Астана интернет форумына келдік


Таңғы 06.00. Міне Астана вокзалыда көріне бастады.Ия, сол АИФ-қа Шымкенттен келе жатырмын.Ағамның үйіне келе сала Президент Зияткерлік мектебін сұрап жатырмын.Өйтіп-бүйтіп таксилетіп келдім.Іштегі АИФ қызметкерлері жүгіріп, асты үстіме түсіп жатыр(Рахмет).
Сол баяғы қазақшылыққа салып бір сағаттай кешігіп басталды.Ішімізден не болар екен, қалай болар екен деген ой ғой. О-хо Мұрат пен Ерлан ағамыз жүр(Осындай ағаларымыз жүрсе неге қуанбасқа).
Міне Садық сөз бастады.Бәрі керемет, өйткені өзіміздін тілімізде.Бірінші спикерлер шыға бастады.Барлығының ойы Еліміздін ИТ саласын көтеру, Керемет емеспе(маған солай көріндіме білмедім).
Жаңа достар, жаңа мамандар, Жаңа прогресстер, Жаңа жобалар.Бір сөзбен айқанда БӘРІ КЕРЕМЕТ.
Өзіме біраз жұмыстар алып қайттым. ендігі уақытта Нұрлан Жанаймен хабарласып қазақ тіліндегі видеотаспада программалау тілдерін үйрету(Аллаһ нәсіп етсе)
Ұйымдастырушыларға үлкен рахметімді айтам.Осындай форумдар елімізде көбейе берсін.Әмин
Бөлісу:

2 пікір

TOTY
«Жылдық есептерді бітіру керек» дегеннің кесірінен,қанша ұмтылсам да, дәл осы Форумға бара алмағаным өкінішті… Астанада тұрып. Бұрын Семейден жетіп келетін… күніме зар болып қалғандаймын…