Сүйгендеріңді сүйе білесіңдер ме?
Кеше машинада келе жатып, радиодан Ғалым Жайлыбай деген ақынның естелігін тыңдадым. Түрлі ойлар кетті. Опшым, бөліспекшімін…
Сонымен Ғалым Жайлыбайдың естелігі…
«Бала кезімнен осы бір көрініс мықты есімде қалыпты. Ауылымызда бір ағай болды, соғыстың алдында үйленіп, содан соғысқа шақырылып, жараланып, біраз құқай көріп, елге оншақты жылдан кейін оралған еді. Сол жылдары сүйіп қосылған жары, шыдамдылықпен оның жолына қарайлаумен күтумен болды. Хош, елге оралғаннан кейін, өзі соғысқа қатысқан әлгі ағамыз оның үстіне соғыста алған контузиясы бар, мінезі жайсыздау болып келді. Бірақ, үйіндегі жары соның бір де біріне қабақ шытпай көтере білді. Оған қоса ағамыз арақ ішеді, көбіне көшеде жүреді және әлсін-әлсін талып, құлап қалатын. Құлағанда да, бірде дұрыс жерде құласа, бірде, шыны айтқанда боқтықтың да, күлдің де үстіне құлап қалған кездері болды. Сол кезде ауыл іші гу-гу өсек қаулайды, кейбір „тілеулестер“ апамызға барып, байың пәлен жерде боқ-боқ болып құлап жатыр деп айтып кетеді екен. Сонда әлгі апамыз, жалма-жан бала-шағасымен жиналып, бағанын, киізін көтеріп, күйеуінің жатқан жеріне барып, сол жатқан жерде үстіне қос тігіп, самаурын қойып, шай қайнатып, отбасымен оның есін жинауын күтіп отыратын. Ағамыз да есін жинағанда қасында жұрттың көзінен тасалап қойып, үсті-басын тазартып, өзінің оянуын күтіп, мұңайып отырған отбасын көріп, жылыұшырап, түзеліп, көпке дейін арағын да ішпей, бала-шағасымен мамыражай тірлік кешетін.»
Қарап отырсаңыз, он жыл бойы сарғайып күткенде, сүйіп қосылған адамы тағдырының талайынан мүлдем басқаша адам болып алдына келгенде, оны сол күйінде қабылдап, және оның кемшілігін бетке басатындарға дәл осылай ақылды әрекетпен жауап беруді өз басым батырлыққа баладым.
Қазіргі уақытта «сүйдім-күйдім» деп қосылып, кейін қарапайым, үйдегі мусорды шығару үшін таластың нәтижесінде ажырасып кететіндер көбейді. Сүйдің екен, қосылдың екен, ендеше бір-біріңді ардақтау да парызың болып есептелетінін ұмытпаған дұрыс секілді…

бірақ ептібайымайттардың махаббаты өсе келе өзгеріп кетеді. шоколад, ойын т.б нәрселерге сатылып кетеді. солармен өлшеп жақсы көреді
(Каспий банк, епті)мүмкін Сізге Социалистік Еңбек Ері атағын берсем, қалай?» депті. Сонда, НАН «Біздің елде, менен басқа бұл атаққа сай адамдар бар» деп, Бибігүл Төлегенованы ұсыныпты… Моралін өздерің табыңдар еу…(дәл қазір бас ауртпайтын, кез келген жеңіл қазақша әзілге күле алатындай режимде отырмын, бас дым істеп тұрған жоқ. организм чипс пен салқын сыра сұрайды)
Не ғо, арнайы шақыртумен келетін нәзік жыныстылардың ішкі ойы сияқты естіледі екен…
Әйелдерде де бақпай кетіп қалғандар жетеді.
Соғыс майданында жарқылдаған адам бейбіт өмірге икемсіз болуы мүмкін, немесе керісінше.
Жақсы жігіт/жақсы әйел қай кезде де дефицит болған.
Өз ойым арақты уайымнан емес, қуаныштан ішу керек. Немесе ішпеу керек мүлде
қазақжігіттердің ең әлсіз тұсы — мақтасаң болды ғой, шіркін. аттың басын жібереді…шынайымахаббат бар қазірде…