Кітапханада жоғалған қазақ кітаптары немесе ирониялық детектив

Сабақ аяқталып қалды. Үйге тапсырма:

-Астрономия бойынша кітаптарды қарап жердің жыл бойында күнді қалай айналып қозғалатыны туралы мағлұматты біліп келіңдер, келесі жолы сұраймын.

-Қазақша кітаптар жоқ! Қайдан табамыз! Өткен жолы да қоя бердіңіз, жоқ қазақ тілінде кітаптар, бәрі орысша, аудару керек.

-Қайдағыны айтпаңдар, қазақ кітаптары бар! Әрбір керек десеңдер өзім алып оқыған кітапханаға жіберейін, бірақ білмеймін, оқушы кезімнен кейін бармаптым, мүмкін кітаптар шынымен жоқ шығар.

Ішімнен ойлаймын, «қызық екен оқыған кітаптарым қалай кітапханада тұрып жоғалып кетет екен?»

***

Кітапханаға кірдім, оқырмандар тіркеуінен өттім. Енді «алфавиттік каталогқа» барып кітаптарды іздеу керек. Алфавиттік каталогтар тұратын залға кірдім. Каталогтар жоқ, оның орынында он шақты дербес компьютерлер үстелдер үстіне қатар-қатар қылып қойлыпты. Кеңесші қыз қарсы алды
-Сәлеметсіз бе, сізге көмек керекпе кітап іздестіруге?
-Иә, компьютермен іздестіріп көрмептім.
Компьютер алдына отырдық, «ИРБИС 64» программасы жүктеліп іске қосылды. Кеңесші қыз:
-Тірек сөздер айтыңыз кітап атауында, қысқаша сипаттамасында кездесетін
-Астрономия, жер, орбита, қозғалыс.

Кеңесші қыз айтқан сөздерімді тіркеп программаға енгізді.
-Тоса тұрайық базада іздеп жатыр.

Бір минуттан кейін кітап, журнал және газет мақаларынан тұратын тізім шыға келді. Қарап отырмын. Керек кітәбімді таппадым. Жұлдыз жорамалдың, дәстүрлер және жыл санау туралы мақалардың, әңгімелер аттарынан тұратын тізімді көріп қанағаттанбағанымды білдірттім. Кеңесші қыз маған тіке қарап:

-Жоқ болса қайдан табасыз! Қазақ десең өзіңе тиет, -деп қасынан тұрып кетіп қалдым.

Оқушылар айтқаны шың болды ғой. Кітаптар қайда кеткен? Ақиқат түбіне жетпекші болып, кеңесші қызға келіп сұрақ қойя беріп едім теріс бұрылып кетіп қалды. Кенеттен қасымда:

-Шу шығарған сізбе? Неге мына кеңесші қызға тиісіп тұрсыз, аға болған басыңыздан ұялмайсыз ба?

Алдымда елуге тақаған әйел адам тұр, кеудесінде бейджде «бөлімше меңгерушісі» деп жазылыпты. Шыдамым таусылды:

-Ешкімге тиген жоқпын! Қазақ тілінде астрономиядан мағлұмат беретін кітаптарды іздеп жүрмін, сіздердің кітапханасында оншақты кітап болған, өзім іздеп тауып оқығам, сол кітаптарды тауып ала алмай жүрмін.

Бөлімше меңгерушісі:

-Кітаптар бар өзіңіз іздеп таба алмай жүрсіз, біздің кітапханада кітаптар жоғалмайды.
-Жоғалмаса қайда кетті?
-Бері жүріңіз.

Артынан еріп келем, оқырмандар залының түпкіріндегі бір қуысқа кіріп кішкене бөлмеге тап болдық. Алдымда шкаф –шкаф болып тұрған алфавиттік каталогтарым. Оншақты емес, жиырма шақты кітап тауып алдым. Тізімдеп жазып алып кітаптар қоймасынан алдыртып алдым.

Кітаптарды тауып алғаныма қатты қуандым. Электронды каталогқа 1993 жылдан бері шыққан кітаптар енгенін білдім. Компьютерге сенгендер! Қайта 1993 жылға дейінгі кітаптарды мүлдем жойып, жоқ қылып жібермегендеріңе рахмет!

Түбінде бөлім меңгерушісі кеңесші қыз үшін кешірім сұрап, кабинетіне шақырып шайын беріп шығарып салды.
Бөлісу:

2 пікір

araika
Жақсы екен! Сонымен оқушылар қалай оқитын болды? Әлгі қоймаға кедергісіз кіре ала ма?

Электронды каталог ұнамайды, мен іздегендердің барлығын жоқ қылған-тын Жалпы мен болған кітапхананың қызметкерлері нашар-тын, анооооу есігінен бастап Жұмыс уақыты аяқталуға мынанша сағат қалды, сен үлгермейсің деп тұрып алады. Осындай сәттерде қырсықтығыма қуанамын
bake
кітапханаға ұйымдасқан күйде бартын болдық)) бірге еріп баруға тырысамын… қанша рет оқушыларды кітапханаға өздерін жібердім сонша рет нәтижесіз қайтіп оралды((