өлеңге ұқсамайтын бірдеңемен бензин әкелейін
satibaldi
Байқасам, екі ақын да сілтесіпті,
Иятсыз ағашка.
ademi_alem
Көкбөрі, Абзал аға бастады, мен аяқтадым. кей өлең жолдарының арасына пікірлер жазылып кеткендіктен, орындары ауысып кеткен. орналасу ретімен емес, жазылған уақытына қарап оқығаныңыз абзал болар. ))
kokbori
Айтысты, оу, ағайын, көргім кеп тұр,
Әдемі әлем, әйдә, қані екпіндеп көр.
Кітап қылып шығарар ипаппенен
Айпадтардан оқуға Тимур Бектұр.
ademi_alem
Лақпа айтыс )))))))))))))))))))))))))))))
VKM
мәссаған,қалай оқымай қалғанмын? Зарина, Абзал, жалғастырыңдаршы. Шоу айтысқа қарағанда деңгейі көп жоғары біздің керекайтыстың
MERmukhanov
Айтыс болды, апайын, айтыс болды,
Ну и нақ, шоу жасайм деп қайтыс болды :)))))))))))))))))))))))
VKM
жалғасады деп жатыр, бір жерден оқыдым.Біреулерге ұнаған ғой.
ken
қай жерден оқыдың?
VKM
Қазақ үні газетінің сайтынан, шатаспасам.Қалайсың, Кен?
MERmukhanov
Жалғаса берсін, менің қарсылығым да, жактасуым да жоқ. Жалпы менің бұған қатысты пікірім жоқ.
Пультім аман болсын.
VKM
не болған соншама, пікір де,қарсылық та, жақтасу да болмайтындай.Айтыс дегенде вакуум ұстап қалғансың ба, не)
MERmukhanov
Енді реально поқ болса, қайт дейсің?
Хотя, менің соңғы айтысым Олжас Отармен, осы стайлға жақын келді. :) Қылжақтай беріппін :)
VKM
что б я так ржал?(((((((((((((
satibaldi
ЖльамащЪ нақ
VKM
ЖльамащЪ сіз де, кетчвар(
satibaldi
Көңіліңіздің күйі балеткаңыздың ішіне түсіп кетіпті ғой?
VKM
қыста балетка кимейт, сізге джыным келівотр. Бір персе ғой
satibaldi
Сезімдеріңізді түсініп отырмын, бірақ еш көмектесе алмаймын. Сізге ұрғызуға денемді тез жеткізетін әдістер таба алмай отырмын. Охх, идея: аватарымдағы көзімді курсормен шұқып-шұқып алыңыз! Вуду — рас нәрсе!
VKM
қуыршақ тігіп отырғанымды қайдан біліп қойдыңыз? 1 пачка ине де тауып қойғанмын)))
satibaldi
Әрине, стратегиялық маңызды мүшелер мен мүшені жаншуға ұятыңыз жібермейді деп ойлаймын. Тек почкіден емес, аха?
VKM
көзіңізден бастаймын,қалғандары ине жеткенше,әлде жабылмай тұрғанда дүкенге барып келейің бе?Қорқыңыз, дабайте)))
VKM
еш жеріңіз ауырған жоқ па,әлде сіз уже жоқсыз)
VKM
Осындай айтыстар ұнайды Your text to link...