Қарсы алыңыздар - Xansha

Блог - Daniar-Alan: Қарсы алыңыздар - Xansha

Xansha — 19.04.1990. Қарағанды тумасы, Астана тұрғыны. Мамандығы: журналист

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға жастар.біздің дәурені өткеннен кейін, таныстардың ұсынысымен тіркелдім. Виртуалды болса да осында жүрген біраааз адамдарды танимын. Мәссаған, сосын солай.де, жастар.бізде жүретінмін. Ойлап отырсам, солай.денің орта кезі мен жастар.біздің аяқ жағында ғана жазып жүрдім. Басқа уақытта басқаларды ғана оқып, бақылап жүре беретінмін. Қазір де солай, керекке анда-санда кіріп қызығын қызықтап, пікірлерді оқып тұрамын.
Әрі қарай

Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

  • КВН
КВН: Плагиатшыларды жазалап жатыр аямай...

Жайдарманның айналасында жүргендер соңғы кезде Вконтакте әлеуметтік желісінде плагиатшыларды жазалаушы біреудің пайда болғанын айтып жүр. Бүгін кіріп көрдім. Ешқандай аяушылықсыз жазалап жатыр екен.

Плагиатты анықтап, оның түп төркінін анықтау да еңбек. Өз басым мұны қазақша КВН — Жайдарман үшін пайдалы болады деп ойлаймын.

Плагиаттарды қараймын десеңіз мінеки — vk.com/plagiatj
Әрі қарай

Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Блог - Daniar-Alan: Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Жалпы «жылаңқы» посттардан хош көрмеймін өзім. Бірақ…
EXPO — 2017-ні барынша жарнамалап жатыр. Жан-жақты. Логотипін жасап, оны халыққа таңдатып жатыр. Құптарлық-ақ дүние. Бірақ ресми сайтында қате көп секілді. Жалпы техникалық қателерінен (кері санақ ағылшынша, мәзір арқылы мына бетке өтсең автоматты түрде орыс тіліне ауысып кетеді т.б.) басқа жазу, әріп қателері көп секілді…
Әрі қарай

Саттар Гонзалес. "Сот алдындағы сот"



Қаламы суалғандарға бұттарыңды ашып күлмес бұрын, ешқашан тіптен қаламы да болмаған, қалам ал деп берген тиын-тебенді де, қаламақыныда араққа жаратып қоятын адамдар болатынын ескергейсіз. Солардың екеуі — өзіміздің Саттар Гонзалес.
Әрі қарай

Нелiктен дүние жүзi халықтары ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр?

Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Оған қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физиктер мен химиктер, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың нәтижесі ме, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды.
Қарағанды облыстық орталық мешітте де соңғы уақытта, тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болғандардың саны едәуір ұлғайды. Естеріңізге сала кетсек, славян қызы одан кейін, Айша (Настя) қызымыз қазақ жігітімен неке құрып, қазақтың ақ босағасынан аттаған еді. Ал бүгін, жерлесіміз Салыкова Фаина апайымыз қос бүлдіршінің ертіп, мешітке келді. Өзі және балалары Салыкова Инара мен Илья Ильин Исламды қабылдап, ақиқатты таңдады. Осы бауырларымыздай, һақ жолын таңдаған қаншама қандастарымыз бар, бәрін тізудің қажеті жоқ шығар. Менің көкейімдегі сұрақ, нелiктен дүние жүзi халықтарының ислам дiнiн жаппай қабылдап жатқандығы.
Әрі қарай

Демеушіміз Болашақ!

Ал, бәрімен қырылып болып, жаңа пост жазуға кірістім. Бұл жерде де түтіп жейтіндер табылатынына зрением жетед. Бәлкім олай болмас. Айтайын дегенім бұл емес. Айтайын дегенім — Демеушіміз Болашақ!

Бұларың кім тағы, дейтіндер аяғына дейін оқып шығыңдар. Жазу үшін ғана жазылған пост, құсық — дейтін жандар бірден жаба салыңыздар өтініш (Бастан өткен)

Ал кеттік. «Демеушіміз Болашақ» деген, қазіргі таңда Жайдарманның, (ескі адамдарға түсінікті болсын) КВНның туын желбіретіп жүрген топтың бірі. Көрген болсаңыздар команда құрамында 3 қыз, 1 жігіт ойнайды.
Блог - nurbolkhan_: Демеушіміз Болашақ!
Әрі қарай

Шымкент. Mega. Samsung

Блог - qisyq: Шымкент.  Mega. Samsung
Технологиялар саласындағы Оңтүстік Кореяның ірі өндірушісі Samsung Electronics компаниясының Қазақстан мен Орта Азия бойынша өкілдігі иннавациялық жобаларының аясында 27 және 28 шілде күні Шымкентке қонаққа келеді.
Ірі презентациялар жасауды ұнататын компания осы жазда Қазақстанды аралап, бес қаланың тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін таныстыруды жоспарлаған-ды. Алматы-Астана-Өскемен-Павлодар-Атырау-Шымкент деп жол түзеген жүк көлігі маусымның басында жолға шықты.
Әрі қарай