Қарсы алыңыздар - Xansha

Xansha — 19.04.1990. Қарағанды тумасы, Астана тұрғыны. Мамандығы: журналист
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға жастар.біздің дәурені өткеннен кейін, таныстардың ұсынысымен тіркелдім. Виртуалды болса да осында жүрген біраааз адамдарды танимын. Мәссаған, сосын солай.де, жастар.бізде жүретінмін. Ойлап отырсам, солай.денің орта кезі мен жастар.біздің аяқ жағында ғана жазып жүрдім. Басқа уақытта басқаларды ғана оқып, бақылап жүре беретінмін. Қазір де солай, керекке анда-санда кіріп қызығын қызықтап, пікірлерді оқып тұрамын.
— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— Керекинфонда ғана емес, жалпы қоғам арасында қалыптасып келе жатқан «тым заманауи» сөздер ұнамайды. Ақты ақ, қараны қара деп қазақша жазуға болады ғой бәрін. Сосын, адамның жеке басына қатысты әңгімелер көпшілікте тым егжей-тегжей талқыланғаны ұнай қоймайды. Қазақшалатып жазса да, б*қауыз сөздеріңізді оқығанды жек көремін. Басқасының бәрі жақсы

— Керекке сыннан қорқып көп адамдар кіре алмайды. Жалпы Сынды қалай қабылдайсың? Қанша түсіністікпен қабылдадым дегеннің өзінде, іштей «қыртпаш нақ» дегендей қарсы ойлар мазаламай ма?
— Жөнді сын айтылып жатса неге дұрыс қабылдамасқа. Мынаны былай емес, осылай жасасаң дұрысырақ болады деп жөнін айтса, ол адамға қайта ризашылығымды білдірер едім. Ал керекинфоға сыннан қорқып кірмеу деген мен үшін әзірге қызық боп тұр… «Сатыбалдылар» жеп қояды дейді ғой кейбіреулер. Енді оны уақыт көрсете жатар, көреміз…
— Байлыққа қызығасың ба?
— Байлыққа қызықпаймын десем өтірік айтқаным болар… Өзіңе де жететін, жақыныңа да көмектесе алатын дәулетті ғұмырды әрқайсымыз күтетін шығармыз. Барыңа шүкіршілік ету керек дейді ғой… Бірақ, барыма базар деп ешқандай әрекетке бармайтын адамдарды да түсіне бермеймін. Ақшаң бар болса – билік те бар. Ммм… Бірақ мені демеп келе жатқан әзірге ол емес, сәттілік пен бақ. Бірақ ол бөлек әңгіме… Қысқасы, байлық мақсат емес, бірақ байлық – тәтті десееерт болар еді мен үшін.
— Соңғы рет есің шығып қорыққаның қашан болды?
— Негізі, есім шығып қорқатын сәттер күнара бола береді. Жәндіктерден қатты жиіркенемін. Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан соң ол бәлелерді жиі көріп тұрам. Бәйтерек жақта да көп екен. Әлгі іррррі-ірі қоңыздар… Кешкі салқында сол маңайда жүріп қайтайын десем, зуылдап әрі-бері шауып жүред. Сөйтіп, ол кеш экстремалды кешке айналааад. Олар қай уақытта демалады екен, білсеңіз айтыңызшы?))
— Біз білмейтін, бала кезде қалып қалған қандай өнерлерің бар?
— Бала кезімде сәл ақылдырақ болғанымда, сол өнерлерді бүгін де тастамас едім. ол кезде қиялшыл боласың ғой, бірақ қазір де сондайсың дейді виртуалдағы ел (сол үшін көпшілік аса жақтыра қоймайтынын да білем). Тақырыптан тыс: менде виртуалды образ жоқ. Өмірде қандай болсам, осында да сондаймын

— Болашаққа жоспар құрасың ба, әлде өмірдің ағымымен «Болуы тиіс нәрсе өздігінен болады» деген ұстаныммен жүресің ба?
— Болашаққа жоспар құратынмын. Мектеп бітірген соң, ЖОО-ға түсемін, оны бітірген соң бір жылдай жұмыс жасап, 23 жасымда тұрмыс құрамын дейтінмін


— Ешкімді көргің келмей, телефон бәрін ажыратып өзіңмен өзің 1-2 күн қалғың келетін кез болады ма?
— Ондай кездер болады. Жалпы, телефон арқылы сөйлескенді ұната бермеймін. Тығыз шаруа болмаса, сағаттап беталды әрнені әңгіме қылғанды жек көремін. (Кейййдеееее көңіл-күй болғанда болмаса енді

— Ер мен әйел дос болуы мүмкін ба?
Қазір мүмкін емес ештеңе жоқ қой

— Керекинфоның алдағы 5 жылдық ішіндегі болашағын қалай елестетесің?
Керекинфо осы қалпында істей берсін. Алып-қосарым болса, кейін айтармын.))
Содан кейін вордпресс жабылып қалды ма, әйтеуір, бұл туралы ұмытып кеттім.
2011-де khansha.kazjur.kz/ ашқанмын. Бұл да сол күйі тұр. Оқудағы тапсырма бойынша аша салғанмын.