Сүйгендеріңді сүйе білесіңдер ме?

Кеше машинада келе жатып, радиодан Ғалым Жайлыбай деген ақынның естелігін тыңдадым. Түрлі ойлар кетті. Опшым, бөліспекшімін…
Сонымен Ғалым Жайлыбайдың естелігі…
«Бала кезімнен осы бір көрініс мықты есімде қалыпты. Ауылымызда бір ағай болды, соғыстың алдында үйленіп, содан соғысқа шақырылып, жараланып, біраз құқай көріп, елге оншақты жылдан кейін оралған еді. Сол жылдары сүйіп қосылған жары, шыдамдылықпен оның жолына қарайлаумен күтумен болды. Хош, елге оралғаннан кейін, өзі соғысқа қатысқан әлгі ағамыз оның үстіне соғыста алған контузиясы бар, мінезі жайсыздау болып келді. Бірақ, үйіндегі жары соның бір де біріне қабақ шытпай көтере білді. Оған қоса ағамыз арақ ішеді, көбіне көшеде жүреді және әлсін-әлсін талып, құлап қалатын. Құлағанда да, бірде дұрыс жерде құласа, бірде, шыны айтқанда боқтықтың да, күлдің де үстіне құлап қалған кездері болды. Сол кезде ауыл іші гу-гу өсек қаулайды, кейбір „тілеулестер“ апамызға барып, байың пәлен жерде боқ-боқ болып құлап жатыр деп айтып кетеді екен. Сонда әлгі апамыз, жалма-жан бала-шағасымен жиналып, бағанын, киізін көтеріп, күйеуінің жатқан жеріне барып, сол жатқан жерде үстіне қос тігіп, самаурын қойып, шай қайнатып, отбасымен оның есін жинауын күтіп отыратын. Ағамыз да есін жинағанда қасында жұрттың көзінен тасалап қойып, үсті-басын тазартып, өзінің оянуын күтіп, мұңайып отырған отбасын көріп, жылыұшырап, түзеліп, көпке дейін арағын да ішпей, бала-шағасымен мамыражай тірлік кешетін.»
Қарап отырсаңыз, он жыл бойы сарғайып күткенде, сүйіп қосылған адамы тағдырының талайынан мүлдем басқаша адам болып алдына келгенде, оны сол күйінде қабылдап, және оның кемшілігін бетке басатындарға дәл осылай ақылды әрекетпен жауап беруді өз басым батырлыққа баладым.
Қазіргі уақытта «сүйдім-күйдім» деп қосылып, кейін қарапайым, үйдегі мусорды шығару үшін таластың нәтижесінде ажырасып кететіндер көбейді. Сүйдің екен, қосылдың екен, ендеше бір-біріңді ардақтау да парызың болып есептелетінін ұмытпаған дұрыс секілді…
Әрі қарай

Біздің ауылдағы Наурыз хронологиясы(+фотореп)

Ең алғашқы наурызды қарсы алғаным есімде, 1993 жылдың жазғытұры болатын. біздің жақта табиғат жағдайына байланысты(22 наурызда күн суық, әлі қар жатады) бұрын наурызды тойлауды күн жылып, көк шыққанша дейін қалдырады екен. Ол кезде мен үштен енді шыққан мұрынбоқ баламын. Қазір еске алсам бейне бір осыддан 10 жыл бұрын өткендей елестейді. Өйткені сол уақытта, шашамен 2003-2004 жылдарға қарай ол наурызды Видиктен көргенім бар. Арасында кейбір кадрларда жылт-жылт етіп өзімде жүрмін.
Ол кездегі наурыз ауылдың сыртында, орманның баурайында өтетін. Бүкіл округтағы ауылдардан қонақтар келетін. Қыз сыны, ақындар айтысы сияқты байқаулар мен қазақша күрес, ат жарыс та өтетін. Соның барлығы кинода анық түсірілген.
Әрі қарай

Мұстафа Өзтүрік билеген Қаражорға

Бұрын Түріктердің тарихи Қараоғлан фильмінде ойнаған қазақтар деген жазбамда 1965 жылы бір түрік киносында ойнаған қазақтар және сол кинода биленген Қаражорға туралы жазған едім. Ол кинода Мұстафа Өзтүріктің әкесі ойнаған. Ал, Қаражорға биін Салкүрең күйімен билеген екен.

Стамбулдан Абдулвахап Қара Фейсбукте Мұстафа Өзтүрік ойнаған «Алатай» фидьмінің бір фрагментімен бөлісті. Ол жерде Мұстафа және басқа қазақ жастары Қаражорға билеп жатыр. Қай әуенге екені белгісіз, видеода Қаражорғаның қазіргі әуені қосылған.

Әрі қарай

Аршат Оразовқа (орындауға міндеттегенім емес) қарап шығу үшін хат

Құрметті Аршат Оразов!!! Соңғы кезде осы ауылға мүше болуыма байланысты байқағаным осы тағы да басқа ауылдарды ұйымдастыру белсендісі екендігіңді байқадым. Сондықтан та озық технология маманы ретінде және де мен Мақашқара (бұдан әрі — хат иесі) Сізге бір ұсынысым бар еді.
Қазақ деген ұлтта көкпар деген ойын бар екені баршаңызға мәлім. Сол ойынды қырғыз бауырлар патенттеп алып деп есіттім сукі. Сол ойынды ғаламторда дамытуға бәріміз атсалыссақ жама«ат!!!
Арнайы көкпар.kz ашуға болмаса да басқа бірдеңкелер құруға болатын болар. Менің интернет туралы сауатымның төмендегіне байланысты Сізден жік жапар болып кешірім өтінемін…
Әрі қарай

Мемлекеттік сатып алу туралы

Құрметті жама'ат!!! Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303 Заңына сәйкес осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуға болады екен:
1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;
5) тауар биржалары арқылы.
Осы амалдардың ішінде «тауар биржалары туралы» не білесіздер? былай қарағанда көп тәсілдердің ішіндегі осы тәсілге бүйрегім бұрып тұрады…
Әрі қарай

Танымал боксшы Дэвид Хэй исламға кіріп шықты


WBA версиясы бойынша әлем чемпионы Дэвид Хэй өткен аптада ислам дінін қабылдағанын жария еткен болатын. Бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісімен әлемге жар салған Хэй кеше исламнан шыққанын мәлімдеді. Он мыңдаған ретвит жасалып, бір мезетте миллиондаған фанат жинап үлгерген боксшыға қазір әлемторда лағынеттер жаууда.
Әрі қарай

Орташа Есеппен Қазақ Пульті



— Сыртындағы целлофан қабы ұзақ уақыт шешілмейді.
— Батарейкасы толық өлгенше пайдаланылады, күші әлсіз кездерде қолды барынша ұзатып басылады.
— Ең әлсіз тұсы — артындағы батарейка салынатын жері. Ол жер скочпен оралады.
— Балалардың ойыншығы: ауызға салынады, неше түрлі түймелері басылып көріледі байқамай.
— Үйдегі жиі жоғалатын заттардың бірі. Әдетте диван, төсектің артына түсіп кетеді. Жастықтың астында жатады.
— Түймелерінің біразы басылмайды, өйткені не үшін тұрғандары түсініксіз.
— Жастары бар үйлерде әдетте ТВді соңғы сөндірген адам күнәсіз бір каналға қойып барып сөндіреді.
— Пульт — биліктің символы. Осы үшін балалар мен үлкендер, ерлі-зайыптылардың арасында жанжалдар шығып жатады.
Әрі қарай