Астанадағы ұлттық қабірстан
Астанада ұлттық пантеон болады. Елорда шенеуніктерінің айтуынша, зиялы қауымға арналған қабірстан осы жылдың соңында қолданысқа берілмек. Жаңа нысан ұлттық нақышта тұрғызылып, барлық дін өкілдеріне ортақ мәдени орталыққа айналуы мүмкін. Қазақстан Италия, Түркия, Әзірбайжан және Куба сынды елдер қатарына қосылса кәне. Соңғы жылдардың өзекті тақырыбына айналған түйткіл былтыр Смағұл Садуақасовтың сүйегін әкелген кезде мүлдем ширықты. Сол кезде алаштың ардақты азаматын жерлейтін жер таппай, 4 ай бойы жерлей алмаған болатын. Сол уақытта бірқатар зиялы қауым өкілдері Астананың жанында ұлттық қабірстан құруды ұсынған. Қазіргі кезде қолға алынып, жобасы жасалып жатыр-мыс. Бұл әкімдіктегі шенеуніктердің айтқаны. Бірақ, бастапқыда айтылған Қабанбай батыр кесенесінің жанынан емес, басқа жерде пайда болуы ықтимал. Өйткені, ондағы топырақ құнарсыз. Әрі қаладан да алшақ. Қысты күні қар басып, қолайсыздықтар келтіреді. Әзірге 3 орын қарастырылу үстінде. Белгілісі – пантеонға делінген 500 гектар жердің 4-ке бөлінетіні. Бірінші бөлігінде мұсылман дінін ұстанған игі жақсылар жерленбек. Христиандар мен яһудилерден шыққан қоғам қайраткелреліне де орын қарастырылған. 4-і бөлігі қарапайым халық үшін.
Мұнда ұлттық қабірстан пайда болған күнде тамыр-таныстықпен белгісіз жандарды жерлеуге жол берілмей ме деген сұрақ туындайды. Оны болдырмау үшін, тиісті құжат жасалу керек дейді бастамашы топ өкілдері.
Айта кетерлігі, жаңа жоба ірі мәдени нысан болады деп жоспарланған. Қабірстан тек тәу ету үшін емес, келер ұрпаққа тарихтан тағылым беретін орталық болуы тиіс. Бұл пікірді молдалар да қолдап отыр. Мұхамбет пайғамбар с.ғ.с мен оның сахабаларына да арнайы қабірстанның болғанын алға тартады. Тек, шет елде қалған зиялы қауымның бәрін бірдей орнынан қозғау дінге қайшы. Көмусіз қалған немесе бейіті қорланған жағдайда ғана орынды болмақ. Ондайлардың тізімінде Кейкі батыр, Кенесары хан бар. Егер де пантеон ашылып жатса – көмусіз бабалардың сүйегі алғашқылардың бірі болып туған жерге қайтарылады.
Бастама көтерілгеніп, билік қолға алғанымен халық арасында қызу талқыға түспей отыр. Сондықтан, әлі қанша әңгіме шығары да белгісіз. 1tv.kz/kk/news/video/10072012/panteon
Бақытнұр Әлібай

Толық мәлімет бар ма? Мұнда не орнатылған еді, ашыллмай тұр?
...- Бұ гім?
— Бұл 1975-1980 жылдар аралығында «Балық — Рыбы» дүкенінің директоры болған адам!
— Лібә, мемлекеттік қайраткерлерді жерлейік деведік…
— Екі қарыс жерден біреңелерің кетіп қала ма не? Жіберсейш лібә!
P.S. Қаззақтардың «Кеңсайында» мемлекеттік қайраткерлікке қатысы жоқтардың үрім-бұтағымен жатып алғанын көріп, тасымды ұстағам.
кандидат немесе доктор ма?
зиялы ол ары да,қолы да таза ұлт мүддесін ойлайтын адам!
мұндай адамдар бүгінгі күні өте аз!
арнайы қәбірстан қажет емес! зиялы адам о дүниеде оқшауланғаңды қаламайды!
о дүниеде бөлінбей-ақ қойыңдар! онда лауазым, ақша, партия жоқ.
аруланып жерленсе болды
зираттың ойпаң жерде болмағаны ләзім
басқа не барын барғанда көресің.
барып келдім деген адамдармен бетпе-бет сөйлесуддің сәті түскен жоқ.
ешкім ақшасын алып кетпейді тиісінше ештеңе сатылмайды
Неғылдыңдар сол Смағұлды айтпақшы, бір абзал кришай табылып, күлін өзенге шаштыңдар ма?