Танымал боксшы Дэвид Хэй исламға кіріп шықты


WBA версиясы бойынша әлем чемпионы Дэвид Хэй өткен аптада ислам дінін қабылдағанын жария еткен болатын. Бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісімен әлемге жар салған Хэй кеше исламнан шыққанын мәлімдеді. Он мыңдаған ретвит жасалып, бір мезетте миллиондаған фанат жинап үлгерген боксшыға қазір әлемторда лағынеттер жаууда.

Дэвид Хэй «The Evening of Liverpool» газетіне берген сұхбатында былай дейді:

— Исламның менің өмірімдегі орны ерекше. Талай танымал тұлғалар осы дінді ұстанды, оның ішінде боксшылар да бар. Мен де исламды қабылдағаным туралы мәлімдеме жасағаным рас. Алайда, мен бұл дінде алкоголь, некеден тыс жыныстық қатынас және тағы кейбір әрекеттерге тыйым салынғанын білмедім. Сондай-ақ күніне 5 рет міндетті түрде намаз процедурасы бар екен. Асығыс шешім жасағанымды мойындаймын. Ертеңнен бастап Будданы қабылдаймын деп жоспарлап жатырмын. Қазір менеджерлерім осы дін туралы ақпарат жинауда, өткен қателіктің қайталанбауы үшін.
Бөлісу:

25 пікір

Zako
Уағызын қуаттау үшін Майк Тайсонның бұатағын орынсыз қыстырып жіберетіндерге сабақ болсын )
asaubota
Будда да қиындау. ең оңайы христиандық. тіпті түк қиындық жоқ деуге де болады.
Abilakim
крестті сүйесің де жүре юересің…
timurrr
Zevs
діннің оңайы болушы ма еді????????? әрбіреуінің артылар салмағы бар ғой! олай жасағаны ұят болған екен! Миға сымймайды! Мұсылман дінін қабылдардан бұрын қайда қараған?????????????????????????
kokbori
Тіл тигізбе, нақ, ізгі ниетті Буддистерге. Білмей қалған ғой
Simona
ең оңайы христиандық.

Қaй христиaндық? Кaтоликтерде aжырaсу деген жоқ, 1 ғaнa aдaммен өмiр бойы некеде болуың пaрыз, нaқсүйерiңмен бiрге тұру деген жоқ, көгiлдiрлер aнaу-мындaуды қaбылдaмaйды.
nurkanibek
егер будданы толык устанатын болсан ен киыны сол / дэвид хэй будда да ет жеуге болмайды дегенди естигенде не истейди екен?/ христиан мен будданы толык устанатын болсан кызга бармак тугили омир бойы уйленуге болмайды
timurrr
 Бүгінгі керектегі комментімнің барлығы тек күлкіден құралды
Gulistan
Ертең осы пост бір газетте жарияланып жүрмесін
asaubota
үркіттің, тым жақсы ауға түсіп жатқан сазандарды
meirzhan
Сізде де Законың синдромы бар ма?
konvict
 Девтд Гейдікі дұрыс болмаған екен
Argyn
Сол үшін дана қазақ 7 өлшеп бір кес деген))) Ислам кіріп шығатын ойыншық емес екенін оған өмір өзі көрсетер
satvaldo
Малколм икс өлгеннен кейін қара нәсілділердің исламды қабылдауынан басқаларға тиер зиян жоқ…
Gastarbaiter
Исламға әр танымал адам әртүрлі жолмен келеді.
Шынымды айтсам, сол Исламға келу жолдары да өздерінің өмір жолы сияқты пафос пен эпосқа толы боп жатады.
МӘселен, Жак Ив Кустоның құлақ құрты болған бір жерде тұрып араласпайтын тұзды мен тұщы суын көріп, көті басы мұздап құлдық ұра кетуі.
Алғ(қ?)аш айға қонған ғарышкер (орыс ақпараттары бойынша, ай түгілі сайға қонғабаған алаяқтар) Мысыр еліндегі конференцияда азанды естіп, есіне ғарышта естіген әуен келіп, тұла бойы дірілдеп, сәждеге жығыла кетуі…
Мохаммед Әли, Майкл Джексон (Тасын тартып билеу әдісімен қатар балаларды «жақсы көретінімен» белгілі), Майк Тайсон (талантты боксер, зорлағыш, құлақ жегіш маньяк)…
Әжесс-ай, бізге өңіміз түге, түсімізге де Исламға куәлік болар аян да, НЛО-ға дәлел болар Саян да кірмейді. Мен мәжгүнге «Аллалаған» сиырларды бейнероликтен көру бақыты ғана бұйырған ау шамасы.
meirzhan
Кім болса да, қандай жолмен болса да, ең бастысы — исламға келді ғой. Бұнда нәтижесі маңызды. Және де Мәке бауырымыз әлгі құлақты исламды қабылдағаннан кейін жеген жоқ қой!
Ал пафостың болуы — олардың әлемге әйгілі болуымен байланысты, олар қаласа да, қаламаса да әлемдік қауымдастық (БАҚ) олардың өміріндегі кез-келген оқиғаға елең етеді. Ал дінін ауыстырса, тіпті.
Gastarbaiter
MTV селебритидің тышқан боғын әңгімелеуі мен қауымдастықтарға дін насихаттау үшін арзан пиарға жүгінуінде айырмашылықты ажырата алмасаң не
дейін саған, қай жағына болайын? Қай жолмен келгені маңызды емес?! Кетшнах, ауышад шығарсың сен.
asaubota
мынау да соны стеб қылып тұр ғой өзінше. дінді өздеріне пиар қылатындарын.
muratbekalatyraui
Е бұл соңында аттейст болып тынатын шығар
bizbike
авторына қарап ақ күмәндандім