Тайм-киперлер тізімі анықталды

Кеше (26-ақпан) өткен мини-камптің нәтижесі бойынша уақыт санауға қатысатын еріктілердің тізімі толық жасалды. Қазір төмендегідей адамдар тайм-кипер болуға ниет білдіріп отыр:

1. Ернар — greekmith.wordpress.com/
2. Жалғас — yertay.wordpress.com/
3. Нұржан — kaztarih.wordpress.com/
4. Димаш — qisyq.wordpress.com/
5. Қуаныш — huanysh.wordpress.com/
6. Салтанат — balgyrgan.wordpress.com/
7. Мақпал — kaldykyz.wordpress.com/
8. Мейіржан — kazprose.wordpress.com/
9. Гулжайнат Бекен — guljainat.wordpress.com/
10. Садық vit.kz/
11. Тоты vkototy.wordpress.com/
12. Әйгерім aikosh.wordpress.com/
13. Гүлназ
14. Мәншүк
15. Назерке karkyzy.wordpress.com/

Бізге, негізі басында 14 адам қажет болады деп шешкенбіз. Бірақ, қазір он бес адам жазылып қойды. Кейін, мүмкін біреуін басқа істерге ауыстырармыз, не болмаса біреу-міреу тайм-киперліктен түрлі себептермен бас тартып жатса, соның орнын толықтыратын шығар.

Белсенділік танытқан еріктілерге үлкен рахметімді айтқым келеді.
Әрі қарай

Естеріңде ме?

Тоқсаныншы жылдардың орта шені. Қазақтар арақты қолдан жасап жүрген кезтұғын.Сол кезде көктен түскен Исадай пластмасса бөтелкедегі қытай арақтары шыға бастады. Осы арақты зиян дегендер көп, бірақ уланып өлген адамды көрмедім.
Әрі қарай

Мен келдім араларыңа атой салып!

Сәлем бердік! Дабайдан керекке көшкен блог тұғыр. Өзім ыстрашно жалқаумын. Пост жазғаннан қарағанда, пікір жазғанды ұнатамын (Егер тек белгілі кезде өзекті тақырып "ұмыт" болып қалып жатса, айғай салып, жаза жөнелемін). Қатты кетсем, боқтап жүрмеңдер).
Әрі қарай

Ақпараттық Ана мен Бала сайты!


Жақында қазақ тілді интернетке тағы да, сапалы да пайдалы Ана мен Балаға арналған сайтыпен толықты. Істелініп жатқан жобаның авторы Маліметтер.орг сайтының әкімшілігі. Толып жатқан варез сайттарға қарағанда мен үшін өте пайдалы сайт болғалы тұр.(Құдай қаласа біз де, аман болсақ әке атанармыз… =))!)
Сайт ақпараттық Интернет-ресурс болады. Қазақтілді сайтта ана болуды армандап жүрген қыз-келіншектерден бастап қария жасына жеткен әжелерімізге дейінгі асыл аналарымыздың өнегесі, бала тәрбиесі және денсаулығы, жас нәрестеден бастап есейген жеткіншектерге қатысты мақалалар және т.б. тақырыптар туралы мәліметтер болады.
Әрі қарай

ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия

ТЕРМИНаторлар: ТЕРМИНатор: күтпеген стратегия
Жәй ғана сканер термині төңірегіндегі пікірталас көп жайдың бетін ашып берді.
Біріншіден — бірұдай пікірдің болуы мүмкін еместігі анық болды.
Екіншіден, бұл енді аздап парадокс: терминді жариялы түрде талқылау — бәрібір жекелеген беделді арбитрдің «Осылай болад, бітті!» деген кесіміне зәру екен!
Тәбет тамақ үстінде келетіні сияқты, талқылау технологиясын да өзгертуге тура келіп тұр. Келесі аптада, ұсыныстар мен аналитикалық ой-пікірлерді топтастыра бастамақпыз. Және тіл саласындағы кәсіби мамандардың да нобайы көрініп қалған сияқты, оларды пікірталастың плацкартынан салиқалы көзқарастардың VIP-купесіне көшіру үдерісі басталатын сияқты.
Әйтеуір ең жақсысы — терминге ресми жауаптылар сияқты, кабинеттік талқылаудың, «Сабең біздің өз ағамыз, шал айтса — дәл айтад» сықылды көңілжықпастық қатынастардың бейшаралығын көрсетті. Соларыңыз үшін рахмет! Жаңалық күтіңіздер!
Әрі қарай

Бүгін

Бүгін, ертемен күндегі тәртіп бойынша, жұмысқа шықтым, бір машине жол бермей түйісіп қалдық (бамперім болмаса). Дереу тоқтап түстік (екі шопыр) сол-ақ екен, әлгі машинеден бір келіншек (қыз да болар бәлкім) шығып жібермесі бар ма. Мен де, виноват шопір де қарап тұрмыз. Апай дейін десем жас, қарындас дейін десем жіберіп жатырғаны кемпірлердікінен жаман. Менікі бамперім болар болмас сызылған, анадайды көріп құрсыншы деп уже кешіріп тұрмын, оның екі есігі сызылған нормально. Краскілеу керек. Маған айтад сен виноватсың дит әлгі әйел. Ал ана шопыр ештеме айтып тұрған жоқ, кешіргесін кеткісі келіп тұр.
Содан қоймастан Гәй шақырдық. Келп сызып берді, мен притензиям жоқ деп бердім. Әлгі байғұс келіншегі, не апасының кесірінен есігімен қоса ДТП жасағаны үшін штарап төлейтін болып кетті.
Әрі қарай

Құрылтайдан бұрын "қотырды қасу" керек

Уордпресті қазақшалау туралы жазылғанымен, алғашында қазақшаға аударғанымен, кейінгі өзгерістерден соң блогтардағы сөздер қайта ағылшыншаға ауысып кетеді. Үнемі бақылауға алып отырмасаңыз, блогыңыздың тілі шала болады.
Блог құрылтайда талқылайтын нақты мәселелерден бұрын блогшылардың блогтарының тілі толықтай қазақша болғаны маңызды мәселе сияқты.
Біреудің қотырын басқа біреу қасып беруші ме еді?! Белсенді болғандарыңыз өздеріңіз үшін, кк.уордпрессшілер.
Әрі қарай

Мен бүгін не бітірдім?

Әдетте жұма күні алдағы екі күн демалыста не істеу керектігімді жоспарлаймын. Бұл жолы да осылай. Бұл жоспарымның бұған дейінгілерден бөліп алары жоқ: үй жинау, кір жуу, азық — түлік алу, тағысын тағылар.
Бүгін тағы не бітірдім? Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған энциклопедия жарық көрмек екен. Соған кәсіпорынның тарихын баяндайтын мағлұматтарды жиыстырып, жүйелеп отырған жәйім бар. Бұйыртса, бітіремін.
Әрі қарай