КерекИнфоның мобиль нұсқасы қосылды



Сайтымыздың ұялы телефондарға арналған нұсқасы қосылды. Ұялы телефондардан кіру енді жеңілірек болады. Ықшамдалған, көп траффик жемейтін бұл нұсқа арқылы енді тек пікір емес, пост та жазуға болады. Оқылуы да ыңғайлы. Жұмысында кіре алмай жүргендерге, үйінде интернеті жоқтарға, жолда жүргендерге, түнде ұйықтай алмай жүрген КерекИнфо «нашақорларына» керемет мүмкіндік.

Мобиль нұсқаны көру үшін ұялы телефоныңыздан сайт адресін терсеңіз болғаны, автоматты түрде ықшамдалған нұсқа ашылады. Ал браузерден қарап көремін десеңіз:

Қосу: kerekinfo.kz/?force-mobile=on
Ажырату: kerekinfo.kz/?force-mobile=off
Бөлісу:

42 пікір

aza
Галакси Табқа келмейді екен. Планшет қой сенікі, былай ақ кіре берсейші дегендей сыңай танытты. Мен де пайдаланғым келеді шағын нұсқаны, әлгі. Біз тоқалдан тудық па, на?!
asaubota
посттың төменгі жағындағы сілтеме арқылы планшет түгіл нән дизайнерский монитормен де қарауыңа болады.
aikarakoz
Уау! Уау! Уау! Ваще күшті болды
a63a1
Жақсы болды, ыңғайлы екен
Aikona
соткамда мини операда қате деп шығып тұр
asaubota
сотка моделі және қатенің мәтіні?
Aikona
Samsung Wave II (S8530). 404 Not Found — бұл мини операда ашпай тұр. ал кадімгі интернетте ауыстырып қойдым
asaubota
сайт адресін терген кезде сондай шықты ма? мүмкін wap.kerekinfo немесе m.kerekinfo деп жазған шығарсың?
e_zhalgas
сынап көру керек екен
Aldeken
Ашылып тұр, жақсы, қалғанын шұқылап көргесін айтармын.
Нокиа С-5 телефонның маркасы.
Aigolek
Жап жаксы екен. Тунде юхтайалмай жатканда жахсы болды
Aigolek
Тикелей эфирды таппай калдым
aza
Тақырыптардағы Ң деген әріпті ашпай тұрған еді…
ruben
Ә деген әріпті де ашпай тұрғаны
Rafaello
Пікір жазып көріп жатырмын.
Karakyz
Super! Burynnan oilaushy edim, mobile nuska bolsa dep!!!
madikon
keremet!!! Birak azirshe telephonim ogan jaramaidi.
Adiletshu
«Шүкірфон» ба)
madikon
ия, бірақ кейінгі кезде сол жақсы сияқты ма деймін,, проблемасы жоқ,,қуаты да көпке жарайды
Erke
дымда қылмас ертең,өзің айтқан 30-40 жасыңда миллионер болған кезіңде жаксы бір телефон аларсың!
madikon
оған дейін көп уақыт…
serjan
404 not fount
нокиа аша 305
asaubota
адрес дұрыс жазылды ма? дұрысы kerekinfo.kz

404 деген қате егер ондай бет жоқ болса шығады.
serjan
Ашылды, 3 давлюды теру керек екен ғой.
Erlan
kerekinfo.kz ашылып тур Нокиа 2730 телефоннында
VKM
Мен телефонымды жоғалтып алғанмын,ұстап жүргеніме келмейді екен(
AKY
Тақырыптардағы қазақша әріптер көрінбейді. А так четко ғо.
omarbirat
Бірден ашылды. Нокиа Енсегіз.
zholantai
мобильді нұсқада «беттің басына бару» қызметін қоюға бола ма? әлде бар, бірақ менде көрсетпей тұр ма?
asaubota
жоғары шығу ма әлде бастапқы бет па? КерекИнфо деген жазуды бассаң бастапқы бет ашылады.

соңғы пікірлерді оқу үшін: kerekinfo.kz/comments
Rafaello
Кеше түнде үзіліп кете берді ашылмай.