Реалпунцель/Ғашықтар мерекесінен CAMRIPортаж
Мүшәйра сайты туралы тақырыпта мынадай коммент тастап кетіп едім:
Опшым, кешкісін сол жаққа қарай баруды ұйғардық. Бара жатқанда кәдімгідей кептеліс болып қалды. Көліктің жүргенінен тұрғаны көп. Бірақ шырақтарды ұшырамыз дегеннен 15 минуттай ерте жетіп алдық. Соның өзінде бірталай шырақтарды ұшырып үлгеріпті. Бірақ куә болған көрінісіміз кептеліс арқылы жүргенімізге татыды! Ұшырылған шырақтар шынымен әдемі көрінеді екен. Өкінішке орай, ол жерде аялдауға уақыт болмады. Жан-жақтан қаумалаған көліктер мен жол қозғалысын реттеуші инспекторлар әдемі көріністі ұзағынан тамашалап тұруға мұрша бермеді.
Жолда келе жатып видеосын түсіріп алып едім. Сапасы өте нашар. Қалтафонмен түсірілген. Оның үстіне рульде келе жатып. Жақсырақ сапалысы табылып жатса құба-құп болар еді.
"Қозы Көрпеш — Баян сұлу" күнін өткізу керек, өйту керек, бүйту керек деп айтылып жүргеніне біраз уақыт болып қалды. Сөз іске айналды. Баяғыдан бері осылай нақты әрекетке көшу керек пе еді. Жасанды түрде елге таңуға болмайды, анау-мынау деп қанша айтқанымен, жаңа мерекенің тұсаукесері жаман болмағанына Әл-Фараби-Науаи көшелерінің қиылысындағы топырлаған адамдар мен қаптаған көліктер кептелісі дәлел болғандай. Өзім әйтеуір көргеніме риза болдым. «Лібә, мына кептеліс бітпесе екен» деп тіленгенім бірінші рет шығар :))))
Бүгін 22.00-де Алматыдағы Тұңғыш Президент паркінде (Әл-Фараби-Науаи) әуе фонарларын ұшырмақшы екен. Сілтемесі: vkontakte.ru/event25496760
Дәл осындай шара Астанада, Ұлттық теннис орталығында (Қабанбай батыр, 6/1, Салтанат сарайы жақтан кіреді екенсің) болады. Сілтемесі: vkontakte.ru/event25758237
Идея «Рапунцель» мультфильмінен алынған. Бірақ қызық болатын сияқты :)

2 пікір