Бекболат ТІЛЕУХАН. Дүниенің бәрі махаббаттан тұрады.


Ассалаумағалейкүм, Қазақия!
Қазақтың біртуар азаматы, жырау, қоғам қайраткері, қазақтың жанашыры, айтқан сөзі Абаймен тең Бекболат Тілеухан ағамыз «махаббат» жайлы бұрындары айтқан болатын. «Ештен кеш жақсы» — дейді, көбісі білмейді ау шамасы, сондықтан жазба нұсқасын ұсынып отырмын. Жалпы, махаббат дегеніміз не?
Махаббат дегеніміз тек қана бізге бір қыз бен жігіттің арасында болатын бір сезім сияқты болып қалыптасқан және оның бәрі айналып келгенде аяғы хайуани институтқа айналып келіп тірелетте отырады. Тіпті болмаса да, төсектің ләзатына тіреліп қалатын бір сезім сияқты. Сондай ауқымын тарылтып жіберетін, сондай бір ғажайып сезімді түкке тұрғысыз қып тастаған сыңайлы. Біздің қоғамдық ой – пікірден тану қиын емес. Жалпы махаббат деген не? Сүю. Махаббат деген сөзді біздің қолданбайтын жеріміз жоқ. Оның жалпы атасы – мейірім. Махаббатта, мейірімде Аллаға тән нәрсе.
Кезінде Алаш зиялылары жақсы машина мінгісі келмеді емес, жақсы үйде тұрғысы келмеді емес, оларда өмірдің ләззатын татқысы келді, оларда пенде еді. Бірақ, сол рахаттың бәрін ысырып қойды. Бастарын құрбанға тігіп, ел үшін, жер үшін қиын жағдайларға барды. Басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды. Сол кезде Болшевниктің сөзін сөйлеп, соның ырқымен томпаңдай берсе, сол заманда өзінің жеке басы үшін өмір сүруге болатын еді. Міне, соларға қарамастан осыншама қадамға барған себеп не? – махаббат, ұлтына деген, еліне деген, ұрпағына деген махаббат. Ата – бабаның аманатына қиянат жасамайын деген иманнан шығып отырған махаббат. Махаббат дегеніміз өте бір терең ұғым.
Мысалы үшін, біз үлкен иттен болсын қорқамыз. Пәленбай атмосферамен сүйегіңді уатып тістейтін иттен кейде зәре – құтымыз қалмауы мүмкін. Енді сол ит келіп сенің жақыныңа, сүп – сүйкімді балаңа келіп басын қажап талап жатса не істейсіз? Бағанағы қорқыныш қайда кеткенін білмей қаласыз, итке ұмтыласыз. Сол сізді итке жүгіртіп қойған – балаға деген мейірім, балаға деген махаббат. Махаббат дегеніміз соншалықты үлкен дүние.
Енді сол махаббаттың ішінде ең жоғары дәрежеде болатын махаббат, ол сені жаратқан, сені ел қылған, халық қылған, сені анадан тудырған, сені әкеден тудырған, саған бауыр берген, саған осындай ұлт берген, отан берген, айта берсек нығыметінде шек жоқ. Саған денсаулық берген, абырой берген кім? – Алла Тағала. Алла Тағалаға махаббат – адамзатқа парыз деп – Абай атамыз бекерден бекер айтпаған.
Рас қыз бен жігіттің арасында махаббат болады. Біздегі түсінік қалай көзбен көреді, сосын жүреді, Алла Тағаланың заңдылығы шегінен шығады, түртіп көреді, шұқып көреді, сөйлесіп көреді, ұрысып көреді, төбелесіп, кетісіп, қайттан табысып, сөйтіп жүргенде қайтып келіп қосылады. Қосылғаннан кйін шұқысып қалған, өзін – өзі тыймаған, заңдылықтан шығып үйренген қызда, еркекте сөйтіп бір – бірінің көзіне шөп салып жатады. Енді осының бәрін ойлану керек. Ол үшін адамға ақыл керек. Ал ақылды жетелейтін бір күш бар ол арине – имандылық.
Дүниенің бәрі махаббаттан тұрады. Қашан иман жүректен кетеді, махаббат жүректен кетеді.Қашан махаббат жүректен кетеді, адам адамдық сипатынан айырылады. Ол хайуан болады. Сондықтан қоғамның бірден – бір емі ол – иман, махаббат, мейірім.
Мына достың – досқа деген қарым – қатынасында бір – бірін ренжітіп аламба деген сондай бір сыйластық қорқыныш болады. Мысалы, мен әкемді сүйдім, анамды сүйдім, осылардың көңіліне келіп қалам ба деген, ренжітіп аламба деген құрметтей қорқыныш болды. Бұл қорқыныш хайуани бір иттен қорыққандай, жаудан қорыққандай емес. Үлкен бір сыйластықтан, құрметтен, ұяттан болатын қорқыныш.
Кейде бір нәрседен ұялған кезде ұяттан кейде өліп кете жаздайсың. Ұяттан жарылып кете жаздайсың. Осы ұяттың атасы – махаббат. Кейде бір адамды қараптан – қарап жақсы көресің. Оның қылығы, оның саған бөліп берген ештеңесі жоқ. Сені таныр – танымас. Сырттай қарап кейбір адамды қылығына қарап жақсы көресің. Сол адам Құдайдан қорқатын, жүрегінде иманы бар, бетінен Нұр төгіліп тұрған. Сол адаммен жақындасқың келеді, сол адамды жақсы көресің, іш тартасың. Осы неден шыққан сезім? – махаббаттан шыққан сезім. Көрдіңіздерма махаббат дегеніміз үлкен дүние. Сондықтан кез — келген нәрсенің осындай — осындай аражігін айырып алу керек.
Ең бастысы Алла Тағала жүректерімізге иман, махаббат сыйласын жамағат! Елімізге амандық, халқымызға бірлік пен ынтымақ нәсіп етсін.
Әрі қарай

Линкольнның басын берсін, Гранттың тасын берсін!

Қолдан жасалған фото мен монтаждың тарихы – Сиэтлде “Адоуб” ЖШС өзінің “Фотошопақ” атты тауар белгісін тіркегеннен басталды деу авесттік болар еді, Arhun -сстың. Тарихтың тасақ беттерін аударыстырсақ, монтаждау тарихы сонау фотоға түсіру өнері басталған уақыттарға дейін кететін көрінеді.
Әрі қарай

Жұмыртқа қабығына су жиналу (Гидроцеле) - ерлерде кездесетін урологиялық ауытқу

Ассалаумағалейкум, «КерекИнфолықтар». 1 ай уақыт бұрын жоғарыда аталып өтілген диагнозбен маған операция жасады. Негізі, бұл жеңіл операция екен.2-3 сағаттан кейін ақырындап тұрып жүруге болады. Мен басқалары да білсін деген ниетпен интернеттегі орысша материалдар негізінде және өзімнің бастан өткергенім негізінде осы жерге қазақша жазғым келді.
Гидроцеле қазақша айтқанда ерлерде екі жұмыртқаның бір жағына сарысу жиналу.(гидро грекше су, ал целе — қампаю,ісіну деген сөз).Жұмыртқаның қабығы арасындағы ұйыма сұйықтықтың жиналуы.

Ересектерде және кішкентай балаларда кездеседі екен. Ересектерде бұл жүре пайда болады екен, ал кішкентай балаларда туа біткеннен пайда болады.
Жүре пайда болған гидроцеле жұмыртқа мен оның қабығына әсер етуден пайда болады, мысалы балалармен ойнап жүріп енекке теуіп жіберу, ұрық тамыршасында (семенной канатик) жасалған операция, варикоцелемен операция жасату.Маған осыдан 6 жыл бұрын варикоцелемен операция жасалған еді.

Водянка несімен қауіпті?
    жұмыртқа бірте бірте ісіне береді, тіпті маған уролог — хирург урология бөліміне бір енегі мүлдем сәбидің басындай ісіп кеткен шалдардың келгенін айтты.
  • ұма гематомасының ұлғаюына байланысты ұманың зақымдалуы (тамырдың жарылуы мен қанның жинақталуы)
  • тамырлардың қысылуына байланысты жұмыртқаның қан айналымының бұзылуы, ұрық (сперма) түзілуінің бұзылуы, уролог маған егер жасатпасаң белсіздікке әкеліп соғуы да мүмкін еді дегенді айтты.
Менің ойымша, ер балалардың көбісі өз бойындағы урологиялық ауруларды, ауытқуларды көбіне медкомиссияға барғанда ғана анықтап жатады. Сондықтан, өзіңіз үшін дәрігерлерге барып тұрғаныңыз жөн болар еді.
P.S. Мен дәрігер емеспін, емделген пациентпін. Сондықтан бұл пост консультациялық негізде, ақпараттық тұрғыда білу мақсатында жазылды. Сондықтан, осы постты оқып өз беттеріңізше қорытынды жасамағаныңыз жөн.
Постта www.andrology.su/hydrocele/ сайтынан материалдар қолданылды.
Әрі қарай

Форточканың қазақшасы қандай?

Авторы мен емес, шындығын айтайын, бірақ қазақша нұсқасын жазуды ұмытпаңыздар.

«Желкөз» деп атап жүр. Жел мен көз көз келмейтін сияқты. Терезенің «желкөзін» ашшы, немесе ашып жіберші. «Желтесік» деп аударыпты. Ол ващше келмейтін сияқты. Сіздің нұсқаңыз қандай?
Әрі қарай

Кондиционердің қазақшасы қалай?


Басқа тілден кірген, қолданыста жүрген тұрмыстық-техникалық заттар көп. Телефон, телевизор, сотка, компьютер, колонка және т.б. көп. Енді қазекем өз кезегінде қарап отырмай, осы терминдердің барлығын қазақшаға аударып шығады. Нәтижесінде қазақша жаңа сөздер пайда болады. Естіген құлақ қызық аудармалар көп. Телефон — сымтетік, сотка — ұялы сымтетік, немесе қалтафон, телевизор — теледидар, көгілдір экран деп жатамыз, айта берсең тізбектеліп кете береді.

Бүгін таңертең жұмысқа келсек, әріптес ағамыз (әрі ұстазымыз) екі жаңа сөз үйреніп келдім деп жаңалығын айта отырды. «Кондиционер» сөзінің қазақшасы қандай деп сұрақ қойды. «Салқындатқыш, желдеткіш және тб» сөздерді айттық, дұрыс емес деп жауап қайтарды. ФБ-дан сұрап көрдім, жауап келмеді. Бір уақытта табылды жауабы: «Ауабаптағыш!» біреулеріңіз естіген де боларсыздар, бірақ маған қызық көрінді. Салқындатқыш сияқты көрінеді кондер, бірақ ол толық мәнін ашып бере алмайды, ал «Ауабаптағыш» шынында да сәйкес келетін сияқты, арнайы шектегі ауаны баптайтын міндеті болғандықтан.

Екіншісін айтайын ба? Аға прокурор деген, «кәттә прокурор» екен)))))))))))))))))))))))))
Әрі қарай

Классиканы сүю..!

-Скрипач Арман Мурзагалиевтің триосы қойған тамаша кештен келдім. Ой, несін айтарсың, керемет болды ғой. Шуман мен Малердің туындыларын бір деммен құйқылжытқанда жанымды қоярға жер таппай, өнерлеріне керемет тәнті болдым. Сен неге бармадың?
-Мен онша да классикалық музыка жанрын түсінбеймін, ызыңдап миымды ашытып жібереді.
-Айтасың-ау сен де, классикалық музыкалар жанды рахаттандырады. Ол нағыз өнер ғой, қалай түсінбейсің оны?! Білсең, миды тыныштандырады. Арманға ғашық болып қайттым, бір сөзбен айтқанда. Ол нағыз талант. Роберт Шуманның «ақын махаббаты» туындысын орындағанда бар ғой, өзімді қалай керемет сезінгенімді сөзбен жеткізе алмаймын. «Жамбыл» филормониясының жұпыны, жадағай, көңілсіз сахнасына көзім қадала қарағанмен, көңіліммен шарықтай Тулузедегі театр сахнасында махаббат биін ырғала билеп кеттім бір сәт… нара на на… нанна… патшалар да жаяу баратын жаққа барып келейін,-деп асығыс көтерілген ол тумбочканың үстіне төсеп қойған газеттің бір бетін далпита ұстап шығып кетті.
-Тез кір де, шықшы, мен барайын деп отыр едім.

Абырой болғанда көп күттірген жоқ. «Мана кешкісін ана өзбектердің самсасын бекер жеппін, бар пәле содан болды» деп дауыстаған күйі ішімді қаусыра ұстап, тапырақтап тұра жүгірдім. Көңілім жайланғанмен, ішімнің ауруы басылар емес. Байыз таппай алақтаған көзіме қақ шекесінен көлденең жыртылған Әуезовтың суреті басылған газет түсті. «Егемен Қазақстан» газеті екен. «… зов әлемі» деген баттиған жазуы бар жарты көлдей мақала. Әуезовтің жарты шекелі суреті менен алысқа қарап міз бақпайды.
«… Кешірші, Мұха...» дедім де бүріп бара жатқан ішімді сығымдай, ұстап әжетхана есігін тарс жауып, кете бардым… Міні саған классиканы сүю..!
Әрі қарай

Internet Explorer 9/Windows 7. Интернетегі жарнамамен күрес

көк көз интернет жарнама
Интернет парақтарындағы жарнамалар. Орындысы да бар, орынсызы да бар. Интернет парақтарын шолғанда оның мазмұнын сүзгіден өткізсе жақсы болар еді. ie таңбашасыInternet Explorer 9-дың «tracking protection» мүмкіншілігін пайдаланайық. Түсінікті болу үшін бірден іске көшейік. Internet Explorer 9 көмегімен келесі интернет парағын ашып http://mp3crazy.ru көріңіз де жауып тастаңыз (жарнама барына көз жеткіздік). Енді http://gavr.in/adblock парағын ашыңыз. Add Evgeny Gavrin's TPL сілмесіне басыңыз, сол кезде сұхбат терезесі қалқып шығады. Сұранысына оң жауап береміз. Қайтадан mp3crazy.ru/ интернет парағын ашамыз. Парақтың бірнеше жерінде бос орындар пайда болады. Бұл орындарда жарнама болған.
Жазбаға негіз болған деректер http://habrahabr.ru/post/113881 парағынан алынған.

Ескерту: сүзгіні қосқаннан кейін кейбір интернет парақтарының интерактивті элементтері (101.ru) дұрыс қызметін атқармауы мүмкін. Осындай кезде сүзігіні тоқтатуға болады.
сүзгіні қосу немесе ажырату

Cүзгінің қосқанға дейін:
жарнамамен интернет бет

Сүзгіні қосқан соң:
жарама сүзгіден өтілген соң тазартылған бет
Әрі қарай

Тағы да ағам туралы....

Балалық шағым есіме түсіп тоқтай алмай қалдым ғой…
Кенже ағам отбасымыздағы ең кенжесі. Алдында Алланың берген 10 аға-әпкелері бар. Содан ба екен, есерлігі де, еркелігі де басымдау. Бірақ бұзықылыққа қимаймын. Халқымызда айтатын «ақылды тентектіктің» үлгісі шығар. Сабаққа жүйрік. Алдына жан салмайды. Тек есі кетіп Ботаға ғашық болатын бала күнінде. Сол Бота үшін талай қиқарлығын да көрсеткен.
Менің 7 жасымда ма еді, есімді енді біліп жатқан кезімде, папам мен мамам енші алып бөлек кетті. Атам мен әжемнің Кенже ағамнан соңғы кішіболып бауырға басқан қызы болып қолдарында қалдым. Көрген-баққаным Кенже ағам болды. Кенже ағамның соңынан қалмайтынмын. Бар құпиясын Дарханға айтса да қасында мен отыратынмын.
Ағам мен Дархан досы екеуі кешкісін түрлі сылтау тауып, ағамның ғашығы Ботаға бір күні әдебиет сұрап барады, бір күні химия кітабын сұрап барады. Кездесудің сылтауын табады әйтеуір, әйтпесе мектепте бір сыныпта, бір партада отыратын қызға сонша өліп өшкенін түсінбей мен аң-таң, апам да аң-таң.
Бір күні ағам ғашығы екеуі ренжісіп қалыпты. Тағы да есесін қайтармақ болды. Дархан екеуі "Ғасыр жоспарын" құрды.
Сондағысы не дейсіз ғой…
Екі оңбай қалған ағаларым, әкемнің бір тележка етіп уйге әкеп тастаған қарбыздарынан ең әдемілерін, ең үлкендерінен 2 қарбыз алды да, кіші дәретке тостағанға отырып, шприцпен сорып алып қарбызға укол салды. Сөйтіп, екі қарбызды Ботаға апарып, үйінде отырып өз көздерінің алдында Ботаға, мамасына, Ботаның сіңлісіне жегізіп келген ғой.
Фуййййййййййй, жиіркенішті ия?
Мектеп бітірген соң 5 жылдан соң екеуі үйленді. Екеуі ренжіссе, "қарбыз жегізем" деп қорқытады бір-бірін…
Қыздар дейм, жігіттер берген сыйлыққа абайлап қараңдар…
Әрі қарай

Есе қайтару немесе кек алу...

Менің ағам бар. Есімі Кенжехан. Мен мектеп табалдырығын аттағанда ол жоғарғы сыныптардың бірінде 9-шы сыныпта ма, 10-шы сыныпта ма оқитын. Қасында сыныптас Дархан деген досы болатын. Екеуі өте бұзық еді. Қазіргі оқушылар сынып-сыныпқа бөлініп төбелесіп жүретіні олардың заманында да бар еді.Бірде ағамның ғашығы Ботаға көрші үйдегі 11 сыныптағы Қайрат ғашықтық сезімге толы хат жазыпты. Ол хат менің ағамның қолына түскен.
Содан көршінің сұмырай ұлы Қайраттан кек алу операциясы басталып кетті.
Сондағы ағамның ойлап тапқан қаскөйлігі үйіміздің жанындағы көрші үйдің ауласын бақылауға мүмкіндігі бар асханамыздың төбесінде жатады. Бірде Дархан болады қасында, бірде мен болам. Шымкенттің 40-50 градустық ыстығында асхана үйдің шатырында тапжылмай жатудың азабын мен де көргем. Сондағысы Қайратты аңду… Бір күні іске көшкен ағам маған майыстырса сынатын сым берді. Ағамның үйретуімен оқ жасауды үйрендім. Сонымен мен жасаған оқпен рогатка деген бір атқыш қарумен Қайрат далаға шықса атады. Арақашықтық ұзақ болған соң ба, көөөөөөөппп атқан оқтардың біреуі ғана нысана Қайратқа дөп тиеді. Ал ол ауласын басына көтеріп жылайды. Көбінде оның бақшада жүргенінде ғана тигізе алады ағам. Сәл жақындау еді. Біздің оғымызды көрмейді ау, үйіндегілерге «мені ара шақты» деп жылайды. Күліп қойсақ, бізді байқап қояды. Күлкіден жарыла жаздап төбеден түсеміз. Ағамның құпиясын ашып қоймауым үшін, ағама тиесілі тәттінің бәрі менің үлесіме тиетін. Апам баласын «бауырмашыл жүрегіңнен айналдым» деп еркелетуші еді. Апам қайдан білсін қызының шантажынан. Кәмпиттерін ағам бермесе, апама, ең арысы Қайратқа айтып берем деп қорқытатынын…
Ағамның қазақ интернеттеріне кірмейтіні қандай жақсы… Біліп қойса, сазайымды тартқызады. Қазір де сол Қайраттан қорқады ма екен сол ағам…
Ой, Бота-ай!!! Бізді осынша әуреге салған…
Әрі қарай