Сұхбат кезегі...

Сауалнаманы Керекинфоның көрікті де, сұлу, ақылды қызы бастаған соң одан әрі сондай көркіне ақылы сай қыздармен жалғастыруды жөн көрдім.Қыздың жолы жіңішке дегендей, жігіттер жағы ренжи қоймас. Бұл сұхбат менікіне қарағанда өте қызықты шықты деп ойлаймын. Сонымен кезек ademi_alem атымен жүретін Зарина Долатайға берілді.

Қала: Өскемен
Сала: Облыстық «Менің өлкем» газетінің тілшісі

— КерекИнфоға қалай келдің?
Aya есімді қолданушы жіберген сілтемеден өтіп, пікір қалдыруым үшін сайтқа тіркелу қажет болды. Тіркелгеннен кейін көзіме түскен жазбалар мен пікірлерді шолып шықтым. Содан «Өлеңдерімнің бірін орналастырып көрсем» деген ой келіп, алғаш Сәби болғым келеді, Қайдасың, Махаббат? деген тақырыптағы екі жазба орналастырдым. satibaldi ағаның
«Жақсы, жақсы, жақсы-ей!»
деген пікірін оқып «Шыны ма, өтірігі ме? Бұл адам да жақсы пікір қалдыра ала ма?!» деген ойда қалдым. Кейін
«Мен жаспын. Мен арақ ішкім келеді.Мен холестерині көп кәуаптың майын ағызып-ағызып жегім келеді. Оның шөлін бауырдың жауы сырамен мейірлене басқым келеді. Туа сала ғаламның бар қайғысын арқалайтындарды түсінбеймін. Бетперде пәлсапашылардан көтім қараятын болды.Түсінесің бе, мен қателескім келеді; мен қатындардың шын мәнінде не меңзеп тұрғанын түсінбей, сүйіктімнен айырылып қалғым келеді; мен біреудің ақшасын жоғалтып алғым келеді, өмір сүргім келеді! Ал Спиноза баяғыда барлғымыз үшін ойлап қойған нәрселерді оқуға зауқым жоқ»
деген пікірлерге де көзім үйрене бастады. Сын біреуді қинай түссе, біреуді шыңдай түседі деп ойлаймын. Бұл жерде жазылатын сын-пікірлер мені шыңдай түсті деп ойлаймын.

-КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
-Біріншіден, бұл жерде ұлтты сөзбен емес, іспен жақсы көретін азаматтар жиналған. Оған КерекИнфоның ұйымдастыруымен өткізген әр түрлі шаралар айғақ бола алады. Сол шаралардың бірі Домбыра пати өткенде рухым көтеріліп, көңілім марқайып қалды. «Сөйту керек, бүйту керек» деп құр сөзбен қуырдақ қуырып, іс жүзінде әрекетсіз жүрген жандар көп қой.Бұл теңізге құйылған тамшыдай болса да игі бастама.
Екіншіден, бұл жерде сынға шыдайтындары шыдап, шыдамайтындары ысырылып қалып жатады. Яғни, КерекИнфо бәсекеге қабілетті, сынды көтере білетіндер жиналған алаң десем болады.
Үшіншіден, бұл жердегі достық, ағалық, бауырлық қарым-қатынастар шынайы өмірде де жалғасын тауып жатады. КерекИнфодан мақсат-тілегі ортақ, ойда жүрген оңды идеяны бірге іске асыруға болатын достар табуға болады. Өмірде көрмесем де, жаныма жақын болып үлгерген, ой бөлісіп, пікір алмасатын адамдар бар осы осында.
Ал «КерекИнфодағы мына нәрсе ұнамайды» деп айтатындай көңіліме жақпаған еш нәрсе болмады. Дегенмен, дін төңірегіндегі тақырыптарды талқылау ұнамайды. Дін өте нәзік, өте терең тақырып. «Дін қателеспейді, қателесетін – адам». Сол себепті 4-5 діни кітап оқып, бірнеше хадистен ғана хабары бар адамдардың «негізінде былай», «шын мәнінде олай емес» деп тұжырым жасап жазылған пікірлерді түсінбеймін. Мұсылман адам көп жағдайда мұсылман екенін айтқан сөз емес, еткен әрекетімен дәлелдеу керек шығар… Өзімнің сөзім мен ісім сәйкес емес, діннен хабарым болса да, жасаған амалым аз болғандықтан, дін төңірегінде тақырып жазуға да, пікір қалдыруға да қорқам.
Тағы бір ұнамайтыны… )))))) Менің жазбаларыма «Қыртизм!» деген пікір көп қалдырылады. Сол ұнамайды. Мүмкін ойымды жеткізу жолдары, жеткізу формасы, тіпті жалпы жазбалардағы айтқым келген ойымның өзі ұнамайтын шығар кейбіреулерге. Бірақ ол менің сезімім, менің ойым, менің жай-күйім. Менің өмірімде сол шимай-шатпағым болмаса, тынысым тарылатын сияқты. Сондықтан қандай жағымсыз сөздер айтылса да жазылатын жазба жазыла береді…

-2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?
-Көктемде Өскеменге қайтып келдім. Жазда оқушылық өмірім мен студенттік кезеңдердің біршама бөлігі өткен Алматыға барып, жүргім келген жолдармен жүріп, сағынып қалған мектебімде болып қайттым.
Ал басты оқиғасы… 2011 жылды «өз-өзімді жоғалтып алған жыл деп санасам (Не үшін екенін егжей-тегжейлі түсіндіргім келмейді), 2012 жылды «Өз-өзімді тапқан, өз-өзіме келген жыл» деп санаймын. Өз-өзіме келуіме «КерекИнфоның» да үлесі бар. Бұл жерден мен өз қателіктеріңе кешіріммен қарай білуді, әр оқиғаның сәулелі тұстарын көре білуді және кей кездері өз-өзіңе де күле білу керектігін үйрендім. КерекИнфодағы e_zhalgas атты қолданушының бір жазбасында
«Естеліктер туралы сағынуға, ойлауға, қызыға әңгімелеуге болады, бірақ естеліктерге өкінуге болмайды. Естелік – біздің барымыз, оның қандай болғаны маңызды емес»
деген ойын кейде іштей қайталап жүрем. Шынымен де, өмірімізде қандай жағдайлар орын алса да біз үшін қайырлысы болсын! Өткенге өкпем жоқ, келер күннен жақсылық күтем.

2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?
КерекИнфоға 2012 жылдың басында тіркеліппін. Әр қолданушының жазбаларын жеке-жеке, толық оқып шықтым. Оқымаған жазбалардан, оқылған жалбалар көп. Көңілімнен шыққан тақырыптар профильдегі Таңдаулылар бөлімінде тұр.">
Бөлісу:

65 пікір

madikon
«Мен жаспын. Мен арақ ішкім келеді.Мен холестерині көп кәуаптың майын ағызып-ағызып жегім келеді. Оның шөлін бауырдың жауы сырамен мейірлене басқым келеді. Туа сала ғаламның бар қайғысын арқалайтындарды түсінбеймін. Бетперде пәлсапашылардан көтім қараятын болды.Түсінесің бе, мен қателескім келеді; мен қатындардың шын мәнінде не меңзеп тұрғанын түсінбей, сүйіктімнен айырылып қалғым келеді; мен біреудің ақшасын жоғалтып алғым келеді, өмір сүргім келеді! Ал Спиноза баяғыда барлғымыз үшін ойлап қойған нәрселерді оқуға зауқым жоқ»
мен болмаған кезде түрлі қызықтар көп болғанға ұқсайды…
Adiletshu
Қызық емес сұрақтарға күшті қып жауап жазыпты
Aldeken
«Дін қателеспейді, қателесетін – адам». Сол себепті 4-5 діни кітап оқып, бірнеше хадистен ғана хабары бар адамдардың «негізінде былай», «шын мәнінде олай емес» деп тұжырым жасап жазылған пікірлерді түсінбеймін. Мұсылман адам көп жағдайда мұсылман екенін айтқан сөз емес, еткен әрекетімен дәлелдеу керек шығар… Өзімнің сөзім мен ісім сәйкес емес, діннен хабарым болса да, жасаған амалым аз болғандықтан, дін төңірегінде тақырып жазуға да, пікір қалдыруға да қорқам.
Мадис!!!
ruben
кімді оң пүліске апарарымды білмей отырм. сұхбатты алғанға ма? бергенге ме?
VKM
Заринка, сенің жерлесім екеніңе қуанамын.Қызықты жауаптар.Өзіңді бұдан былай жоғалтпай),өмірдегі жолыңды тауып, бақытты бол. Жұмысың да алға бассын.
ademi_alem
Амин!!! Үлкен рахмет, Венеражан!  Ең алғаш Керекинфоға тіркелгенде «Ана қолданушы кім, мына қолданушы кім? Қандай адам?» деген сұрақтар туындайтын. Сіз туралы сұрағыма бір КерекИнфо қолданушысы «Ол үлкен жүректі қыз» деп жауап берген. Уақыт шынымен солай екеніне көзімді жеткізді. Аман болыңыз!
VKM
Мен жаспын. Мен арақ ішкім келеді.Мен холестерині көп кәуаптың майын ағызып-ағызып жегім келеді. Оның шөлін бауырдың жауы сырамен мейірлене басқым келеді.
 Сағындым Сатыпалды ағаны.Осындай пікірлерін.Маған келіп осылай жазса ғой деп армандап кеттім
bazuka
Хоббиңіз суретке тарту ғой байқағаным, осы жайында әңгімелеп жіберсеңіз. қай уақыттан бастап қызықтыңыз дегендей.
ademi_alem
Иә, көңілімнен шығатын көріністерді суретке түсіргенді ұнатам. Күнделікті жүретін жерлерді көзбен көргенде басқа, суреттен көргенде басқа әсерде болам. Оқушы кезімде сурет салғанды жақсы көретінмін. Бірақ бойдағы қабілетті үнемі шыңдап, жетілдірмесе нәтиже болмайды ғой. Төртінші курста оқып жүргенімде жұмыстағы фотоаппараттардың бірін қолданып жүрдім. Осы жылы басқасын алдым. Бұрын қайда жүрсем де қағаз бен қаламды тастамайтынмын, ал қазір оған фотоаппарат қосылды. ))
bazuka
фотоға тартумен қатар оны өңдеуде ерекше сезім сыйлайды ғой. фотоны өңдейтін бағдарламалардан хабарыңыз қалай?
ademi_alem
Хабарым болмаған. Өңдеу туралы ойламайтынмын да. Бірақ Janasil ағаның бір суретке қатысты
Тек түстер қанық емес. Сәл рең беріп жіберсеңіз.
деген пікірінен кейін ғана өңдеу туралы ой келді. Оған қатысты Daniar-Alan ағадан сұрадым. Сөйтіп-сөйтіп анадан бір, мынадан бір сұрап жүріп өңдеуді аздап үйрене бастадым. Бірақ қандай бағдарлама екенін білмеймін, әйтеуір шұқылааап отырып, керек жерлеріне реңк беруді үйрендім.
Tyulpan
Тағы бір ұнамайтыны… )))))) Менің жазбаларыма «Қыртизм!» деген пікір көп қалдырылады. Сол ұнамайды. Мүмкін ойымды жеткізу жолдары, жеткізу формасы, тіпті жалпы жазбалардағы айтқым келген ойымның өзі ұнамайтын шығар кейбіреулерге.

пилологтардың бәрі сондай  қобалжымай, жазғыңыз келгенді жаза беріңіз. көнеміз енді, қайтеміз ))) сізден юмЫр мен сатЫра араласқан жанрда шығарма күтеміз. ана сатыпалды көрсеткен қарға туралы тақпақтар сияқты болса да болады. көп ойлана берсеңіз, басыңыз, шығысша Ч-мен айтқанда, ЧақЧадай болып ісіп кетеді ))
ал, жалпы, сәәәән қызсыз. мынауски ))
ademi_alem
көнеміз енді, қайтеміз )))
рахмеееет!!! )))))))))))
Erke
Нұрғиса брат неғып сұрақ қоймай жатыр екен а?
ruben
Айтпақшы, сырттағы бойдақтардың атынан сұрақ бар. Сайттағылардың қолдары тимей жатқан болуы керек, алдынғы сұхбаттан соң. Кей үйленген жігіттерің де сұрар ма еді, — әйелдері сайтты тінтіп отырады-мыс.
Басыңыз бос па? Алдындағы Шымкенттік ұзын сары жігіт аман ба? дегендей… Жекеге кетіп барам. тоқылдатуға
ademi_alem
Басыңыз бос па?
бос
Алдындағы Шымкенттік ұзын сары жігіт аман ба?
Данияртайды айтасыз ба? Ол ұзын сары емес қой. )) Ол аман. Хабарласып тұрамыз. Айтпақшы, күзде тағы бір келіп кеткен жұмыстарымен. Жұмыста шаршаааап отырғам. «Саламатсыздар» деген таныс дауыс естілді, артыма қарасам Данияртай. Келетінін ескертпеген еді. Адамға қуаныш сыйлағысы келетін сондай көңілі таза адамдар көөөөп болса ғой! )))))
ademi_alem
Кей үйленген жігіттерің
деген не?
ruben
кпт.жлғ. да аздық етті ме?  десең, ә.
Бір адамға қаратыла айтылды, өзін жалғыз деп қалмауы үшін пыддержкы берген түрім ғой
aza
Долы апай деген деп жүріппін әуел баста тегіңізді…
Бір өтініш: Мында тек жақсы өлеңдер жарияласаңыз екен… Көр-жерді жариялайтын басқа да жерлер бар ғой, құдайға шүкір, қазір қазақша сайт деген көп… МАССА: ГАН, ГЕТ; Айта ғой, Теріскей деген тәуір сайттар бар деп естим…
ademi_alem
Долы апай деген деп жүріппін әуел баста тегіңізді…
Негізі атамның аты Дәулетбай, бірақ құжаттар бойынша Долатай деп кетіп қалған екен. Кішкентай кезімде ұнамайтын фамилиям, кейін үйреніп кеттім. )))
Мында тек жақсы өлеңдер жарияласаңыз екен…
тек жақсыны жариялау мүмкін емес, жақсы дегеннің өзі шартты ұғым ғой. Сізге жаман көрінген өлең өзгеге жақсы болуы мүмкін немесе керісінше сізге жақсы көрінген өлең басқаларға ұнамауы мүмкін.
құдайға шүкір, қазір қазақша сайт деген көп…
Иә, Құдайға шүкір қазақша сайттар көп, бірақ осы жерге байланып қалдым. ))
Abilakim
Қыстың соңғы күндері көшедегі соңғы қарларды жинап алып «Керекинфо» деп жазу ойыңызда бар ма?
ademi_alem
ойымда бар. )))))))) бірақ соңғы қармен емес.
Marco
Астанаға қарай қозғалу ойда бар ма?
ademi_alem
2011 жылдың күзінде Астанаға мақсатсыз кетіп қалғанмын әйтеу бір жаққа кетіп қалғым келгендіктен. Мақсатсыз барғандықтан, қайта салуым да оңай болды. Ал алдағы екі жыл ішінде сол жақта тұрақтап қалу үшін бару ойымда бар. Әзірге Өскеменде боламын, мына газетті тастап кете алмаймын. Орыстанған қала болғандықтан қазақ тілді басылымдар да, қазақ тілді журналистер де өте аз. Қай жерге керекпін, сол жерде жүре тұрам әзірге.
Marco
Орыстанған қала болғандықтан қазақ тілді басылымдар да, қазақ тілді журналистер де өте аз

Игі мақсат.
Дегенмен, қазақ журналистикасын жақсы деңгейге жеткізу үшін шынымен жаза білетіндер әуелі орталыққа жиналғаны жөн. Өңірлер соларға қарап бой түзеуі керек. Так ышто, тапа Астанаға қарай)
ademi_alem
Астанада жүргенде мында директорым қайта шақыртып алған. Жақында тағы да кету ойымда бар екенін айтқанда «Газет ашылғанына екі жыл болды. Бізге үш жыл сынақ мерзімі берілген. Сапасы мен таралымы енді-енді көтеріліп келеді. Елдің „қазақ тілді газетті ешкім оқымайды“ деп мысқылдағанына қарамай тәуекел етіп аштық, енді соңына дейін жеткізейік. Енді бір жыл болсын жүре тұр» деді. Кеңесіңіз үшін үлкен рахмет, қалай мүмкіндік болады, солай тартам Астанаға )))
Marco
ТВ-да жұмыс істеп көрдің бе?
ademi_alem
Жоқ, істеп көрмедім.
bazuka
ТВға шақырайын деп жатқан болар, шанс жібермисиш)
Daniar-Alan
«Газет ашылғанына екі жыл болды. Бізге үш жыл сынақ мерзімі берілген. Сапасы мен таралымы енді-енді көтеріліп келеді. Елдің „қазақ тілді газетті ешкім оқымайды“ деп мысқылдағанына қарамай тәуекел етіп аштық, енді соңына дейін жеткізейік. Енді бір жыл болсын жүре тұр» деді.

жазба 2012-де жазылыпты  аз қалыпты ғой
ademi_alem
Мына жердегі Керекинфо қолданушылары тарапынан қойылған сұрақтардың көбінің қазіргі жауабы басқа сияқты. )))))
asaubota
тамаша, тұшымды жауаптар екен. жалпы Керекинфоның қыздары мықты, ойларын дұрыс жеткізуді біледі.
Nurgisa
Өміріңде сәулелі тұстар бұдан былай шуағын молынан шашыңқырасын! Қыршаңқы шымшымалар жігеріңді құм қылмасын. Лирикжанды сияқтысың. Бекжан Толыбай деген соңғы уақытта кіруін сиреткен жігіт бар. Соның стилін шырамыттым. Бәкеңді сағынғанымыздан да шығар.
Басқа небір зұлмат түспейді, бірақ қысылтаяң мен тайғақ кешуде де сабақ алу машығың жақсы шындалып келе жатыр екен. Не дейін, өмірде көсегең көгерсін. Творчество адамдарына шабыттан гөрі, адамның ілтипаты мен жылы сөзі керек. Жылылық әркез жаныңнан табыла білсін, қарындасым.
asaubota
айтпақшы Бекжанның да қызы жоқ, жігіті де.
VKM
айтпақшы Бекжанның да қызы жоқ, жігіті де.
не деген қатал өмір: не қызы, не жігіті жоқ
ademi_alem
Аумин!!! Ақ ниетіңіз бен жылы лебізіңіз үшін үлкееен рахмет!!!
nurbergen_makym
Адемі Әлем, жазушы болғың келе ме?
ademi_alem
"АқынЖазушы болу міндет емес, азамат болу — борышым". ))))
salta
менің ойымша сіз тым ақкөңіл әрі «розовый очки» киіп жүретін адам секілдісіз. Қуаныштымын әрине, өйткені, сіздей адамдар аз ғой. Бірақ, сұрағым мынадай: сіз осындай мінезіңізбен ішіңіз пыспайды ма? дұрыс түсініңіз, мен қазбалап, болмайтын нәрсені шұқығым келіп те отырған жоқ, шынымен де білгім келеді…
ademi_alem
сіз осындай мінезіңізбен ішіңіз пыспайды ма?
))))))))) Солай болса жақсы ғой. Менің мінезім жаман, іш пыстырарлық бір қалыпты мінез болса жақсы ғой. Ауа райы сияқты құбылмалымын, қазір күліп отырсам, бір минуттан кейін жылап отыруым немесе бір уақытта жылап әрі күліп отыруым мүмкін. Әрбір адамның бойында арыла алмайтын жаман әдет болады ғой, менде де сондай әдет бар. Ол әдет өзіме көп әсер етпейді, бірақ айналамдағы адамдардың жүйкесін тоздырады. Көп нәрсені көңіл-күйіме байланысты істеймін. Істегім келмесе ұрысса да, еркелетсе де, ақырын айтса да, қатты айтса да істемеймін. Мектепте де үлгілі оқушылар қатарынан болмадым, оқығым келген сабақты оқып, оқығым келмеген сабақты мектептен шығарамыз деп шешім қабылдаса да оқымадым. ЖОО-нында да үлгілі студент болмадым, диплом қорғар кезде кей мұғалімдер мені сырттай бөлімде оқиды деп ойлап жүргенін айтты. Қазір ұжымымда бәрі мені түсінетін, қандаймын сондай күйде қабылдай алатын адамдар. Сол үшін қуанам. Кез келген ортаға тез бейімделем, уақыт өте келе олар маған бейімделеді. ))
VKM
Туй, Заринка,қумай, тезірек түзелшии))))
Өзім де қарық болып тұрған жоқпын,өмір үйретер, иә?
Ең дұрысы,қасымызда норм жігіт болса болды ғой, түсінетін)))
ademi_alem
)))))))))))))))) Уақыт өзгертеді адамды, бірақ уақыт та өзгерте алмайтын мінез болады. Өз ұстанымым, өз қағидам, өз ережем, өз әлемім бар. Ешкім мені басқарғанын қаламаймын, сәйкесінше өзім де ешкімді басқарғым келмейді.  
madikon
ЖОО-нында да үлгілі студент болмадым, диплом қорғар кезде кей мұғалімдер мені сырттай бөлімде оқиды деп ойлап жүргенін айтты.
осындай адамдарды жақсы көремін!!!
Tyulpan
сондай мінезіңізді немен байланыстырасыз? адам солай болып келеді ма өмірге әлде жүре келе сондай болдыңыз ба? жұлдыз белгіңіз қандай?
ademi_alem
Жұлдыз белгі бойынша торпақпын
007
Сын біреуді қинай түссе, біреуді шыңдай түседі деп ойлаймын. Бұл жерде жазылатын сын-пікірлер мені шыңдай түсті деп ойлаймын.
ӨТЕ ОРЫНДЫ АЙТЫЛҒАН СӨЗ,,,,,,,,, СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ!!!
Erkekyz
Керемет сұхбат. Қандай әдемі сөйлейсің. Беріліп оқып шықтым-ау.
Келер жыл табысты болсын деп тілеймін, денсулық үшін
ademi_alem
Рахмет! Атқан таң мен батқан күндер жағымды жаңалықтарға толы болсын!
asaubota
жыл аяқталғанша бірнеше адамның сұхбатын оқығымыз келеді. егер сұхбат алуышыңыз жауап бермесе немесе созып кетсе басқа адамды таңдасаңыз сұхбат үшін.
ademi_alem
Туған жеріме барып, сұрақтарды жіберудің сәті түспеді. Және жібердім, күтіп отырмын. ))
madikon
мынау сұхаттың жалғаспай жатырғанына біраз күн өтті,, көп адамдардың сұхбатын оқып, білуді қалар едім, неге тоқтап қалдыңыз?
asaubota
жалғастырғысы келетін басқа қолданушылар болса алып кете берсін.
Barsa
Ия, маған жіберген екенсіз. Бірақ, менің осынша қарапайым болмысым керекшілерге қызықсыз болар деп отырмын. Оны да былай қойғанда жазатында ештеме жоқ, керекинфоны қол тигенде тиіп-қашып оқып кететінім болмаса.
bizbike
Жай ғана ризамын осындай қыздар мен жігіттерге. Зарина, саған алдағы уақытта туындыларың көп болуына, өрге өрлей беруіңе тілектеспін. Бағың ашылсын. Осындай азаматтарымызды Құдай көпсінбесін бізге! «Бәріңгеліңді» оқығанда бір жалып алдым, негізі мен жылай берем, бірақ сол шығармаң мықты ұнады.
madlen
Шынымен де ап-адемi, акконiл кыз екенсiз. Оскеменнiн кыздары осындай болады гой дим) Веник сиякты) Сурак: Керекинфодан кiммен жакын араласыз? Реалда?
ademi_alem
Өмірде araika атты қолданушымен кездестім бір рет. ))) Арайлымды «КерекИнфоның» бар екенін білмейтін кезімнен агент арқылы танитынмын. Уақыты бар кездерде өлеңдерімді оқып тұратын. Ал жалпы өмірде Керектік қолданушылардың ешқайсысымен кездесіп, араласып көрмедім. Оның бәрі уақыт еншісіне қалдырдым. Алдағы уақытта өтетін Блог-құрылтайда көрісу, араласу, шынайы достар табу бұйырады деп сенем…
ademi_alem
Оскеменнiн кыздары осындай болады гой дим) Веник сиякты)
Жоқ, VKM ді көрмесем де, ол мен үшін тым ерекше қыз. Өзге түгіл өз ішіңе үңілуге уақыт таппай, әлдеқайда асығып, үлгермей жүретін заманда ақ ниетімен көңіліңе қуаныш сыйлайтын, жасандылықтан ада адамдар қай жерде де сирек кездеседі деп ойлаймын.
VKM
Заринка,ұялтпасайи))) Алла жазса,қаңтарда үйге барамын.Хабарласамын.Мамаммен таныстырамын
ademi_alem
))))))))  Рахмет! Таныспасам да танысқандай болып қуанып отырмын! )))))))