Кондиционердің қазақшасы қалай?


Басқа тілден кірген, қолданыста жүрген тұрмыстық-техникалық заттар көп. Телефон, телевизор, сотка, компьютер, колонка және т.б. көп. Енді қазекем өз кезегінде қарап отырмай, осы терминдердің барлығын қазақшаға аударып шығады. Нәтижесінде қазақша жаңа сөздер пайда болады. Естіген құлақ қызық аудармалар көп. Телефон — сымтетік, сотка — ұялы сымтетік, немесе қалтафон, телевизор — теледидар, көгілдір экран деп жатамыз, айта берсең тізбектеліп кете береді.

Бүгін таңертең жұмысқа келсек, әріптес ағамыз (әрі ұстазымыз) екі жаңа сөз үйреніп келдім деп жаңалығын айта отырды. «Кондиционер» сөзінің қазақшасы қандай деп сұрақ қойды. «Салқындатқыш, желдеткіш және тб» сөздерді айттық, дұрыс емес деп жауап қайтарды. ФБ-дан сұрап көрдім, жауап келмеді. Бір уақытта табылды жауабы: «Ауабаптағыш!» біреулеріңіз естіген де боларсыздар, бірақ маған қызық көрінді. Салқындатқыш сияқты көрінеді кондер, бірақ ол толық мәнін ашып бере алмайды, ал «Ауабаптағыш» шынында да сәйкес келетін сияқты, арнайы шектегі ауаны баптайтын міндеті болғандықтан.

Екіншісін айтайын ба? Аға прокурор деген, «кәттә прокурор» екен)))))))))))))))))))))))))
Бөлісу:

31 пікір

torgai
Кәттә дегенің өзбекше болмаса. Барлық жерде аға деп қолданылып жүр. Ауабаптағыш дегенді жарнамаларын қате-қате беретін сауда орындары да пайдаланады ғой. Көптен енген ол термин.
daugozhek
ауабаптағыш-климат контроль
akerke
желдеткіш
torgai
Ол вентилятор болып кетеді
zhanara2013
Сол күйінде қолдана беру керек.
neoaskar
көндитсинер — былайша айтқанда.
Tyulpan
кондиционер болып қала берет шығар, интернэшнл сөз болғандықтан.
zhanara2013
Елбасы интерэшнл терминдерді жөн-жосықсыз аударуға тиым салыпты
omarbirat
Кондиционер деп айтамын. Жазамын да. Қазақшалануын қойым да керек қылмайтын сөз екен
zhanara2013
Өзі қой болса — оған кондер не керек?
zhanara2013
Айтыңдаршы аурырып жатқан қарлығашқа (құсқа) қандай тамақ беруге болады?
satibaldi
Айтыңдаршы аурырып жатқан қарлығашқа (құсқа) қандай тамақ беруге болады?
Шешесс…
Daniar-Alan
тышқан аулап бер
zhanara2013
оны кйдан тапсам екен а?
Tyulpan
Даниар-Аланды айтам, ақыл айтып отырып, өзі кірісіп апты
Daniar-Alan
пікір мен үшін қашан да посттан бөлек дүние
Tyulpan
ал пүліштедік онда
Adiletshu
"Қой" — дәруішөлген тілінде еркек адамның жыныстық мүшесін білдіреді. Орыс тілінен енген
Sayan99999
ауа баптағыш — негізі ондай сұрақтар бойынша www.kense.idhost.kz
Tyulpan
бәәәәәәә, мына кісіні қара. қанша жыл, қанша қыссссссссс ))
bazuka
Саян ДоС Ғұаа))
Tyulpan
ескіііі достар ғұӘ? ))
bazuka
мен қассақ емеспін мені достар қатарына қоспайД шығар ғұә
Tyulpan
қассақпын ди салыңыз. найманмын деп  
Adiletshu
Менің кумирім
Maka
кім??? Саян сіздің кумиріңіз бе?)
Daniar-Alan
Барлығы дұрыс қой… Бірақ, қауымдастықты да орынды пайдалану орынды болушы ед…
Olzhass
air conditioner, ағылшынша. air — ауа және condition — күй, бап. Сондықтан өте дәл аударма болып келеді. Кішкентай өсіп келе жатқан буынның құлағына құя беру керек. Сонда өскенде жатсынбай қабылдап, ауыз екі сөзге де қоса беретін болады. Қазір көптеген заттардың атауын тікелей аудармаса да мән-мағынасына, қызметіне қарап ат қоюға болады. Үлкен буын өкілдерінің құлағына оғаштау естілетіндіктен, " дұрыс аударылмаған, аударудың қажеті жоқ еді, анау-мынау" деп артқа тартатын тұлғалар жетерлік қоғамда. Соған қарап басқа ұлт өкілдерінде қазақ тілі туралы жаңсақтау пікір қалыптасады(мысалы өткенде О.Сүлейменов «мамыр деген ат маған ұнамайды, май деп қалдыру керек еді» деп «ағынан жарылды»). Халықаралық термин деп қоя салудың қажеті жоқ, мына жаһандану заманында әлі талай технология мен небір тамаша құрылғылар дұниеге келеді. Сол нәрселерге мәнді-мағыналы атау бермесек, қазақ тілінің қолдану аясы едәуір тарылмақ.
Ereimen
Әрине ауа баптағыш, ал сіз айтқан желдеткіш, салқындатқыш деген атауды осы сөзге балама ретінде аударылғанын естігенім осы екен…