Қазақ үшін - ӨЛ!

футбол қарамаймыз поқу футболға, елімізді қолдаймыз тек © asaubota

Кеше Қазақстан-Аустрия арасында ойын болып өтті.
Қазаққа жанкүйер болудан керекшілер де қалыс қалған жоқ.

Алғашқы баннер: «ФУТБОЛ БОЛАДЫ ДЕГЕН СОҢ КЕЛДІК!».

(сапасы үшін хеЧром, баптауларын дұрыс жасамағанымды кейін білдім



Нағыз Қазақ

Екіншісі: ҚАЗАҚ ҮШІН ӨЛ



Үшіншісі: «Берсеңдер, қатынсыңдар!


Соңғысы: Соңғы минутта жіберсеңдер қатынсыңдар



Жеңген жоқпыз, алайда жеңілген де жоқпыз! Есеп: 0:0.

Ұқсас посттар

93 пікір

AL-ASTER
Соңғы минутта шоу жасап жіберді ғой)))
Баннерлер тамаша екен, алыстан жақсы оқылды.
Daniar-Alan
сүгіреттерді ФБ-ға бірден ляқтырып отырдық. Пікір әр-түрлі болды. Біреулер: тамаша, нағыз жанкүйерлер деген секілді пікір білдірсе, біреулер: бұл не масқара,-депті. Ал кейбіреулері тіпті: Олар футболда ғана осылай ярый, Жаңаөзенде не істеп жүрді,-деді. Күлдік те қойдық…
Негізгі мақсат, намыстарына тие отырып, намыстарын қайрау болды…
UMYTYLGAN
намыс қайрау операцияларыңның жемісіғой дим тең түскені, алда тек сәттілік!
Adiletshu
Қатырыпсыңдар
konvict
Керемет шыққан! Өз алаңымыздағы әр ойында осылай жасап отыру керек.
SaZhaM
Жарайсыңдар, жігіттер!!!
AsanQaigy
«Соңғы минутта жіберсеңдер, қазақ үшін өл!»
MickThatsMyNick
Тең ойынға қуанатын дәрежеге жеттік, өз үйімізде кем дегенде бір гол салу керек еді, қорғаныс — тесік, сосын барып қақпашыдан көріп жатамыз. Австрияда тең ойын көрсетсек, міне енді қуануға болады. Баннерді қатырыпсыңдар!
Tyulpan
мұндай батылдық екінің бірінің қолынан келе бермейді. оригинально. мықтысыздар!!!
kaspi_meruerti
Баннерлер күшті екен! Өлтіріпсіңдер
edige
 Енді құрамамен бірге жүрсеңдер намысына тиіп, жақсы болады екен
Abilakim
коментаторлар да қуып кеткен біздің. «Жатып алу керек, уақыт созылсын» деп қыртып отыр. Намыс қайрау деген жоқ.
ал, жігіттердің мына баннерлері тамаша! соны оқып үлгерді ме екен біздің футболшылар?
Gastarbaiter
Енді прагматикалық ойларын дауыстап жатқандары ғой. Мүмкіндіктерін біледі ғо спортшылардың
Armanjan
Екі бірдей комментатор отырғызудың керегі тіптен жоқ екен. Бір-бірімен таласып сөйлегенде не айтып жатқанын ұқпай қаласың. Сосын айтады біреуі — «біздің қақпаға гол соғылатын уақыт екінші таймның басы мен соңы және де қосымша уақытта. Осы кездерде сақ болу керек»-деп. Осындай сөз бола ма екен.
aza
«біздің қақпаға гол соғылатын уақыт екінші таймның басы мен соңы және де қосымша уақытта. Осы кездерде сақ болу керек»
Тссгиннндер))) Таң атпай бір рахаттанып күлівалдым, на)
Daniar-Alan
Тссгиннндер))) Таң атпай бір рахаттанып күлівалдым, на)

олай демид Аза. «журье, епті» — дид мұндайда
aza
Қумаңызшы, Данияр) Ол Алдекеңе тиесілі сөз ғо, журналистің бәрі ұры емес!
Daniar-Alan
журьелық менің ойымша тек ұрлық емес, сонымен қатар САУАТСЫЗДЫҚТАРЫНА да қатысты айтылады…
Daniar-Alan
мәселеңки, өткенде бір аты дардай арна «шімкет» деп жіберді, міне сол, таза журьелық…
Armanjan
Туууу, Дәке қолға бір алсаңыз болды, сізде бір қоймайсыз түбіне жетпей, отырып түсіндіріп, тұрып түсіндіріп.
Daniar-Alan
 тишш… үндеме… адай бауырымның жынына тиватрм…
aza
Лібә, зачем так: Адай, Құдай, мұнай… Мен тек Алдекеңнің сөзін ұрламау керектігін айттым, на… Ну, жарайды, сен Даниярсың ғой, лайктай салайыншы…
Abilakim
"Құрметті футбол жанкүйерлері, бір ұпайларыңызбен!" деп құттықтап қытығымызға тиді ғой далбиндер
Armanjan
мені қызықтырып тұрғаны, ойыншылар премияларын толық алар ма екен ә, есеп ашылған жоқ десе де
Abilakim
орыстар мен португалдықтардың ойынын көріп барып тамашаладым қайта. Әйтпесе жүйкем жұқарып кеткен біздің коментаторлардан
Onlasyn
Бұл ойынды көрмедім шынымды айтсам. Бірақ маған осы Қазақстандық коментаторлар (Асхат Сағынай мен қасындағы орыс) ұнайды (Сетантамен салыстырғанда).
asaubota
ФУТБОЛ БОЛАДЫ ДЕГЕН СОҢ БАРДЫҚ
Біздің құраманың ойынын футбол деп атау қиындау негізі. 3 пас жасай алмайды, комбинация онсыз да жоқ. Орыстар айтады «Бей, беги, иди вперед. Комбинация придет» деп. Бізде де сол, әйтеуір допты өз алаңымыздан алыстату.

ҚАЗАҚ ҮШІН НЕГЕ ӨЛУЛЕРІ КЕРЕК?
Спортшылар үшін Ұлттық құрама деген қасиетті ұғым, формасын кию арман. Ал біздің Құраманың формасын кез келген адам кие береді. Кімдер ойнағанын танымайсыздар да. 11 адамның алтауы Ресей азаматтары, Қазақстан паспортын алып беріп қазақстандық қылып жіберген. Сидельников, Хайруллин, Рожков, Дмитриенко, Коробкин, Богданов. Қалған 5 ойыншы Қазақстанда туғандар. Шетелдіктер әрине тегін ойнамайды, оларға көп ақша төленеді. Бұл құрамадағы қазағы да қазақ емесі де біз үшін, біздің байрақ үшін алаңда өлулері керек!

СОҢҒЫ МИНУТТА ГОЛ ЖІБЕРУ ҚАТЫНДЫҚ ПА?
Әрине! Жалпы соңғы минут емес, бүкіл 90 минут бойы жігерсіз, намыссыз ойын ойнау қатындық. Қатындық жұмсақ айтылған сияқты. Біздің футболшылар неге шетелде ойнамайды білесіз бе? Шетелде Қазақстандағыдай айлық төлемейді көп жерде. Мысалы Бельгия, Голландия, бұрынғы Югославия елдері, Шығыс Еуропа елдері және тіпті Германияның өзінде барлық футболшылар айына 10 мың доллар ала бермейді. Бізде жоғары айлық айына 50-60 мың доллар, сыйақыларын қоспағанда. Орташа есеппен 9-10 мың алады. Сіздер армандай алмайтын ақша. Енді неге осы миллионерлер дұрыстап ойнамайды?
Abilakim
Ұлттық құрама үшін тегін ойнауға да дайын бір де бір футболшы жоқ шығар бізде. Бұлардан көрі Жұбаныш Жексен, Мұқасан деген әншілер бастаған футбол командасын шығарғанымыз дұрысырақ еді.
Onlasyn
Мысалы Бельгия, Голландия, бұрынғы Югославия елдері, Шығыс Еуропа елдері және тіпті Германияның өзінде барлық футболшылар айына 10 мың доллар ала бермейді.
Мен көп алады деп оқып едім «Гол»-дан
asaubota
жұлдыздар көп алады әрине. маған Еуропадағы футболшы айлықтары туралы Германиядағы агент танысым айтты. ал мындағы футболшылардың айлықтары туралы осындағылар айтты.
ruben
енді, мысалға, Компани, Снедер, чДжеко секілді легионер ойыншылар көп алатын шығар. Солардың өз елдеріндегі, ішкі біріншілік, ойыншылары аталған сомадан көп ақша алмайды. Жазылмаған заң: таланттар топ-6 лигаға ауысуға ұмтылады тырысады. Германияның өзінде жарқыраған жас ойыншы ересек келісімшартқа қол жеткізу үшін жағымды пресса мен жанкүйер қолдауын назарда ұстайды. Ал біздегілер ресей фнл-іне де өте алмайды, бірақ ақпанда миллиондық контрактіге қол қояды, маусым басталғанда қалғандарына қояды. Рахат, жат та ақша тап…
Gastarbaiter
Керемет негіздеме.
Спортшылар шынымен де сол үшін ақша алып, өз жеке фамилиясының ғана атынан емес, мемлекеттің атынан шығып отырғандықтан бар санасы мен физикасын ойынға салуы керек екендігімен келісем.
ПС. Айтпақшы, «волевая победаның» қазақшасы қалай?
User
«волевая победаның» білмедім таба алмай отырмын.

Типа былай ғо.2-0 мен ұтылып жатырып,2-3 қылып жібергенді айтатын… Ооой муахаха былай шығар «намыспен жыртып алынған жеңіс»
asaubota
Ұлттық құрамамызда ондай болмаған, сондықтан ондай сөз жоқ
Rafaello
11 адамның алтауы Ресей азаматтары, Қазақстан паспортын алып беріп қазақстандық қылып жіберген.

6 аз, түгелдей қылу керек деген ұсыныс бар.
ruben
Керекше-еркекше, ырыспек! ффк-ға бағытталған мздатый слоган күткен ем, негізі
Abilakim
Бала кезімізде әтеш төбелестіретінбіз. Әтешіміздің удары қатты болсын деп аяғына 24ші, 32 ші гайка кигізіп қоятынбыз. Бір ай гайкамен жүрген әтеш, гайкасын алып төбелеске шығарғанда тепкенін қайта тұрғызбаушы еді. Біздің футболшыларға да осындай бір амалдар жасау керек.
Armanjan
аяқтарына сиырдың асығын байлап па?
ruben
Футболға қатысқанда аяққа «груз» байлатып, 9-этажға лесницамен 3 рет жүгіртіп, түсіртетін тренер. тебуге емес, жүруге айналған аяғына сәл массасы көбірегін байлатады. Шешкенде одан кейін ұшасың, сәлден соң аптаматым паходкы өзгереді
Aikona
 біздің футболшылардың ана соңғы баннерден кейін жүректері ауырған шығар)). Дұрыс, футболистер ойлансын!!! Бекер 300 мың зп берілмейтінін)))
ruben
300 мың зп
 о сабаздар миллиондатады. сіз көрсеткен зп-ны бірінші лигада ортаң қол команда ойыншысы алады. әрине, бонустарды есептемегендегі айлық
Aikona
жоқ ең төменгі ақы ғой мен айтқан
asaubota
айтпақшы ертең Австриямен Австрияда ойнаймыз. бұл жолы айдайтын шығар олар
Armanjan
оны да көрсете ма тікелей?
FaraOn1
журьелік)) тікелейэфир кезінде осы лозунгтар туралы ештеме айтылмады да, көрсетпеді де.
jigit
Бізде бәрі футбол мен киноға жүйрік. Олай ету керек былай ету керек деп қырти береді.Көкелерім ау маған түзу доп тебетін бір қазақты көрсетіңдерші Намыс туралы айтқандардың кейбірімен келісуге болады.
Abilakim
өзбектерді мамалатып жіберген әнебір қазақтар жайлы кім жазып еді? әр ауылда бар тап-тамаша доп тебетін жігіттер, мына қазақтардың (ойын ойнаған) ішінен іздемей-ақ қой.
jigit
Сосын анаумен ойнаса да мынау мен ойнасада ұтылады біздікілер дегенді қояйық.Жақсы сөз жарым ырыс емес пе? Австриядан ұтылмаймыз.Жалпы олардын ойыны құсық
Abilakim
олардікі құсық болса біздікі не болмақ?
jigit
Әрине біздің футболда оңып тұрған жоқ, бірақ өмірінде бір шегені түзу қақпағандар өйту керек бүйту керек деп қыртымаса екен дейсің
Abilakim
үйіне барып қисалаңдап тұрған орындықтарының аяғына шұрып бұрап, шеге қағып бергендей сөйледің-ау…
jigit
Енді аузын орақ кылып жүрген деген мағынада әрине
Marco
Сен араб әнектерін әдемі айтатын сияқтысың!
aza
Бұйда бұру…
«Гол» деген кинода Сантьяго деген басты рөлдегі жігітке Ньюкасл Юнайтедтің бас бапкері: «Арқаңдағы жазудан жүректің тұсындағы жазу қасиетті, ұмытпа осыны» дейді…
edige
Сомалтынның өлмелі арық ағасы өткен жылы грек-рим күресінен бірінші орынды алып, республикалық жарысқа кетіп — көтінші орын әкелген. Әкелері Ғабит — мықты адам негізі… с.satibaldi
Бізде футболға таланқа қарамайтын тәрізді ма қалай…
zholantai
тақырыптағы сызықша мен леп белгіні көріп, түсіне алмай, ентелеп келсем, «Жыртыл Қазақ, жыртыл!» болып жатыр екен ғой, сол 9-10 мыңды беске бөліп, әр жаңа туған нәрестенің шотына салса, сол дұрыс-ақ,(оттамаш, нақ)
Қазақстан футбол құрамасын қазақтан артық ешкім құрай алмайды, ойбүуу
MINbala
тамаша ойластырылған екен…
MINbala
Австрияда Қазақстан ұтып кетсе айды аспанға шығарып… ал Олимп кеңсесі мынандай коэфицент беріп тұр…
П1 1.25 Х 5.5 П2 11
Janasil
ЕСЕП қанша?
ruben
4-ақ 0 боп ұтылдық. Со баяғы 90-минутта да гол жібердік.
Қаншасыншы түрік елі екенбіз Венадан құр қол қайтқан?
asaubota
Австралияның Вене қаласында өткен көгалдағы футболдан Әлем Кубогында 4 те 0 есебімен ұтылған Қазақстан командасы 2014 жылы Бразилия астанасы Риодежанейро өтетін Олимпиада жолдамасынан тыс қалды.
ruben
Өткенде Канадада жүргенде Куба құрамасының ойыншылары құрамадан қашып кеткен-ді. Біздікілер де бірер кенгуру құшақтап опоро театрында қалып қойса деген арман жоқ емес. ФФК да өз кезегінде Еуропаға фортішке ашқан тәтті көкелеріне серік боп қалса…
Aidakonya
оларга коркынышты жазбаларыныз жетиспеди, на расслабоне ойнаган го
asaubota
расслабон болғанда не ғо, 1 күн бұрын ішкен сияқты бұл ептібайымайттар. дым жүгіре алмай құлай береді.
Abilakim
Құбылаға қаратпай-ақ ата салатын ойыншылар ғой біздікілер…
bi2
шығармайтындары жоқ...)))
Marationok
Жігіттер, сендерге рысбек! Өздерін ойнамасаңдар болмайтын сияқты. Анау… кімдер еді, фүтбөлшыларымыз ойсырата жеңіліпті…
b-asan
Ұлттық құрамаға мені де алыңдаршы. Мен де доптан, қарсыластан қорқам, аяғым қисық, жүгіре алмайм, алаңның ортасынан ары бара алмайм… Алдап өту, дриблинг дейсіз ба??? — 1ші рет естіп отырм. Комбинация?? — Ол не, комбайн ба, ее, комбайнды білем, бидай орады. тағы қандай талап бар? Айтпақшы, менің 1 артықшылығым — өз қақпама гол сала алам…
b-asan
Аа, тағы ресейдің паспорты дейсіз ба? Тблисиде туғам, бола ма?
asaubota
Нысана осы баннерлер туралы сюжет түсірді, сенбі күні 17-00де көрсетеді. әр баннер туралы айтып беруіме тура келді. айтпаса болмады, бронепоезда келе жатқандар көп әлі.
Adiletshu
Қай күні, қай каналдан көрсетеді
asaubota
7-арнада, сенбі күні, 17-00де.
Adiletshu
Бізде көрсетпейді 7-арна(
omarbirat
Кейінірек Интернетке де шығуы керек.
ruben
Бронепойызға инет тартылыпты ғой қайта
asaubota
приколды түсінбей бізді жазғырғандар туралы айтам
ruben
түсіндім, негізі. Со жазғырғандар үңгір-сайттарынан шығып, әл.желілер меңгере бастағандығы мені таңғалдырып отыр
asaubota
Неизвестные обстреляли футболистов и тренеров московского «Динамо» из ружей для пейнтбола во время тренировки команды. Об этом сообщает портал «Чемпионат.com». Инцидент произошел 19 октября на территории базы клуба в Новогорске. После окончания занятия неизвестные обстреляли футболистов и тренеров «Динамо», а затем «скрылись в близлежащем лесном массиве». Также на территории базы были разбросаны листовки, которые адресовались иностранным игрокам команды, в частности, Кевину Кураньи, Балажу Джуджаку и Кристиану Нобоа. Текст листовок содержал угрозы и требование «активнее проявлять себя на тренировках и в официальных матчах». Отметим, что это не первый раз, когда болельщики атакуют базу «Динамо». Ранним утром 21 сентября фанаты бело-голубых провели акцию протеста, во время которой они сожгли большое количество файеров, разбросали листовки с обращением к игрокам команды и оставили на асфальте надпись «Не позорьте имя „Динамо“. Старт сезона-2012/13 стал худшим в истории „Динамо“, потерпев поражения шести первых турах. После 11 туров „Динамо“ занимает 13-е место в чемпионате России с девятью очками.

bad blue boys отобрали у футболистов футболки (19/09/2004)

болельщики загребского футбольного клуба „динамо“ во время одной из тренировок выразили свое негодование по поводу неудачного выступления команды. как сообщает novi list, около 50 болельщиков прорвались на поле и потребовали от футболистов немедленно снять клубные футболки, которые, по их мнению, игроки были недостойны носить. в итоге, футболисты заканчивали занятие в простых футболках. // reuters
ruben
Менттерде (динамо) мұны ВОБ басшысы Александр Шпрыгин (фащик, осы көзқарастары үшін отырған да) бастаған топ жасағанын біледі. Бірақ ешкім саусағын қиылдатпайды. Ресейдің атқамінерлерінің мұндай әрекеттен кетәрі емес екенін бәрі біледі. Олардың сотталып келгендері, криминалдан келгендері еркектің тірлігімен айналысады. Ал біздегі криминалдан футболға келген ана қасқа кастөм-шалбар киіп жүргеніне мәз. Уефаның дотациясын өздері ұйымдастырғандай ғып көрсеткеннен әрі аса алмайды.
asaubota
Daniar-Alan
бейнесін қалай табуға болады екен?!.. не деп жеткізгенін…
asaubota
менің агентурамнан сұрап көрейін немесе сен өзіңнің ақтаулық досыңды қос, іздесін ақпарат
omarbirat
Трендке айналып бара жатқан сияқты
Daniar-Alan
"Қазақ үшін өл"-ді солай болады деп күтіп ем…
b-asan
Осы баннер Sports.ru сайтында вы это видели? деген тақырыппен шығыпты.
b-asan
www.sports.ru/tribuna/blogs/mama4h/378656.html мынау ғой деймін
b-asan
Казахи в курсе, что в футболе есть дополнительное время? деп жазыпты бір юзер
Abilakim
Болелы других стран: «Позор Вам, если не забьете Казахам на последней минуте»

деген де бар екен
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.