Операция "ҚИ"

Бұныснес Репаблик ДәуЧлен (БРД) үкіметі әдейілеп жіберген барлаушы ішпиөн «Біздің ауыл» блогының авторы «Аңсар»-дың виртуалды ақыры неден болды?
http://filmotzyv.com сайтынан алынды

2009 ж.

Емін еркін клавасына алабай кіріп, қанден шығып жүрген амиголар «православиелік» реформаларға да, жан-жақтан жауған көтриоттар, қаумалаған әсіре діншілдердің қуғынына төзе білді.
Десек те Интернеттің БАҚ құралдарымен теңестірілуі, Daruisholgen.com петапорталының, juldyz.kz -ән-әуен сайттарың жабылуы бір охуйға болды.

Мегабоқжағыстың жанама алғышарттарына кейбір әншілердің әнді тегін таратумен күресіп, диск алуға ақшасын қимайтын жарлы-жақыбайдан әндерін қорғауын да жатқызуға болады.

Не керек, 2009 жаз ортасында партизандық қақтығыстар басталды да кетті.

Бір жағында «Біздің Ауыл» блогының иесі Аңсар (тақырбас болатын) бастаған фундаменталисттік диверсиялық топ, екінші жағында Рейхспроктолог Сатыбалды Багратионұлы бастаған қарусыз дәруіштердің ара қатынасы шиеленісе түсті.
Аталған жағдайлардан соң, орын алған "Қасиетсіз Интифад" операциясының майданы қатысушылардың жеке блогтарында, әлеуметтік желілерде, өзге қазақтілді сайттардың біразында өрбігені жайлы куәліктер аз емес. Бірталай жәдігерлер күйіп кетті. Бірақ аман қалғандары да бар.

Мәселен, мына сурет.


Қасиетсіз Интифад” – Хуенардо Да Винчи 21 ғасыр ( масло, холст, Саян3-тің фотигі, МS Paint). Жоғары сапада көру үшін мында басасыз.

Бұл операция «Біздің Ауыл» блогының Award-KZ интернет сайысына шұғыл дайындық кезеңіне сай келді. Боқжағыстың немен біткені туралы Өмірзақ Шульцтің материалдарын біразымыз көрдік. Десек те, көрмегендер көріп, көргендер тағы қайталап, блицкригтен кейінгі, сол бір көт қуантар сәттерді тасынан тағы кешсе артық болмас.

«Есалаңға» (ака Жақабай Ширақ) аудармаға және субтитраларға нақметтен бөтен айтарым жоқ.
Барлығыңды алдағы мейрамдармен құттықтаймын.
Әрі қарай

Ит

Түр: қасқыртұқымдастар
Класс: сүтқоректілер.
Қаңқа құрылысы: хордалылар
Тамақтану үлгісі: жыртқыш

Ит (Canis) — төртаяқты адамдар. Мысықтармен бірге — ең ерте доместизацияға (қолға үйретілен) ұшыраған мақұлықтардың бірі. Әдетте екі құлақтан, екі көзден, құйрықтан және төрт аяқтан тұрады. Қой ауылдарда құйрықсыз, құлақсыз түрлері де кездеседі: бөрібасарларға төбелес кезінде осы екі өсінді қатты кедергі келтіред деп есептеліп, 1 апталық күшік кезінде аталмыш мүшелері білгіш ептібайымайд көршінің нұсқауымен бәкімен қырқылып тасталады. Бірақ ондай иттер бір қой лоқ бов өсіп жататын кездері де болады.

Ит — адамдар қауымдастығына жеңіл әрі табиғи түрде өте жақсы бейімделетін жалғыз мақұлық. Атап айтқанда, адамдар қауымдастығы арасындағы ойын ережесін, заңдарды, өмір салтын тез
Әрі қарай

Шыныбас балық

Өткенде National Geographic сайтын қарап отырып, бір біртүрлі балықты көрдім. Басы әйнек секілді. Яғни, басының ішкі құрылысын сырттан бақылауға болады. Ғылыми атауы Macropinna microstoma екен. Теңіздің терең жерлерінде мекендейді екен. Алғаш рет бұндай балықтың табиғатта бар екені туралы 1939 жылы оның балықшылар ауларынан табылған кезінде белгілі болыпты. Тек 2009 жылы ғана ол туралы толықтай зеріттелген екен.

Әрі қарай

Жануарлар әлемі. Алғы сөз

Құрбетті сүтқоректі он тұяқты бауырларым, Gastarbaiter -дің итермелеуімен, төменгі санаттағы бауырларымыз туралы танымдық тақырыптар сериясын бастауды жөн көрдім. Жираф, піл салысатын аяқтанушыларымыз болса, іске сәт!
Әрі қарай

Жапон халқының хертегісі. "Сакура шиесі"

— Барып тұрған нағыз-нағыз жезөкшесің сен! — деп бақырды байы Иокоға.
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы мәуе сакура бүр жарды.
— Жезөкше емес, гейшамын мен! — деп бақырды Иоко, байы Дзюинтироға қайыра.
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакура гүлдеді.
— Айырмашылық?
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакура ештеңе істемеді.
— Гейша — өнер адамы, топас!
Тыңдарманға әрі қарайғы боқжағыс қызық болмас. Табиғатынан лоқтау келген Дзюинтиро қатынының шын мәнінде — кәуділгі жезөкше екеніне ешқашан көзі жетпес. Алты ожау сакэ ішіп алған тасбақа Фудзиямаға алты рет мініп түскенше түсіне қоймас. Алты градус әлемді өзерткенмен, бүгінгі 23 градус ыстық самурайдың сансыраған санасына сына сала қояр ма екен?
Токио Муниципиалдық Дәретханасының жанындағы сакураны түбірімен жұлып тастап, Matsushita
Әрі қарай

"Жаужүрек мың балаға" барма, барғызба!!!

Кеше «Жаужүрек мың бала» фильмінің премьерасы болды. Алғаш болып барғандардың көбі өкпелі. Киноның өзіне айтылып жатқан сын көп, бірақ ең бастысы қазақша кино көремін деп барып, орысшасын көріп алданып қалғандай сезімде көпшілік.

Кино.кз сайтындағы кестеге қарайтын болсақ Астанада тек қана Сарыарқа кинотеатрында күндізгі уақыттардың бірінде ғана қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіледі. Қалған уақыттарда және барлық кинотеатрларда тек орысша дыбыстамасы көрсетілуде. Иә, әрине кино алдымен коммерциялық жоба, түсірушілерге және көрсетушіге пайда әкелуі керек. Яғни, орысшасын көп адам көреді деген есеппен осылай істеген. Киноны түсірушілерді де, киноны көрсетуші кинотеатрларды да кінәлауға болмайды, түсінеміз оларды да. Бірақ, олар да қазақ ұлтына немқұрайдылықпен қарамаулары тиіс. Біз де қоғамбыз, біздің де таңдауларымыз бар. Неге олармен санасуымыз керек? Олар бізбен санассын.

Егер сен ҚАЗАҚ болсаң бұл фильмге барма, айналаңды да барғызба! Қазақтың да қоғам екенін көрсет. Өйткені бұл біздің кінәміз, біз оларды осындай қылдық. Ей, қазақ, кішкене болса да намысың бар болса бұл киноға барма. Бұл біздің протестіміз болсын. Ұлтшылдық тек құр айқай, бос сөз, әдемі ұран ғана емес, ұлтшыл болсаң ең болмаса бір рет сөзбен емес іспен әрекет қыл. Осы акцияға қосыл, басқаларға да естірт!

«Жаужүрек мың балаға» барма, барғызба!!!
Әрі қарай

Мен көрген жаужүрек балалар - Ермек Тұрсынов бұны көрмесін!!!


Сурет www.kino24.kz сайтынан алынды

Әлқисса, алданып қалудан басталды. «Қазақфильміміздің» күттірген дүниесін қазақшасының үстінен жазылған орысша нұсқасында көру жазылыпты маңдайға. Осыдан-ақ түсіне беріңіз – рухтану, күш алу мен серпілу импульсі түсінілетіндей бәсеңсиді. Едәуір жаншылады.

«Көшпенділермен» еріксіз салыстырасың. Жанры, месседжі мен тағылымы сабақтас болғасын. Бұнысында осал тұстар ескерілгенсігенімен, ә дегеннен кейбір кемшін тұстарын елемейін десең
Әрі қарай

3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы



— Менде армия бар!
— Ал бізде Халк бар.
Локи мен Тони Старктың диалогынан


Бала қиялдың шеті де, шегі де жоқ, күндіз көзіңмен көріп, көңіліңмен сезінген дүние, түнде түсіңе кіріп сана-сезіміңді сол бір ертегі-әлемге барынша жақындататыны бар-ды. Жеке өзім Marvel Comics қаһармандарын бертінде бір-ақ көрдім, алайда адамзатты құтқарудан басқа істейтін істері жоқ супер-кейіпкерлер басының бір жерге қосылғаны алыста қалған бал-уақыттың ғажайып сәттерін қайта оралтқандай болды.
Әрі қарай