Коммуналдық меншік нысандарын бәсекелес ортаға берудің нәтижесінде 500 млн теңгеден артық қалалық бюджет қаржысы үнемделді

Жыл соңына дейін тағы да 5 коммуналдық меншік нысаны саудаға шығарылады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, коммуналдық меншік нысандарын бәсекелес ортаға берудің нәтижесінде 500 млн теңгеден артық қалалық бюджет қаржысы үнемделді. Бұл қаржы қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсалатын болады.

Бекітілген тізімге сәйкес саудаға бірнеше нысан шығарылады, атап айтқанда, «Қайсар» спорт клубы» МКҚК; «Астана» көкпар клубы»; «Х.С. Омаров» атындағы шахмат клубы» МКҚК; «Астана батыры» жекпе-жектер клубы» МКҚК.

2015–2016 жылдары аталған нысандарды ұстауға 509 508 000 теңге бөлінген.

2016 жылғы маусым және тамыз айларында «Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газетінде және www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді деп хабарланған аукционның екі кезеңі қатысушылар болмағандықтан жарамсыз деп танылды.

Төрт нысан бойынша үшінші кезең 2016 жылдың 4 қазанында өткізілді. Аукционды өткізу туралы ақпарат «Вечерняя Астана» газетінде және www.gosreestr.kz порталында жарияланды.

— «Қайсар» спорт клубы» МКҚК697 096 теңгеге сатылды. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы 3 630 346 теңге жұмсаған.

— «Астана» көкпар клубы» МКҚК198 554 теңгеге сатылды. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы 6 374 654 теңге жұмсаған.

— «Х.С. Омаров» атындағы шахмат клубы» МКҚК — 12 870 теңгеге сатылды. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы 1 188 270 теңге жұмсаған.

— «Астана батыры» жекпе-жектер клубы» МКҚК — 9 386 426 теңге. Бастапқы соманың 15% мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік салымды есепке алғанда (ол қалалық бюджетке түседі), клубты сатып алуға сатып алушы 17 037 326 теңге жұмсаған.

Сауда қорытындысы бойынша кепілді салымдар бойынша «Қайсар» спорт клубы бойынша қалалық бюджетке 2 933 250 теңге, «Астана» көкпар клубы бойынша – 6 176 100 теңге, Х.С. Омаров ат. Шахмат клубы бойынша – 1 175 400 теңге, «Астана» жекпе-жектер клубы бойынша – 7 650 950 теңге түскен, жалпы қала қазынасына 17 935 650 теңге түскен.

Қада әкімінің тапсырмасымен нысандардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, сауда материалдары құқықтық бағалау жүргізу үшін Астана қаласының прокуратурасына жіберілді. Прокуратураның қорытындысы бойынша, аукциондарды өткізу процедураларын зерделеу нәтижесінде заңнама талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеген.

Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, аукцион шартына сәйкес жекешелендірілген нысанның иесі қызмет профилін сақтауға тиіс. Бұл ретте нысандарды беру кезінде онда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылады, бұл мүгедектігі бар балаларды және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды тегін сабақтармен қамтуға жол береді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11435
Әрі қарай

Павлодар облысында шағын ауылдарды дамыту бойынша "Жаңа дем" бағдарламасы өз бастауын алды

Блог - astananews: Павлодар облысында  шағын ауылдарды дамыту бойынша  Жаңа дем бағдарламасы өз бастауын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі «Жаңа дем» пилоттық жобасын жүзеге асырды. 2016 жылдың 21 қыркүйек күні Екібастұз қаласының жастары Екібастұз ауданындағы Ә.Марғұлан атындағы ауылында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жоба мақсаты – қала жастарының активімен шалғай ауылдардағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, қала жастары мен ауыл жастарының қатынасуына мүмкіндік жасау және ауыл жастарына мастер-класстар, тренингтер өткізу. Жоба ұйымдастырушысы «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ. Павлодар облысындағы жоба қолдаушысы – «Нұр Отан» ХДП-ның Екібастұз қалалық филиалы.
«Жаңа дем» бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған.
Қала жастарынан құралған еңбек жасақтарының мүшелері Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының 25 ауылдық жерлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда 9 ауыл бойынша қажет еткен әлеуметтік қорғалмаған отбасылар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер үйлеріне әрлеу жұмыстары атқарылды.
Жоба аясындағы жұмыс келесі түрлерде жүргізіледі:
Үйлердің косметикалық ремонты. Косметикалық жөндеу жұмыстарына үйлерді әктеу, терезелерін, дуалдарын бояу, графикалық суреттермен әрлеу кіреді. Графикалық суреттер жастар ұйымдарының логотиптері стилінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының символикасы салынады.
Үй территорияларын және қараусыз қалған үйлерді тазалау. Жасақ мүшелері қоқыс пен үйлер сынықтарынан тазалайды.
Ауыл тұрғындары мен жастарына мастер-класстар, тренингтер, ағылшын тілі, кәсіпкерлік негіздері, әлеуметтік жобалау, тұлғалық өсу сабақтарын өткізу. Аталған шараларды «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының көшбасшылары өткізеді.

Жоғары лига жартылай финалының қорытындысы

Әне-міне дегенше, «Жаңа маусым – Жаңарудың» жартылай финалы да мәресіне жетті. Екі күнге созылған жартылай финалдық кеште Жоғары лигадағы қырық команданың ішінен суырылып шығып, өздерінің мықтылығын дәлелдеген 10 топ финалдық жолдамаға таласты.

«Сәлемдесу», «Жамбы ату», «Жаңа бейнебаян», «Үй тапсырмасы» конкурстары бойынша өнерлерін көрсеткен жайдарманшылар ондыққа бекер кірмегенін дәлелдеді.

Ойынның бірінші күні бес команда — «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы), «Аягөз құрамасы» (ШҚО), «ҚазИИТУ құрамасы» (Орал), «Позитифф» (Бішкек), «Сырдария құрамасы» (Жетісай) сайысты.

Жоғары деңгейде өткен ойында финалға екі команда «Сырдария құрамасы» (Жетісай) мен «Аягөз құрамасы» (ШҚО) жолдама алды.

Ал екінші күнгі сайысқа «Фемида» (Ақтөбе), «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы), «ЕҰУ құрамасы» (Астана), «Тек қана қыздар» (Алматы), «Байдың балалары» (Шымкент) қатысты.

Бұл күнгі ойында финалға тікелей жолдама алған «Байдың балалары» (Шымкент) мен «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы) болды.

Ал қосымша тағы бір жолдаманы «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы) иеленді. Бұл команданың ұпай саны басқа топтарға қарағанда көбірек болды.

Екі күнгі ойынға да төрелік еткен қазылар құрамы:

Құрманбек Жұмағали — «Қазақстан халқы ассамблеясы» Қоғамдық қорының директоры;

Ғабидолла Оспанқұлов — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Жастар саясаты департаментінің директоры;

Мұрат Әбенов — қоғам қайраткері;

Нұрлан Өтешов — «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының басқарма төрағасы;

Геннадий Шиповских — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Әрі қарай

Мадина Садуақасованың алғашқы жеке концерті

Блог - GalimzhanSankibaev: Мадина Садуақасованың алғашқы жеке концерті
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, журналист, психолог Мадина Садуақасованың шығармашылығына биыл 20 жыл. Мерекелік кешті әнші халық алдында есеп беріп, атап өтпек.

Әншінің шығармашылық кеші қазан айының 20-шы жұлдызы күні Республика сарайында өткізіледі. “Жұлдызым”-деп аталатын шоу концерті әншінің 20 жылдағы алғашқы концерті болмақ. Концертте әншінің танымал әндерімен қатар, жаңадан шыққан әндері де шырқалмақ.

Концертте ел күтпеген бірнеше дуэттер болады, әнші осыған дейін уәде еткен дуэттерін осы концертінде алып шығады. Сонымен қатар концертте симфониялық оркестр ойнайды, бишілермен әнші жаңа қырынан танылады.
Әрі қарай

Елордада әлеуметтік тақырыптағы сурет байқауы өтеді

Байқау адамдардың шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ, қоғам назарын әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелерге аударуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Суреттерді қазанның 1-і мен 21-і аралығында тапсыруға болады. Астаналықтар ұлттық мәдениетті қолдау; патриотизмді насихаттау; халықтың өмір сүру деңгейі; денсаулық сақтау және білім саласындағы жағдай; ұлтаралық және конфессияаралық шыдамдылық; нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, темекі шегу мен маскүнемдіктің және ЖИТС-тің алдын алу; қоршаған ортаны қорғау және т.б. тақырыптардағы өз еңбектерін ұсына алады.

Сонымен қатар, конкурсқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған суреттер де қабылданады.

Шығармашылық байқауға елордада тұратын, оқып жүрген немесе жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. Конкурста жекелеген авторлар да, ұжымдар да бағын сынайды.

Ол үшін ұйымдастырушылар ұсынған бір немесе бірнеше тақырып бойынша эскиз дайындау керек. Әр туындымен бірге белгіленген үлгідегі өтінім тіркелуі тиіс. Өтінімдерді Астана қаласының әкімдігіне 15 қазанға дейін тапсыруға болады.

Жұмыстар А3 форматында немесе графикалық нұсқада орындалуы керек.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу тегін. Конкурстың қорытындысы 1 қарашада шығарылады және біздің сайтта жарық көреді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады, үздік туындылар аталған тақырыптар бойынша жарнама конструкцияларын жасау кезінде пайдаланылады.

Анықтама телефондары: +7 (717 2) 55 67 14, 8 (700) 555 22 58.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11313
Әрі қарай

Бойжеткен күнделігіндегі ұстаз туралы немесе Мен алғашқы ұстазымды қалай таныдым?!

Сенесіздер ме жоқ па білмеймін, бірақ менің 1 сыныпқа барғаным әлі есімде%). Ну, ол кезде қанша ойын баласы болсақ та, кей жағдайлар кімнің болса да есінде қалатыны анық қой. 1 қыркүйекте 1-сыныпқа барғанымда,өзімнің туған әпкем 11 сынып болған еді. Туысқан ағамның иығына отырып,қоңырау соққаным кәдімгідей көз алдымда. Жә, ол кейін.
Ощм, салтанатты линейка аяқталып бәрі бет-бетімен кетті. (әркім өз сыныбына дегенім ғой) Сөйтіп, аузым ашылып, жан-жағыма қарап, аңтарылып келе жатып, ашық тұрған есікке соғылғаным, көзімнің оты жарқ еткені есімде:_O. Одан кейін не болғанын білмеймін)))) сыныптың табалдырығын аттай бергенімде орындықта әдеміше келген,қоңыр-жасылдау кәстөмде, жинақы, биік емес, орташа тақалы төпли киген, жасы 30-дар шамасындағы әйел адамды көрдім.(бас жағына әлі қарамадым) алдыңғы жақтағы орындыққа жайғастым да, шекемді ұстап отырып, мұғалимамның бетіне бір қарадым да, жанымда отырған парталасыма қарап,қайтадан мұғалімге қарадым. Сөйтіп ақырын жанымдағы балаға: «біздің мұғалім қытайдан келген ба?»-деп сұрадым. :J Жарықтық ол да солай ойлаған болу керек, маған бір қарады да отыра берді. :)Сонымен, көзімді алмай мұғаліміме қарап отыра бердім. Күлгеніне, сөйлегеніне, жүрісіне қарадым. «Қазақша жақсы сөйлейдәә»-деп қоям.))) аңтарылып отырып, жиналыстың қалай аяқталғанын да байқамай қаппын))) Ертеңіне мектепке баруға асықтым. Бірте-бірте ол кісінің ешқандай да қытай емес,қазақ екеніне көзім жетті))) Осылайша, мен сынып жетекшімнің Гүлім Абаевна екенін білдім))) %)
Негізі, кішкентайлар үлкендерге қарап өседі деген рас екен. Ұстазымның жазуына қарап, дәл солай жазғым келетін. Ол кісінің жазуы деген маржандай болатын.) жетекшімнің күнделікке қоятын қолын да үйреніп алғанмын.Қазір де қоя аламын)))) Ощм, біреуге қызық емес шығар, бірақ менің сағынып еске алатын естелігім осы еді. Ұстазымның телефоны шырылдаса бәріміз күлетін едік. Не үшін күлетінімізді өзім де білмеймін сонда) Осы «қытайға ұқсатқан» ұстазым бізді 4 сыныпқа дейін жетектеді. Өте жақсы адам болды. Алғашқы мұғалімің ыстық болатыны рас екен ғой) 4 сыныпта көбейту кестесін жаттамай барғанымыз үшін 45 минут оған қоса 5 минуттық үзілісте тұрғызып қойғаны естен кетпейтін жағдай))) өткен кеткен балалар қарап күліп өте берді. Сабақтан соң солардың бірін ұстап алып, ақырын түйреп алғансың ғой)))) жә,қоя берші. Атамандардың алды болып жүрдік қой. Ол туралы кейінірек. 8-)
Жұрттың бәрі алғашқы ұстаздары туралы жазып жатқан соң, менде қалыс қалмайын деген арам ой ғой.#ұстазым #мойучитель
Әрі қарай

Ұстаз-ұлы есім

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы"
Халық нақылы


Мен ұстазым көп, бақытты адаммын. Алғашқы ұстазым Харниса апай. Мектептен ұшырған Назым Сапарқызы. Мамама менің бұзықтығымды айтып келіп шәй ішіп кететін ақкөңіл Гүлнария мұғалім. Әдемілігіне бәріміз ғашық Анар апай. Әдеш ағай, Бейбіт мұғалім, қабағынан қорқатын Тілеукеш мұғалім. Ия, барлығы менің сынып жетекшілерім. Олардың көп болғаны сонша, тіпті кейбіреулерін ұмытып, ренжіп те отырған болар. Бірақ бүгін мен әдебиетке баулып, шығармашылыққа тәрбиелеген ұстазым туралы айтқым келеді...

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

… Оның есімі Оспанова Ләйлә Тоқабайқызы. Ия, дәл байқадыңыз, менің туған апам. Мені арқалап жүріп кітап оқып беретін, қаладан келгенде ойыншықпен бірге қызықты шығармалар алып келіп, елітіп оқытып, әдебиеттің ғажайып әлемін ашқан адам.
Алматыдағы Қазақ Қыздар Педагогикалық Институтын аяқтаған. Содан бері 24 жыл үздіксіз ұстаздық етіп келеді. Қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынаған ауылындағы орта мектепте мұғалім.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Мақтайын. Мақтанайын. Бірнеше мәрте «Жылдың үздік мұғалімі», Ләйлә әріптестерімен ұсынған инновациялық әдістемелер БҒМ тарапынан бекітіліп, қазір тәжірибелік әдіс ретінде мектептерге енгізіліп жатыр. Ол туралы семинар-тренингтер де өткізіп тұрады екен.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әдетте жұмысы жайлы көп ашыла қоймайтын апамның есімін оқулықтан көргенде таң қалдым. «Сүйінші сұрауға ұялдым, кәдімгі жұмыс қой» деп ақталды. Ал менің мақтаншақ екенімді білесіздер, міне сол кітаптар.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әрине, мұғалім тек ғылым мен білім ғана емес, жан-жақты болуы міндетті. Сенбілікте балалармен бірге тазалық сақшысы болса, мерекеде мың бұралған биші де бола алады. «Бұл баланың психологиясын түсіну үшін ұстазға таптырмас құрал» дейді Ләйлә апам, себебі «бала ұстаздың айтқанынан ғана емес, істегенін де көріп алатын тәрбиесі өте зор»

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Отбасы туралы. Үлбіреген үш қызы бар. Үлкені қызметте, ортаншысы жоғары оқу орнында, кенжесі мектепте. Әже болуға дайындалып жүр.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әлбетте, ұстаздың қай-қайсы болсын мақтауға лайықты. Бірақ мен ішінен бөліп жарып өзімнің алғашқы ұстазымды айтсам айыпқа бұйырмассыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар!
Әрі қарай

Жасырын есіммен танысу

Сәлем, достар. Араларыңызға жасырын атпен келіп қалдым. Өкінішке орай, солай болып тұр енді. Көөөөөөөөөөп нәрсе жазғым келеді. Себебі, іщімнен сөйлеп шәршәәәәәәп кеттім. Блог жазып бастайын деген ой болғанымен, форматқа сәйкес келе қоймайды — ау. Сондықтан сіздерден үйренерім көп болар деп сенемін.
Вл, енде неге мен жасырын атпен тіркелдім? Осыдан 3 — 4 жыл бұрын агенттің дәурені ұрып тұрған кезде бір жігітпен таныстым. Дұрысы, таныстырды. Әңгімеміз сәлемдесуден арыға бармайды. Бір іш пысқанда осылай жасырын логинмен достық ұсындым, әңгімеміз жарасып, авасында суреті жоқ қыз бағы жанып «звезда» болып кетті. Сондағы қызғанғаным — ай))) Сол кезден қалған әдет па, әлде бойда қалған комплекс па, мүмкін басымдағы таракандардың әсері болар. Ең дұрысы, өз атыммен бастауға батылым жетпегені шығар.
Блог - NuriyaSuriya: Жасырын есіммен танысу
Менің кім екенім де, есімімнің де әзірге маңызы шамалы. Әзірге сәттілік тілеп қойсаңыздар екен. Дәм — түз бұйырып, сіздермен жүздесудің сәті түсіп жатса, шошып кетпейтіндеріңізге сенсеңіздер болады)
Әрі қарай

Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды

Астана жаңалықтары: Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды
Үстіміздегі жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Астана қаласының статистика департаментінің хабарлауынша, жеке салушылармен жалпы ауданы 120064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға — 3,9 есе. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6%-ды құраған болатын.

2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91374,9 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызда — 107,3%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8%-ды құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11413
Әрі қарай