Орташа Есеппен Қазақ Пульті
— Сыртындағы целлофан қабы ұзақ уақыт шешілмейді.
— Батарейкасы толық өлгенше пайдаланылады, күші әлсіз кездерде қолды барынша ұзатып басылады.
— Ең әлсіз тұсы — артындағы батарейка салынатын жері. Ол жер скочпен оралады.
— Балалардың ойыншығы: ауызға салынады, неше түрлі түймелері басылып көріледі байқамай.
— Үйдегі жиі жоғалатын заттардың бірі. Әдетте диван, төсектің артына түсіп кетеді. Жастықтың астында жатады.
— Түймелерінің біразы басылмайды, өйткені не үшін тұрғандары түсініксіз.
— Жастары бар үйлерде әдетте ТВді соңғы сөндірген адам күнәсіз бір каналға қойып барып сөндіреді.
— Пульт — биліктің символы. Осы үшін балалар мен үлкендер, ерлі-зайыптылардың арасында жанжалдар шығып жатады.
пысы: өз үйімде тв болмайды
көбінесе бұл функциямды пульт табылмаған немесе алыс орналасқан кезде іске қосамын.
Бұқаның ақпарат құралының ішінде ең тәуірі кәзіт ау деп ойлаймын, пульт-сульт, пласкобыс-сласкобыс керегі жоқ сукі…
Таныс жағдай
Бұрын адамдар тірлік ету барысында денесін шынықтырушы еді.
Кейін адам Табиғат мақаннан безіп, физикалық еңбекті азайтатын құрылғылар жасап ғасырлар бойы зайыбы шықты, содан кейін 20-ғасырдың екінші жартысында керісінше тек денені шынықтыруға арналған күрделі құрылғылар шығара бастады.