Abooov - жаңа түрік рестораны


Астанада жаңа түрік рестораны ашылыпты. Бардық, көрдік. Ашылғанына 10 күн болған жаңа мекеннің интерьері ұнамаса да тамағы, бағалары және персонал мен қожайыны Ержан бейдің қонақжайлығы ұнады.

Ержан Бей Түркияның Адана облысынан. Сол өлкенің танымал тағамы Адана кебаб ұсынды бізге.

Әр үстелге мынандай салаттар тегін қойылады. Тек алған тамағыңызға ғана төлейсіз. Салаттар шынымен тегін. Аданада дәстүр солай деді.

Бір адам шамамен 1500 теңгеге тойып тамақ іше алады.

Айрандар түріктердің арнайы жез ыдыстарына құйылады.
Тәттілердің түрлері көп





Тағы бір ерекшелігі — фарш еттартқыш арқылы емес арнайы пышақтар арқылы туралады екен. Өте жұмсақ фарштары. Мынандай тағамдары бар:

Залдары өте кең, темекі тартатындарға арнап бөлек зал ашамыз дейді. Жақында жанды музыка да қосылады. Тағы бір ерекшелігі — түрік арағы Ракы да бар

Мекенжайы: Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 5-үй. «Лазурный квартал» тұрғын үй кешені.

фото: aikarakoz
сұмдыққой
Инфо үшін ырзамыыыз))