Алғыс

Жапониядан қайтар жолда Алматыда болған мини-кездесуді ұйымдастырған және жылы лебіздерін білдіре келген барша замандас достарыма үлкен алғыс айтам.
Лайым іргелерің сөгілмесін!

"Побег" сериалын кім көрді? Әрине, бәріміз (әсіресе жігіттер жағы) хормен «меееееен» деп жауап бере аламыз. Өз басым жеке кинорейтингімде L O S T-тан кейін екінші орынға осы Prison Break-ті қоямын.
“Slow motion” деген, бір сөзбен – кинода, компьютерлік ойындардағы уақытты баяулату эффектісі. Шалт қимылдап, шаптан теуіп келіп, енді шабадақ еткізіп бастан сұлатар кезде бәрі баяулап кетеді ғой, мм… дәл өзі, дәл осы әсер:-) Қысқасы, біздің саяси сатира да осы күйде. Күлкі күні өтті де кетті. «Ауруханаға жатып қалдым, пәлен жерде, пәлен палатада, аяғым асылып, қолым басылып жатырмын» деп бірін-бірі алдаған жастардың да желі шықты. Желігі басылды. Осындай жеңіл әзілдің буында “ саяси сатирамызда салмақ дейтіндей не салмақ бар?» деп селкілдеп күлсеңіз де, өзіңіз біліңіз. Айналамызға қарайықшы алдымен.
