Мен бүгін не бітірдім?

Әдетте жұма күні алдағы екі күн демалыста не істеу керектігімді жоспарлаймын. Бұл жолы да осылай. Бұл жоспарымның бұған дейінгілерден бөліп алары жоқ: үй жинау, кір жуу, азық — түлік алу, тағысын тағылар.
Бүгін тағы не бітірдім? Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған энциклопедия жарық көрмек екен. Соған кәсіпорынның тарихын баяндайтын мағлұматтарды жиыстырып, жүйелеп отырған жәйім бар. Бұйыртса, бітіремін.
Бөлісу:

2 пікір

sigma
Бітпеген нәрсені бітірдім айдарына қалай ұялмай беріп отырсың
alisha
біте келді… БІТІРДІМ!!!