Біздің ауылдағы Наурыз хронологиясы(+фотореп)
Ең алғашқы наурызды қарсы алғаным есімде, 1993 жылдың жазғытұры болатын. біздің жақта табиғат жағдайына байланысты(22 наурызда күн суық, әлі қар жатады) бұрын наурызды тойлауды күн жылып, көк шыққанша дейін қалдырады екен. Ол кезде мен үштен енді шыққан мұрынбоқ баламын. Қазір еске алсам бейне бір осыддан 10 жыл бұрын өткендей елестейді. Өйткені сол уақытта, шашамен 2003-2004 жылдарға қарай ол наурызды Видиктен көргенім бар. Арасында кейбір кадрларда жылт-жылт етіп өзімде жүрмін.
Ол кездегі наурыз ауылдың сыртында, орманның баурайында өтетін. Бүкіл округтағы ауылдардан қонақтар келетін. Қыз сыны, ақындар айтысы сияқты байқаулар мен қазақша күрес, ат жарыс та өтетін. Соның барлығы кинода анық түсірілген. Әсіресе Алтыбақан тепкен жері әдемі. Ол керемет Алтыбақаннан ауылдың жылқышысы балаларына качеля жасап берді. Ал кинодағы орын «Алтыбақан» деп аталып қалды. Ол енді оқушылардың походқа шығатын жеріне айналды.Қалтафон, Агент пайда болғалы бері ол да ескілікке кетті.
Бір қарап отырсам кинодағы наурыз бен қазіргі ауылдардың мейрейлі даталарын(70 жылдығы т.б.)тойлап жүргеннен еш айырмашылығы жоқ сияқты. Екеуі де далада өтеді, ат жарыс, айтыс, қазақша күрес те бар. Киіз үйлер міндетті түрде тігілген. Алтыбақанда тұр. Тек ауылдың тойында қыз сыны өтпейді.
Мысалы былтыр менің ауылымның(Бостандық деп аталады) 80 жылдығы өтті. Содан фоторепортаж(суретті түсірген Амангелді Бекмұратов)
Бұлар кезінде ауылды шулатып тұрған әртүрлі инструментте ойнайтын ансамбль болатын.
Оң жақтағы братишкем менің)))
Маған бұл той онша ұнамады. Ұйымшылдық танытпағаннан кейін, атүсті өте салды. Для галочки))) Ал 93 жылдағысы көрген сайын көргің келе береді.
Сосын 98 жылдардағы наурыз есімде. Ол кезде енді уақытында тойлайтын болды. Яғни 22 наурыз күні. Дала кейде саз, кейде боран. Бұрынғыдай ауылдың сырты деген жоқ. Клубтың алды. Өтетін шаралар: концерт, ат жарысы сәнді әбзелдер мен жылқылардың мода күрсетуіне ұласты))), кейде айтыс та өтіп тұрды, қыз сыны да бар, лоторея, столбыға өрмелеу(басында сыйлық ілініп тұрады) және т.б. Сонымен қатар көше-көше болып жарысатын. Есімде қалғаны өнерлерін көрсетеді, наурыз көже жасайды, спорттық шаралар. Біршама қызық болатын.
2000 жылдардан кейін Наурыз деген мектепішілік іс шараға айналды. Белсенді адам табылса клубта концерт өтеді. Әлі күнге дейін сол.
ПыСы: қаладағы наурызды айтсам құсып қоямын ба деп қорқамын. Жалғыз ұсынысым Бразилиядан үлгі алу керек. Олар өздерінің «Карнавалдарын» өткізу үшін бір жыл бұрын ақшаларын бөліп, тендерді ұтып алған компанияға береді екен. Сосын олар тек жыл бойы осы мәселемен айналысады. киімдерін тоқиды, әртістер жалдайды, жылжымалы қуыршақтарын істейді.
Бізде де Елордадағы концертті солай істесе, ал облыс орталықтағыларға екі ай не үш ай уақыт берсе. Кеше қалалық МҮнің бастығымен сөйлескенімде бір ай бұрын дайындықты бастайды екен. Бірақ олар абыр-сабыр болып күнде бір іс-шара өткізіп жатады, оның үстіне тексерістері бар, очм «мұрындарынан қан кетіп» әзер үлгереді екен. Бүйтіп өткізгенше бөлінген ақшаны жетімдерге берсін!!! Төл мереке болғасын аянбай, шетелдіктерге ұялмай көрсететіндей ету керек қой
Ол кездегі наурыз ауылдың сыртында, орманның баурайында өтетін. Бүкіл округтағы ауылдардан қонақтар келетін. Қыз сыны, ақындар айтысы сияқты байқаулар мен қазақша күрес, ат жарыс та өтетін. Соның барлығы кинода анық түсірілген. Әсіресе Алтыбақан тепкен жері әдемі. Ол керемет Алтыбақаннан ауылдың жылқышысы балаларына качеля жасап берді. Ал кинодағы орын «Алтыбақан» деп аталып қалды. Ол енді оқушылардың походқа шығатын жеріне айналды.
Бір қарап отырсам кинодағы наурыз бен қазіргі ауылдардың мейрейлі даталарын(70 жылдығы т.б.)тойлап жүргеннен еш айырмашылығы жоқ сияқты. Екеуі де далада өтеді, ат жарыс, айтыс, қазақша күрес те бар. Киіз үйлер міндетті түрде тігілген. Алтыбақанда тұр. Тек ауылдың тойында қыз сыны өтпейді.
Мысалы былтыр менің ауылымның(Бостандық деп аталады) 80 жылдығы өтті. Содан фоторепортаж(суретті түсірген Амангелді Бекмұратов)
Бұлар кезінде ауылды шулатып тұрған әртүрлі инструментте ойнайтын ансамбль болатын.
Оң жақтағы братишкем менің)))
Маған бұл той онша ұнамады. Ұйымшылдық танытпағаннан кейін, атүсті өте салды. Для галочки))) Ал 93 жылдағысы көрген сайын көргің келе береді.
Сосын 98 жылдардағы наурыз есімде. Ол кезде енді уақытында тойлайтын болды. Яғни 22 наурыз күні. Дала кейде саз, кейде боран. Бұрынғыдай ауылдың сырты деген жоқ. Клубтың алды. Өтетін шаралар: концерт, ат жарысы сәнді әбзелдер мен жылқылардың мода күрсетуіне ұласты))), кейде айтыс та өтіп тұрды, қыз сыны да бар, лоторея, столбыға өрмелеу(басында сыйлық ілініп тұрады) және т.б. Сонымен қатар көше-көше болып жарысатын. Есімде қалғаны өнерлерін көрсетеді, наурыз көже жасайды, спорттық шаралар. Біршама қызық болатын.
2000 жылдардан кейін Наурыз деген мектепішілік іс шараға айналды. Белсенді адам табылса клубта концерт өтеді. Әлі күнге дейін сол.
ПыСы: қаладағы наурызды айтсам құсып қоямын ба деп қорқамын. Жалғыз ұсынысым Бразилиядан үлгі алу керек. Олар өздерінің «Карнавалдарын» өткізу үшін бір жыл бұрын ақшаларын бөліп, тендерді ұтып алған компанияға береді екен. Сосын олар тек жыл бойы осы мәселемен айналысады. киімдерін тоқиды, әртістер жалдайды, жылжымалы қуыршақтарын істейді.
Бізде де Елордадағы концертті солай істесе, ал облыс орталықтағыларға екі ай не үш ай уақыт берсе. Кеше қалалық МҮнің бастығымен сөйлескенімде бір ай бұрын дайындықты бастайды екен. Бірақ олар абыр-сабыр болып күнде бір іс-шара өткізіп жатады, оның үстіне тексерістері бар, очм «мұрындарынан қан кетіп» әзер үлгереді екен. Бүйтіп өткізгенше бөлінген ақшаны жетімдерге берсін!!! Төл мереке болғасын аянбай, шетелдіктерге ұялмай көрсететіндей ету керек қой
Суреттер күшті екен, табиғаты әдемі жер сондай…
Бала кездеріңізді бір еске алып алыңыздар!