Жоғары лига жартылай финалының қорытындысы

Әне-міне дегенше, «Жаңа маусым – Жаңарудың» жартылай финалы да мәресіне жетті. Екі күнге созылған жартылай финалдық кеште Жоғары лигадағы қырық команданың ішінен суырылып шығып, өздерінің мықтылығын дәлелдеген 10 топ финалдық жолдамаға таласты.

«Сәлемдесу», «Жамбы ату», «Жаңа бейнебаян», «Үй тапсырмасы» конкурстары бойынша өнерлерін көрсеткен жайдарманшылар ондыққа бекер кірмегенін дәлелдеді.

Ойынның бірінші күні бес команда — «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы), «Аягөз құрамасы» (ШҚО), «ҚазИИТУ құрамасы» (Орал), «Позитифф» (Бішкек), «Сырдария құрамасы» (Жетісай) сайысты.

Жоғары деңгейде өткен ойында финалға екі команда «Сырдария құрамасы» (Жетісай) мен «Аягөз құрамасы» (ШҚО) жолдама алды.

Ал екінші күнгі сайысқа «Фемида» (Ақтөбе), «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы), «ЕҰУ құрамасы» (Астана), «Тек қана қыздар» (Алматы), «Байдың балалары» (Шымкент) қатысты.

Бұл күнгі ойында финалға тікелей жолдама алған «Байдың балалары» (Шымкент) мен «Қармақшы құрамасы» (Қызылорда облысы) болды.

Ал қосымша тағы бір жолдаманы «ҚЖУ құрамасы» (Алматы қаласы) иеленді. Бұл команданың ұпай саны басқа топтарға қарағанда көбірек болды.

Екі күнгі ойынға да төрелік еткен қазылар құрамы:

Құрманбек Жұмағали — «Қазақстан халқы ассамблеясы» Қоғамдық қорының директоры;

Ғабидолла Оспанқұлов — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Жастар саясаты департаментінің директоры;

Мұрат Әбенов — қоғам қайраткері;

Нұрлан Өтешов — «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының басқарма төрағасы;

Геннадий Шиповских — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Бөлісу:

1 пікір