Жұмыртқа қабығына су жиналу (Гидроцеле) - ерлерде кездесетін урологиялық ауытқу
Ассалаумағалейкум, «КерекИнфолықтар». 1 ай уақыт бұрын жоғарыда аталып өтілген диагнозбен маған операция жасады. Негізі, бұл жеңіл операция екен.2-3 сағаттан кейін ақырындап тұрып жүруге болады. Мен басқалары да білсін деген ниетпен интернеттегі орысша материалдар негізінде және өзімнің бастан өткергенім негізінде осы жерге қазақша жазғым келді.
Гидроцеле қазақша айтқанда ерлерде екі жұмыртқаның бір жағына сарысу жиналу.(гидро грекше су, ал целе — қампаю,ісіну деген сөз).Жұмыртқаның қабығы арасындағы ұйыма сұйықтықтың жиналуы.
Ересектерде және кішкентай балаларда кездеседі екен. Ересектерде бұл жүре пайда болады екен, ал кішкентай балаларда туа біткеннен пайда болады.
Жүре пайда болған гидроцеле жұмыртқа мен оның қабығына әсер етуден пайда болады, мысалы балалармен ойнап жүріп енекке теуіп жіберу, ұрық тамыршасында (семенной канатик) жасалған операция, варикоцелемен операция жасату.Маған осыдан 6 жыл бұрын варикоцелемен операция жасалған еді.
Водянка несімен қауіпті?
P.S. Мен дәрігер емеспін, емделген пациентпін. Сондықтан бұл пост консультациялық негізде, ақпараттық тұрғыда білу мақсатында жазылды. Сондықтан, осы постты оқып өз беттеріңізше қорытынды жасамағаныңыз жөн.
Постта www.andrology.su/hydrocele/ сайтынан материалдар қолданылды.

- жұмыртқа бірте бірте ісіне береді, тіпті маған уролог — хирург урология бөліміне бір енегі мүлдем сәбидің басындай ісіп кеткен шалдардың келгенін айтты.
- ұма гематомасының ұлғаюына байланысты ұманың зақымдалуы (тамырдың жарылуы мен қанның жинақталуы)
- тамырлардың қысылуына байланысты жұмыртқаның қан айналымының бұзылуы, ұрық (сперма) түзілуінің бұзылуы, уролог маған егер жасатпасаң белсіздікке әкеліп соғуы да мүмкін еді дегенді айтты.
P.S. Мен дәрігер емеспін, емделген пациентпін. Сондықтан бұл пост консультациялық негізде, ақпараттық тұрғыда білу мақсатында жазылды. Сондықтан, осы постты оқып өз беттеріңізше қорытынды жасамағаныңыз жөн.
Постта www.andrology.su/hydrocele/ сайтынан материалдар қолданылды.
«енек» деп жануарлардікін айтпайтын ба еді?
Сактык та корлык жок демекши