Шайтанкөпір

Адам болған соң оның бойында қорқыныш, үрей сезімдері болатыны белгілі. Тіпті, Бауыржан Момышұлының өзі бір жазбасында "Ұрысқа кірер алдында үрейленетінмін. Қорқақтық басқа әңгіме" дегенге саятын естелігін оқып едім.

Сонымен, менің есімде қалған ең бірінші зәре-құтым қалмай қорқуым. Ербол атты өзімізге аталас туыс болып келетін бала екеуміз өзен бойын жағалап ойын қуып кеттік. Өзен деуге де келмейді, бұрынырақта арнасына симай жатқан бұл өзеннің кейпі жылап аққан жылғаны елестететін. Сол жылғаның көпірге (мост) барып тірелетін жеріне жеттік. Көктем мезгілінде, су тасыған кезде көліктер өтуге ыңғайлап жасаған ғой. Әйтпесе, ақсақ адам секіріп өтіп кететіндей жылға. Сол көпірдің екі жағында тұрып алып бір-бірімізге тас атып ойнадық. Бармақтың басындай тастар ғой баяғы. Бір-біріміздің басымызды жарып алармыз деген ой жоқ. Мен көп болса бірінші класта оқимын, Ербол 5 тен енді асқан бала. Ойынның қызығына берілген біз тас жолда тайраңдап келе жатқан трактордың дарылдаған дыбысында естімеген сыңайлымыз.
Әрі қарай

«1Q84»


Көркем шығармаларға қызығушылығым бала күнімде қалып қойғандай көрінетін. Әсіресе соңғы жылдары мамандығыма, сабағыма қажеті бар кітаптар ғана оқып жүрдім. Жақында қолыма Харуки Муракамидің кітабы тиді. Үш кітаптан тұратын роман.
Әрі қарай

Бақаларды орындарына қой

Бақалар тек алға қарай жылжиды. Бір тасқа жылжи алады немесе бір бақаның үстінен секіре алады. 2 жақтағы бақалардың орындарын ауыстыру керек.

Бірінші мәртеден орналастыру қиын сияқты. Аздап ойлану керек

Ойнау үшін бас
Әрі қарай

Жаңалығыңыз қандай?

Пікірлер арқылы бір-бірінің басына т**ып, түрлі-түрлі ой қозғап, қыран-топан күлкіге қарық болған кездерді сағынып кеттім
Твиттер, Фейзбук дегендер уақытша Керектен алыстататын шығар. Алайда мұндағы жылы ортаға бәрібір жетпейді екен.
Әрі қарай

КерекИнфоның мобиль нұсқасы қосылды



Сайтымыздың ұялы телефондарға арналған нұсқасы қосылды. Ұялы телефондардан кіру енді жеңілірек болады. Ықшамдалған, көп траффик жемейтін бұл нұсқа арқылы енді тек пікір емес, пост та жазуға болады. Оқылуы да ыңғайлы. Жұмысында кіре алмай жүргендерге, үйінде интернеті жоқтарға, жолда жүргендерге, түнде ұйықтай алмай жүрген КерекИнфо «нашақорларына» керемет мүмкіндік.

Мобиль нұсқаны көру үшін ұялы телефоныңыздан сайт адресін терсеңіз болғаны, автоматты түрде ықшамдалған нұсқа ашылады. Ал браузерден қарап көремін десеңіз:

Қосу: kerekinfo.kz/?force-mobile=on
Ажырату: kerekinfo.kz/?force-mobile=off
Әрі қарай

Мақал да ескіре ме?

Құмкешуде өткен балалық шағымның куәгері, сыныптасым Қайрат хабарласты. Бір сыныптасымның сәби шетінеп кеткенін де тілге тиек етіп, неге көңіл айтпадыңдар деді? Кезінде «Б» сыныбының жүгін көтеріп жүретініме үйреніп қалған болса керек, ұлдардың барлық қыздарға жариялаған «сөгісін» «дер» деп менің бетіме басқысы келді ғой деймін. Телефонмен көңіл айтқан ыңғайсыз ғой, Арқалыққа жол түскенде кіріп шығарМЫЗ дедім, әйтпесе, қазақтың «Көрген жерде көңіл айт» деген мақалы бар емес пе дедім. Сондағы сыныптасымның сөзі: «Жәкө, оттай бермеші, қазақтың көп мақалы ескірген. Кезінде апайлар „Әй, асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, ертелі кеш доп қуа бермей, бір уақ тақпақ жаттап, физикадан сабақ айтсаңдаршы“ деп еді ғой, енді не? Жүр ғой анау доп ойнаған Мессилерің ақшаны күреп тауып! Қазақтың мақалы дейді ғой, мыңқылдамай ертең қоңырау шалып, көңіл айтыңдар, Қауын мен әтешке де ызбандап айт, олар да ызбандасын» деді. Реально, ойланып қалдым. Мақал да ескіре ме??Қалай?
Әрі қарай

блиц-сұхбат: Madikon

Қымбатты дүниенің төрт бұрышынан жиналған қазақтар және қазақ еместер!
Бәріміз таныс болайық. Керекинфоның жаңа қолданушыларының бірі, болашағынан көп үміт күттіретін Мадикон ханымды қарсы алайық  Мадикон ханым, сізбен танысқаныма қуанышты болдым. Сөз өзіңізде.



Қала: — Астана
Сала: — Аудармашы мамандығының 3-курсында оқимын. Бірақ болашақта инвестор боламын.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мен көптен қазақ сайттарына кірмей кеткем. Бір күні әдеттегідей фэйсбукте отырып, керекинфода жарияланған бір мақаланың фэйсбукке қойылған сілтемесін көрдім. Сайтқа бір кіргеннен ұнап кетті, солай керекинфоның бір белсенді мүшесі болуға шешім қабылдадым. Алғаш "қош келдім" деген бір сөз арқылы мындағы адамдардың қалай қабылдайтынын байқамақ болдым.Солай көп адам "қош келдің" дегенде керемет орта екеніне көзім жетті.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— Келгеніме аз уақыт болғандықтан ештеңе деп айта алмаймын. Әрбір жазылған мақаладан өзіме пайдалы ақпарат алуға тырысамын. Пайдалы ақпараттар көп болса деймін.

— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?
— Ойланып отырсам үлкен оқиға болмаған сияқты. Бірақ алдынғы жылға қарағанда біраз өзгерген сияқтымын. Өзіме үлкен жауапкершілік алып,өмірімді өзгерту үшін қолымнан келгенін жасадым. Көп сабақ алдым.

— 2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?
— Меніңше мында жарияланған әрбір тақырыптың өз ерекшелігі бар. Әрбір мақала адамдардың жүрегін сала отырып жазғаны ғой.
Әрі қарай

Эстафета: сыйлығымның сықпыты

omarbirat быраттан эстафета қабылдадық, есіме түсіріп көрейін не сыйлық жасағанымды

Біздің кезімізде тойланытын мейрамдар жаңа жыл, жиырма үшінші ақпан, сегізінші наурыз еді ғой көбіне, беріректе жиырма екінші наурыз қосылды. Жаңа жылдан бастайын. Жаңа жылда әкем мен шешеме бауырларыммен бірігіп концерт қойып беретінбіз, біздің былдырлап айтқан тақпақтарымызға мәз болатын екеуі, негізгі сыйда осы ғой. Бірақ сыйлықты соңында біз алатынбыз бәрібір
23-ақпан. Әке әскерде болмаған, сондықтан бұл мереке онша нетіле қоймайтын үйде. Бірақ кластың ұлдарына сыйлық жасайтынбыз жаппай.
8-наурыз. Бесінші, алтыншы класқа дейін бізде класс жетекшілері әйел адамдар болды, жыл сайын енді былай сол апайларға сыйлық алуға тура келетін)) Ал анама кәдімгідей сыйлық жасайтынмын. Ақ қағазды алып, ортасынан екіге бөлесін, бір бөлігіне шыжбайлап гүл салынады, ол сарымен боялады міндетті түрде, сабағы жасылмен, сосын келесі бөлігіне «Ана туралы» тақпақ жазылады. «Ақ мамам» деген ән айтылып салтанатты түрде тапсырылады.  
ПыСы. Жалпы сыйлық алу, үйге басқа жақтан келе жатқанда базарлық әкелу менің онша мойын жар бермейтін нәрсем)) Қазір тек қаржылай берем өздерін таңдап алыңдар деп, мүмкін заман талабы шығар көбі сөйтетін сияқты

Эстафета постын serjan құрдасыма ұсынамын.
Әрі қарай