уақыт машинасы

Рен ТВ каналынан аты есимде жоқ бір бағдарлама көрдім. Тылсым дүние деген дұрыс болар, қаншалықты ғалымдар тұжырымдарын айтып жатса да. сонымен бирден көргеніме көшетін болсам, 2008 жылы альпинистттер қай жақ екені есімде жоқ бір таудың басынан, мұз боп қалған денені тапқан екен ойлауларынша 1 жыл бұрынғы, бірақ тексеріс нәтижесі олардың ойларын жоққа шығарған. Әлгі дене италия ұлтынынң адамыныкі және қазіргі заманның адамы бірақ 5000 жыл бұрын қайтыс болған екен. Ғалымдардың айтуынша уақыт машинасы болған дейді бұрынғы заманда. Бұл басы сонымен қатар динозаврлардың ізімен бір мезгілде қалтырылған адам ізі тбылыпты, бұл қалай болғаны 100 000 000 жыл бұрынғы өмір сүрген динозаврлармен бір уақытта қалайша адам ізі болған. Сонымен қатар Қытайдын ең бірінші императорының мәйітін тексеріпті таяуда, табыттын ішінен швейцариялық қол сағат табылыпты, ол заманда болса тек құм сағат болуға тиісті еді ғой. Сонда уақыт машинасы шынымен болғаны ма? Ғалымдардың айтуынша адамдар өткен мен болашақ арасындағы сапарларының арқасында біздің әлеміміз бірнеше рет курделі өзгеріске ұшыраған дейді… Осы бағдарламаны көре отырып, бұрындары оқыған бір кітап есіме түсті онда титаник батпас бұрын 1898 жылы Морган Робертстің титан атты кеме туралы жазған романы айтылған. Өлшемі, адам сандары, бату себебі бәрі титаникпен сәйкес. Титаник 1912 жылы батты…
Әрі қарай

Фантаст жазушылар көріпкелділігі. Артур Кларк

Артур Кларк фантаст жазушы геостационарлық жер серігі, интернет пайда болуын болжаған деседі. Әңгімелеріне осындай критик пікірін оқығаннан кейін қызығушылық танынытып бір әңгімесін оқи бастадым.
Араларыңызда осы автордың шығармашылығына қызушылық білдіргендеріңіз болса «2001: Одиссея бір» (2001: A Space Odyssey) атты әңгімесінен үзіндіні аударып назарларыңызға ұсынып отырмын. Әңгіменің бас кейіпкері доктор Хейвуд Флойд шаттл (космстық кеме) ішінде Айға сапар шегіп барады. Сонымен доктор Флойд:
«Айға мен жер арасындағы сапарда іші пысқан жоқ (1969 жылы Apollo 11 3 тәулікте айға жетті, әңгіме болса 1968 жылы жарық көрді). Ресми баяндамаларды, протоколдарды, еске түсіруге арналған жазбаларды оқып жалыққан соң, «газеттік планшетті» (қазір біз оны «электрондық кітап» планшеттері ретінде білеміз) кеменің ақпараттық желісіне қосып, әлемнің ең ірі электрондық газет басылымдарын көре бастады (қазір қағаз бетіне басылып шығатын газеттердің электрондық үлгісі бар және электронды газетке де жазылып алуға болады). Электронды газеттің кодтық белгіленуін жатқа білетіні соншалықты планшеттің артқы қабырғасында жазылған тізіміне қарамады.
Планшеттің қысқа мерзімді есте сақтау құралын іске қосып (қазіргі кездегі флэш еске сақтау құралы), кезекті газеттің бетін экранға тоқтатты. Әр мақаланың атауына көзін жүгіртіп, өзіне ұнайтындарын белгілеп алды, ұзын атауынан басқа қысқа екі таңбалы саннан тұратын кодпен анықталатын. Осы кодты планшеттің клавиатурасында терсе болғаны мақаланың кішкене болып көрінген төртбұрыш беті жазуға арналған ақ беттің үлкеніндей болып, планшеттің бүкіл бетіне үлкейіп шығатын. Осылайша ыңғайлы түрде мақала оқылатын. Флоид мақаланы оқып болып, электронды газеттің басты беттіне көшіп оқуға мақаланы таңдап алды.»

Блог - bake: Фантаст жазушылар көріпкелділігі. Артур Кларк

Әрі қарай

Қанша тұрады?

2-3 күн бұрын болған оқиға. Семейде ауа райы нашар кезі, анам екеумиз қала аралап қайтуға шыққанбыз, сөйтіп бір сауда орталығына кірдік. Аяқ киім сататын бөлімнен анам аяқ киімнін бағасын сұраған кезде сатушы үндемеді, менде мән бермеппін. Анам қайталап сұрады, әлгі қыз орысша қазақша түсінбейтіндігін айтты. Улты кім екен деп қарап қалып ем, қара көз қазақтың қызы. Ішкі дүнием бір түрлі болып кетті. Тезірек шығып кеткім келді. Сол күні тек сол қызды ойлаумен болдым. қалай ғана қазақ бола тұра қазақша қарапайым сұрақты түсінбеді екен. Анам Абайдың қара сөзін оқып тұрып түсінбедім десе бір сәрі, бірақ айналдырған жалғыз сұрақ "қанша тұрады?".
Әрі қарай

Кітапханада жоғалған қазақ кітаптары немесе ирониялық детектив

Сабақ аяқталып қалды. Үйге тапсырма:

-Астрономия бойынша кітаптарды қарап жердің жыл бойында күнді қалай айналып қозғалатыны туралы мағлұматты біліп келіңдер, келесі жолы сұраймын.

-Қазақша кітаптар жоқ! Қайдан табамыз! Өткен жолы да қоя бердіңіз, жоқ қазақ тілінде кітаптар, бәрі орысша, аудару керек.

-Қайдағыны айтпаңдар, қазақ кітаптары бар! Әрбір керек десеңдер өзім алып оқыған кітапханаға жіберейін, бірақ білмеймін, оқушы кезімнен кейін бармаптым, мүмкін кітаптар шынымен жоқ шығар.

Ішімнен ойлаймын, «қызық екен оқыған кітаптарым қалай кітапханада тұрып жоғалып кетет екен?»
Әрі қарай

Жаңа өрмекші адам, ұяң дауыс және қарақұрт



Ә деп жерден алып, жерге салып, ит-сілікпесін шығару туралы ой қылаң бергенімен фильмде кездесетін кейбір ұнамды сәттер жақсы-жаманды қатар айтуға итермелеп отыр. Әйтсе де, жанға жақты дегеннен гөрі көңілді құлай сендірмеді деу тура келетін сияқты.
Әрі қарай

Лондон олимпиадасы туралы мистикалық аңыздардың астарында не бар?

Енді 17 күннен кейін (шілденің 27-сі) әлемдік деңгейдегі үлкен спорт додасы – Лондон олимпиадасы шымылдығын түреді. Ағылшын жерінде өтетін жазғы Олимпиадаға дүниежүзі бойынша он жарым мыңнан астам спортшы қатыспақшы. Барлығы 39 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынатын байрақты бәсекеге атақты палуанымыз Нұрмахан Тінәлиев бастаған 114 спортшымыз аттанғалы отыр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа мәселе…

Соңғы кездері Лондон олимпиадасына қатысты аңызға бергісіз мистикалық әңгімелер көп айтылып жүр. Әсіресе тосын табиғат құбылыстары мен астрономиялық түсініксіз жайттар туралы әпсана көп. Дәл осы байрақты бәсеке қарсаңында жұмыр жердің халқы магнитті дауылдар, аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелер секілді адам түсініп болмайтын жайттарға куә болатын секілді. Осыдан тура бір жыл бұрын «Утро.ру» сайты астрономдардың «күн белсенділігінің күрт артқанын соның салдарынан күн тәжінен бөлінген магнитті дауылдардың кесірінен жер бетіндегі күллі ақпараттық жүйе істен шығуы мүмкін. Бұл өркениет атаулыға үлкен соққы болады!» деген дабылын жариялаған болатын. Ең қызығы, магнитті дауылдар шабуылының ең белсенді кезеңі 2012 жылы Лондон қаласында өтетін жазғы Олимпиадамен тұспа-тұс келетін секілді. Осының салдарынан күллі компьютерлік жүйеге зиян келіп, спутниктер біраз уақытқа хабар тарата алмай қалмақ. Осылайша адамзат баласы олимпиада ойындарының тікелей көрсетілімін көре алмай қалуы бек мүмкін», – деп жорамал жасады. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа сай келетінін уақыт көрсете жатар.

Ал енді аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелерге қарай ойыссақ. Кейбір ғалымдар бұны магнитті дауылдардың әсерінен болатын табиғат құбылысы деп түсіндіріп отыр. Астрономдар дәл спорт додасы қарсаңында болмаса да осы жылдың қыс мезгілінде күн бетінен бөлініп шыққан магнитті дауылдар салдарынан ғаламшарымыз түгелге жуық поляр шұғыласына оранады дейді. Дегенмен, жер бетінің көп бөлігі магнитті дауылдар шабуылына қарсы жүйемен жабдықталғанын да естен шығармаумыз қажет. Ал бұндай жүйе орнатыла қоймаған жердің оңтүстік және солтүстік полюс халқы бірнеше апта бойы ғасыр ғажайыбына куә болатын секілді. Алайда бұндай ғажайыптан алған әсерлерін адамдар жердің басқа нүктесіндегі туысқандарымен бөлісе алмайды. «Өйткені, дәл сол уақытта жердің оңтүстік және солтүстік полюсінде бірнеше апта бойы интернет торабы мен спутникті байланыс жүйесі істен шығады», – дейді астроном ғалымдар. Айтпақшы, «ақырзаман – 2012» дақпырты тағы бар. Бұл туралы сөз қозғамай-ақ қоялық.

Алайда соңғы кездері бұдан да күдікті әрі қорқынышты жайттар айтыла бастады. Ғаламтор бетінде Лондон олимпиадасының бойтұмарларына қатысты пікір талас өршіп-ақ тұр. Әдетте спорт тарихында олимпиада символы ретінде жануарлар таңдалып алынады. Соның ішінде адамға ерекше әсер сыйлайтын барыс, дельфин, қонжық секілді сүйкімді жануарлар болады. Ал бұл олимпиаданың символы – Венлок пен Мандевиль – мүлдем оғаш тіршілік иесі. Мифтик бейне деуге де келмейді. Құбыжық деуге болады. Бірі басында пирамида (!) тәріздес тәж, екіншісі қамал бейнесіндегі бас киім киген жалғыз көзді қос бейне. Көзі қарақты оқырман пирамида мен 13 қатардан тұратын қамалдың «әлемдік үкімет» деп аталатын құпия ұйым – масондардың белгісі екенін жақсы түйсінеді. Ендеше бұндай масондық белгілердің әлемдік деңгейдегі бәсеке – олимпиадаға қандай қатысы болуы мүмкін. Әрі жалғыз көзді қос тажалдың атауының өзі – күдікті көрінді. Ғаламторды ақтарып отырып, Wenlock сөзінің «шіркеудің әулие-әнбиесi, жебеушісі», ал «mandevil-дің» көне француз сөзінен алғанда – «ұлы қала» немесе үлкен оқиға болатын аймақ және жасырын уақыт деген мағына беретінін көріп жағамызды ұстадық.

Олимпиаданың логотипындағы «2012» санының да цифрдан гөрі «Zion» сөзіне қатты ұқсайтыны кезінде үлкен дау тудырды. Сион сөзі Иерусалим қаласындағы дәстүрлі еврейлік белгінің атауы секілді. (Тағы бір деректерде «Zion» сөзі Иерусалим қаласының атауы) Осыны дер кезінде аңғарған Иран Ислам Республикасы осы жылдың наурыз айында Лондон Ойындарына бойкот жариялаған болатын. Кей деректерде құбыжық бейнесіндегі осы таңба мен бейнероликті ғаламтордан көрген көптеген адамдар жүйке ауруын шалдыққаны туралы айтылып жүр. Бірақ бұл да нақтыланбаған жайт. Венлок пен Мандевилдің бейнесін британдық «Wolff Olins» брэнд-дизайнерлік фирмасы жасап шығарыпты. Бұл фирманың негізін қалаған адам – еврей жұртынан шыққан Уолли Олинс атты адам. Ол күллі үрім-бұтағы, тұқымымен масон болған көрінеді.

Тағы бір күдік тудырып отырған мәселе – байрақты бәсекенің Англияда өтуі болып тұр. Тұманды альбионды әлемдік деңгейдегі спорт бәсекесін өткізуге құқы бар зайырлы мемлекеттің бірі дегенімізбен ресми Лондон масондық ұйымдардың негізгі ордасы саналады. Аса құпия ложалардың біразы осы елмен тікелей байланысты болып жатады. Оның үстіне бұл бәсеке олимпиадалық есеп бойынша, отызыншы ойын. Әдетте халықаралық стандарт бойынша, бұл реттік нөмiр римдiк цифрмен жазылады. Яғни XXX (Үш икс) болып шығады. Әрбір оқиғадан құпия астар іздейтін мамандар өзге емес дәл отызыншы олимпиаданы өткізу бақытының Англияға бұйыруының өзі кездейсоқтық болмаса керек деп отыр. Кейбір батыстық басылымдар «үш иксті» ібілістің санын білдіретін 666 яғни «үш алтылықтың» құпия бейнеленген нұсқасы деп жазып үлгерді.

Тарихқа үңіліп көрсек, алғашқы кездері олимпиада атты дүбірлі доданың түпкі мақсаты болғанын байқауға болады. Жарыстардың барлығы да бастапқыда спорттық шара емес, Аполлонға, яғни Ібіліске табыну мақсатында жасалған дiни жоралғылары болды. Бүгінде сол секуляризм мен толықтай оккульттік былыққа айналған бұл діни сипаттағы жоралғы тек спорттық ойын ғана емес, әлеуметтік, саяси астары бар оқиға ретінде әлем елдерінің басын қосып келе жатқан әлемдік шараға айналып кеткеніне бір ғасырдан асып барады. Оның үстіне Олимпиадалық қозғалыстың негізін қалаушы Пьер де Кубертен масондық ұйымдардың белді мүшесі болғаны тарихтан белгілі. Осыған қарап, кейбір құпия ұйымдарды зерттеушілердің «Олимпиадалық ойындар ең алдымен, әлемдік ұйым құрудың алғашқы қадамы болды. Олимпиаданың ресми символы – құрлықтар. Эмблемадағы 6 құрлықты сақина етіп, бір-бірімен байланыстыру арқылы әлемдік ұйым құру идеясы шынайы өмірге қадам басты» деген болжамында шындық жатыр ма деген ой келеді. Оларға сенсек, АҚШ долларындағы құпия символдар мен белгілердің символикадан ауысып жаратылыс ретінде көрініс тауып отыр. Яғни турасын айтқанда, Лондон олимпиадасы қарсаңында әлемдік үкімет атты аса құпия ұйым жаңа сатыға қадам басады-мыс!

Оның үстіне Лондон олимпиадасымен Қасиетті Рамазан айының сәйкес келуі де көңілге күдік болып отыр. Бәлкім ұлы жаратушының ислам дініне берік мұсылман елдеріне «бұл бәсекеге бармаңдар!» деген ескертуі болуы мүмкін емес пе? Әрине, ондай жайттан бетін аулақ қылсын дейміз.

Айтпақшы, жақында бір сайт туристерге толы Лондонда үлкен теракты болуы мүмкін деп жорамал жасапты. «Ядролық немесе биологиялық қару пайдаланады. (Адам санасына өзгеріс әкелуі де ғажап емес). Нәтижесінде көптеген құрбандармен Лондонның бір бөлігі зардап шегеді. Сол кезде Тажал пайда болып, ес – түсінен айрылған халыққа қол созады. Оның кереметін көрген халық соңынан ереді… Процестер жалғаса береді…», – депті.
Масон демекші, бұндай құпия белгілердің соңғы кездері Қазақ елінің астанасында да қаптап кеткені айтылып жүр. Ғаламтор бетінен де «Астана – ХХІ ғасырдағы масондық ұйымдардың ордасы» («Астана – масонская столица 21-го века», «Астана – столица Сатаны. Масоны») деп аталатын түрлі бейне-роликтер көбейіп кетті. Оларға сенсек бас қаламыздың көрікті жерлері, әсіресе сол жағалаудың архитехтуралық ерекшелігі әр түрлі ложалар мен массондық ұйымдарға тән құпия символ-свастикалармен «өрнектеліп» жатыр-мыс. Сол жағалауда орналасқан «Самрұқ тауэрс», Ақ орда және Бәйтерек монументі мен Яхин мен Боаз колонналарының ортасында жарқырап тұрған дельтасы бар масон сызбасынан өзара ұқсастық «тауып» шулап жүргендер баршылық. Әрине бұның барлығын да кездейсоқтық деп бағалаймыз. Десе де, қытайдың әйгілі философы Конфуцийдің «Әлемді түбінде сөз бен әділ заң емес, құпия таңбалар мен символдар билейді деген сөзін ескерсек, көңілге кірбің ұялайтыны тағы бар. Көгілдір экранға үңілген жұрттың бәрі біледі. Батыс жұртының «Қара бетперделі Зорро» деген атақты фильмі бар. Сол фильде басты кейіпкер Зорроның өзі жаулап немесе жүріп өткен жеріне көрген жұрттың есін тандыратын «Z» деп белгі соғып кетпейтін бе еді? Бұдан әрине, Алаш даласын масондық ұйымдар жаулап алды деуден аулақпыз. Бірақ, «сақ болыңдар Алаш даласына біз де келіп-кетіп жүрміз!» деген ескертуі мүмкін емес пе екен?

Айтпақшы, тақырыпқа тұздық ретінде төменде бір бейнероликтің сілтемесін сылқитып отырмын. қарап көріңіздер…
Лондон 2012
Әрі қарай

8 наурызда жұмыссыз қалған суретші

Өскеменде өлеңмен туит жазатын Дарын Нұрсапаров дейтін журналист бар. Сол Дарынның айтқан анекдоты есімнен кетпейді. Бір суретші 8 наурызда жұмыстан шығып қалыпты. Неге жұмыстан шығып қалдың деп сұрағандарға суретші: “Енді әйелдер мерекесіне арнап сурет салып едім”,-дейді баяғы. “Сонда не салдың?” “Пейзаж. Көл жағасы. Анасы баласын емізіп отыр”. “Сені не үшін жұмыстан шығарды?” Баласы үлкен боп кетіпті дейтін көрінеді суретші.
Әрі қарай

Астанадағы ұлттық қабірстан

Астанада ұлттық пантеон болады. Елорда шенеуніктерінің айтуынша, зиялы қауымға арналған қабірстан осы жылдың соңында қолданысқа берілмек. Жаңа нысан ұлттық нақышта тұрғызылып, барлық дін өкілдеріне ортақ мәдени орталыққа айналуы мүмкін. Қазақстан Италия, Түркия, Әзірбайжан және Куба сынды елдер қатарына қосылса кәне. Соңғы жылдардың өзекті тақырыбына айналған түйткіл былтыр Смағұл Садуақасовтың сүйегін әкелген кезде мүлдем ширықты. Сол кезде алаштың ардақты азаматын жерлейтін жер таппай, 4 ай бойы жерлей алмаған болатын. Сол уақытта бірқатар зиялы қауым өкілдері Астананың жанында ұлттық қабірстан құруды ұсынған. Қазіргі кезде қолға алынып, жобасы жасалып жатыр-мыс. Бұл әкімдіктегі шенеуніктердің айтқаны. Бірақ, бастапқыда айтылған Қабанбай батыр кесенесінің жанынан емес, басқа жерде пайда болуы ықтимал. Өйткені, ондағы топырақ құнарсыз. Әрі қаладан да алшақ. Қысты күні қар басып, қолайсыздықтар келтіреді. Әзірге 3 орын қарастырылу үстінде. Белгілісі – пантеонға делінген 500 гектар жердің 4-ке бөлінетіні. Бірінші бөлігінде мұсылман дінін ұстанған игі жақсылар жерленбек. Христиандар мен яһудилерден шыққан қоғам қайраткелреліне де орын қарастырылған. 4-і бөлігі қарапайым халық үшін.
Мұнда ұлттық қабірстан пайда болған күнде тамыр-таныстықпен белгісіз жандарды жерлеуге жол берілмей ме деген сұрақ туындайды. Оны болдырмау үшін, тиісті құжат жасалу керек дейді бастамашы топ өкілдері.
Айта кетерлігі, жаңа жоба ірі мәдени нысан болады деп жоспарланған. Қабірстан тек тәу ету үшін емес, келер ұрпаққа тарихтан тағылым беретін орталық болуы тиіс. Бұл пікірді молдалар да қолдап отыр. Мұхамбет пайғамбар с.ғ.с мен оның сахабаларына да арнайы қабірстанның болғанын алға тартады. Тек, шет елде қалған зиялы қауымның бәрін бірдей орнынан қозғау дінге қайшы. Көмусіз қалған немесе бейіті қорланған жағдайда ғана орынды болмақ. Ондайлардың тізімінде Кейкі батыр, Кенесары хан бар. Егер де пантеон ашылып жатса – көмусіз бабалардың сүйегі алғашқылардың бірі болып туған жерге қайтарылады.
Бастама көтерілгеніп, билік қолға алғанымен халық арасында қызу талқыға түспей отыр. Сондықтан, әлі қанша әңгіме шығары да белгісіз. 1tv.kz/kk/news/video/10072012/panteon

Бақытнұр Әлібай
Әрі қарай

Шын дос болсаң егер!

Шын дос болсаң егер!
Досың үйіңе келгенде,
Қуанып құшақ ашарсың,
Ашарсыңда бауырыңа басарсың.
Әңгіме қылып, қал жағдайын сұрасып,
Қайткендеде дос көңілін табарсың.

Күн арада көңілін сұрап барарсың.
Барған кезде бар жоғына қарарсың.
Басына егер қиын қыстау күн туса,
Көмегіңді ұсынып ақ бағарсың.

Досың саған сөз қылып,
Қуанышын айтып бөліссе,
Қызғанып іштей тырыспай,
Қуанып сенде қаларсың.
Қайғысын айтып бөліссе,
Жақсы сөзбен жұбатып,
Қайғысына дауа табарсың.
Әрі қарай

Ақша не істетпейді...

Бір күні Портландтық (АҚШ) жас фотосуретші Джимми Хики «ақша проблемасының көрінісі» болатын фотожоба жасауға бел буыпты. Осылайша, ол өзінің банктегі есепшотындағы жиналған барлық қорын 1 долларлық банкноттармен шешіп алып, одан «ақша костюмін» жасап шығарған. Нәтижесінде осы «Біз не істеп қойдық? (Что же мы сделали?)» деп аталатын жоба дүниеге келіпті.
Пы.сы. Меніңше, Джиммидің «ақша костюмі» Құралайдың олимпиада ойындарына дайындаған костюмдерінен әдемілеу шыққан секілді, патриоттықмесседждеріңдіссс…
Сонымен суреттер…
Әрі қарай