Жаңалығыңыз қандай?

Пікірлер арқылы бір-бірінің басына т**ып, түрлі-түрлі ой қозғап, қыран-топан күлкіге қарық болған кездерді сағынып кеттім
Твиттер, Фейзбук дегендер уақытша Керектен алыстататын шығар. Алайда мұндағы жылы ортаға бәрібір жетпейді екен.
Интернет ауылынан алыстаймын деп, білмеген нәрселерді үйреніп жүрмін. Мысалы, тігуді (сіз ойлағандай емес) үйрендім. Өзіме көйлектер, сіңілеріме белдемше тігіп бердім.

Сіңіліме тігіп берген белдемше

Крючокпен тоқуды үйрендім.


Бұл суреттерді салғандағы мақсатым?
Көптен бері көрінбей кеткен белсенділер қазір не істеп жүр? Қандай жетістікке жетті? Сол жаңалықтарымен сурет арқылы, пікір арқылы осы постта бөліссе екен деген ниет. Бәрімізге қызық қой)))

Шынымен барлық керектіктерді сағынып қалдым…
Бөлісу:

138 пікір

aikarakoz
Сізде қандай жаңалық бар?
asaubota
ал маған Нұрғиса досым Лондоннан мындай футболка алып келді

aikarakoz
Кучконтай бала құсап қалыпсыз)))
Айтпақшы, кеше керекшілердің біразын Жайдарманнан көріп, мәз боп қалдым)
asaubota
2 адам біраз болып санала ма?
aikarakoz
Жанасылдың өзі ме, інісі ме фотоаппарат ұстап жүрген? Көзілдірік те Керектікі ғо))
asaubota
кешірерсің, әрине саналады
Erasil — Жанасылдың інісі.
UMYTYLGAN
менде болдымгой))
aikarakoz
Сіздің жүзіңізді танымайды екем))
UMYTYLGAN
Мен тіпті Арекеңнен екі орын кейін отырдым. Арада отырған қару асынған жігіт анда-санда шабуылдатып кеткенде қасына отырып әңгіме-магазін құрып танысқым да келген, тұйықтығыммен (анау айтқандай емес енд) қоса екі әріптің басын құрай алмайтын (басқаны қайдам, мен құраған әріптен көркемжыныстың қазақша айдарлаған аты шығаберед нақ) шаласауаттығыма ыңғайсыздандым. Әйтпесе Алдекеңді сосын тағы бір-екісін фотолары арқылы жобалап отырам. күн келер, танысарм деп
(өткендегі бильярдты кеиннен оқып қалдым, енд оған тошна барарем)
asaubota
туууу сен де. келмедің ба? несіне қысыласың.
UMYTYLGAN
келесі жиын, тойлардың хабарын біліп жатсам барам. сосын «менде болдым сол тойда » деген тақырыпқа пост жазсамба деееп қоям))
asaubota
Кучконтай бала құсап қалыпсыз

админ де адам
жалпы еркектің де бала сияқты болатынын күйеуге шықсаң түсінетін боласың
AKY
шырттай футболка)))
Tyulpan
жарасып тұр. кйарамат! )) жазуы күшті кен ))
e_zhalgas
ал мен жұмыстан шығып кеттім
Adiletshu
Құттықтайық па, көңіл айтайық па
e_zhalgas
Өз еркіммен екенін ескерсек, құттықтаған дұрыс шығар :)
Tyulpan
басқа жұмысқа кірдіңіз ба? )) тезірек кіріңіз ))
e_zhalgas
Өзімді өзім жұмысқа алдым :)
Tyulpan
ооо жақсы. ісіңіз сәтті жүрсін!!!
e_zhalgas
Рахмет :)
vebred
Викибілімдіктермен радиода жасап журген бағдарламаң не болды, әлде радио Астнаға көшкен соң оны қойып па едіңдер??
Aikona
Пысық қыз боп кетіпті өзі  Күшті киімдерің.
Aikona
дым жаңалық жоқ, ақырзаманды күткеннен басқа ))
aikarakoz
Сол «Ақырзаман» деген нәрселерді оқи беріп, өткенде түнімен түсімде ақырзаман көріп, шошып шықтым)))
bazuka
белдемше ұнады! пысық екенсіз!
Kipshakkyzy
Құр жатпайсың әйтеуір! Жарайсың Эля!
alashaman
Мен Астананы тәрк етіп, Шымкенттен бір-ақ шықтым. Облыс әкімінң баспасөз қызметіне. Сөйтіп, егер Керектіктер қолдап, қолпаштаса Шымкентте өтуі мүмкін «BlogCamp 2013»-ке дайындалудамыз. Облыс әкімі қолдап отыр. Бірақ " саяси тақырыптарда баяндама жасап әуре болмайсыздар, Елбасы, «НұрОтан» темасын көтермейсіздер. Тек блог құрылтайға қажетті кейбір материалдық, қаржылық мәселелерді шешіп берсеңіздер болды. Ресми демеу дегеніміз осы" деген шарт қойдық. Иса жарықтықтың туған күінен соң мықтап тұрып кірісеміз. «Айтабердің» жігіттерімен кездесу бар жоспарда. Бекжан Толыбаймен кездесеміз деп уақыт таппай жатырмын. Очм өзімше қарбаласпын. Керекке кіріп жүрмін, бірақ жазған ештеңем жоқ. aikarakoz-ді сұрағына жауап осы
aikarakoz
 Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Adiletshu
Шымкентте болса барамын
Zhanara2012
Мен Астананы тәрк етіп, Шымкенттен бір-ақ шықтым.
Nағдырымыз ұқсастау сияқты…
asaubota
қандай бақытты едік Астанада кездесе алмаған!
Zhanara2012
Нәтижесі жоқ, нәтижесі…
asaubota
сенімен шын өмірде де кездессем аз болса да ерте қартаяр едім, сол үшін қуаныштымын деймін, Астанада жүргеніңде абырой болып сайтқа мүше болмай кездеспегенімізге.
Zhanara2012
аз болса да ерте қартаяр едім,
Ерте қартаюыңа үлес қоссам жаман адам екенмін онда…
Daniar-Alan
эххх, осыны оқып отырып, кейін тарих болып қалатынын білдік пе…
omarbirat
Жаңа міндеттер артылып жатыр. Кіріспей жатып ми ашып кетті. Нағыз жұмыстық қатынастар!
Abilakim
жаңалық жоқ. Жаңаарқа жақтағы бір кластасым отпуска алып қалаға келіпті. Әрбір досымыздың үйінде күнде карта ойнап (сағат түнгі 2-3ке дейін), мал болып кеттік. ананың отпускасы да ұзақ екен…
rakisheva
Күштііііісің ғой Эля  Мендеде еш жаңалық жоқ. Сабақтар бітті, енді алда емтихан келе жатыр. Сосын дипломканы бастау КЕРЕК
Daniar-Alan
предзащита да өтті осылай
konvict
Астана салқын. Жаурав жүрмін.
Marco
Мәшина, диван, сосын бғансуз виносын сатывалдым
nurbergen_makym
Қарбалас жұмыс: желтоқсанда мереке көп, екі апта сайын арнайы нөмір шығару.
Кітап оқу, аударма жасау сияқты хоббиларға да қол тимей кетті. Бірер жоба да басталып, аяқсыз қалды. Бірақ, басты жобам жақында жүзеге асуы керек. Соны тағатсыздана күтіп жүрмін. Атырауға билет те алып қойдым.

P.S. Қолың дерт көрмесін!
Tyulpan
Атырауға келесіз ба не? ))
nurbergen_makym
Күтiваласыз ба, жеңешемнiң жерлеci?))
Tyulpan
ииииә. қызыл кілемді жайып жіверіп күтівалам ))
nurbergen_makym
Жоқ, шынымен.Атыраудың айбат жерлерiн аралатып қыдыртасыз ба?)
Tyulpan
келіңіз келіңіз )) мен сізді музейге апарам ))
nurbergen_makym
Мұражайы — ең херн жерi сияқты ғой.Сарайшығының күйiн бiлсем
Tyulpan
… Сарайшық — ұят енді. мемлекеттік қорғауда емес па, бірдеңе. адамның сүйектері шашылып жатыр. (( бас сүйектерді аяқтарының астына қойып, шетелдіктер фотоға түсіп жүр… (( кезіндегі Бату ханның ордасының 21 ғ. күйі осындаааааай…
Bayan_
Супержанталас. Жылдық қорытынды жаңалықтарды әзірлеп жатырмыз. Ең бастысы- тойға дайындық
Marco
Ох еее… Муракамидің «1Q84» кітабын оқып шықтым
ruben
Бекжан ағамен таныстым риылда!
timurrr
Керемет! Жарайсың, Эльвира!

… А л мен…
Шамамен жарты жыл болды керекке бас сұқпай кеткеніме(
Бірақ сырттай қарап, технологиялық өзгерістеріне қуанып жүремін. Мынга мобайл нұсқасы қосылғаны жақсы болған екен. Өйткені, соның негізгі тұтынушысы едім…
… Супер-пупер уақыт жоқ, иттірлік һәм күйбең уә күйкі тірлік.
Менің ойымша қазіргі уақыт 24 сағаттан емес 12 сағаттан және аптасына 3 күннен тұратын сияқты…
neoman
Коньки тепкім кеп кетті соңғы күндері. Бұл сезонда конькиім шаң басып жатыр еді…

Мұндағы мұздың бетіне біраз өрнек салып тастайық, атыраулықтардан кім бар?
timurrr
Дауай. Қашан? Әйтпесе, елде жоқ мұзайдынды сағындық.
neoman
Алдағы жексенбі, кешкі сеанстарға. Хабарласармын.
kokbori
Мені жетектеп жүрсең барам
e_zhalgas
Жоспарлаған кітаптарды оқып, қайта оқып жатырмын. Твен, Толстой, Чехов… көп :)
Rafaello
Майшам (свечка) сатып жүрміз, 20-дан алып 200-ге.
aza
Бір телеарнадағы «Аймақтар Аламаны» деген жобаға қатыстым жанама түрде, туған өлкемнің қорғаушысы боп. Өз басымдағы жаңалықтардың көпшілігі соған қатысты, күтпеген сыйлар өте мол болды. Ал, күнделікті күйбең тірлік сірә босатпайды, 5 күн жұмыс… Демалыс қаңғу, ең қызығы Астанада да демалыстың уақыты жетпей қала бастады маған. Айналам кеңіді, достар күн сайын көбейіп келеді. Алланың берген нығметі деен осы, тәубә!
AKY
дымм қызық жоқ. жаңалық жоқ.
қазір, айтпақшы жобадан тапсырысқа берілген 2 макбук пен 1 аймак келуі керек. біреуін алвалмасам.
e_zhalgas
Мен де 15-тік макбук про алғым кеп жүр, қықы
AKY
мм, хочууу, ағай рұқсат етсе екеееен))
timurrr
13-тік жарайды. Жарайдының өзі ойнамай қалады. Өйткені, 15-тік тым үлкен болады алып жүруге.
Tyulpan
айқаракөз, мықтысыз. менің де тігіп үйренгім келеді. керекті зат...
12 желтоқсанда болатын жұмыстағы патиға дайындық жүріп жатыр.
бір досымды Катарға шығарып салдық.

астанадан келген дос қызбен кездестім.
плюс болып тұрған күн минус болып, суық жел соғып бастады. ))
ademi_alem
Жарайсыз, әдемі шығыпты!!!
Aldeken
Ханшайымым — Айзере дүниеге келді, машина ауыстырдым, жалдап отырған пәтерімді тапсырып, туысымның пәтеріне көштім, Астанаға келгелі 5 жыл ішінде алғаш рет үй жиһаздарын ала бастадым, 2012 жылғы қараша — алғаш рет пәтерақы төлемеген ай болды, и, сосын ең соңғы жаңалығым — жұмыстан қызметтік пәтер беретін болды, 3 бөлме, басым айналып жүр сол жаңалыққа. Алла көпсінбесін!
Marco
Әумин!!! Әбеттеріңе ортақ болам енді)))
VKM
 құтты болсын, Алдекен!
Erkekyz
Мына тақырыптың ашылғаны жақсы болды, біраз хабарсыз кеткен қолданушылардың хабарып біліп, қуанып қалдым.  Араласып, көрісіп тұрмасаң да, қуанышты хабарын блогқа жазса кәдімгідей қуанышына ортақтасып қалады екенсің.

Ал, белдемше әдемі екен шапка екеуі
Менде жаңалық… мен «Мастер и Маргарита», «Триумфальная арка» сияқты шедеврлерді жақында оқып бітірдім. Және басқа да оқуға жеңіл, көңіл-күйді көтеретін мағынасы «а-ля принц на белом коне» фэнтези кітаптарды оқыдым, күзгі хандраны жеңу керек болды .

Тоқымамнан айтайын. Екі кеудеше, шапка, сол баяғы башмақай тоқыдым. Сосын жақында бір шапка, шарф, қолғабымен(варежки) тоқыдым, онша шықпады, білмеймін егесіне ұнайды, ұнамайды.
Жіп келсе тағы кеудеше бастаймын.

Шашымды боядым, енді қырқамын

Кеше Садықты көрдім.
aikarakoz
Уау! Суреттерін көрейікті тоқыған дүниелеріңіздің))
Erkekyz
Төмендегі кішкентайларға тоқығандарым. Алдын фейсбукте де ілгенмін.

Қалғандарын түсіріп үлгермеппін.
Zhanara2012
қазір ұмыт болған дүниелерді бір еске түсірдіңіз. Мен тоқу білмек түгілі, тоқып отырған адам көрмеппін. Шын айтам.
Aldeken
ол, әбизок қо, бро, жампозың екеуің қол ұстасып келіп, шай ішіп кететін күн туады, әлі… )))))))))))
Aidakonya
ал мен, ал мен тааааааааааааак, енді юниор емеспін касіпшілер тобына оттім!
Adiletshu
Дұрысы кәсіпқойлар болады.
Aidakonya
ен бастысы оттім, дегенмен рахмет!
Daniar-Alan
менде биыл жаңалық өте көп. өтее көп… жақсысы да жаманы да. Бірақ, тәубә жаманынан жақсысы көп.
Tyulpan
айта отырсаңыз нақтырақ ))
Daniar-Alan
жеке. өте жеке.
Tyulpan
жәрәйт онда. жағымды жаңалықтармен жүздесе берейік ))
Daniar-Alan
жүздескенде былай… тек құрылтайда…
Tyulpan
құрылтайды білмим. мен керекті айтқам ))
Daniar-Alan
жүздесу реалда. Бұл жерде тек тілдесу.
Tyulpan
онда жағымды жаңалықтармен тілдесе берик ))
Daniar-Alan
тілдесудің де «тілдесуі» бар екен… осы сөзді «сөйлесуге» ауыстырайық онан да…
Tyulpan
туффф Данияр-Алан мырза, көп көрректірлеп кеттіңіз ғой. өзіңізге ыңғайлысын ала беріңізші ))
Daniar-Alan
просты… әйелім кіріп жүр керекке… а мен қорқам…
Aldeken
просты… әйелім кіріп жүр керекке… а мен қорқам…
«Ой, жұмыста блок қойп цтад, керекке кіре алмайм» дегенше бірден айтпайсың ба, әйелім керекке кіріп жүр, қорқам деп…
Aidakonya
Для когото и каблук крыша)
Daniar-Alan
әрине чоң қыз. Олар болмаса күнім қараң ғо…
Daniar-Alan
әдемі ғой әдемім
Aidakonya
Ягни бул Шымкентше, бiлiп журем ендi)
ruben
Өмірлік қораға кірдім сұранып тағы
serjan
Машина алдым, жұмыстан шықтым, пәтер алдым шағындау болсада қаладан, үйге id phon, id tv, мегалайын турбо орнаттым. Жаратушыға шүкір жүрмей келе жатқан тірліктерім жүре бастады.
VKM
О, Эльвира, жарайсың!
Менде де жақсы жаңалықтар көп, Алла деп…
Aidakonya
керектін мобл. нускасын костым мобл-іме)
a63a1
Күн аяз, жүрген сол, қырт-сырт
konvict
Ғашық болдым  Өткенде сол үшін Алматыға барып қайттым
Gastarbaiter
Заебалым шығып жүр. Екі түрлі ойда, бір жағынан өз мәселелерімді шешкендеймін. Екінші жағынан жақындарымда мәселелер шығып жатыр. Шаршайм сука, кейбір еркектердің өзі талпынбаса да, біреуге кедергі болмауға неге тырыспайд, білә. Чертофандарға жыным келеді.
salta
жұмыстан шықтым өз еркіммен))) өмірімде бұлай өзімді еркін сезінбеген шығармын, екі құлынымды құшақтап 10-11лерге дейін ұйықтаймын. жеке студияға жұмысқа тұрып алдым, 6дан кейін балаларымды Апитогыма тастап, сюжеттерімді монтаждап келем))) қысқасы РАХАТ!!! жақында бәрінен де күшті жаңалық айтам))) жақында совсем жақында))) интригаңдыссссс…
VKM
Салтааааа,
Өзіңе ұнаса болды да. Жаңалық в студию!!! Мен күтіп жүремін.
araika
Белдемше менің быкусыма дөп келгенін қарашы, тіпті түсі де.

Менде айтарлықтай жаңалық жоқ. Керектен қол үзіп кетуіме бірден-бір себепкер — әлеуметтік желілер, әсіресе лимитсіз интернет Енді моб. нұсқа болса, орнатып алармын.

Бұйыртса, апта соңында Астанада боламын және жақында Қызылорда — Астана немесе керісінше бағытталған жолымның нүктесі қойылып, бір жағына шығатын кез келді. Өзгеріс атаулы сол уақыттарда ене бастайды
kokbori
Қол тимейді деген өтірік болар, тиеді, бірақ жұмыс шынында да көп боп кетті. Соңғы кезде мұғалім емес, қоғаммен байланыс саласында жұмыс жасап жүргендеймін. Интернеттен де қол үзе бастадым. Жақында жұмыс ауыстыруға шақ қалдым. Алайда бас тарттым.  Бірақ қорқа қоятындай емес, біразға дейін күтетін ойы бар… Жақын арада белгілі бір өзгеріс күтудемін, сәпсем өзгеріс болуы тиіс деп қояйын. Ал Керекке жиі бас сұғып, шолып шығу әдетім
Barsa
Бір айдан асты жұмыстан шығып кеттім, қолым бос. Күніне бір-бір жарым сағаттан жаяу жүруді әдетке айналдырдым. Салмақ тастау үшін. Жағажайда ойға беріліп бейқам жүрген шынымен жақсы екен. Сыртыңнан демалып жүрген адам кейпі болса да, ми қайнап жұмыс жасап небір бизнес-жоспарлар жүзеге асып жатады. Жұмысқа шығып жатсам осы күндерімді сағынатын шығармын деп ойлап қоямын.
Tyulpan
қара пимаға ма? )): р нағыз жанұя бақытын тілеймін!
Karaetik
бастысы кейбіреулер тәрізді галош емес
vebred
бөпем ауырып қалды… соның асты үстіне түсіп жүремін, екі қызды балабақшаға апару деген жұмыс… сосын қолым боста осында кірем… тағы бір жаңалығымды жыл басында айтармын бәріңе…
Aigolek
Юбканын замогын оте грубо орнаткансын. Кисык- кисык.
Aigolek
Токыганды жек корем. А вот тиккенди жаным суйеди. Бирак жалкаулыгым мумкиндик бере бермейди. Сонгы рет осыдан еки жыл бурын мына костюмды тиккем.

идеяны Ерке нурдын мына модельынан урлап алгам.
AKY
А вот тиккенди жаным суйеди
ай, маладессің-әй)))
AKY
Жеңешем үшінші бөпесін көтеріп жүр, УЗИ ұл депті тағы Бөпенің иісін сағындым, тездетіп босанса екен
Armanjan
Біздегі бар жаңалық соғым сойдық. Сегіз күн болды -35 -44 градус аяз. Гулетіп көмір жағып, күнде ет асқаннан басқа өзгеріс болмай жатыр. Айтпақшы Павлодарда нан қымбаттады, тіпті қымбат болғаны сол жетпей жатыр. Сосын май шам саудада жоқ, жұрт сабылып іздеп жатыр.
Zhanara2012
Мендегі жаңалық…
Бұл жыл мен үшін табысты болды. Байлардың журналылына тізімге кірмесем де, жағдайымды реттеп алдым.
Жазып жатқан дүниемді аяқтадым. Ең бастысы, көлік ауыстырдым. Енді жыл аяғына дейін келін келу керек. Соны күтіп жүрмін. Жыл жаңалығы сол болатын шығар.
Barsa
Жаңа жылдарыңызбен. Менің жаңалығым өткен демалыстарды балаларыммен ақ қар мен көк мұздың үстінде өткіздем. Жаңа жылды қарсы аларда соққан аққалам еді. Еріп арықтап қалды. Өзі кореянкаларға қатты ұқсайды
ken
Балық аулап келдім.
aikarakoz
Көрінбей кеткен жандар, жаңалықтарыңды жазсаңдаршиш
Rafaello
Түк жаңалық жоқ. Көктемде жұмыстан шығып кеттім. Қазір 2 тендер ұтып алып, жатырмын үйде соны жеп. Темекі тартуды бастадым, спиртті ішімдіктерден толық бас тарттым. Сол.
nurbolkhan_
Эхх Эля! Мендегі жаңалық сол, Керекке тіркелдім. Мұндағылар түтіп жеп жатыр. Өй, өңшең поворлар!
Daniar-Alan
ойбүууу Нұрболхан, 2011-де келгеніңде жата қап жылайды екенсің ғой
aikarakoz
Солай-солай адам боп кетесің әлі, Нұрболхан. Керектегілер ұрсып жақсы көреді, тиісіп жақсы көреді  Бұл — саған сынақ. Осы сынақтан жақсы өтсең, "өзіміз" деген статус аласың
Daniar-Alan
"өзіміз" деген статус аласың
мүмкін саунаға бірге бару құрметіне ие болар…
Daniar-Alan
мысалы Көкбөрі 2,5 жылдан соң ғана мұндай құрметке жетті…
nurbolkhan_
Неге қаталсыңдар?! Қаталдықтан әлі-ақ зардап татарсыңдар!
AKA
Өй, өңшең поворлар!