Мемлекеттік сатып алу туралы

Құрметті жама'ат!!! Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303 Заңына сәйкес осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуға болады екен:
1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;
5) тауар биржалары арқылы.
Осы амалдардың ішінде «тауар биржалары туралы» не білесіздер? былай қарағанда көп тәсілдердің ішіндегі осы тәсілге бүйрегім бұрып тұрады…
Бөлісу:

22 пікір

a63a1
сукіні сукі сукілеп сукілеймізғой, енді ол сукінің сукісін сукілегенше сукіміз шығып қалар деген ойдамын
KILYZAMAN
Келелі істі керітартпалатын келесаулық жолдарының бірі… Баяғы жартас, сол жартас емес. Ұлғайып барады…
Makashkara
 жама, ат!!! пікірлеріңізді жақсы нәрсеге болжағанмен жайына түспей жатыр…
Marationok
Сатып алу мен биржі бөлек түсініктер, сатып алуда ақшаны жуып шайуға болады.
Makashkara
Сатып алу мен биржі бөлек түсініктер, сатып алуда ақшаны жуып шайуға болады
Маратионок!!! Соңғы ресми мәліметтерге қарағанда биржаның осы мем.сатып алу функциясы өз күшін жояды деген ақпар таралуда, бұл жаында не айтар едің???
Marationok
Бұл жайында, ресми бүйрықтың көшірмесі, және ресми сілтеме бар ма деп айтар едім?
bazuka
иә тауар биржалары арқылы дұрыс
Makashkara
Бұл жайында, ресми бүйрықтың көшірмесі, және ресми сілтеме бар ма деп айтар едім?

Marationok!!! Салмақты сұрау. Бұл мәселе жөнінде айтатыным Қазақиядағы санаулы баржалардың штаб пәтеріндегі бөлмелердің бірімен хабарласқанымда Гүлнәр деген маман ба, бас маман ба біреуі пәндельнік күні есіме салшы, саған берем деген еді, бірақ әлі бермей жүр…
Serzha
биржалар арқылы мемл. сатып алу тек бекітілген тізім бойынша және саны бойынша алынады, олар бидай, мұнай өнімдері сияқты тауарлар. былай басқа тауарларды алу заңсыз
Makashkara
Serzha онда Your text to link... r-h3g сайтындағы саудалар нені білдіреді.
Маратионок бұйрық көшірмесі
Serzha
заңды ашып қара, анық жазылып тұр, тек тізім бойынша
Serzha
соңғы өзгерістер бойынша жылдық көлемі 161800 тнг аспайтын тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды тікелей сатып алуға болады
satibaldi
бір көзден алу;
Циклоптар заманынан қалған сарқыншақ әрекет болса керек…
Serzha
закуп способом из одного источника дегеннің айдармасы
Marationok
Биржалық сауда-саттықтың тиімділігі

Еркін баға жасалымы
Нарықтық конъюнктураға байланысты биржа сұраныс және ұсыныс негізінде тауарға нақты бағаны белгілеуге мүмкіндік береді
Сатып алушы мен сатушыға бәсекелес орта қалыптастыру
Әр позиция бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысу, бірнеше брокер мен дилер жабдықтаушыдан болсын, сатушыдан болсын бірдей талаппен қатыса алады, бұл сауда-саттықты Жеңіл бәсекелестік негізінде, пайдалы бағамен тауарды алуға және сатуға мүмкіндік береді.
Тауарды потенциалды тұтынушылар мен жеткізушілерді іздеу іс- шараларын қарапайымдылату
Биржалық сауда-саттық, уақытты үнемдеуге көмектеседі, себебі алушылар (сатушылар) және олардың брокерлары/дилерлары бір тауар алаңында болады
Қысқа уақыт аралығында мәмілелердің көлемді мөлшерін жасау мен рәсімдеу
Биржалық сауда-саттық барысында бір немесе бірнеше контрагенттермен бірнеше минут ішінде биржа мәмілесінің шарттарын белгілеп, сонымен қатар қорытынды мәмілеге қажетті құжаттарды рәсімдеуге болады
Сату-сатып алу шарттарының стандартты формасы
Биржалық мәмілелерді рәсімдеу үшін биржаның стандартты сауда-саттық келісім-шарты қолданылады, бұл биржалық тауардың, биржалық сауда-саттықтағы ерекшелігін ескереді. Әзірленген құжат түрлері, практикада көптеген сұранысқа ие болып, мүмкіндік бойынша іске асуда
Биржаның клирингілік орталығы арқылы міндеттемелерді орындалуын қамтамасыз ету мен есеп айырысу
Биржа қатысушылары, биржа мәмілесі бойынша мүмкіндіктердің іске асуын қамтамасыз ету үшін, (брокерлері, дилерлері және олардың клиенттері (жабдықтаушы мен алушылар)) өзара есеп айырысу барысында биржаның клиринг шотымен және клиринг орталығының кепіл құжат беру арқылы басқа да құралдарын пайдалануға болады
Биржалық сауда-саттықтың ережелеріне сәйкес биржалық мәміле міндетерінің іске асуына көптеген құралдарды қолдануға болады:
-кепілақы (қолма-қол және ақшасыз),
— банк кепілі/ қаражат мекемелері
— сақтандыру куәлігі
— қаражат (наличные и безналичные), Биржалық тауардың құнына жететіндей, биржаның клиринг шотына салынған қаражат
— ҚР заңнамасына қайшы келмейтін қамтамасыз етудің өзге түрлері

Биржалық мәмілеге қатысты дау-дамайларды биржалық арбитраж арқылы шешу
Биржаның қорытынды мәміле міндеттерінің іске асу жолында пайда болатын дау –дамайлар, биржалық арбитраж «Аралық сот туралы» ҚР заңына сәйкес брокер/дилер және олардың клиенттерін (сатушы алушы) азаматтық және экономикалық сотқа барудан құтқарады
Тауар сапасының биржалық сараптамасын ұйымдастыру
Биржалық сауда-саттыққа шығарылған тауардың сапасына қойылатын шартсыз міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету жолында, биржа тәуелсіз эксперттік ұйымдармен ынтымақтастық туралы мәміле құрылады, бұл брокерларға/дилерларға және олардың клиенттеріне (сатушы алушы) олардың қызметтерімен және қажетті әдіс туралы қорытынды алуға мүмкіндік береді
Клирингілік операция бойынша кепілдік меншік, биржалық тауар бағалануын ұйымдастыру
Биржа мәмілесі бойынша шартсыз өзара есеп айырысуды іске асыру үшін және мәміле міндеттерінің орындалуын іске асуын қамтамасыз ету үшін, биржада кепіл ақы қолданылады, сонымен қатар мүлік, мүлік меншіктігін растайтын құжаттар, қоймалық, т.б. құжаттар биржаның клиринг орталығына ұсынылады
ҚР заңнамасына сәйкес биржа кепіл ақы құжаттары негізінде брокерларға/дилерларға және олардың клиенттеріне (сатушы алушы) мәміле жасауға мүмкіндік береді
Биржалық транспорттық логистиканы ұйымдастыру
Биржалық сауда-саттықта алынған тауарды жоғарғы сапада тасымалдап жеткізу үшін, биржа Қазақстан нарқындағы белгілі операторлармен келісім жасайды
Биржалық тасымалдаушы ретінде олар өз клиенттеріне көлікті-экспедиторлық қызметті, өзара ұтымды шарт бойынша жасай алады
Биржалық қоймалық логистиканы ұйымдастыру
Биржалық сауда-саттықта алынған тауарды жоғарғы сапада сақтау үшін, биржа Қазақстан қойма нарқындағы белгілі операторлармен және қойма иесімен келісім жасайды
Биржаның қоймалық логистикалық құрылымы ретінде олар өз клиенттеріне қоймалық қызметті, өзара ұтымды шарт бойынша жасай алады
Биржаның транспорттық, қоймалық логистикасы бойынша биржалық сауда мүшелері үшін биржалық қорғаныш қызметін ұйымдастыру
Биржалық сауда-саттықта алынған тауарды жоғарғы сапада сақтау үшін және қоймада, көлікте сақталған тауарға, биржа Қазақстанның белгілі күзет қызметкерлерімен келісім жасайды
Биржаның күзеттік құрылымы ретінде олар өз клиенттеріне күзет қызметін, өзара ұтымды шарт бойынша жасай алады
Биржаның Call- орталығы арқылы тауар биржасы бойынша сауалдарға кеңес-жауаптар
Биржа клиенттеріне өз сұрақтарына телефон арқылы немесе биржаның интернет-ресурсы арқылы және де биржа қызметкерлері(юрист, маклер, эксперт-тіркеуші, клиринг орталығының маманынан т.б.) сонымен қатар биржалық алаңға сауда-саттықтың барлық түрінен өтетін және қандай әдіспен өтетіні туралы (дауысты, электронды-дауысты, электронды) ақпарат ала алады.
Баға белгіленімі мен бағалық
Биржалық тауардың бағасы ҚР баға белгіленімі мен бағалық туралы заңына сәйкес анықталады.
Мемлекеттік көтере сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру
ҚР заңнамасы шаруашылық субъектерге биржа алаңындағы электронды-сауда жүйесін қолдану арқылы, мемлекеттік сауда-саттықты жасайды
Тапсырыс беруші үшін биржалық алаң тегін және оның брокері өз қызметі үшін биржа табысынан сыйақы ала алады, ал тапсырыс беруші өткен биржалық сауда -саттықта үнемделген қаражаттан сыйақыны төлей алады.
Жабдықтаушы үшін биржалық алаң өз шығындарын биржалық алаң арқылы үнемдеп, өз брокерлары арқылы бірдей шартта мемлекеттік сауда-саттыққа қатыса алады.
Serzha
биржа қажет емес
Marationok
Неге сұлуым?
Serzha
мемлекеттік сатып алуда коррупцияның нағыз қайнар көзі
Marationok
дұрыс қой, бірақ халық сонда қалай еңбек етеді? Біздің елде, ел де жоқ, алтернативті басқа салалар да жоқ, тізгіннің бәрі мемлекет қолында.
bazuka
сізбен келісемін