Eркін Жанель - Әке-Ана

Сөзі: Серік Сейітман
Әні: Қанат Қалтай

Сезімің неткен ыстық балаңа тым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.
Қаншама азап шектің сәби үшін
Мен саған қарыздармын жан анашым.

Іздесек сендей жанды табамыз ба,
Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.
Серік боп өмір бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.
Әрі қарай

Сүйінші,Шолпан родила...

Бірде группаласым менен сүйінші сұрап «Сүйінші, Шолпан родила...» деп жазып жіберіпті. Әрине, егізінің аман-есен босанғанын, жиенді болғанына қуанып жатқаны ғой(қазақтарымыздың көбейгені жақсы ғой). «Сұрағына жауабы » дегендей «Шнурогы берік болсын!» деп жауап жазып жібердім.
Әрі қарай

Тағы да көмек керек!!!

Құрметті керекИнфо қолданушылары!
Бүгін тағы мен сендердің көмектеріңе жүгінуге тура келіп тұр. Қолдарыңнан келсе жәрдем етсеңдер жақсы болар еді. Кімде LinkedIn-нің upgrade болып тіркелген логині бар. Мүмкін болса сол жерден бір нәрсе тауып берсеңдер.

Пы.Сы. Ешқандай қалжыңсыз жауап берсеңдер деймін.
Әрі қарай

Орыс бильярды (русский бильярд) тарихы

Бұрынырақ жалпы бильярд ойынының пайда болу тарихы жайлы жазбамды ұсынғанмын. Енді назарларыңызға бильярд ойындарының бір түрі орыс бильярды жайлы жазбаны ұсынайын ағайын.

Орыс бильярды, пул, снукер, карамболь… Әлемде отызға тарта бильярд ойыны түрлері бар. Олар бір-бірінен ережесі ғана емес, үстелдерінің көлеміне қарай, шарлары және лузаларымен де ерекшеленеді.
Әрі қарай

Наркоша...

Бір шеккіш қу шегер таба алмай келе жатса алдынан періште кездесе кетеді. Періштенің үш тілегіңді орындайм дегеніне анау қуанып кетіп,
-Бірінші тілегім, Шегетін мықты шөп болса…
Айтып болғанша қолында оралған шөп тұра қалды. Шегіп алып, екінші тілекке де осыны қайталатады. Кезек үшіншісіне келгенде:
-Давай, енді екеуміз шегейік -депті. Шегіп болған соң екеуі өз жөндеріне кетіпті. "Қап, бағана бір қап шөп сұрауым керек еді, ақымақ болдым" деп ойлап келе жатса алдынан бағанағы періште шыға келіп:
-Братан, тағы тілектерің жоқ па?-депті.
***
Әрі қарай

Қарғапты деседі...

Ұлттық Мәдениет Орталығына сайт жасаған ИП «Баймағамбетов», ақысын ала алмай қалғанда:
«Еште, қазақ сайттарында ешқашан 20 адамнан артық онлайн отырмасын!» деп, қарғап кетіпті де, орталықтың сайтын жауып тастапты.
Астапырбудда, айтқаны Сириустай келіп жатыр!!!
Әрі қарай

Самай шашым ағарды...

Мынаның жасына жетпей самайы ағарыпты деп ойламаңыздар. Төбе шашыма ақ кіргенін 16 жасымда байқағанмын негізінде…
«Керекинфоға Саммита қашан кіреді екен?»-деген ойдан ағарды самайым… Ал, Саммита, жаз, қопар барлық тақырыпты! Кекет-мұқат, опшым сені оқымағалы көп болды…
Әрі қарай

Темелдің хикаялары-3

***************
Темел бір күні матчқа барыпты. Кассир матчтың билеті 5 лира екенін айтады. Темел болса, 2,5 лира береді. Кассир түсінбей Темелдің бетіне қарайды. Сөйтсе Темел: Тек өзіміздің команданың ойынын ғана көрем депті.
***************
Бір күні біреу үйінде өлейін деп жатыр дейді. Бір кезде ас бөлмеден бұрқырап кекстің иісі келеді. Әлгі кісі соңғы күшін жиып, қиналып, төрт аяқтап, жер бауырлап, әйтеуір, ас бөлмеге жетеді. Кескті енді ала бергенде қолынан біреу бір ұрады, сөйтсе әйелі дейді: Тиме антұрған, бұл садақаның кекстері!
Әрі қарай

Жеміс сатушы және қыздар

*************
Базарда алма сатып тұрған біреу: Алма аламызззззз, алмааааа, Чернобыльдың алмаларыыыыы,-деп айқайлап тұр дейді. Жанынан өтіп бара жатқан әйел кісі: Жындысың ба, өйдесең кім алады,-деп ұрсады. Сөйтсе әлгі: Қайдан білейін, жеңге. Біреуі әйеліне, біреуі енесіне… әйтеуір алып жатыр ғо. Қайта үлгертпей жатыр,- дейтін көрінеді.
************
Екі қыз машинасының кілтін үйіне ұмытып кетіпті де, есігін сыммен ашуға тырысып жатқан көрінеді. Біреуі екіншісіне: Тез болшы, жаңбыр жауып жатыр, үстім су болады,-дейді.Екіншісінің жауабы: Ақыры су боласың емес пе? Машинаның үсті ашық.
Әрі қарай