Орыс бильярды (русский бильярд) тарихы

Бұрынырақ жалпы бильярд ойынының пайда болу тарихы жайлы жазбамды ұсынғанмын. Енді назарларыңызға бильярд ойындарының бір түрі орыс бильярды жайлы жазбаны ұсынайын ағайын.

Орыс бильярды, пул, снукер, карамболь… Әлемде отызға тарта бильярд ойыны түрлері бар. Олар бір-бірінен ережесі ғана емес, үстелдерінің көлеміне қарай, шарлары және лузаларымен де ерекшеленеді.
Ресейде бильярд XYIII ғасырдың басында Петр I ші патша тұсында пайда болды. Голландияға барғаннан кейін осы ойынды көріп танысқан патша бильярд үстелін жасауға әмір беріп, осы ойын түрі сүйікті ермегіне айналған.Патшадан көріп, үлгі тұтқаннан кейін маңайындағылар да өз бильярд үстелдерін жасай бастаған. Арада бірнеше уақыттан соң ойын «дворян помещиктерге», клубтарға, т.б. арасында жедел тарала бастады.
Ресейде ойын автономды түрде дамып, отандық лузалы бильярд үлгісін жасады. XIX ғасырдың 30-шы жылдары Ресейде орыс пирамидасы («русский пирамида») ойыны түрін ойлап шығарған, бұл бильярд ойыны лезде кеңінен танымал болуымен қатар қазіргі уақыттың өзінде бильярд ойындарының классикасы болып саналады. Алғаш пайда болған кезеңдегі бильярд жабдықтарынан, бөлшектерінен көптеген айырмашылықтар аңғарылады. Алғашқыда үстел борттары резинамен қапталған, шарлардан тым биік тік жақтаулы болып, соққының мүмкіншілігін, лузаға бағытын жоғалтып ойыншылар арасында қызығушылығын азайта бастаған. Кейінірек Мәскеулік бильярд шеберлері Щульц және Бригген дөнгеленген, тік ұшты боп бейімделген, аласалау резина бортты үстел ұсынды. Бұл үстелдің де қатты соққыда шардың жиі жоғарыға ыршып кетіп үстел бетінде құлауы шардың жылдамдығын, бағытын жоғалту секілді ыңғайсыздық тудырып жүрді.
1850 жылы Петербор бильярд фабрикасының басшысы әрі шебер ойыншысы болған А.Фрейберг қазіргі таңда пайдаланылып жүрген, ойынның барлық талаптарына ыңғайластырылған орыс бильярды үстелінің ең алғашқы үлгісін жасады.
Өткен уақыттардағы көрнекті шебер ойыншылар арасында XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басындағы орыс жазушысы Анатолий Иванович Леманның алатын орны айрықша. Сол кездегі «Бильярд ойынының теориясы» аталған еңбек осы кісінің маңдай тері. Бұл ойынды таза спорттық ойын ретінде қарастыра отырып Леман, оның адам мінезін қалыптастыратынын айтқан. Ол бильярд ойынының шеберлеріне үлкен құрметпен қарап «тәжірбиелі, ойынның шын шебері – ол философ, адам жанын түсінетін көреген» деп бағалаған.
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Снукерге ақша тігіп күтіп отсам, одмин ертеңге дейін ойнайд дейд нақ!!!