уақыт машинасы

Рен ТВ каналынан аты есимде жоқ бір бағдарлама көрдім. Тылсым дүние деген дұрыс болар, қаншалықты ғалымдар тұжырымдарын айтып жатса да. сонымен бирден көргеніме көшетін болсам, 2008 жылы альпинистттер қай жақ екені есімде жоқ бір таудың басынан, мұз боп қалған денені тапқан екен ойлауларынша 1 жыл бұрынғы, бірақ тексеріс нәтижесі олардың ойларын жоққа шығарған. Әлгі дене италия ұлтынынң адамыныкі және қазіргі заманның адамы бірақ 5000 жыл бұрын қайтыс болған екен. Ғалымдардың айтуынша уақыт машинасы болған дейді бұрынғы заманда. Бұл басы сонымен қатар динозаврлардың ізімен бір мезгілде қалтырылған адам ізі тбылыпты, бұл қалай болғаны 100 000 000 жыл бұрынғы өмір сүрген динозаврлармен бір уақытта қалайша адам ізі болған. Сонымен қатар Қытайдын ең бірінші императорының мәйітін тексеріпті таяуда, табыттын ішінен швейцариялық қол сағат табылыпты, ол заманда болса тек құм сағат болуға тиісті еді ғой. Сонда уақыт машинасы шынымен болғаны ма? Ғалымдардың айтуынша адамдар өткен мен болашақ арасындағы сапарларының арқасында біздің әлеміміз бірнеше рет курделі өзгеріске ұшыраған дейді… Осы бағдарламаны көре отырып, бұрындары оқыған бір кітап есіме түсті онда титаник батпас бұрын 1898 жылы Морган Робертстің титан атты кеме туралы жазған романы айтылған. Өлшемі, адам сандары, бату себебі бәрі титаникпен сәйкес. Титаник 1912 жылы батты…
Бөлісу:

23 пікір

meirzhan
Жалпы Рен ТВ мен ТВ4-мистика деген арналар конспирологияға беріліп кетті ғой. Рен ТВ-дан Титаник туралы көрсетіп еді.
Видеода айтылғаны: Титаниктің батуы кемеде болған мумияға байланысты екен. Және Титаникті суға әдейі жіберген дейді. Жасалған материалы жарамсыз болған. 1 класс құтқарылған. Біраз жоғары элита адамдары билеттерін тапсырған.
100 жылдан кейін тағы осындай катастрофа болады деп болжамдалыпты. 2012 жылы Коста Конкордиа суға кетті. Сол күннен бастап 90 күннен кейін ақырзаман болады деді. Ол уақыт 2012 жылдың желтоқсанына келеді.
Бәлкім рейтинг қуу үшін осындай сюжеттер түсіретін шығар. Бірақ былай қарасақ, нанымды бәрі.
AyaulymToleubek
мумкин мистикалық та шығар. бирақ оқиғалар шындыққа уйлесетін сияқты, себебі іздерін көрсетті тас боп қалған ) бәрінен бұрын титаник оқиғасы. тіпті титан екеуінің узындықтары, ендері, жылдамдықтары, әрбір детальдарының сандары сәйкес келген. Жыл мезгілдері, орны және себебі. жазушының фантастикасы шындыққа айналғаны ма? әлде сол уақыт машинасы? немесе осындай дәлме дәл сәйкестік болуы мүмкін бе?
bake
Фантаст жазушы экстрасенс болуы мүмкін, мүмкін шығармасындағы оқиға кездейсоқ дәл келген шығар. Бірақ ғылымда мистификация жасағандары бар мысалы адам тәріздес ертедегі және қазіргі адам арасындағы байланыстырушы буын іздегенде
AyaulymToleubek
ияяя ол да бар мумкін көріпкелдігі де болған шығар )
Gastarbaiter
Сен де Харун Яхьяның жамағатынан ба едің?
alisha
Коста Конкордиа 14 қаңтарда ұшырады ғой апатқа, одан бері 90 күн өтіп кетті. 2012 желтоқсан далада қалады ғой?
meirzhan
Соның түсіндіруі бар видеода. Мен ұмытып тұрмын.
ken
РенТВ-ның сондай өтірік бағдарламаларын қалай көресіңдер?
AyaulymToleubek
Өтірік деуге де келмейді ғой кесіп айтып, шындық депте айта алмайм. Бірақ титаник туралы әңгіме рас, ол рен тв емес кітаптан оқылған дүние.
ken
Титаник туралы деп жоғарыда Мерйіржанның сілтемесіндегіні айтсаң, бас жағын қарадым. Далбаса. Домохозяйкаларға арналған бағдарлама ғой.
ken
егер кеменің батуы бойынша құрастырылған тергеу құжаттары расымен де құпиясыздандырылған болса, онда неге оны РенТВ жаңалықтардан ресми түрде көрсетпейді?
AyaulymToleubek
жооок, Мейіржан мырзаның жазғанын емес, титан жайлы кітапты айтам. титаник батпас бұрын жарық көрген
alashaman
Бос әңгіме. Титаникті білмеймін, уақыт машинасы деген бос сөз. ТВ-дан көрсеткеннің бәріне сене берсек, Қазақстан ешбір проблемасыз, дамуы жағынан әлемнің алпауыттарын артқа тастаған, тұрғындарының табысы мол, жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 10 мың доллардан асатын, жолдары тақтайдай, ауылдағы ауыз су «Хрустальная воданы» шаң қапрытып кететіндей таза, индустриялық нысандары 100 пайыз жұмыс істеп тұрған, дағдарыстан аулақ, жас мамандар жұмысқа да, жалақыға да қарық болған, бизнес дамыған, жемқорлық азайған т.б жетістіктері толып жатқан «Жұмақ мекен». Енді осы айтылғандар мен өз өміріңізді салыстырып көріңіз. Сонда ТВ-да айтылатындардың өмірда қандай болатындығын сезінесіз
Janasil
Бұл түрімізбен ақырзаманның болмасына қоймаймыз ау.