«Астана Клубы» отырысының өтетін күні белгілі болды


Мерейтойлық саяси форум бесжылдық жұмысын қорытындылайды
«Астана клубы» халықаралық пікірталас алаңы бесінші басқосуын өткізеді. Әлемнің 50-ге жуық сақа саясаткері мен Еуразияның әйгілі зиялыларын, халықаралық қатынастар саласындағы үздік мамандарды бір жерге тоғыстыратын кезекті кездесу Қазақстанның бас қаласында биыл қарашаның 11-12 аралығында өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры.
Отырыстың күнтәртібіне Үлкен Еуразияның стратегиялық болашағы мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қойылған. Бесінші сессия барысында клуб қатысушылары Еуразия мемлекеттері мен халықтарының даму жолында туындаған өзекті мәселелерін назарға алып, аймақтық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастырады және болашақ жоспарларға қатысты ой алмасады.
Тұжырымдамалық тұрғыда барлық талқылаулар басты мәселеге – Үлкен Еуразияда жаңа ынтымақтастық архитектурасын құруға арналады. Аталмыш тақырыпты таңдауға соңғы 70 жыл бойы халықаралық қатынастарда тұрақтылықты қамтамасыз еткен ғаламдық институттардың күйреуі мен құлдырауының ауқымды процестері себеп болып отыр.
Оның үстіне күйреудің шыңы дәл қазіргі кезеңге тап келуде. Ол ядролық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық келісімдердің жойылуы, дүниежүзілік экономикада протекционизмнің үдеуі, сонымен қатар санкция салдарының ушығуы мәселелерінде анық көрініс табуда. Оған қоса, климаттың құбылуы жаңа ғаламдық қауіп-қатерге айналғаны жасырын емес.
Нәтижесінде, біздің дамуымыз қаншалықты тұрақты болатынына қатысты стратегиялық белгісіздік артып келеді. Осы мәселелердің барлығы ашық және шынайы талқылауды қажет етеді.
Әлемдік экономика және саясат институты әзірлеген «2020 жылғы Еуразия үшін ең үлкен 10 қатер» сараптамалық рейтингісінің екінші басылымы қатысушылар мен көпшілік назарына ұсынылады.
Тәуекелдер рейтингісіне арналған былтырғы бірінші басылым үлкен сұранысқа ие болғандықтан, ӘЭСИ клубтың кезекті отырысына жаңа басылымды дайындады. Рейтинг түзу барысында ӘЭСИ мамандары зерттеу жұмыстарына әлемнің үздік 40 сарапшыларын тартты.
Астана клубының қызметіне халықаралық деңгейде қызығушылық тууына, 2015 жылы құрылған қазақстандық пікір-сайыс алаңының қысқа мерзімде қазіргі заманның ең күрделі мәселелері бойынша Еуразияның барлық шешуші күшке ие ұйымдарының көзқарасын бір арнаға тоғыстыра білген нағыз жаһандық алаңға айналуы себеп. Бұл ретте Astana Club Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының жарқын көрінісі іспетті.
Ашылғалы бері клуб қызметіне әлемнің 40 елінен 200-ден астам сарапшылар қатысты. Оның ішінде АҚШ, Қытай, Ресей, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің өкілдері бар.
«Астана клубының» бесжылдық тарихындағы танымал саясаткерлер мен сарапшылар қатарында Жозе Мануэль Баррозу, Мұхаммед әл-Барадей, Ахмет Дәуітоғлы, Вацлав Клаус, Хамид Карзай, Джордж Фридман, Ян Моррис, Роберт Каплан және басқа да меймандар бар.
«Астана клубының» жылсайынғы отырыстарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, келешекке қатысты кемел ойларын ортаға салады.
«Астана клубы» отырыстары аясындағы талқылаулар «үлкен еуразиялық пікірсайысты» қалыптастыру мен ілгерілетуде маңызды алаңға айналғанын атап өткен ләзім. Клубтың әр отырысы жаңа қалыптасып келе жатқан «Үлкен Еуразия» феноменінің осы және өзге де аспектілеріне арналады. Оның құрамына еуразиялық мегақұрлық шеңберіндегі Азия мен Еуропаның барлық мемлекеттері кіреді және олардың саясат, экономика, қауіпсізідк салаларындағы қарым-қатынастары тақырыптарға тұздық болмақ.
«Астана Клубының» 2015 жылы қарашада өткен алғашқы отырысы Еуразияның геоэкономикалық мәселелерін талқылауға арналды. Ал екінші отырыста Еуразия кеңістігіндегі алдағы өзгерістердің мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері сөз болды.
Клубтың 2017 жылғы үшінші отырысы «Үлкен Еуразия — 2027: текетірес немесе серіктестік» тақырыбында өтті. 2018 жылғы төртінші отырыста сарапшылар «Үлкен Еуразияға апарар жол: ортақ болашақты қалай құруға болады?» тақырыбын талқыға алды.
Клубтың мерейтойлық бесінші отырысында «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа архитектурасы жолында» тақырыбы назарға алынады.
Клубтың сараптамалық талқылауына АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қырғи-қабақтың ушығуы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ әлемнің көптеген ыстық нүктелерінде жаңа шиеленістердің бой көрсетуі мәселелері арқау болмақ.
Бесінші басқосуда Еуразиядағы ынтымақтастықтың болашақ архитектурасын қалыптастыруға, сондай-ақ жаһандық ядролық-зымыран жарысы сынды жаһандық қауіпсіздіктің негізгі сын-қатерлеріне жауап іздеуге ерекше назар аударылады.

Бурабайда “Burabay-Switzerland” тақтайшасын салтанатты орнату рәсімі өтеді


«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Switzerland Tourism» компаниясы және «Бурабай даму» ЖШС арасындағы келісімге сәйкес 31-шілде күні Бурабай курорттық аймағында “Burabay-Switzerland” тақтайшасын салтанатты орнату рәсімі өтеді. Бұл швейцарлық стандарттарға сәйкес екі ортадағы туристік бренд бағытын салуды білдірмек.

Шараға ҚР-ғы Швейцария Конфедерациясының Елшісі Урс Шмидт, Ақмола облысының әкімшілігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жетекшілері қатысады. Тақтайшаны орнатудан бөлек, екі елдің ұлттық дәмін тату және мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, туристік саланы дамытуға ниет танытқан қос тараптың кездесуі Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні қарсаңында (1-тамыз) өтеді.
Жалпы, «Switzerland Tourism» компаниясымен әріптестік байланыс былтыр қазақстандық делегацияның Швейцарияға ресми сапары кезінде орнатылған. Сапар нәтижесінде «Kazakh Tourism» және «Switzerland Tourism» компанияларының өзара әріптестік құру туралы Меморандумға қол қойылды.
Биылғы жылдың сәуір айында «Switzerland Tourism» компаниясының жаңа нарықтар және арнайы жобалар жөніндегі директоры Федерико Соммаруга елімізге арнайы келіп, «Қазақстандық Швейцария» брендтік бағытын іске қосу бойынша екі жақтың әріптестігін бекемдей түсті.
Меморандумға сәйкес Швейцария тарапы Қазақстандағы ұлттық парктер мен таулы аймағында жыл он екі ай бойындағы туризмді дамытуға ат салысады. Сондай-ақ, келісім аясында тау гидтері мен шаңғы тебуді үйретуші маман дайындаудың швейцарлық стандартын енгізу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, құжат туристік өнімдерді ілгерілету, ақпарат алмасу мен халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр Мәдениет және Спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен әр облыстың жергілікті атқарушы биліктері бірлесіп, Қазақстандағы елеулі туризм нысандарының картасы жасалған. Оған туристер үшін тартымды 60 түрлі нысан мен бағыттар енгізілді. Ақмола облысында туризмді дамыту маңызды міндеттердің бірі саналғандықтан, Бурабай туристтік аймағы «Үздік 10» картасына енгізілгені белгілі.

Анықтама:
*«Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылдың шілде айында құрылған. Еліміздің туристтік әлеуетін шет мемлекеттерге таныту және Қазақстандық туризм саласына шетелдік инвестицияларды тарту компанияның негізгі мақсат-міндеті саналады.

Қазақстанды ұнататын неміс жанұясы еліміз туралы фильм түсірді



Мотожарыстан әлем чемпиондары Қазақстандағы 15 күнге созылған мотошеруін сәтті аяқтады. 5-шілде күні басталған шеру Шарын шатқалы – Қайыңды көлі – Алматы – Үлкен Алматы көлі – Нұр-Сұлтан – Бурабай бағыты бойынша жүргізілді. Қызыққа толы саяхаттың нүктесі шілденің 25-і күні Елордамызда қойылды.

«Kazakh Tourism» АҚ ҰК ұйытқы болған шараның басты мақсаты – тарихи-мәдени мұраларды насихаттай отырып, елімізге шетелдік туристтерді көптеп тарту. Атап айтқанда, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және ҚР Ұлттық музейі бірлесіп ауқымды жобаны қолға алған. Жоба аясында 5-26 шілде аралығында Қазақстанда мотокросс тур ұйымдастырылып, оның барысы туралы бейнебаянға қажетті материалдар түсірілді. Жарнамалық бейнебаян Еуропа елдері арасында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге арналған. Дархан даламызда өткізілген мото шеруге 5 баласы бар неміс отбасы қатысты. Халықаралық жобаның маңызын арттыру үшін мотожарыстан әлем чемпионы Хосеп Гарсия мен 2018 жылғы мототриал бойынша вице-чемпион Джерони Фахардо арнайы шақырылған.

Алдымен испандық спортшы Хосеп Гарсия мен Германиядан ат терлетіп келген қонақтар Алматы облысындағы ең көрікті жерлерді шарлап шықты. Оның ішінде Ассы платосы, Көлсай көлдері, Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалдары, Алматыдағы Көктөбе мен Шымбұлақты саяхаттады. “Қазақстанның таулы аймағын, орманды алқабын, айдын көлді шатқалын өз көзімен көріп, тамаша әсер алдым. Табиғаты көркем, тарихы бай елдеріңізді тануға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта да, Қазақстанның өзге өңірлерін көргім келеді,” — деп әлемге әйгілі мото спортшы өз әсерімен бөлісті.
Сарыарқа төріндегі мотошеруді мототриалдан вице-чемпион Джерони Фахардо бастады. Бурабайдың баурайына әдейілеп барған еуропалық меймандар Көкшетаудың көз тартар сұлулығына сүйсініп қайтты. Сапарын Елордада түйіндеген мотошерушілер ат басын Ұлттық музейге бұрды. Музейдің бес жылдық мерейтойына орай, майталман спортшылар арнайы шеберлік сабағында мотоциклді жүгендеудің қыр-сырымен бөлісті. Бұдан кейін мотошабандоздар еліміздің басты қаласының көшелерінде сән-салтанатпен шерулетіп өтті. Хан Шатыр ойын-сауық орталығының алдында мотоциклді игерудің шеберлігін тағы да паш етті.

Еуропалық мотошабандоздар Қазақстандағы сапарынан алған әсері жайлы толығырақ арнайы түсірген шағын фильмде баяндайтын болады. Елімізді шетелдік туристерге жақынырақ таныстыратын бейнебаянда Алматы өңірі және Сарыарқа табиғатының әсемдігі көрсетіледі. Әйгілі спортшылардың қатысуымен түсірілген жарнамалық ролик алдағы уақытта Еуропаның спорттық арналарында көрсетілетін болады.
Айта кету керек, жобаны қаржыландыруды неміс тарабы өз мойнына алған, яғни мемлекеттік бюджеттен шығынсыз жүзеге асырылып жатыр.
Анықтама:
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2017 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды. Компанияның негізгі мақсаттары еліміздің туристік әлеуетін шетелде ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту болып табылады.

Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталог таныстырылды

Астана Ұлттық академиялық кітапханасында Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды silteme.kz АА.


Кітапқа «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» жобасының аясында іріктелген 60 автор мен 180 туынды енді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» кітабы жобасы отандық суретшілердің жұмысымен танысып қана қоймай, олардың еңбегін әлемдік деңгейде насихаттау болып табылады. Бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш» делінген министр сөзін Мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент директоры Әбіл Жоламанов жеткізді.

Сондай-ақ, Әбіл Жоламанов қазіргі заманның үздік суретшілерін жинаған каталогты таныстырып, бұл жобаға шығармашылық қауымның қызығушылығы зор екендігін атап өтті.

«Жинаққа енген туындылар халықаралық және республикалық деңгейдегі сарапшы мамандардың бағалауымен іріктеліп, таңдалған. Бастапқыда сарапшыларға 254 автордың 500-ден аса жұмысы ұсынылған. Солардың ішінде оза шапқан үздік 180 туынды кітапқа енгізілген», — деді өз сөзінде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Хазбулатов Андрей.

Сарапшылар құрамында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры, өнертану кандидаты Ольга Батурина және өнертану кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы Мадина Сұлтанова сынды мамандар бар.

Мерекелік шараға қатысқан ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының вице-президенті Серкан Аязбаев «Бұл заманауи Қазақстан өнерін танимын деушілерге тамаша әдістеме болатындығына сенімдімін. Дала рухын тану үшін оның тілін білуден гөрі, мәдениеті мен адамдарының ішкі жан-дүниесін ұғу қажет», деп атап өтті. Сонымен қатар, белсене атсалысқан барлық өнер иелеріне сәттілік тіледі.

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық

Коворкинг деген не?
Коворкинг — бірге жұмыс істеу. Бір алаңда бірнеше адамның жұмыс істеу моделі. Фриланс пен офис арасындағы бір құбылыс деуге болады. Еркін, тәуелсіз адамдардың бір жағынан фриланс режимінде, бір жағынан офисте жұмыс істеуі.

Кімдер үшін қолайлы?
Фрилансер дизайнерлер, программашылар, контентпен жұмыс істеушілер, аудармашылар, жеке кәсіпкерлер, сырттай қызмет ететін SEO, SMM немесе басқа да веб, ІТ қызметкерлер үшін ыңғайлы жер. Астанаға іссапармен келгендер үшін де 1 күндік офис қызметін атқара алады.

Коворкинг орталық не береді?
Тұтынушы өзі қалаған формада жұмыс істей алады. Отырып істей ме, гамак немесе дивандарда жатып істей ме өзі біледі. Түрлі жағдайлар жасалған. Ұйықтау бөлмесі, сөйлесу алаңы, кітап оқу бөлімі, темекі тарту орны (сигара тартатындарға да бөлек бөлме бар) кофе-сусын сататын жер де қарастырылған. 6-8-12 адамға арналған жиналыс өткізу орындары бар, үлкен жиындарды конференц залда өткізуге болады, ал кішігірім жиын, сабақтарға арналған кіші зал да бар. Өз техникасы жоқ тұтынушыларға компьютері бар арнайы үстелдер де бар, егер әрине Macintosh ұнайтын болса. Интернет тегін.
Амфитеатр туралы айтуды ұмытып кетіппін ғой, презентацияларыңызды шағын амфитеатрда жасауыңызға болады. Жайлы орындықтар, жұмсақ жиһаз да «видеоблог, интервьюлерді осында жасашы» деп сұранып тұр.

Қанша тұрады?
Ең төменгі тариф: айына 30 мың. Офис жалдағаннан әлдеқайда арзан, иә? Иә, шынымен бұл тариф тек тыныш жерде компьютермен жұмыс істеушілер үшін қолайлы. Ал егер айына бірнеше рет тренинг, жиналыс, сабақ, келіссөздер өткізетін болсаңыз голд карта алғаныңыз дұрыс, мұндай сервис үшін айына 150 мың төлейсіз. Кәсіпкерлер үшін арзан деп ойлаймын. Егер тек бір күнге офис керек болып жатса 2000 теңге төлесеңіз болғаны. Конференц-зал, жиналыс бөлмелері, амфитеатрды да 1 сағатқа жалдасаңыз қалтаңызды көп ұрмайды. Бағалары сағатына 5000 — 15000 теңге.

Қайда орналасқан?
Тәуелсіздік көшесі, 34. Ажар ОСО, 3-қабаты.
Сайттары: multispace.kz (Әзірше тек визитка түрінде тұр, жаңа сайттарын шетелдік компания жасауда. 36 тілде болады деді, тек бұл туралы ешкімге айтып қоймаңыз, жарай ма?)

Фотолары бар ма?
Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Қарапайым жұмыс үстелі

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Салиқалы жиналыс өткізуге болады, салиқасыз да, тек қатты шуламаңыз. (Мафия ойнауға да болады, ешкімге айтпаңыз)

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Конференц зал осындай. Әлбетте проектор мен тақтаны өзіңізбен бірге әкелмейсіз, бәрі бар мұнда

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Мына жерлерде келіссөздер, интервьюлер жүргізуге болады

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Демалыс аймағы (Қызыңыз немесе жігітіңізді шақырып, қандай керемет жерде жұмыс істейтініңізді көрсетіп, салмақты понт ұстай аласыз)

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Бұл сигара бөлмесі. Бұған кіріп көру үшін жақында сигара аламын

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Кофе ішеміз бе?

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Смартфонының қуаты бітіп қалған қонақтарыңыз осы жерлерде отыра тұрса болады

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Бұл мен. Шамамен осы постты дайындап отырсам керек

Фотолар аз десеңіз мына видеоны қарап көріңіз
Әрі қарай

Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім.
Әрі қарай

Ханшатырда «Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапаттау кеші өтеді


Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы тарапынан ұйымдастырылған ТHY және Temtur демеушілігімен жүзеге асырылған «Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапаттау кеші 2012 жылдың 25 қараша күні сағат 14.00-те Қазақстанның ең ірі сауда орталықтарының бірі Хан шатырында бүкіл халыққа есігін ашады.
Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы атынан сізді «Демалыста Түркияда болдым» атты марапаттау кешіне шақырамыз!
Әрі қарай