КерекИнфо-2012. Жыл қорытындылары.



Жыл қаласы: Астана
Биылғы жыл астаналық керекшілердің көбейген жылы болды. Көбейіп қана қоймай бірнеше іс-шараларды ұйымдастырды да астаналықтар. Басқа қалалардағы керекшілерге қарағанда биылғы жылы астаналықтар көбірек белсенді болды.

Жыл жиыны: Блог-құрылтай
Ешқандай талассыз биылғы жылдың үздік жиыны деп Блог-құрылтайды атауға болады. Осымен 2-ші рет, Астанада 1-ші рет өткен Құрылтай жақсы өтті. Құрылтай арқасында достық қатынастар нығая түсті.

Жыл флеш-мобы: Домбыра-пати
Өнерді және қазақылықты насихаттау мақсатында жасалған бұл флешмоб алдағы уақытта кең көлемді болады деп ойлаймын. Күзде аз уақыт қана болғанымен ел есінде қалған қозғалыс болды.

Жыл мазағы: Рафаелло құрбандары
Немесе жыл жазасы. КерекИнфода жақсы дамып келе жатқан стеб стилін ұстанушылардың бірі Рафаеллоның тұзағына түсен БАҚ өкілдері жылдың басты кейіпкерлеріне айналды.

Жыл креативі: Кино-пати
Киностан жігіттерінің ұйымдастырумен басталған Алматыда өткен кино-патилер жылдың үздік идеясы, креативі.

Жыл суреті: «Гол жіберсеңдер қатынсыңдар»
Австрия — Қазақстан матчының соңғы минуттарында стадионда керекшілер көтерген бұл жазу әлеуметтік желілерде ең көп шейірленген, ең көп әңгіме болған сурет болды.

Менің ойыма түскендер осылар болды. Бірге жалғастырайық.
Әрі қарай

Астана интернет форумына келдік


Таңғы 06.00. Міне Астана вокзалыда көріне бастады.Ия, сол АИФ-қа Шымкенттен келе жатырмын.Ағамның үйіне келе сала Президент Зияткерлік мектебін сұрап жатырмын.Өйтіп-бүйтіп таксилетіп келдім.Іштегі АИФ қызметкерлері жүгіріп, асты үстіме түсіп жатыр(Рахмет).
Сол баяғы қазақшылыққа салып бір сағаттай кешігіп басталды.Ішімізден не болар екен, қалай болар екен деген ой ғой. О-хо Мұрат пен Ерлан ағамыз жүр(Осындай ағаларымыз жүрсе неге қуанбасқа).
Міне Садық сөз бастады.Бәрі керемет, өйткені өзіміздін тілімізде.Бірінші спикерлер шыға бастады.Барлығының ойы Еліміздін ИТ саласын көтеру, Керемет емеспе(маған солай көріндіме білмедім).
Жаңа достар, жаңа мамандар, Жаңа прогресстер, Жаңа жобалар.Бір сөзбен айқанда БӘРІ КЕРЕМЕТ.
Өзіме біраз жұмыстар алып қайттым. ендігі уақытта Нұрлан Жанаймен хабарласып қазақ тіліндегі видеотаспада программалау тілдерін үйрету(Аллаһ нәсіп етсе)
Ұйымдастырушыларға үлкен рахметімді айтам.Осындай форумдар елімізде көбейе берсін.Әмин
Әрі қарай

Осы сәт...

Өкінгенмен өткенге оралмаймыз,
«Бәрі жақсы болар!» деп жиі алдаймыз.
Біз қалаған жандарға калаған сат,
Бақыт құсы боп мәңгі қона алмаймыз.

Күн де батып, атады таңы жаңа,
Келу, кету- өмірдің заңы ғана.
Қуанайық еске алар қыска өмірде,
Үзік-үзік сәттердің барына да!
Әрі қарай

Сең қозғалды. Астанада алғашқы форум өтті.

  • KazNET


Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде алғаш рет ІТ форум өтті. Форумның қалай өткені маңызды емес дәл қазір. Бастысы бұл көптен бері айтылып жүрген нәрсенің сөзден іске көшуі. Алғаш рет жиналдық, жұртпен таныстық, бір нәрселер үйрендік, үйреттік, жаңа идеялар пайда болды. Жастардың белсенділігі ұнады, Талғат бастаған топ өз жұмыстарын беске атқарып шықты. Бәрі риза болып кетті деген ойдамын.
Әрі қарай

Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар

Мені бір ой мазалайды. Ол осыкүнгі бауырлардың қатыгездігі. Мүмкін көп балалы отбасында мұндай нәрсе туындамайтын шығар. Бірақ мен екі отбасын білемін. Екі отбасында да екі ер баладан. Бір отбасындағы үлкенінің алды қырықта болса, кішісі отыздан асқан. Екінші отбасындағы ұлдардың жас айырмашылығы екі жыл ғана. Бауырлардың біреуі «үлкенмін ғой» деп, екіншісі «кішімін ғой» демейді, айтысқанда бірін бірі жерден алып жерге салып жатады, тіпті ұстасып қалудан, төбелесуден тайынбайды. Бір отбасындағы екі ұл бір үй үшін қырылып қала жаздап, қазір сол үйді салған аналары кіші ұлымен пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал екінші отбасындағы ана екі ұлдың тіпті бір-бірін өлтіріп ала ма деп бірге қалдыруға қорқады. Сонда бұл қалай? Неге байланысты? Тәрбие дейін десең, аналары өте жақсы, ал әкелері енді кезінде ішкен. Бірақ бір-бірін сонша жек көруге не себеп, қандай бәсекелестік? Мен апалы-сіңлілердің арасында ондай қарым-қатынасты байқамаппын. Өйткені апалы-сіңлілер әрқашан бір-біріне жаны ашып, өз отбасының қорынан жұбайына білдіртпей үнемі әпкесіне/сіңлісіне, одан қалды жиендеріне бірдеңе алып беріп жатады, қиын-қыстау кездерді айтпағанда.
Кезінде баласын өлімге қиып, «енді маған бауыр табылмайды» деп бауырын құтқарушы еді. Керекші азаматтар сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді.
Әрі қарай

Әнуарбек құданың қызымен сұхбат

Таныс болыңыздар: Anuarbekkyzy

Қала: Ақсай, БҚО
Сала: Аударма

— КерекИнфоға қалай келдің?

Негізі студент кезімде тарих пәнінің оқытушысы «Керек Инфо» газетіне жазылыңдар, оқыңдар деп жүретін. Сол газетті іздеп осы сайтқа тап болдым. Шынымды айтсам, сол студент кезімдегі дебат ойындарына, түрлі конференция, жастар мәслихатының қатысушылары болған жастармен аралас-құралас болған уақытты жоқтаймын. Сол жоғымды осы блог жүйесінен тапқан секілдімін.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?

Бұл жерде қазақтар жиналған. Маған сонысы ұнайды. «Бұл не айтып отыр, айналасында қазақ аз ба?» деп ойлап отырған шығарсыз. Шынымен де, қазақтар жетеді, бірақ олардың біразы орыстілді. Рухани шөлдеп жүремін, сол шөлімді КерекИнфода қандырып аламын қолым бос уақытта.
Әрі қарай

Хоббит: Күтпеген саяхат


«Келер күннен жақын жоқ, өткен күннен алыс жоқ» деген сөздің растығы тағы дәлелденді – кеше ғана қол жеткізбестей болып көрінген «Хоббит: күтпеген саяхат» бүгін (тура мағынасында, яғни 2012 жылдың 19 желтоқсанында) ел экрандарына жол тартты. Осы аптада қасына қара ілестірмей (басқа бірде-бір жаңа туынды жоқ) премьераға жалғыз шыққан фильм туралы Киностан тарқатып бергелі отыр.
Әрі қарай

Достарыма

Сәтсіздік кеп алқымымнан алғанда,
Армандарым аяқ асты қалғанда,
Күл талқан боп жоспарларым бір сәтке,
Тағдыр мені қатал сынға салғанда,
Табылатын достарым бар жанымнан,
Қысқа ғана мағынасыз жалғанда…
Мағынасыз қыска ғана жалғанда,
Үміт оты өздігінен жанғанба?
Қолдау тауып қасыңдағы досыңнан,
Жанарыңнан жарык күнің жанғанда,
Дейд екенсің бір Аллаға мың тәуба
Жақсылықтың тамшысы кеп тамғанда…
Қатар жүрген қуаныш пен қайғыны,
Білмес пенде келетінін қай күні,
Сенім артар достары бар адамның,
Биік жүрер әрқашанда айбыны!

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Атеист имам Серік Эдуардұлы: "Жұмысымнан кетпеймін!"

Өткен жұма құтпасында өзінің атеист екенін айтқан Жангелді мешітінің имамы Серік Эдуардұлы облыстағы жаңа дін жанжалының басталуына негіз болған еді. Өз бетімен жұмыстан кетпей отырған имам кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Серік Эдуардұлы:
— Мен профессионал адаммын. Өз жұмысымды адал атқарудамын. Мен атеистпін бе, емеспін бе ешкімнің басы ауырмауы керек. Бұл да мемлекеттік қызметтің бірі. Мен бірнеше жыл бұл істің білімін алған адаммын. Шетелден білім алып келдім, түрлі курстардан өттім. Бұл мешітке сайланар алдында да сынақтардан өттім. Менің жеке өміріме және көзқарастарыма ешкімнің шаруасы болмау керек деген пікірдемін. Кітаптарда қалай жазылса мен дәл солай жамағатқа намаздарын оқытып келемін, уағыздарым да тек рұқсат етілген әдебиеттерден алынған. Мұны бір жұмыс ретінде қабылдаймын, жұмысымды да профессионалша істеп келемін.
Әрі қарай