Қанша тұрады?

2-3 күн бұрын болған оқиға. Семейде ауа райы нашар кезі, анам екеумиз қала аралап қайтуға шыққанбыз, сөйтіп бір сауда орталығына кірдік. Аяқ киім сататын бөлімнен анам аяқ киімнін бағасын сұраған кезде сатушы үндемеді, менде мән бермеппін. Анам қайталап сұрады, әлгі қыз орысша қазақша түсінбейтіндігін айтты. Улты кім екен деп қарап қалып ем, қара көз қазақтың қызы. Ішкі дүнием бір түрлі болып кетті. Тезірек шығып кеткім келді. Сол күні тек сол қызды ойлаумен болдым. қалай ғана қазақ бола тұра қазақша қарапайым сұрақты түсінбеді екен. Анам Абайдың қара сөзін оқып тұрып түсінбедім десе бір сәрі, бірақ айналдырған жалғыз сұрақ "қанша тұрады?".
bk
Бөлісу:

20 пікір

araika
Мұндайлар көп қой, әрбірін ойлай берсең болмас Одан да не түйдің, дәл осы әрекеттен соң сенің әрекетің қандай болмақ, осы жағын ойлағаның дұрысырақ па деймін. Яғни, емдеп жазудың жолын қарастыр!
Marationok
Орысша сөйлейтіндер, яғни қазақ тілін білмейтін қазақтардың арасында жақсы адамдар бар, олар көп, ал кейде, қазақ тілін білетін адамдардың арасында арсыз, надандар бар. Соны да ескерсең жақсы болар.
AyaulymToleubek
қазақ бола тұра, туған тілінде қарапайым сөздерді білмеу, ұят!
bake
Мүмкін ұлты кәріс шығар)) Бірақ Қазақстанның мемлекеттік тілінде күнделікті қолданыста жиі кездесетін кәсібіне керек сөздерді білуі тиіс. Өз тәжірибеммен бөлісейін. Araika айтпақшы бұларды емдеу керек дегендей. Өскеменде Қазақтелекомда Зарина деген 23-25 жас шамасындағы келіншек істейді. Ұлты орыс емес, қазақ болуы да ғажап емес. Алдына барған сайын қазақшалап отырып алам, сосын түсінбесе орысша қайталап қазақша қайталайым. Бесіншіі ме, немесе алтыншы рет барсам сөздік жасап алып ежіктеп сөйлессе де менімен қазақша сөйлеп бақты. Сөздік туралы кеңесті өзім ең ал, ашында өзім бергем. Кәсібінде жиі қолданатын сөздікті жасатып алыпты! Қазір кірген сайын мақтан қылып, бастығына кіріп жұмысшысына алғыыс айтсын деп тағы айтып қойды)) Жазба демеймін, бірақ емдей жүр!
AyaulymToleubek
иәәә, ол міндетті түрде ғой. Бірақ тек қазақша сөйлеп емдеп көру керек шығар )
salamat
кәріс емес корей
қызмет көрсететін орындарда қазақша жауап беруді талап ету керек!
сіз қазақша білмесеңіз мен орысша білмеймін деңіз
сыпайылықты ұмытпаңыз
Gastarbaiter
Корейлер Кореяда))) Ал біздегілер біржолата және мәңгі кәріс))
AyaulymToleubek
ммм, анам тура солай деп еді )
Gastarbaiter
Ол қойня, бір қызға қазақша сөйлейтін қызға ұқсайсың десем, 'мамбаға ұқсайм ба не?" дит)))
salamat
кәріс кореецтің бұрмаланған нұсқасы
Gastarbaiter
Артикуляциялық ассимиляция, немесе өз тіліңнің дыбыстауға ықпалы.
Ондай сөздер кез келген тілдің сөздік құрамында бар.
Әдебиетте де еш сөлекетсіз қолданылады.
Самаурын, пеш, бөкебай, т.б сөздерді қазақтар көкесінің төл сөзіндей беті бүлк етпей қолданады. Корей сөзінен көрі, жергілікті қысықкөз жамағатқа кәріс деген жарасады, талай жылдар тарихы бар, Орыстың қатысынсыз корея халқы Қазақ жеріне қоныс теппес еді.
Өз басым, депортацияның ащы табы мен ассимиляцияның күлімсісі сіңген Кәріс сөзін құп көремін.
ken
«ТриДи дейміз бе, ҮшДы дейміз бе?» деген сияқты «Корей дейміз бе, кәріс дейміз бе?» деген тақырып ашщищ
Gastarbaiter
Жалпы орыс тілі арқылы еніп, сәл өзгеріске ұшырап қазақша дыбысталған сөздердің барлығын біртұтас лексикалық қабат ретінде сіңіріп алуды құптар едім. бөтелке, боқал, дженсиді уайымдамаймын, техникалық терминдерге алаңдаймын.
Тек солай ғана қияли аудармалардан құтылып, алға басып жүре береміз. Қазақша ғылым да, өндіріс те одан пайда көрмесе зиян көрмейді.
salamat
бізге «мемлекеттік тіл» туралы
"Қазақ ұлтының мөртебсі" туралы заңдар керек
араб әмірліктерінде арабтардың мәртебесі айқындалған.
арабтар сияқты салықтан босатылмасақ та тіл, рух, діл, мәдениет түйткілдерін шешіп алар едік.